ӘБУ ХАМИТ МҰХАММЕД ИБН
МҰХАММЕД АТ-ТУСИ ӘЛ-ҒАЗАЛИ
(1058ж. Тус, Иран – 19 желтоқсан,
1111ж. Тус, Иран)
—
мұсылман дүниесінде беделі
мықты, Мұхаммед пайғамбардан кейінгі
екінші мұсылман деген атаққа ие болған
ойшыл.
Мұсылмандық Шығыс жұртының
әлеуметтік-тарихи
дамуы
Ибн-Сина
кезеңінен соң құлдырай бастады, бірақ
мұсылмандық оқу орындары көбейді.
Солардың бірінде, селжұқ сұлтаны Мелик
шахтың уәзірі Низам әл Мүлік Бағдатта
ашқан теологиялық академияда әл Ғазали
ұстаздық етті әрі онда басшылық жасады. Ол үнемі ізденіс-күдік процесін
басынан кешті, ақиқатқа Августин Аврелий секілді қиын жолмен жетті,
фикх-мұсылмандық құқықтан дәріс бергенімен, өмірінің соңында таза
сопылық жолына түсті.
Шығармалары:
Әл-Фараби мен ибн-Синаны көп зерттеген әл-Ғазали өзінің пікірлерін
«Философтарды терістеу» еңбегінде баяндады.
Философиялық көзқарастары:
Әл-Ғазалиді ғылым мен философияны мүлдем теріске шығарушы деп
санауға болмайды. Мысалы, ол математика, физика, медицина, логиканың
практикалық пайдасын мойындайды, бірақ белгілі бір шекара болуы қажет,
ғылыми тұжырымдарды теологиялық сұрақтарды шешу үшін пайдалану
дұрыс емес, себебі философтардың бәріне сенбеу және құдайсыздық тән
дейді. Әл-Ғазали философтарды үш категорияға бөледі:
Дахриттер – Эмпедокл, Анаксагор, Демокрит және тағы басқа
ежелгі философтар. Олар жаратушыны мойындамайды, дүниені
мәңгілік деп есептейді;
Жаратылыстанушылар – бәрін табиғи себептер арқылы
түсіндіреді, о дүниені жоққа шығарады;
Метафизиктер – Сократ, Платон, әл-Фараби, ибн-Сина-
«философ-мұсылмандар».
Әл-Ғазалидің пікірінше, олардың үш қателігі бар: біріншіден- дүниені
мәңгілік деп есептейді; екіншіден- олар Алла тек универсалды нәрсені ғана
біледі, жеке нәрсені білмейді деп Алланың мүмкіндігіне шек қояды;
үшіншіден- таза рух мәңгілігі қайта тірілту, жазалауды жоққа шығарады.
Әл-Ғазали себептіліктің обьективті сипатын мойындамайды, заттардың
арасын байланыстыратын Алла деп есептейді. Адам Алла алдында дәрменсіз
145
деген әл-Ғазали таза өмір сүремін деген адам сопылық жолына түсуі қажет
деп қорытынылайды және өзінің сопылыққа жету тәжірибиесін баяндайды:
«..Маған кімде-кім тақуалық өмір сүрсе және дүние қызығынан бойын
аулақ ұстаса, сол ғана о дүниеде масайраудан үмітті екені, ..күйбің тіршілік
мекенін тастап, мәңгілік мекеніне бет бұрып және өзіңнің бар ынтаңды ұлы
мәртебелі Аллаға аударып, жалған дүниемен қосақтаған жіпті үзу қажет
екендігі, оны жасауға құрмет пен байлықтан бас тартқандар, жалған күйбің
және онымен байланыстан бойын аулақ салғандар ғана жете алатыны аян
болды. Сонда мен өз жанарымды өз жағдайыма аудардым. Байқасам, менің
өзім жан-жағымнан шырмап алған жалған байланысқа белшемнен батып
тұрмын. Өзімнің қызметіме және ондағы ең жақсы, ізгі дегенге: лекция оқу
мен дәріс беруіме көзімді тігіп едім, мені өзін о дүниеге сапар шегуге
даярлаған адам үшін не маңызы, не пайдасы жоқ ғылымдардың еліктіріп
келгенін көрдім. Өзімнің ұстаздық қызметімде жетсем деген мақсаттарым
туралы одан әрі ойлана келіп, мен осы мақсаттарға қатысты ойларымның
тұтасымен жалғыз Аллаға арналмағанын, құрмет пен даңққа жету болғанын
білдім. Мен өзімнің жар жағасында тұрғаныма және жағдайымды түзетуге
шұғыл кіріспесем, сөзсіз тамұққа баратыныма көзім жетті. ...Ұзақ ойландым.
