Әдебиет:
1. Размышления императора Марка Аврелия О том, что важно для
самого себя. /Пер. Л.Д.Урусова. -Москва: 1991.
2. Марк Аврелий Антонин. Размышления. /Пер. и прим. А.К.Гаврилова.
Статьи А.И.Доватура, А.К.Гаврилова, Я.Унта. Комм. Я.Унта. (Серия
«Литературные памятники») 2-е изд, испр. и доп. «Наука», —СПб.:
1993. 248 стр.
3. Иманқұл Н., Бөрібаев Т. Іліми Философия. «Парыз»,—Астана: 2009.
38-бет
4. Марк Аврелий. К себе самому. /Пер. В.Б.Черниговского. «Алетейа-
Новый акрополь», —Москва: 1998. 224 стр.
5. Унт Я. «Размышления» Марк Аврелия как литературный и
философский памятник //Марк Аврелий. Размышления.
Пер. А.К.Гаврилова. —Ленинград: 1985.- С.93-114.
6. Шаймерденұлы Е. Ақиқат айнасы (философиялық афоризмдер)/ Марк
Аврелий Антонин. «Өлке», —Алматы: 2004.
115
ТИТ ЛУКРЕЦИЙ КАР
(шамамен б.д.д. 99 – б.д.55ж.ж.)
— римдік ақын әрі философ.
Көрнекті атомистік материализмнің
өкілі, Эпикур ілімін жалғастырушы.
Шығармалары:
«Заттардың табиғаты туралы» және т.б.
Философиялық көзқарастары:
Лукреций
Эпикур
сияқты
атомдардың
қозғалысы
барысында
ауытқуы
материалдық
денелерді
қалыптастырады, ал олардың пайда
болуы және өзгеріп, дамуы қатал
себептілік заңына бағынады дейді. Бұл
заңдылық адам тағдырына бейтараптықпен қарап, олардың қайғы-
қасіреттерін
көбейтеді.
Осыған
қарамастан,
адамдар
тағдырға
мойынұсынбаулары,
керісінше, қолдарынан
келгенінше
тағдырдың
тәлкегінен тәуелсіз болуға ұмтылулары керек. Лукреций әлемдегі заттардың
бәрі себептілік заңына бағынады десе, оларда себептілік заңынан басқа
жасырын күштің бар екенін мойындайды. Бірақ ол, Құдайға байланысты
емес, себебі Құдай жердегі өмірге араласпайды. Жалпы, Эпикур мен
Лукреций
Кардың
табиғат
құбылыстарын
табиғи
себептермен
байланыстырып, адамдарды табиғаттың дүлей күштерінен қорықпауға,
тіршілікте құмарыңнан шығып, қуанышты өмір сүруге шақырған ілімдері
философия тарихында ерекше орын алды.
Лукреций Кар екі нәрсені баса айтады:
Адам жанының мәңгі өмір сүрмейтіндігі;
Құдайлардың адам өміріне араласа алмайтындығы.
Ол адам жаны да атомдардан тұрады деп түсіндірді.
Әдебиет:
1. Тит Лукреций Кар. О природе вещей. /Пер. Ф.А.Петровского, вступ.
Ст. Т.В.Васильевой. Серия «Библиотека античной литературы. Рим».
«Худ.лит.», —Москва: 1983. 384 стр.
2. Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетәлі К. Философия тарихы/ Эллиндік
және римдік философия, «Раритет», —Алматы: 2006. 50-бет.
3. Антикалық философия. 2-томдық, —Алматы -2005. 566 –бет.
116
ПЛОТИН
(204/205ж. Ликополь, Мысыр, Рим
империясы – 270ж. Минтурны,
Кампания)
— неоплатонизмді бір жүйеге
келтіріп, оны өзіндік философиялық
бағыт ретінде қалыптасуына атсалысқан
атақты ойшыл.
