Қазақстан республикасы білім жәНЕ



Pdf көрінісі
бет10/51
Дата26.09.2019
өлшемі8,78 Mb.
#48889
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   51
Байланысты:
2 - filosofiya t l alar bejnes nde


Әдебиет

 

1.  Зубов  В.П.  Аристотель:  Человек.  Наука.  Судьба  наследия.  («Научно-

биографическая серия»). Эдиториал УРСС — Москва: 2009. 

2.  Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетәлі К. Философия тарихы/Антикалық 

философия, «Раритет», -Алматы: 2006. 44-47 беттер. 

3.  Чанышев А.Н. Аристотель. «Мысль», — Москва: 1981. — 200 с.  

4.  Шаймерденұлы Е. Ақиқат айнасы (философиялық афоризмдер) 

/Аристотель. «Өлке», –Алматы: 2004.  

5.  Лосев  А.Ф.,  Тахо-Годи  А.А.  Аристотель:  Жизнь  и  смысл.  (Серия 

«Люди. Время. Идеи»). «Дет. лит.», —Москва: 1982. 286 стр.  

6.  Платон.  Аристотель.  (Серия  «Жизнь  замечательных  людей»). 

«Молодая гвардия»,— Москва: 1993; 2005. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



94 

 

АНТИСФЕН

 

 

(б.д.д.444/435ж. Афина – б.д.д.370/360ж.)

 

 

                —  атақты  грек  арасынан  шыққан 



философ, 

киниктер 

философиясының 

негізін қалаушы ретінде танымал.  

          Оның  пікірінше,  нақты  өмір  сүретін 

тек  жеке  заттар  ғана,  ал  жалпы  ұғымдар 

заттардың  қандай  зат  екенін  анықтайтын 

сөз ғана. Ал білім дегеніміз – ұғымдардың 

мазмұнын  құрайтын  пайымдаулар.  Бірақ 

олардың  мазмұнында  заттардың  мәнін 

көрсететін 

қасиеттер 

мен 

әртүрлі 


белгілерді  теріп  көрсетуге  болмайды, 

себебі  олар  туралы  дұрыс  пайымдау 

субьекті  мен  предикат  тепе-тең  (товталогия)  болған  жағдайда  ғана 

(математик 

дегеніміз  математикадан  сабақ  беретін  кісі  дегендей) 

қалыптасады.  



Философиялық көзқарастары: 

               Антисфен  өзінің  ұстазы  Сократтың  рақымшылдық,  ізгілік,  басқа 

туралы  ілімін  ілгері  қарай  жалғастырып,  түкке  тұрмайтын  құндылығы  жоқ 

байлық, 


денсаулық, 

т.б. 


сияқты 

игіліктермен 

салыстырғанда, 

рақымшылдықты  ең  құнды  және  жалғыз  ғана  игілік  деп  уағыздаған.  Себебі 

адам  өзінің  негізгі  мақсаты  –  бақытқа  тек  рақымшылдық  арқылы  жетуге 

болады. Рақымшыл болу үшін, ол туралы көп сөздің немесе білімнің қажеті 

жоқ, ол тек іс-әрекет арқылы ғана көрінеді. Жұрттың бәрі рақымшыл болуға 

қабілетті, бірақ оған өз құмарлығын шектей алатын адамдар ғана жете алады. 

Ондай  адамдар  тағдырға  тәуелсіз,  шын  мәнінде  ерікті  рақымшыл 

данышпандар. Олардың идеалы – өздерін күнделікті қажет талап-тілектермен 

шектеп, табиғатпен үйлесімді өмір сүру. Ал шын мәніндегі, ең жоғары бақыт 

– бақыттымын деп өлу. 

              Киниктер  мемлекеттік  заң  мен  рақымшылдық  заңдарын  ажыратып, 

бөліп қарастырады. Мемлекеттік заң рақымшылыққа жеткізбейді. «Шынында 

да,  дауыс  беру  арқылы  топас  адамдарды  қолбасшы  қылып  сыйлайтын 

мемлекетті  рақымшылыққа  жеткізетін мемлекет деп айта аламыз  ба?»  -  деп 

сауал қояды Антисфен. 

Философиялық афоризмі: 

  Әділ адамды туысыңнан артық көргейсің. 