...Он жыл.
.... мәртебелі жасаған Алла жолымен жүрушілер дәл осы сопылар екені,
олардың тұрмыс-салты ең жақсы тұрмыс-салты екені, олардың жолы- ең
дұрыс жол екендігі мен үшін мейлінше айқын болды.
... Сопылардың барлық харекеттері, барлық құпия және жария ойлары –
пайғамбар хұзырынан құйылған нұрдан, ал жер бетінде адамдар өз бағытын
түзейтін пайғамбар нұрынан өзге еш сәуле жоқ».
Осылайша пайымдаған әл-Ғазалидің ойынша, Алланы білмеу – у,
жүрекке зиян ауру. Алланы білу – у-ға қарсы ем, жүрекке дәрі. Адам
пайғамбарлардың айтқанымен жүруі керек, олар құдайы қасиеттерге ақыл-
ойдың көмегімен емес, Алланың нұры арқылы жеткен. Ақыл-ой
пайғамбарлықтан, даналық сенімнен әлсіз деп қорытқан Ғазали дінді
философиядан жоғары қояды.
Әдебиет:
1. Есім Ғ. Фалсафа тарихы /Әл-Ғазали. Адасудан арылдырушы,
—Алматы: 2000. 132-133 беттер.
2. Нұрышева Г. Философия: Лекциялар курсы. ОҚ. «Зият-Пресс»,
—Алматы: 2006. 49-50 беттер.
3. Абу Хамид ал-Газали. Воскрешение наук о вере. Избранные главы.
Перевод В.В. Наумкина. «Наука», —Москва: 1980.
4.
Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алм: «Аруна Ltd» ЖШС, 2010
5. Аль-Газали Абу Хамид. «Весы деяний» и другие сочинения.
Ансар 2004.
6. Керимов Г.М. Газали и суфизм. —Баку: 1969
146
ӘБУ АБДОЛЛА (немесе ӘБУ
ЖАФАР) МҰХАММЕД ИБН
МҰСА ИБН ӘЛ-ХОРЕЗМИ
(шамамен 783ж. – шамамен 850ж.
Хорезм (Өзбекстан))
— ортағасырлық Ұлы ғалым –
математик (алгебралық тәсіл «әл-
джебрді» ойлап тапты), астроном
(жұлдызшы), тарихшы, жағрапияшы.
Бұл ғалымның өмірі туралы
мәліметтер өте аз сақталған. Әл-
Хорезми есімі оның туған елін
көрсетеді – ортаазиялық Хорезм
мемлекеті
(қазіргі
–
Өзбекстан
аумағы), ал ғалымның тағы бір лақап
аты - әл-Маджуси – оның ата-тегінде
зороастриялық абыз-жәдігөйлер (арабша «маджус») бар екендігін көрсетеді.
Әл-Мамүн (813-833) халифінің кезеңінде Әл-Хорезми Бағдаттағы
Академия іспеттес «Даналық үйі» кітапханасын басқарды. Әл-Васике (842-
847) тұсында Әл-Хорезми хазарларға экспедицияны басқарды. Әл-Хорезми
жайында сақталған соңғы мәлімет 847 жылға сәйкес келеді.