Философиялық көзқарастары:
Оның
пікірінше,
алғашқы
мәнділік дегеніміз – даралық, бірақ ол
ақыл-ой немесе ақыл-ой танымының
қарастырар обьектісі емес. «Даралық»
өзінің эманациясының (төгілу, тарау,
шашылу) арқасында әлемдік рух – нусты
бөліп шығарады. Ал нус – әлемдік
жандар мен идеялар әлемінің ордасы, шын мәніндегі әлем (болмыс).
Керісінше, сезімдік заттар әлемі – идеялар әлемінің иллюзорлық бейнесі.
Әлемдік жандар жекеленген жандарға бөлінеді. Ал материя – эманацияның
ең төменгі сатысы ретінде, өміршең емес «жауыз» (мейірімсіздік) ретінде,
құдайдың алғашқы мәні – абсолютті жоққа шығарушы ретінде пайда болған
бейболмыс. «Даралықтан» тарайтын адамдар жанының соңғы және ең
жоғары мақсаты – «даралықпен» қайтадан қосылу. Бұл мақсатқа экстаздың
арқасында жетуге болады. Ал танып-білу – экстазға жетудің дайындық
сатысы.
Жалпы, Плотиннің көтерген мәселесі, бір жағынан, алғашқы даралық-
құдай болмысынан ақыл-ой, әлемдік жан, жеке адамдардың жаны арқылы
төмен қарай бейболмысқа (материяға) ұмтылған қозғалыс болса, екінші
жағынан, адамдар жанының экстаз арқылы құдаймен қосылу үшін жоғары
қозғалысы.
Әдебиет:
1. Гайденко П.П. Понятие времени в античной философии (Аристотель,
Плотин, Августин)// Время, истина, субстанция: от античной
рациональности к средневековой. —Москва: 1991.— С. 1-18.
2.
Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетәлі К. Философия тарихы/ Эллиндік
және римдік философия, «Раритет», —Алматы: 2006. 51-бет.
3. Асмус В. Ф. Античная философия. ВШ.— Москва: 1998. — С. 10—13.
4. История философии: Энциклопедия. Интерпрессервис; «Книжный
дом»,— Мн.: 2002.
5. Спиркин А.Г. Философия.— Москва: 2004.
6. Фрагменты ранних греческих философов. Ч.1.—Москва: 1989.
7. Плотин. Эннеады. —Киев: 1995.
117
Жалпы, «антик философиясы» деген термин мың жылдан аса тарихы
бар грек-рим философиясын білдіреді. «Антик» сөзінің латын тілінен
аударғанда «көне» деген мағынаны білдіретінін ескерсек, бұл жалпы
философиялық ой дамуының бастапқы кезеңін білдіретінін аңғарамыз.
Антик философиясының дамуының ғылымдағы жетілдірілген жүйесі
(Дж.Реале мен Д.Антисери қарастырған) мынадай:
Біріншіден, Б.д.д.VI және Vғ.ғ. аралығын қамтитын физис және космос
мәселелерімен айналысқан натуралистік кезең. Мұның өкілдерінің қатарына-
иониялықтар, пифагоршылдар, элеаттар, физик-плюралистер және физик-
эклектиктер жатады.
Екіншіден, Адам болмысының мәнін айқындаумен тұңғыш айналысқан
гуманистік кезең. Бұл кезеңнің басты өкілдері – софистер және әсіресе
Сократ.
Үшіншіден, Сезімнен тыс әлемнің ашылуы және негізгі философиялық
мәселелерді органикалық түрде қарастырған Платон мен Аристотельдің
үлкен синтезі кезеңі.
Төртіншіден,
А.Македонский жорықтары дәуіріндегі эллиндік
мектептер мен пұтқа табынушылық заманы соңына дейін – кинизм,
эпикуреизм, стоицизм, скептицизм және эклектицизм бағыттары кезеңі.
Бесіншіден, Антиктік пұтқа табынушылық дүниетаным ойының діни
дәуірі- неоплатонизм және оның модификацияларының жандану кезеңі.