 

                                                  Әдебиет: 

 

1.  Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетәлі К. Философия тарихы /Антикалық 

философия, «Раритет», —Алматы: 2006. 36-бет. 

 


95 

 

ДИОГЕН СИНОПСКИЙ 



 

(шамамен б.д.д.412ж. Синоп – 

 10 маусым, б.д.д.323ж., Коринф) 

 

             — Антисфеннің шәкірті, Киниктер 



мектебінің  негізін  қалаушы,  Александр 

Македонскийдің  замандасы,  Киниктік 

философиясының  теоретигі  мен  практигі, 

әйгілі философ.  

            Оны  замандастары  әзілдеп  «кинос» 

(ит)  деп  атаған.  Бұл  атау  Афинадағы 

«Киносарг»  –  қырат  немесе  гимназияны 

білдіреді, 

мұнда 

Антисфен 



өзінің 

шәкірттеріне дәріс оқыған.  

         Өмірде 

материалдық 

тұрмыс 

қасиеттерін  елемей,  қоғамда  қалыптасқан 



әдет-дәстүрлерді  мысқылдай  отырып,  нағыз  данышпандық,  рақымшылдық, 

бақытты іздеген – Диоген киниктердің ілімін өзінің негізгі қағидасы ретінде 

қабылдаған,  осыған  байланысты  өзінің  артынан  көптеген  анекдотқа  ұқсас 

әңгімелер қалдырған ойшыл. Мысалы, ол туралы замандастары былай дейді: 

бірде  базар  алдында,  бөшкеде  отырған  Диогеннен  Ұлы  Александр:  «Сіздің 

қандай  өтінішіңіз  болса  да  орындауға  әзірмін»  деп  сұрағанда,  ол:  «Күнді 

қалқаламаңыз»  деп  жауап  беріпті.  Ол  өте  кедей  тұрғанына  қарамастан, 

киниктердің  түсінігінше,  рақымшылыққа,  бақытқа,  шынайы  бостандыққа 

жеткізбейтін  адамдардың  кемшіліктерін  сынап,  ләззатқа  деген  құмарлықты 

жек  көрудің  өзі  ләззат  екенін  уағыздаған.  Тапа-тал  түсте  қолына  фонарь 

ұстап  базар  алаңында:  «Халық  –  көп,  адам  аз  екен»  деген  сөзі  осы  пікірді 

нақтылайтын сияқты. 



                Киниктер  –  «Киносарг»  деп  аталған  гимназияның  атымен  аталып 

кеткен,  (аудармасы  –  «көгерген  ит»)  сократтық  кезеңдегі  Ежелгі  Грекия 

философиялық  мектептерінің  бірі.  Бұл  мектептің  әйгілі  өкілдері:  Антисфен, 

Диоген  Синопский,  Кратет.  Ілімнің  басты  мақсаты:  терең  философиялық 

теория  ізденісі  емес,  керісінше  ерекше  өмір  сүруді,  яғни  қоғамнан  тыс 

(жалғыздық, қаңғыбастық, кемтарлық) өмірді қалап, сол мұқтаждықтарды өз 

басынан  өткізу,  өзінде  сынау.  Қазіргі  заманда  киниктік  өмір  сүру  салты, 

философиясына  йога,  дервиштер,  хиппилер  және  т.б.  өте  жақын,  ұқсас 

келеді. 

Философиялық көзқарастары: 

        Киниктер  философиясының  негізін  қалаушы  –  Антисфеннің  пікірінше, 

нақты өмір сүретін тек жеке заттар ғана, ал жалпы ұғымдар заттардың қандай 

зат екенін анықтайтын сөз ғана. Ал білім дегеніміз – ұғымдардың мазмұнын 

құрайтын  пайымдаулар.  Бірақ  олардың  мазмұнында  заттардың  мәнін 

көрсететін қасиеттер мен әртүрлі белгілерді теріп көрсетуге болмайды, себебі 

олар  туралы  дұрыс  пайымдау  субьекті  мен  предикат  тепе-тең  (товталогия) 


96 

 

болған  жағдайда  ғана  (математик  дегеніміз  математикадан  сабақ  беретін 



адам)  қалыптасады.  Киниктердің  жеке  заттар  мен  жалпы  ұғымдар  туралы 

пікірлері  ортағасырдағы  номиналистердің  жалпы  ұғымдар  мен  жеке  заттар 

туралы идеяларымен ұштасып жатқанын байқаймыз. 