Шығармалары:
Оларға арифметика бойынша ең алғаш позициялық қағидаларға
негізделген нұсқау жазылды. Сонымен қатар, оның алгебра және күнтізбе
жайында трактаттары сақталды. Мұхаммед әйгілі «әл-жебр уәл-мұқабала
кітабы» — «Қалпына келтіру және қарсы қою туралы кітап» кітабын
(сызықты және С еллек теңдеулерді шешуге арналған) жазды, оның
атынан «алгебра» атауы шықты. Оның алгебра бойынша трактатында
геометрия, тригонометриялық кестелер және қалалардың ені мен ұзындығы
жайында тараулар бар.
Әл-Хорезми өзінің ұрпаққа өлмес мұра етіп қалдырған төмендегідей
тоғыз ірі көлемді шығармалардың авторы болып саналады:
1.
Үндістан арифметикасы туралы кітап - Көне Үндістан есептерінің және
амалдарының талдануына арналған;
2. Алгебра (Ал-джабр) және алмукабаланың есептеулері туралы қысқаша
кітап - Алгебра ғылымының негізгі қағидалары мен амалдарын
жинақтауға арналған;
3. Астрономиялық таблицалар (зидж) – Жұлдызнамалық еңбек, яғни
аспан денелерінің, ғаламшарлардың қозғалысын зерттеуге арналған ;
4. Жер шары бейнесінің кітабы – Планетамыздың жағрапиясы, яғни Жер
бедерін, елдер мен өзен, көлдерді, таулар мен шөлдердің орналасуын
147
анықтап, картаға түсіруге бағытталған;
анықтап, картаға түсіруге
бағытталған;
5. Астролябияның көмегімен жасалатын зерттеу әдістері туралы кітап;
6. Күн сағаттары туралы кітап;
7. Еврейлер дәуірінің (пайғамбарлар дәуірі) сипаты және оның
мейрамдары туралы трактат;
8. Тарих кітабы – адамзат тарихына арналған туынды.
Әл-Хорезми нұсқауы арифметиканың дамуына өте маңызды рөл атқарды.
Автордың есімі латындалған түрінде Algorismus және Algorithmus
ортағасырлық Еуропада бүкіл ондық арифметика жүйесін білдіретін болды.
Әдебиет:
1. Степанянц М.Т. Восточная философия: Вводный курс. /Избранные
тексты. —Москва: 1997.
2. Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетәлі К. Философия тарихы
/Ортағасырлық философия, «Раритет», —Алматы: 2006.
3. Григорян С.Н. Из истории философии Средней Азии и Ирана.
—Москва: 1960.
4. Иманқұл Н., Бөрібаев Т. Іліми Философия. «Парыз», — Астана: 2009.
5.
Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: «Аруна Ltd» ЖШС,
2010
6. Кішібеков Д. Сыдықов Ұ.Философия. «Қарасай», —Алматы: 2008
7. Чанышев А.Н. Курс лекции по древней и средневековой философии.
—Москва: 1991
148
ӘБУ-Л-ФАТХ ОМАР ИБН
ИБРАХИМ ӘЛ-ХАЙЯМ
(шамамен 1048ж. Хорасанның
Нишапур қаласы, қазіргі – Иран
аумағы, сонда қайтыс болған)
—
парсы
математигі,
астрономы, ақын, философы.
Жас кезінде жақсы отбасының
тәрбиесінде
болған,
әрі
өлеңге
құмартып өскен, оның кейбір өлеңдері
осы күнге дейін жеткен. Нишапурда
жүмыс атқарған кезінде, сол кездегі
оқымыстылармен
бірлесіп
сол
замандағы
күнтізбеге
өзгерістер
енгізген.
Шығармалары:
«Алгебра мәселелерінің дәлелі» атты кітап.
Бұл кітаптың арабша қолжазбасы мен латынша аударма нұсқасы
сақталған, әрі қазір көптеген шет тілдеріне аударлып басылды. Осы кітапта
алгебраға «теңдеу шешетін ғылым» деген анықтама берген, бұл анықтама
XIX-ғасырдың соңына дейін сақталып келді. Кітапта тағыда тұңғыш - С е
өзі ашқан конустық қисықтардың көмегімен үшінші дәрежелі теңдеуді
шешудің әдісі берілді, бұл алгебра мен геометрияны біріктрген керемет әдіс
еді. Ол тағыда екімүшеліктердің жаймасын, тарқату әдісін да зеріттеген.