Алтыншыдан,
Христиандық
ойдың
қалыптасуы
және
грек
философиясының категориялары тұрғысында жаңа дін догмаларын
рационалды қалыптастыру кезеңі.
Ежелгі Грекия дүниетанымының жаңа формасы – философияны
қалыптастырған негізгі үш мәдени орталықтың бірі болып табылады. Оның
қалыптасуы да Ерте Үнді және Ежелгі Қытай жерлерінде байқалған
заңдылықтарға сай жүзеге асты. Бірақ эллиндік ақыл-ойдың дүниеге
келтірген жемісінің шығыстық философиямен салыстырғанда өзіндік түбірлі
ерекшеліктері болды. Философияның қалыптасуына алғышарт болған грек
өмірі формалары қатарына, тағы да басқа халықтардағы сияқты мифология,
дін, ғылыми білімнің бастапқы түрлері, әдеттік сана және тіршілік даналығы
жатады.
Грек философиясы «физис» философтары немесе натурфилософтар
болған милет мектебі өкілдерінен (Фалес, Анаксимандр және Анаксимен),
Гераклиттен және Пифагордан басталады. Олар дүниедегі барлық заттардың
түпнегізін іздеумен айналысты, нәтижесінде дүниетанымда төңкеріс
басталып, философияның қалыптасуына әкеліп соқты (Ғабитов Т.
Философия. «Раритет», —Алматы: 2004/ Антик философиясы. 18-19 беттер).
Сонымен, егер философия –барлық ғылым атаулының көшбасшысы десек, ал
антикалық философия – философия ғылымының көшбасшысы ретінде ең
алдыңғы қатарында тұр.
118
3 –БӨЛІМ. ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ФИЛОСОФИЯ:
ОРТА ҒАСЫРДАҒЫ ХРИСТИАН ФИЛОСОФИЯСЫ
119
Құлиеленушілік қоғам күйреп, оның орнына Батыс Европа елдерінің
қай-қайсысында да феодалдық қоғамдық қатынастар қалыптасып, христиан
дінінің етек алуына байланысты, «шіркеу әкейлері» мен «пұтқа
табынушылар» философиясының арасындағы мәмлеге келмес күрестің өрбу
деңгейіне байланысты, ортағасырлық философияны негізгі үш кезеңге
бөліп қарастырады.
Апологетика – (латын тілінен аударғанда «апологема» –
қорғаймын, ақтаймын) – II-ші және III-ші ғ.ғ. пұттық политеизммен күресте
христиандық догматика негіздерін қорғаған, уағыздаған ілім. Немесе б.д.II-ғ.
бастап алғашқы христиандық ойшылдардың ілімдерін жинақтаушы діни-
философиялық бағыт. Басты өкілдері – Юстин Мученик (100-167ж.ж.),
Тациан (IIғ. жартысы), Тертуллиан Квинт Септимий Флоренс (160-222ж.ж.)
және т.б. Олар өз ілімдерінде христиан діні ежелгі грек философиясы смяқты
жалпы адамзат алдында тұрған маңызды да күрделі мәселелерді көтеріп,
оларға ежелгі грек философтарынан гөрі тереңірек, ауқымды және
ұтымдырақ жауап береді, сондықтан да оларды христиан дініне сенбейтін
билеушілер мен ғалымдардың сынауы негізсіз деген пікірді басшылыққа ала
отырып, жаңа грек философиясының орнын басатын христиандық діни
философия жасауға бар күштерін салды. Барлық нақтылықтың денесі бар.
Жалпы нақтылықтың уақыттық бастамасы жоқ (Тертуллин). Осы тұрғыдан
апологеттер платоншылар мен гностиктердің тән және жан туралы ілімдерін
сынға да алады. Апологеттердің христиан дінінің өнегелік қағидаларының
артықшылығын ескере отырып, оны мемлекеттік дінге айналдыру қажет
деген идеясы, құдайдың мәні мен табиғаты, әлемнің жаратылуы, адам
табиғаты және өмір сүру мақсаты туралы көтерген мәселелері ортағасырлық
философияның келесі сатысы – патристика, схоластика кезеңдерінде өз
көріністерін тапты.