Философиялық афоризмдері: 

  Сараң ақшаны сөгуге құмар, бірақ шексіз жақсы көреді. 

  Ақшасы көп болу мен бай болу – екі түрлі нәрсе. 

  Арыстан асыраған адамға құл болмайды, асыраған адам арыстанға құл 

болады,  өйткені  тағы  жыртқыш  адамға  қорқыныш  ұялатады,  ал 

қорқыныш – құлға тән қасиет!. 

  Бала өмірдің қарапайым мысалымен менен озды. 

  Жақсы өмір сүруге талпынбасаң, несіне тірі жүрсің!. 

  Бай болсаң – көңіл соққанда, кедей болсаң – пұл тапқанда. 

  Егер  сен  басқаларға  садақа  берген  болсаң,  маған  да  бер,  ал  бермеген 

болсаң – менен баста!. 

  Мегерліктің баласы болғаныңнан қойы болғаның артық. 

  Дүниедегінің барлығы құдайдың билігінде. 

  Данышпандар – құдайдың досы, ал достар үшін бар нәрсе ортақ; демек, 

данышпандар – әлемнің қожасы!. 

  Күн де нәжіс төгілген шұңқырға түседі, бірақ одан былғанбайды ғой!. 

  Ақылды мен ақымақтың арасы бір-ақ елі. 

                 

                                                             Әдебиет: 

 

1.  Диоген  Лаэртский.  «О  жизни,  учениях  и  изречениях  знаменитых 

философов». «Мысль», —Москва: 1986. 

2.  Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетәлі К. Философия тарихы/Антикалық 

философия, «Раритет», —Алматы: 2006. 37-бет. 

3.  «Антология кинизма»; под ред. И.М.Нахова. «Наука», —Москва: 1984. 

4.   Шаймерденұлы Е. Ақиқат айнасы. Диоген. «Өлке», —Алматы: 2004.  

5.  Сәукетаев  Т.  Көне  дүние  кемеңгерлері/  Диоген.  «Аударма»,—Астана: 

2007. 38-бет 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

97 

 

АРИСТИПП КИРЕНСКИЙ 



 

(б.д.д.435 – 355ж.ж. Кирен) 

 

             — 



гедонистік 

философияның 

негізін  қалаушы,  ұлы  ойшыл.  Оның 

көзқарасының  қалыптасуына  Сократтың 

ілімімен қатар софизмнің де әсері болды. 

Философиялық көзқарастары: 

Оның пікірінше: «Танымның қайнар көзі – 

түйсік.  Ал  түйсік  арқылы  біз  табиғаттың 

заңдылықтарын  немесе  оның  қасиеттерін 

танып-біле 

алмаймыз, 

сондықтан 

табиғатты  танып-білемін  деп  әуреге 

түсудің  қажеті  жоқ,  керісінше,  біз  тек 

өзімізге  тән  субьективті  қабілеттеріміздің 

нәтижесін ғана тани аламыз». Осыдан келіп, Аристипп: «Тек өзіміз сезінген 

ләззат  пен  қасірет  қана  игілік,  рақымшылық,  -  деген  тұжырым  жасайды.  –

Ләззат  өткенге  де,  болашаққа  да  бағытталмайды,  ол  тек  қазіргі  нақтылық. 

Сондықтан қазір ғана ала алатын ләззатқа ұмтылу керек. 

          Ләззатқа жетудің бірден-бір жолы – өз еркіңмен қол жетпейтін немесе 

қасірет әкелетін құмарлықтардан бас тарту. Кез келген адам өзінің рухы мен 

тәнін  рахаттануға,  ләззат  алуға  бағыштап,  өзін  де,  басқаларды  да  шаттыққа 

бөлеулері керек». 

          Сөйтіп,  Аристипп  рахатқа  бөлену,  бақыт  сияқты  субьективтік 

құбылыстарды  адамдардың  іс-әрекетінің  негізгі  өзегі  (мотив)  және  мақсаты 

ретінде  қарастырады.  Осы  өнегелілік  бағытты  басшылыққа  алып  іс-әрекет 

жасаған адам өз замандастарының алдында да, болашақ алдында да зор сыйға 

бөленетінін  айта  келіп,  Аристипп  мемлекетті,  онда  қалыптасқан  заңдарды, 

т.б. рахатқа бөлену, бақытқа жету жолындағы құрал деп қарастырады. 