Евклидтің кітабын аударып және оған түініктеме берген. Оның «Еуклидтің
геометрияның бастамалары кітабындағы қиын формулаларға түсініктеме»
атты кітабы шығыс математикасының дамуына ерекше рөл атқарған.
Философиялық афоризмдері:
Бөтенге шексіз сеніп қалудан сақтан, дос деп құрмет тұтып жүрген
адамыңның өзі сені сатып кетуі мүмкін.
Қолыңда жоққа қам жеме,
Барыңнан босан, бауырым.
Өмір сүрудің екі заңын білген адам бақытты болар. Бірі – не болса
соны жей бермей, азығына талғаммен қарайтын жан; бірі – кім болса,
сонымен дос болмай, айналасындағы достарын жөнімен таңдай білетін
адам.
Адамның санасы қаншалықты төмен болса, ол мұрнын соншалықты
аспанға шүйіреді.
Жұрттың бәріне бірдей дос боламын дегендер ешкімге де дос бола
алмайды.
149
Әдебиет:
1. Григорян С.Н. Из истории философии Средней Азии и Ирана (VII -
XIIв.в.) —Москва: 1960.115-бет.
2. Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетәлі К. Философия тарихы
/Ортағасырлық философия, «Раритет», —Алматы: 2006.
3. Кішібеков Д. Сыдықов Ұ.Философия. «Қарасай», —Алматы: 2008.
4. Философия и религия на зарубежном Востоке. —Москва: 1985.
5. Степанянц М.Т. Восточная философия. -19 т. —Москва: 1997.
6.
Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: «Аруна Ltd» ЖШС,
2010
150
МУХЙИДДИН МҰХАММЕД ИБН
ӘЛИ ИБН МҰХАММЕД ИБН
АРАБИ ӘЛ-ХАТИМИ АТ-ТАН ӘЛ-
АНДАЛУСИ
(Мурсия, 28 шілде 1165ж. – Дамаск,
Сирия, 10 қараша 1240ж.)
— Испаниядан шыққан суфизмнің
ірі өкілі әрі теоретигі. Ғылымда «Ұлы
ұстаз» (аш-шайх әл-акбар) деген атымен
танымал.
Философиялық көзқарастары:
Онтологиялық қырынан алғанда
әдеп – бұл универсалды нақтылық
(логос).
Онда
феноменалды
болмыстың
дифференциалды
емес
және
потенциалды жағдайларындағы барлық түрі сақталған. «Адамда әлемдегі
барлық мәнділік потенциалды түрде жинақталады», одан ғарыштың бүкіл
алуан түрлілігі туындайды. Адам-логос – бұл әлемнің алуан түрлілігі өріс
алатын монада. Екінші тұғыр – ғарыш. Ғарыштың өзі жетілген адамның бір
келбеті ретінде қарастырылады. Адамның өзі – әлемдегі барлық нәрселер
ішіндегі ең жетілгені және ол Ғаламның көшірмесі сияқты жетілген адамның
ерекшелігі сонда, дәл осы адамнан абсолют өзін тани алады, дәл адамда ғана
құдайдың барлық қырлары синтезделеді. Адам эзотериялық білім арқылы
ғана құдаймен Тұтастыққа қол жеткізеді және Тұтастықпен сүйіспеншілік
экстазында қосылады. Сонымен адам гнозисте (танымда) Тұтастықпен өзінің
субстанционалды бірлігіне қол жеткізеді, әлемдік үдерістермен үйлесе
отырып, Ғаламның жалпы ырғағына енеді, әлемдік бүтіндіктің бір бөлшегіне
айналады. Дәл осы жағдайда ғана адам толық еркіндікке жетеді. Ибн Араби
төзімділікті уағыздайды. Ол діннің адамдарға үстемдік ету мақсатында
қолданылуына қарсы шығып, бүкіл діндер мен наным-сенімдер теңдігін
жариялады. Бұл идея гнозис принципінен келіп шығады, өйткені гностик
өзгелерін теріске шығара отырып, бір ғана наным-сеніммен өзін шектемейді,
себебі әрбір құдыретті нәрседен ол құдайды көре алады. Құдай өзін әртүрлі
формада көрсетеді және барлығында да оның құдыретті қуаты мен сұлулығы
көріне алады. Ибн Арабидің плюрализмі барлық діндердің тең құқылығын,
әрбір адамның жеке сеніміне құқықтылығын мойындауға мүмкіндік береді.