Патристика – (латын тілінен аударғанда – «падре/әкей») III–VIғ.ғ,
шіркеу әкейлерінің діни-философиялық ілімдері немесе ертедегі христиан
құдай сөзін сөйлеушілердің жалпы атауы. Басты өкілдері: Климент
Александрийский, Амворсий, Майландский (340-397ж.ж.), Августин
Блаженный (III-VIғ.ғ) т.б. III-IVғ.ғ. жүйеленген бұл діни ілімде алғашқыда
Христостың табиғаты туралы пікірлер (құдайлық немесе адамдық табиғаты
туралы), ал 323ж. император Ұлы Константин христиандықты мемлекеттік
дін ретінде қабылдағаннан кейін, саяси-шіркеулік мәселелер – алдыңғы
қатарға шығып, шіркеу әкейлерінің көзқарастарында өз көріністерін тапты.
Схоластика (латын тілінен аударғанда – мектептік ілім) –
ортағасырлық философияның схоластика деп аталған кезеңі Европа
тарихында Рим империясының күйреуінен бастап, Қайта жаңғыру дәуіріне
дейінгі 600-700 жылдай уақытты қамтиды. Бұл кезеңде егемендік алған
көптеген Европа елдерінде (Италия, Франция, Англия, Германия және т.б.)
феодалдық қарым-қатынастар қалыптасып, христиан діні қоғамдық өмірдің
барлық салаларында өктемдік көрсетіп, шіркеудің сауаттылық, қолжазбалар
сақтау ісінің ошағына айналған мезгілі болатын. Осындай мемлекеттік билік
120
қолдаған қатал діни үстемдік жағдайында философия өзінің бар ақыл-ой
күшін христиан догматтарын негіздеуге жұмсап, дін ілімінің күніне
айналған-ды.
Осы кезеңдегі философиялық ілім «схоластика» деген атқа ие болып,
негізгі үш кезеңнен өтті: бірінші – балауса схоластикалық кезең (XI-
XIIғ.ғ). Ғылым, философия, теология (дін ілімі) әлі бір-бірімен біте қайнасып,
ажырамаған, бірақ ақыл-ой әрекетінің жемісі мен құндылығын түсінуді,
универсалилерге (жалпылық) байланысты пікірталас негізінде ақыл-ойға діни
сенімнің үстемдігін жүргізуді және сол үстемдіктің «заңдылығын»
дәлелдеуді (Аристотельдің формальдық логикасы тұрғысынан) өзіне мақсат
қойған схоластикалық тәсіл қалыптасты. Оның негізгі өкілдері -
Рабан Мавр, Ноткер Немецкий, Гуго Сен-Викторский, Алкуин, Иоанн Скот
Эриугена, Аделард Батаиский, Иоанн Росцелин, Пьер Абеляр, Гильберт
Порретанский, Иоанн Сольсберийский, Бернард Шартрский, Амальрик
Бенский, Пётр Дамиани, Ансельм Кентерберийский, Бонавентура, Беренгар
Турский, Гийом Шамполийский, Давид Динанский, Пётр Ломбардский және
т.б.
Екінші – кемеліне жеткен схоластикалық кезең (XIII-ғасыр).
Аристотельдің еңбектері латын тілінде болса да, көпшілік арасына тарап,
ғылым мен философияның теологиядан бөлініп (әл-Фараби мен ибн
Рушдтың «екіұдай ақиқат» теориясы негізінде), философиялық-теологиялық
ілімінің қалыптасып, кең етек алған кезең болды. Негізгі өкілдері: Ұлы
Альберт, Фома Аквинский, Дунс Скот, Августин Блаженный, Аверроэс,
Витело, Дитрих Фрейбергский, Ульрих Энгельберт, Винсент Бовелийский,
Иоанн Жандунский, Роджер Бэкон, Роберт Гроссетест, Александр Гэльсский,
Эгидий Римский, Роберт Кильвордби, Раймунд Луллий, Марсилий
Падуанский және т.б.