          Аристипп  ізбасарлары:  «Данышпандарға  әдептілік  қағидаларын 

сақтаудың  қажеті  жоқ,  мысалы,  данышпан  өзін  Отаны  үшін  құрбандыққа 

шалмайды, себебі «оның Отаны – бүкіл әлем» (Феодор) деген идеяларды өз 

ілімдерінің  басты  қағидаларының  бірі  етіп  қабылдап,  онда  ең  жоғары 

данышпандықтың белгісі жатыр деп есептеген.  

           Жалпы,  киниктер  материалдық  игіліктерден  бас  тартып,  аскеттік 

өмірді  уағыздаса,  гедонистік  мектептің  өкілдері  өмірде  өз  түйсіктерінің 

мәліметтерін басшылыққа ала отырып, сезімдік қуаныштарға, ләззатқа берілу 

керектігін  уағыздады.  Ал  ләззат,  бақыт  дегеніміз  –  минуттық  сезімдік 

қуаныштардың  жиынтығы,  оларды  қадірлеп,  қастерлеп,  мүмкіндігінше 

пайдалану  керек.  Өмір  қайғы-қасіретке  толы  болғандықтан,  өмірмен  қатар 

өлім де тартымды. Тек қана байлыққа, даңққа құмарту – ақылсыздардың ісі, 

ал данышпан болса, оған өмірде не болып жатқанының бәрібір. Бай ма, кедей 

ме, ерікті ме, еріксіз бе, т.б.         



98 

 

            Гедонистік  философия  –  оның  өкілдері  өмірде  өз  түйсіктерінің 



мәліметтерін басшылыққа ала отырып, сезімдік қуаныштарға, ләззатқа берілу 

керектігін  уағыздады.  Ләззат,  бақыт  дегеніміз  –  минуттық  сезімдік 

қуаныштардың  жиынтығы,  оларды  қадірлеп,  қастерлеп,  мүмкіндігінше 

пайдалану  керек.  Өмір  қайғы-қасіретке  толы  болғандықтан,  өмірмен  қатар 

өлім де тартымды. Тек қана байлыққа, даңққа құмарту – ақылсыздардың ісі, 

ал данышпан болса, оған өмірде не болып жатқанының бәрібір: бай ма, кедей 

ме, ерікті ме, еріксіз бе, т.б. 

Философиялық афоризмдері: 

  Аристипп  Коринф  аралына  кемемен  жүзіп  келе  жатқанда  жолда 

дауылға  тап  болып,  қатты  зәресі  ұшыпты.  Қасында  біреу:  «Біз  міне, 

қарапайым  адам,  былқ  етпейміз,  ал  сендер  философтар,  неге  мұнша 

қорқақсыңдар?»  деп  мысқылдапты.  Сонда  Аристипп:  «Екеуміз  де  өз 

жанымызды  ойлаймыз,  бірақ  жанымыздың  бағасы  бірдей  емес  қой» 

депті. 

  Біреу  философтарды  ылғи  да  байлардың  есік  алдынан  көретінін 



айтыпты, сонда Аристипп: «Дәрігер де науқастың үйіне келеді емес пе, 

оның  үстіне  кез-келген  адам  науқас  емес,  дәрігер  болғысы  келеді» 

депті. 

  Бір  күні  Аристипп  бірнеше  баламен  бірге  кәнизактің  үйіне  кіргенде, 



баланың бірі қызарып кетіпті. Сонда Аристипп: «Кіру ұят емес, шығып 

кетуге дәтің жетпесе, сол ұят!» депті. 

  Білімім  көп  деп  мақтанған  біреуге  Аристипп  былай  депті:  «Тамақты 

көп  ішкен  адамның  денсаулығынан  мықты  емес.  Сол  секілді,  көп 

оқыған емес, көп тоқыған адам – ғалым!». 

  Бір күні Дионисий философиялық бірдеңе айт деп Аристипптен талап 

етеді.  «Қызық  екен!  –  дейді  Аристипп,  өзің  менен  қалай  сөйлеуді 

үйреніп  жүріп,  маған  қашан  сайрау  керек  екенін  үйретпексің!».  Бұл 

сөзге  ашуланған  Дионисий  оған  үстелдің  ең  шетіне  барып  отыруға 

бұйырады. Сонда Аристипп: «Бұл орынға соншалық құрмет көрсеткің 

келе ме?» депті. 