Ибн Арабидің тұжырымдауынша құдайға барудың жолы әр түрлі, бірақ оның
бәрі ақыры соңында Тұтастықты мойындауға әкеледі. Әралуандылық пен
айырмашылықты көре білу және осы айырмашылықтан Тұтастықты аңғарып,
оған құштар болу – міне, осы әдепке тән қасиет. Егер құдайға деген
сүйіспеншілік жетілген нағыз, шынайы болса, онда бұл құштарлықтың
нәтижесінде Құдаймен бірігуге адамның қолы жетеді. Ибн Арабидің
151
пікірінше, сүйіспеншілік ғашықтық себебі және қозғаушы күші болып
табылады, онсыз ешнәрсе де өмір сүрмес еді.
Әдебиет:
1. Философия:
ЖОО-арн.оқулық.
/Құраст.Т.Ғабитов.
(Мұсылман
әлемінің философиясы -ибн Араби). «Раритет», —Алматы: 2004. 41-б.
2. Кныш А.Д. Мировоззрение Ибн Араби. //Религии мира.—Москва: 1984.
3. Смирнов А.В. Великий шейх суфизма (опыт парадигмального анализа
философии Ибн Араби). «Наука», —Москва: 1993.
4. Смирнов А.В. Философия Николая Кузанского и Ибн Араби: два типа
рационализации мистицизма // Бог, человек, общество в традиционных
культурах Востока. «Наука»,—Москва: 1993, с.156-175.
5. Смирнов А.В. Путь к Истине: Ибн Араби и Николай Бердяев (о двух
типах мистического философствования) —Москва: 2000, 402-434 б.
6. Смирнов А.В. Основания этики в философии Ибн Араби (вместо
Введения) //Средневековая арабская философия: проблемы и решения.
«Вост.лит.», —Москва: 1998, 296-319б.
7. Воробьев Д.А. Время-вечность в учении ал-Халладжа и Ибн Араби.
Историко-философский ежегодник—2000. —Москва: 2001.366—377б.
8.
Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: «Аруна Ltd» ЖШС,
2010
152
ӘБІЛ УӘЛИД МҰХАММЕД ИБН
АХМЕТ ИБН РУШД (АВЕРРОЭС)
(1126ж, Кордова, Испания –
10 желтоқсан, 1198ж, Марракеш,
Марокко)
— атақты батысараб философы,
мемлекеттік қайраткер, дәрігер, ғалым,
тамаша
шешен-оратор,
шығыс
перипатетизмінің өкілі.
Ғылымда қосұдайылық ақиқат
туралы ілімімен
танымал. Оның
замандастары былай деген екен:
«Аристотель табиғатты түсіндірсе, ал
Аверроэс Аристотельді түсіндірген».
Ол Аристотель ілімін жалғастырды.
Философиялық шығармалары:
«Философия мен діннің арасындағы байланысқа қатысты шешім
шығаратын пайымдау», «Медицинаның жалпы ұстанымдары туралы кітап»,
«Теріске шығаруды теріске шығару», «Логика жөніндегі трактаттар», «Уақыт
проблемасы», «Философия мәселелері», астрономия жөніндегі трактаттары
(барлығы 70-трактат), Платон мен Аристотель еңбектеріне жасалған кең
көлемді түсініктемелер (жалпы саны -18) және т.б.