Үшінші – схоластиканың құлдырау кезеңі (XIV–XVғ.ғ). Шынайы
ғылыми және философиялық тез қарқында дамуының арқасында
теологияның тек бедел мен атаққа бағынған, тәжірибиеден, өмірден алшақ,
керенаулық сарыны басым мистикалық ілімге айналуына байланысты
схоластика мүлде нәтижесіз тіл безеген ғылымсымақ ретінде қалыптасты.
Негізгі өкілдері: Альберт Саксонский, Уолтер Берли, Николай Кузанский,
Жан Буридан, Николай Орезмский, Пётр д’Альи, Уильям Оккам, Данте,
Марсилий Ингенский, Лерэ, Франсуа және т.б.
Феодализм дәуірінде Батыс елдерінен Шығыс елдерінің едеуір
ерекшеліктері болды. Орта ғасырда Батыс Европа елдерінде ғалымдарға
қатаң шабуыл жасалды. Оларды инквизаторлар түрмеге отырғызды, тірідей
отқа жақты, адам айтқысыз азапқа салды. Осының бәрі христиан діні атынан
жүргізілді. Крест жорықтарын ұйымдастырды. Мақсаты – ислам дініне
қарсылық көрсету еді. Өйткені, Шығыс елдерінде дамыған ғылымдар ислам
елдері арқылы батыс елдеріне жетіп жатты.
121
АВРЕЛИЙ АВГУСТИН
(КИЕЛІ АВГУСТИН немесе ӘУЛИЕ
АВГУСТИН)
(13 қараша, 354ж. Тагаст, Нумидия –
28 тамыз,430ж. Гиппон, Карфагеннен
қашық емес)
—
Гиппон қаласының епископы
(Солтүстік Африка, Рим империясы),
патристика
кезеңінің
философы,
христиандық
құдайсөзінің
білгірі
(богослов)
және
саясаткер.
Шіркеу-
Церковь
Әкейлерінің
бірегейі,
августинизмнің негізін қалаушы, бір сөзбен
айтқанда оны ғылымда «Батыстың ұстазы»
деп атайды.
Христиандық тарих философиясының көшбасшысы. XIII - ғасырға дейін
Августиннің неоплатонизмі батысевропалық философияда және католиктік
теологияда үстемдік етіп келді.
Философиялық шығармалары:
Оның белгілі теологиялық-философиялық еңбектері – «Тәубеге келу»,
«Құдайқаласы жөнінде (О граде Божием»), «Тәртіп туралы», «Академиктерге
қарсы», «Әдемілік пен тиімділік туралы» деп аталады.
Августиннің
көтерген
басты
мәселесі
христиан
дінінің
артықшылығын дәлелдеу арқылы шіркеудің жанды билеуге құқықтығы және
«ол – аспан мен жер арасын байланыстырушы» деген сияқты идеяларды
дәлелдеу үшін, манихеялық, скептицизмдік және неоплатонизм қағидаларын
басшылыққа алды. Оны осы ілімдердің кейбір элементтерін сақтай отырып,
христиан дінінің жаңа бағытын қалыптастырғаны үшін, кейін августинизм
деп аталып кеткен ағымның негізін қалаушы деп мойындалады.