  Ақылды  мен  ақымақтың  парқы  қандай  деп  сұрағанда  Аристипп: 

«Екеуін тыр-жалаңаш шешіндіріп, бөтен біреудің алдына жібер, сонда 

білесің!» депті. 

  Аристипптен  білімді  мен  білімсіздіктің  айырмасы  қандай  деп 

сұрағанда: «Бас білмейтін асау мен үйретілген аттың айырмасы қандай 

болса, сондай» деп жауап беріпті. 

  Достарымнан ақшаны өзім үшін алмаймын, қалай пайдалану керектігін 

үйрету үшін аламын. 

  Жүзе  білем  деп  мақтанған  біреуге  Аристипп:  «Балықтың  да  қолынан 

келетін іске мақтануға қалай ұялмайсың!» депті. 

  Дионисий неге келдің деп сұрағанда, Аристипп: «Ақыл қажет болғанда 

Сократқа барушы ем, ақша керек болған соң саған келдім» депті. 

  Дионисий неге саған риза емес деп сұрағанда: «Өйткені басқаның бәрі 

Дионисийге риза емес» депті. 


99 

 

  Надан болғанша қайыршы бол: Қайыршының ақшасы жоқ, қолы қысқа, 



тарылған. Ал надандар адамдық кейіпінен айырылған. 

  Сотта Аристиппті қорғап сөйлеп, жеңіп шыққан шешен: «Сократ саған 

не  жақсылық  жасады?»  деп  сұрайды.  Сонда  Аристипп:  «Мені  жақтап 

сөйлеген  сөзіңнің  бәрі  соның  арқасында  шындық  болды!»  деп  жауап 

беріпті. 

  Сократ  қалай  өлді  деп  сұрағанда:  «Мен  қалай  өлуді  қалаған  болсам, 

солай өлді» депті. 

  Ақылды  балаларды  неге  баулу  керек  деп  сұрағанда:  «Үлкейгенде 

өздеріне пайдасы тиетін іске баулу керек» деп жауап беріпті. 

  Бірде  теңізде  жүзіп  келе  жатып,  мінген  кемесінің  қарақшылардікі 

екенін  біліпті.  Аристипп  дереу  ақшасын  ап  санапты  да:  «Алтын  үшін 

Аристипп  өлгенше,  Аристипп  үшін  алтын  өлсін!»  деп  байқатпай 

теңізге тастай салыпты. 

  Бір  күні  оны  біреу  боқтайды.  Аристипп  теріс  бұрылып  кетеді.  Анау 

соңынан  қуып  жетіп  «Неге  кетіп  барасың?»  дейді.  Аристипп  сонда: 

«Сенің  боқтауға  хақың  болғанда,  менің  тыңдамауға  хақым  жоқ  па?» 

депті. 

                                                  Әдебиет: 

 

1.  Антикалық философия.  2-томдық, —Алматы: 2005. 566 –бет. 

2.  Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетәлі К. Философия тарихы/Антикалық 

философия, «Раритет», —Алматы: 2006. 37-38 беттер. 

3.  Сәукетаев  Т.  Көне  дүние  кемеңгерлері/  Аристипп.  «Аударма»,  —

Астана: 2007. 21-23 беттер 

4.  Ахутин А.В. Античные начала философии. «Наука»,— СПб.: 2010. 

5.  Иманқұл Н., Бөрібаев Т. Іліми Философия. «Парыз», —Астана: 2009  

6.  История  философии  в  кратком  изложении.  /Пер.  И.И.Бугута.  —

Москва: 1991. 

7.  История философии: Энциклопедия. Интерпрессервис; Книжный Дом. 

— Мн.: 2002. 

8.  Лосев А.Ф.  Философия. Мифология. Культура. —Москва: 1991. 

9.  Радугин А.А. Философия курс лекций. —Москва: 1995. 

6.  Фрагменты  ранних  греческих  философов.  Часть  I.  От  эпических 

теокосмогоний до возникновения атомистики. //Изд.подг. А.В.Лебедев. 

«Наука», —Москва: 1989. — 576 с.  

7.  Кисиль  В.Я.,  Рибери  В.В.  Галерея  античных  философов;  в  2-х  т..  —

Москва: 2002. 