Философиялық көзқарастары:
Ибн Рушдтың метафизикасы барлық Мәнділіктің, материя мен қозғалыс
мәңгілігінің бірінші себебі ретіндегі құдай идеясына негізделді. Ибн Рушд
Ибн Синаны оны жеке жанның өлмейтіндігі туралы ілімі үшін сынады. О
дүниелік өмірде қайта тірілу туралы ережені теріске шығарды.
Қосұдайылық ақиқат туралы ілімінің келелі мәселелер жиынтығы- сенім
мен зерде проблемасы. Ибн Рушд таным тек рационалистік мәнмәтінде ғана
жүзеге асырылады деп есептеді. Алайда, сенім құрандық ақиқат негіздерін
тану рационалдық тәсілде де, сондай-ақнышандық-аллегориялық тәсілде де
жүзеге асуы мүмкін. Ақиқаттың қосұдайылығы туралы ілімі Ибн Рушдтың
герменевтикалық ілімі болып табылады.
Ортағасырдағы түсіндіру ретіндегі герменевтика классикалық емес
философияның
бағыты
ретінде
философиялық
герменевтикадан
ерекшеленеді.
Ибн Рушдтың тұғырнамасында түсінік берілетін, автор бейнесіне
«көндігу» әрекеті байқалады, бірақ та философ бұдан кейінгі жерде
Аристотель мәтіндерін өзінен өзі кетудің мүмкін еместігін тамаша түсіне
отырып өз тарихи уақыты мен өз Мені тұрғысынан түсінуге келеді.
Ибн Рушд Қасиетті жазуларды оқуда терең танымдық қабілеттерді
қалыптастыру үшін ежелгі грек мәтіндерін түсіндіру қажет деп есептеді.
153
Негізін салушы Ибн Рушд болып есептелетін, Ашылулар ақиқаты мен
философия ақиқатының маңыздылығын анықтайтын қосұдайылық ақиқат
теориясы іс жүзінде дүниені Қасиетті мәтіндер мен философия
нышандарында түсіну бірлігінің герменевтикалық тұғырнамасын білдіреді.
Мұсылман философтар тек қана Қасиетті мәтіндерді ғана емес, сондай-ақ
ежелгі грек философиялық мәтіндерін де формальды түсіндіруге қарсы
шықты. Олар көптеген мутакаллимдер мәтіндерді сөзбе-сөз қуалауды
абсолюттік мақсатқа айналдырып, Қасиетті жазулардың шынайы
мағынасынан аулақ әкетеді деп ұйғарды, мұнымен бір уақытта көптеген
ғалымдар да антикалық мәтіндердегі формальды логикалық құрылыстарға
көп еліктей отырып, философиялық шығармалардың мағынасын бұрмалады.
Сондықтан да мұсылмандық философтар болмыс мағынасын түсінуде бірлік
пайда болатын білім мен сенімнің нақ бастамасын іздеуге әрекеттенді.
Ақиқат білімнің бұл бастамасына герменевтика әкелуі тиіс болды.
Ибн Рушд сопылықты да оның Құдаймен бірігіп кету теориясы үшін
сынады, адам бар болғаны адам болып қалады деп есептеді.
Алайда, Ибн Рушд ешқашан да философиялық емес ілімдердің барып
тұрған сыншысы болған жоқ. Оның сыны әрқашан да төзімділік
ұстанымдарына құрылды, мұнымен бірге ол өзінің дәлелдері мен
дәлелдеулеріне сенімді болды. Сондай-ақ мемлекеттің әлеуметтік-саяси
доктринасына, юриспруденция мен білім беруге де елеулі үлес қосты. Білім
беруді адамның кемелденуіндегі мәңгі үздіксіз үдеріс ретінде түсінді.
Ол жалпы, дүниені үздіксіз өзгерістегі процесс деп қарады. Ол мынадай
үш түрлі қорытынды жасады:
- материалдық дүние мәңгі;
- барлық құбылыстар себепті байланыста;
- әрбір жеке зат өледі, адам өлмейді деген пікірді ол жоққа шығарды.
Достарыңызбен бөлісу: |