Философиялық көзқарастары:
Августиннің ілімі бойынша, адам дүниеге келмей тұрып, т.б. оның іс-
әрекеттері, қылықтары құдайдың ерік-жігерімен белгіленіп қойылған. Ол
белгілі игілікке (адам оған ылайықты болмаса да) немесе азаптарға
(жазықсыз болса да) бағытталған болуы мүмкін. Құдай әлемді жаратқанда,
барлық заттардың түрлерінің бастамасын енгізіп, әрі қарай өздері
дамитындай мүмкіндік береді. Адамзат тарихы да осы заңдылықтарға
бағынады. Тарихтың дамуы негізінде адам санасының өзіне сенімділігі (бұл
сенімнің негізі құдай) мен құдайға деген сүйіспеншіліктің танымдық күші
жатыр. Осы түсінікті басшылыққа ала отырып, Августин адамзат тарихы бір-
біріне қарсы екі патшалықтың күресінің нәтижесі деп тұжырымдайды. Олар:
құдайға қарсы, күнделікті өмірдің қызығын күнттейтіндер мен құдайдың
патшалығы арасындағы күрес. Августин құдай патшалығы дегенде, жердегі
122
оның өкілі Рим шіркеуін айтады. Шіркеу құдай патшалығы атынан сөйлейтін
болғандықтан, оған жердегі пенделердің де бағынулары керек.
Августинизм теологиялық-философиялық бағыт ретінде Батыс Европа
елдерінде XII - ғасырға дейін үстемдік етті, кейін христиандық
аристотелизмнің негізін қалаушы Ұлы Альберт пен Фома Аквинскийдің
ілімдерімен ығыстырылды.
Философиялық афоризмдері:
Еркіндік еркін болғанымен мейірбан бола бермейді.
Түсіну үшін сенуім керек.
Құдайды ақылмен танып, оның жіберген аянын оқып, соған сүйену
керек.
Барлық нәрсені біліп, бірақ Сені білмеген адам бақытсыз; Ештеңені
білмесе де, бірақ Сені білген адам бақытты.
Адам еркін болуы мүмкін, бірақ оның барлық іс-қимылы Құдайдың
бұйрығымен болады.
Ең жоғары марапат – адам бақыты, ол дегеніміз өзін тану, ғалымдық,
ақиқатты ұғыну.
Өлімнен кейінгі үлкен сый – Құдай берген о дүниелік өмір.
Жер бетіндегі патшалық – мемлекеттік ұжымдарда, билікте, армияда,
бюрократияда, заңдарда, императорда шоғырланған.
Қоғам өмірі, тарих барысы – екі қарама–қарсы – Жер бетіндегі
патшалық пен Құдай патшалықтарымен күресі.
Әдебиет:
1. Майоров Г.Г. Формирование средневековой философии. Латинская
патристика. «Мысль», —Москва: 1979. С. 181—340
2. Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетәлі К. Философия тарихы
/Ортағасырлық философия, «Раритет»,— Алматы: 2006.53-бет.
3. Попов И.В. Труды по патрологии. Т. 2. Личность и учение Блаженного
Августина. —Сергиев Посад: 2005.
4. Герье В.Н. Блаженный Августин. —Москва: 2003.
5. История философии: Энциклопедия. Интерпрессервис; Книжный Дом.
—Мн.: 2002.
6. Ляшенко В.П. Философия. —Москва: 2007.
7. Столяров А.А. Свобода воли как проблема европейского морального
сознания. —Москва: 1999.
8. Марру А.И. Св. Августин и августинизм. —Москва: 1998.
9. Суини Майкл. Лекции по средневековой философии. — Москва: 2001.
10. Эриксен Т.Б. Августин. Беспокойное сердце. —Москва: 2003.
11. Бычков В.В. Эстетика Аврелия Августина. —Москва: 1984
12. Августин А. Исповедь /Пер. с лат. М.Е.Сергеенко. Вступит. Статья
А.А.Столярова. «Ренессанс», СП ИВО — СиД,— Москва: 1991. — 488
123
ФОМА АКВИНСКИЙ
(ФОМА немесе ТОМАС АКВИНИ,
АКВИНАТ)
(1225, Роккасекка қамалы, Аквино маңы –
7 маусым 1274, Фоссануо, Рим маңы)
— итальяндық философ әрі теолог,
ортодоксальді схоластика өкілі (оны бір
жүйеге келтіруші), томизмнің негізін
қалаушы, монах, доминикандық орденінің
мүшесі; 1879 жылдан беделді католиктік
діни философ,
Ол өз еңбектерінде христиандық
сенім ілімін (көбіне, Августин
Блаженный идеяларын) Аристотельдің
философиясымен байланыстырды (оның ілімін христиандық-католиктік
рухта өңдеді).