 

 

 


100 

 

ДЕМОКРИТ АБДЕРСКИЙ 

 

(б.д.д.460 – 370 ж.ж..) 



 

       —  көнегрек  философы,  Левкипптің 

шәкірті, 

атомистиканың 

негізін 

қалаушылардың  бірі  әрі  диалектикалық-

материалистік 

философияда 

материализмнің  негізін  қалаушы  болып 

саналады.  



Философиялық шығармалары: 

   «Пифагор», 

«Планеталар 

туралы», 

«Табиғат  туралы»,  «Ақыл-ой  туралы», 

«Үлкен  әлем  құрылысы»,  «кіші  әлем 

құрылысы»  (70-тен  астам  шығармалар 

жазған) және т.б. 



Философиялық көзқарастары: 

         Демокриттің 

ілімі 

бойынша, 



дүниенің бастамасы – атомдар (шын болмыс) және бос кеңістік (бейболмыс). 

Болмыс  пен  бейболмыс  бір-біріне  қарама-қарсы  құбылыстар.  Егер  болмыс 

өзіндік  пішіні  бар  және  ол  өте  тығыз  болғандықтан,  бөлшектенбейтін 

атомдардан тұратын болса, бейболмыс – өзіндік пішіні, түрі жоқ, шексіз бос 

кеңістіктерден тұрады. Болмыс  – сансыз көп ұсақ бөлшектердің жиынтығы. 

Ұсақ  бөлшектер  –  атомдардың  негізгі  қасиеттері:  мәңгі  бөлінбейді, 

өзгермейді,  өзіне-өзі  тең  (ұсақ),  қозғалмайды.  Бұл  қасиеттер  –  атомдардың 

ішкі  мәні.  Ал  олардың  сыртқы  қасиеттеріне  өзіндік  пішін,  түрлерінің  және 

көлемінің  болуы  жатады.  Атомдар  шар,  бұрыш,  қармақ,  ойма,  т.б.  тәріздес 

болады. Атомдарды бос кеңістік бөліп тұрады. 

           Атомдар бос кеңістікте өз табиғатына тән үздіксіз қозғалыста болады, 

бір-бірімен соқтығысқанда, өздерінің қозғалыс бағыттарын өзгертеді. 

          Атомдарда  бояу  түрлері,  иіс,  дыбыс,  т.б.  сияқты  сезімдік  қасиеттер 

жоқ.  Бұл  қасиеттер  атомдар  адам  түйсіктерімен  кездескенде  ғана  пайда 

болады.  Демокрит  –  алғашқылардың  бірі  болып  сезімдік  қасиеттердің 

субьективті түрде болатындығын айтқан ойшыл. 

         Атомдар  бос  кеңістікте  соқтығысып,  бір-бірімен  соқтығысып,  бір-

бірімен  бірігіп  және  байланысып,  заттар  әлемін  құрайды.  Атомдар 

өзгермейтін  мәңгі  болса,  олардан  құралған  заттар  уақытша,  өтпелі  және 

өзгерісте болады. Денелердің пайда болуын Демокрит былай түсіндіреді. Бос 

кеңістіктегі  атомдардың  тығыздығы  әртүрлі  болғандықтан,  оның  бір 

бөлігінде  тығыз  орналасқан  атомдар  құйындатып  қозғалысқа  түседі  де, 

ортасында ауыр салмақты атомдар, ал шетке таман жеңіл салмақты атомдар 

топтасып,  әртүрлі  денелер  пайда  болады.  Мысалы,  Жер  мен  Аспан  ауыр 

салмақты атомдардан жаратылған. Ал Аспаннан – от, ауа және ауа құйындап 

қуып жүрген жұлдыздар пайда болады. 



101 

 

          Тіршіліктің  шығуын  Демокрит  табиғи  заңдылықтардың  салдары  деп 



түсіндіреді.  Бұл  жерде  жоғары  күштердің  де  жандары  бар.  Жандар  шыққан 

қайнар  көзі  бар  тіршілікті  тудырған  –  жылулық.  Жандар  әртүрлі  болады. 

Космостың  жаны  жоғары  деңгейде  емес,  одан  гөрі  жануарлардың  жаны 

жылылықты  көбірек  қабылдағандықтан,  әлдеқайда  жоғарырақ.  Ал  адамның 

жаны болса, ол ең жоғары сатыда тұр, себебі онда жылумен қоса от та бар. 

Басқаша айтқанда, адам мен жануарлар жандарының айырмашылығы – біріне 

ақыл тән болса, екіншісінде ол жоқ. Ал жанның ақылдылығы мен ақылының 

жоқтығы  оның  өз  бойына  қабылдаған  жылуының  мөлшеріне  байланысты. 

Олай болса, жан – атомдардың жиынтығы. Демокриттің ілімінде ақылды жан 

– «сана» ұғымымен синонимдес ұғым. 

          Өмір  сүрудің  қажетті  жағдайы  –  дем  алу.  Жан  атомдары  дем  алу 

арқылы  қоршаған  ортадан  өздеріне  керекті  от  атомдарын  қабылдаса,  дем 

шығарғанда, жанның кейбір атомдарды денеден шығады, оның толық шығып 

кетпеуіне  қайтадан  алған  дем  кедергі  болады.  Дем  алмай,  тек  дем 

шығарылса,  онда  дене  өледі,  себебі  жан  атомдары  деммен  бірге  денеден 

толығымен  шығып  кетеді.  Денеден  шыққан  жан  атомдары  ауада  шашырап 

кетеді.  Сөйтіп,  денемен  бірге  жан  да  өледі.  Демокриттің  пікірінше,  шын 

мәнісіне  өмір  сүретін  атомдар,  бос  кеңістік  және  олардан  туындайтын 

заттардан басқа, адам ақыл-ойында да өмір сүретін құбылыстар бар. Олар – 

пікір арқылы қалыптасқан сезімдік қасиеттер (дәм, бояу түрлері, иіс т.б.). Бұл 

қасиеттер шындығында өмір сүрмейді, олар сезімдік заттарға тән емес, олар 

тек адамдардың пікірінде ғана бар құбылыстар. 

         Осы  екі  түрлі  құбылыстың  өмір  сүруіне  сәйкес  танымның  да  екі  түрі 

болады: 


          А)  сезім  мүшелері  арқылы  танып-білу.  Олардың  берген  мәліметтері 

көмескі  білім  болғандықтан,  олардың  ақиқатты  тануда  ешқандай  пайдасы 

жоқ. 

          Ә)  ақыл-ой  арқылы  алған  білімдеріміз  заңды  туылған  білім 



болғандықтан,  оның  ақиқат  туралы  пайымдаулары  дұрыс  болады.  Себебі 

дүниенің алғашқы бастамасы атом мен бос кеңістікті сезім мүшелері арқылы 

көріп-біле  алмаймыз,  ал  олардың  мәнін,  табиғатын  түсіну  үшін  ақыл  зер 

салып ойлануы керек. Дей тұрғанмен де, Демокрит сезімдік танымды ақыл-

ой  танымына  қарсы  қоймайды.  Ақыл-ой  сезімдік  таным  арқылы  алған 

ақпараттарын әрі қарай өрбітіп, қорытынды жасайды.  

          Жалпы  таным  процесінің  ақиқатқа  жетудегі  қайшылықтарын, 

қиындықтарын  түсінген  Демокрит  танымның  субьектісі  болу  кез-келген 

адамның  қолынан  келмейді,  ол  тек  данышпандарға  ғана  тәндеп  есептейді. 

Данышпандар  сабырлылық,  үйлесімділік,  симметрия,  алаңсыз  тыныштық, 

қызықпаушылық,  әділдік  т.б.  осы  сияқты  моральдық  қағидаларға  сүйеніп, 

философияға  беріліп,  елеусіз  өмір  сүруінің  арқасында  мәнділіктің  мәнін, 

табиғатын  дұрыс  түсініп-білуге  мүмкіндік  алады.  Егер  барлық  адамдар  осы 

моральдық қағидаларды басшылыққа  алып өмір сүретін болса, онда заңның 

қажеті  болмайтынын  айтады  Демокрит.  Заңды  адамдар  ойлап  тапқан,  ол 

тобырларды өз қолында ұстап тұру үшін қажет. 