Философиялық шығармалары:
—
«Теологияның
жиынтығы»,
«Философияның
жиынтығы»
(«Пұтшылдыққа қарсы») және т.б. Сондай-ақ, ол Інжілге, Аристотель
шығармаларына түсіндірмелер жазды.
Ол Аристотельдің іліміне сүйене отырып, белсенді форма (реттілік
принципі) мен тұрақсыз және қалыптаспаған материяның (болмыстың әлсіз
түрі) арасындағы байланысты түсіндіру арқылы Иисус Христостың
бойындағы құдайлық (идеялық) және адамдық (материалдық) қасиеттерін
теориялық жолмен негіздеуге тырысады. Құдайдың арқасында қосылған
алғашқы бастамалар – форма мен материя жеке заттар әлемін тудырады.
Адамның өзі де жан (түр қалыптастыратын принцип) мен дененің
қосындысынан пайда болған. Жан «таза форма» ретінде күйреуі, жоғалуы
мүмкін емес. Бірақ ол жерде тіршілік пайда болғанға дейін жеке өмір
сүрмеген, оны құдай жаратқан.
Рух пен материяның табиғаты туралы пікірталас жалқылар мен
жалпылардың (универсалийлер) табиғаты жөніндегі тартысқа айналды. Фома
Аквинский
Аристотельдің
жалпы
ұғымдар
жалқылардың
түр
қалыптастыратын принципі ретінде жеке өмір сүреді деген іліміне сүйене
отырып, универсалилер ақыл-ойдың жемісі болғанымен, санадан тыс,
құдайдың ойында орын алғандықтан, өз алдына жеке-дара тіршілік етеді дей
келіп, Ибн Сина сияқты универсалилердің үш түрлі өмір сүретіндігін
көрсетеді. Олар: біріншіден, зат пайда болғанға дейін – Құдайдың ойында.
Екіншіден, заттардың өзінде – олардың мәні ретінде және үшіншіден,
заттардан кейін адамдардың ақыл-ойында – сол заттардың ұғымы,
абстракциялық ойдың нәтижесі ретінде.
Заттардың мәні олардың түпнегізі – Құдайдың бойындағы жалпы
идеялар болғандықтан, адамдардың мақсаты – соларды діни сенім арқылы
124
білуге ұмтылу. Ал философия болса, ол да діни догмалардың дұрыстығын,
ақиқаттығын өзіне тиесілі бар беделімен дәлелдеуі керек.
Философиялық көзқарастары:
Аквинскийдің пікірінше, дін – Құдайдың табиғатын түсіндіретін ілім,
сондықтан шіркеу оны уағыздаушы ретінде азаматтық қоғамнан жоғары
тұрады. Демек, өкімет билігі құдайдан. Жердегі тіршілік о дүниедегі болашақ
рухани өмірге дайындық болғандықтан, патшалық билік рухани (діни)
билікке бағынуы керек. Рухани билікті жүргізетін: Аспанда – Христос,
Жерде – Рим папасы. Аквинскийдің ілімі XIX-ғасырдың аяғында
қалыптасқан қазіргі кездегі философияда өзіндік орны бар неотомизмнің
теориялық және идеологиялық арқауы болып отыр.
Философиялық афоризмдері:
Өзіндік мәнділікке ие адами парасатты жан тәнмен бірге өлмейді.
Себеп: тіршіліктегінің бәрінің себебі бар, демек себептің себепшісі –
Құдай.
Бәрі материя мен формадан (идеядан) тұрады.
Таным процесіне сенім мен парасат бірдей қатысады.
Философия тек ақылмен танылатынды ғана түсіндіре алады.
Достарыңызбен бөлісу: |