102 

 

          Демокрит қоғамның дамуы  және мемлекет  мәселелері  туралы  пікірлер 



айтқан:  Адамдар  аңға  ұқсас  кезінде  аңдар  сияқты  өмір  кешті  (әрқайсысы 

жеке  өмір  кешті,  бір-біріне  көмектесуді  білмеді,  жеміс-жидек  жеп  қана  күн 

көрді,  т.б.),  ал  аң  сияқты  қалыптан  мұқтаждықтың  арқасында  өркениетке 

өткенде,  олар  бір-біріне  көмектесіп,  бір  жерде  жинақталып,  үңгірлерде, 

ағаштардың  қуысында  өмір  сүрді.  Бұл  кезде  олар  патшасыз, 

әскербасыларсыз,  бір-бірімен  соғыспай,  ұрлықсыз,  қарапайым  да  еркін өмір 

кешті.  Кейінірек  келе,  отты  пайдалана  алатын  болды,  қулық-сұмдықтар  да 

көбейді,  сонымен  қатар  өнер  де  пайда  болды.  Осы  айтқан  жағдайға 

адамдарды  мұқтаждық  пен  өздерінің  тәжірибиелері  жеткізді.  Адамдар 

әлімсақта  сөйлей  алмайтын-ды.  Адамдардың  бір-бірімен  араласып,  қарым-

қатынасқа  түсуінің  арқасында  түсініксіз  дыбыс  шығарудың  орнына  сөз 

арқылы  қатынас  орнады.  Сөйтіп,  тіл  пайда  болды.  Тіл  көп  түрлі  болып, 

адамдардың тұрған ортасына қарай қалыптасты. 

          Дін де тіл сияқты тарихи құбылыс. Алғашқы кезде дін болмаған, діннің 

шығуына  себеп  болған  –  адамдардың  табиғаттың  дүлей  күштерінің  себебін 

білмей қорыққандығы. Құдай деп жүргеніміз шын мәніндегі құдайлар емес, 

тек олар туралы қалыптасқан бейнелер ғана.  

Философиялық афоризмдері: 

  Жоққа күйінбей, барын бағалай білетіндер ақылды. 

  Бақытсыздық ақымақты да тәубесіне келтіреді. 

  Үнемі  кешіге  беретін  болсаң,  мақсатыма  жетемін  дегенді  де 

ұмытқайсың. 

  Жастар оңай бой ұрып кетер жамандық – желбастылық. 

  ... борышқа әділ болу – ұлы іс. 

  Кім көп еңбек етсе бақыт соған қонады. 

  Еңбек үздіксіз үйренгендіктің арқасында жеңілдей түседі. 

  Мінезі бірқалыпты адамдардың өмірі де жайма-шуақ болады. 

  Арлы мен арсыздың кім екені істеген ісінен ғана емес, пікір-пиғылынан 

да көрінеді. 

  ... өзінің құштарлықтарына билігін жүргізген адам да ер. 

  Іші  тар  адам  нақ  бір  сөз  дұшпанына  қастық  қылғандай,  өзін-өзі 

кейістікке ұшыратады. 

  Күншілдік адамдар арасындағы ұрыс-керіске бастама болады. 

  Әйтеуір  сөйлей  беру  ештеңені  тыңдағысы  келмеу  –  мақтаншақтың 

белгісі. 

  Оқып үйренбесең, өнерге де, даналыққа да қолың жетпейді. 

  Арғы жағында ақыл болмаса, тек сыртқы сұлулық жануарларға да тән 

нәрсе. 

  Өзінің  ақыл-ойын  артықша  бағалайтын  адамды  үйреткісі  келген  кісі 



уақытты босқа шығындамайды. 

  Ақымақтың аяғын шалғың келсе, алды-артына қаратпай мақтай бер. 

  Табиғаты тазалар ғана әдемілікті танып, әсемдікке ұмтыла алады. 

  Жағаң  жайлауда  болу  деген  жаның  тыныш,  ештеңеге  үрейленбейтін 

кезің. 


103 

 

  Жолы болмағанның жанынан табылу – үлкен ізгілік. 



  Жақсы адам жаманның жамандығын да бетіне баспайды. 

  Шектен шыққан пайдакүнемдік барып тұрған жоқшылықтан да сорақы. 

  Қателікке мән бермеу ұятсыздыққа апарып соғады. 

  Міншілдер дос бола алмайды. 

  Қызғаншақ адам өзін-өзі жауынан жаман күйдіреді. 

  Әділетсіздіктің  алдын  алып,  қорғана  білу  естіліктің  белгісі  болса, 

кекшілдік тасбауырлықтың белгісі. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет