Қазақстан республикасы білім жәНЕ



Pdf көрінісі
бет7/51
Дата26.09.2019
өлшемі8,78 Mb.
#48889
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   51
Байланысты:
2 - filosofiya t l alar bejnes nde
Жаттығулар^, Жаттығулар^, Sapy Bakytzhan presentation, 4 chapter appendix, Әңгіме - Кішкентай адам, қызыл, Kairbaeva Malika, Shlataeva Dilyara, Kurakbaev Aibolat, Kaliev Aidar, Vacine, Lab - Exploring Nmap (2), 21-22.07.2022, Эссе ТАРИХ, Final exam instructions 2022 FALL, George B. Thomas Jr., Maurice D. Weir, Joel R. Hass-Thomas\' Calculus Early Transcendentals (13th Edition)-Pearson (www.IraniData.com)

Әдебиет

 

1.  Антикалық философия.  2-томдық. –Алматы: 2005. 566-бет. 

2.  Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетәлі К. Философия тарихы/ Антикалық 

философия, «Раритет», —Алматы: 2006. 22-24 беттер. 

3.  Батыс  философиясының  антологиясы//  Ауд.Қ.Әбішев,  М.Сәбит, 

Ә.Қодар, А.Сағиқызы. «Фонд Сорос-Казахстан»,—Алматы: 2002. 7-б 

4.  Ахутин А.В. Античные начала философии. «Наука»,— СПб.: 2010. 

5.  Сәукетаев Т. Көне дүние кемеңгерлері/ Гераклит. «Аударма»,  

—Астана: 2007. 31-32 беттер 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



65 

 

ПИФАГОР САМОССКИЙ 

 

(б.д.д. 570 – 490 ж.ж.) 



 

              —  «Философия»  сөзін  алғаш 

рет 

ғылымда 


қолданған 

Антика 


дәуірінің  атақты  философы  және 

математигі, 

пифагорлік 

діни-


философиялық мектепті құрушы. 

                 Пифагор  Самос  аралында 

туып-өскенімен, 

кейінірек 

келе, 

әртүрлі 


жағдайларға 

байланысты, 

Египетте, Вавилонда (абыздардан дәріс 

алған),  Үндістанда  болып,  ең  соңында 

«Ұлы  Элладаның»  Критон  қаласында 

өмір 


кешкен. 

Пифагордың 

әкесі 

Мнесарх  зергер  болған.  Пифагордың 



анасының  аты  белгісіз.  Көптеген 

жазбалар бойынша туған бала өте әдемі болған және өсе келе өзінің ерекше 

қабілетімен көзге түскен. 

           Жас 

Пифагордың  ұстаздарынан  Гермодамант  пен  Ферекид 

Сиросскийді  атауға  болады  (алайда  Пифагордың  алғашқы  ұстаздары 

Гермодамант  пен  Ферекид  екені  нақты  емес).  Жас  Пифагор  күні  бойы 

Гермодаманттың жанында жүріп, Гомердің жақсы әуендерді тыңдап өскен. 

           Гомердің  әуендерін  Пифагор  жадында  мәңгі  сақтады.  Пифагорды 

ойшыл  деп  мойындағаннан  кейін  жас  талант  әр  күнін  оқушылардың 

арасында  Гомердің  әуенімен  бастаған.  Ферекид  Италия  мектебінің  негізін 

қалаған  философ  болған.  Осылай,  Гермодамант  Пифагорды  музыкаға, 

Ферекид  ғылымға  үйреткен.  Ферекид  Пифагорға  табиғат  сенің  алғашқы  да 

басты  ұстазың  деген.  Жас  Пифагорға  өз  қиялын  іске  асыру  үшін  Самостар 

болды,  сондықтан  ол  Милетке  сапар  шегіп,  онда  басқа  ғалым  –  Фалесті 

кездестірді. Фалес оған білім алу үшін Египетке бар деп кеңес берді. Пифагор 

оның кеңесін жөн көрді. 

           Пифагор  б.з.д.  548  жылы  үй  –  жай  және  тамақ  табылатын  Навкратис 

жеріне келді. Фараонның түсіндірме хатына қарамастан білгірлер Пифагорға 

өз құпияларын ашуға асықпай, оған қиын сынақтар қойды. Пифагор білімге 

деген  құштарлығының арқасында  сынақтардан  оңай өтті. Ол  кездегі  Египет 

геометриясы  жаратылыстану  бағытындағы  ғылым  болғандықтан  египеттік 

білгірлер оған көп нәрсені үйрете алмады. Білгірлер берген білімді меңгерген 

Пифагор  өз  Отанына  Элладаға  қашып  кетті.  Біраз  жол  жүрген  Пифагорды 

үйіне  қарай  бет  алып  бара  жатқан  Вавилон  билеушісі  Камбиз  тұтқынға 

алады. 


66 

 

           Пифагордың  Вавилондағы  өмірі  аса  қиын  болған  жоқ.  Вавилон 



математикасы  Египеттікіне  қарағанда  аса  дамыған  болатын  және 

Пифагордың  үйренетіні  де  көп  еді.  Бірақ  б.з.д.  530  жылдары  Кир  Орта 

Азиядағы  тайпаларға  қарсы  жорыққа  шығады.  Қаладағы  бұл  жағдайды 

пайдаланып Пифагор Отанына қашып кетеді. Бұл кезде Самос аралығындағы 

билік Поликрат патшаның қолында еді. әрине Пифагор жартылай құл ретінде 

өмір  сүруді  ұнатпады,сондықтан  ол  Самостың  жанындағы  үңгірге  кетіп 

қалады.  Бірнеше  айдан  соң  Пифагор  Кротонға  көшіп  келеді.  Кротонда 

Пифагор өздерін пифагорлықтар деп атаған адамдардан діни одақ құрады. Ол 

әрі діни бірлестік,саяси клуб және ғылыми одақ болған. Пифагордың кейбір 

әдеттері үлгі алуға лайықты. 

... жиырма жыл өтті. Одақтың атағы бар әлемге тарады. Бір күні Пифагорға 

бай,  бірақ  жексұрын  Килон  одаққа  бірігу  үшін  келеді.  Пифагор  Килонның 

бетін  қайтарады.  Килон  Пифагордың  үйінің  өртенгенін  пайдаланып,  оған 

қарсы  шығады.  өрт  кезінде  пифагорлықтар  өз  өмірлерін  қиып,  ұстаздарын 

құтқарып алады. Қатты қайғырған Пифагор өз-өзіне қол жұмсайды. 

          Осы кезеңде оңтүстік Италия мен Сицилияда «Пифагоршылар мектебі» 

деп  аталған  одақ  құрылып,  онда  қоғамдық  өмірді  діни-әдептілік  тұрғыдан 

реформалау  қажеттігі  туралы  ілім  кең  өріс  алды.  Пифагоршылар  қоғамда 

анархияның  етек  алуына  қарсы  болып,  құдайдың  айтуымен  жасалған 

мемлекеттік  заңдарды  сақтау  керектігін  уағыздады.  Пифагоршылар  өздері 

бірауыз  болмағаны,  осыған  орай  «ата  жолын»  қуушылар  мен  мемлекеттік 

билікке барлық халық қатысуы керек деген ағымдардың арасында тартыстар 

болғаны белгілі.  

            Пифагор және пифагоршылар туралы Аристотель былай дейді: «Олар 

математикамен шын мәнінде шұғылданған алғашқы ойшылдар. Пифагор тек 

қана  математикамен  айналысып  қоймай,  оның  негізгі  қағидаларын  – 

сандарды  жалпы  әлемдік  қағидаға  айналдырған  және  сол  сандардың 

арақатынастарын, олардың арасындағы прапорцияны әлемдік үйлесімділіктің 

бейнесі  деген  көзқарасты  өзінің  философиялық  ілімінің  өзегі  етіп 

қабылдаған.  Оның  пікірінше,  сандар  –  барлық  заттардың,  Ғарыштың  негізі. 

Пифагордың  Ғарыштың  бастамасы,  негізі  деп  отырған  сандары  жай 

күнделікті өмірде қолданып жүрген сандар емес, олар – Ғарыштың реттілігін, 

үйлесімділігін көрсететін сандар. Бұл үйлесімділікті біз аспан денелерінің бір 

сазды  дыбысты  белгілі  бір  интервалда  шығаруынан  білеміз.  Бірақ  ол 

дыбыстар  үздіксіз  шығып  тұрғандықтан  және  олар  бізге  тұрақты  әсер 

еткендіктен,  біз  оны  қабылдай  алмаймыз.  Әр  планета  Жерді  айнала  жүріп, 

өздеріне тән дыбыс шығарады. Мысалы, Айдың дыбысы биік, ал Сатурнның 

дыбысы  өте  төмен,  осы  екі  дыбыс  қосылғанда  үйлесімді  мелодия  пайда 

болады. Сандар тек денелерге тән бастама емес, олар әдептілікке де, рухани 

құбылыстарға  да,  жанға  да  тән.  Жан  дегеніміз  –  сандардың  үйлесімділігі. 

Жан  мәңгі  өмір  сүреді.  Ол  адам  өлгеннен  кейін  жануарларға,  өсімдіктерге 

ауысуы мүмкін. Бұл жерде біз Пифагорға Ежелгі Үндістандағы Веда ілімінің 

әсерін  байқаймыз.  «Ежелгі  Үндістандағы  философиялық  көзқарастардағы 


67 

 

сияқты  өмірдің  негізгі  мақсаты,  -  дейді  Пифагор,  -  жанды  тазарту.  Оған 



құмарлықты  жеңу,  жастардың  үлкендерді  бұлжытпай  тыңдауы,  достық  пен 

жолдастықты дәріптеу сияқты әдептілік қағидаларын сақтай отырып жетуге 

болады». 

Философиялық көзқарастары: 

          Пифагоршылар Гераклит сияқты Ғарыш қарама-қайшылыққа толы дей 

отырып, олардың он жұбын атап көрсетті. Олар: шектілік және шексіздік, тақ 

және жұп, жалқы және жалпы, оң және теріс, еркек пен әйел, тыныштық пен 

қозғалыс, түзу мен қисық, жарық пен түнек, жақсы мен жаман, квадрат пен 

көпқырлылық. Осылардың ішіндегі ең маңыздысы – шектілік пен шексіздік. 

Шекті  нәрселерді  танып-білуге  болса,  шексіздікті  танып-білу  мүмкін  емес. 

Шекті  денелер  геометрия  арқылы  бізге  мәлім  болса,  шексіздік-танымның 

мүмкіндік шеңберінен тыс, сондықтан оны тек ойша шамалауға болады. 

           Қорыта айтқанда, Пифагор – философтардың ішінде бірінші болып өз 

ілімінде  сан  категориясын  жан-жақты  қарастырған  және  өз  ілімін  халық 

арасында  үгіттеп  таратқан  (пифагоршылар  одағы)  ғұлама.  Оның  ілімдері 

кейінірек Платон философиясының қалыптасуына үлкен әсер етті. 

Философиялық афоризмдері: 

  Ұйықтар алдында өткен күнде өзіңнің не істеп, не тындырғаныңды ой 

елегінен бір өткізбей тұрып, көзіңді жұмушы болма. 

  Алтын жалатқан қару сияқты, мақтаншақтардың да іші тысына сәйкес 

келмейді. 

  Даналық бастауы: ойлануға үйрену, мылжыңдаудан жирену. 

  Ең ақиқат не? – адамдардың ақымақ екендігі. 

  Ең  әуелі  әр  нәрсені  өз  атымен  атап  үйрен:  бұл  ғылым  атаулының 

әліппесі һәм ең негізгісі. 

  Пенде! Өзге хайуанның өзіңе нендей нәрсені істемеуін қаласаң, сен де 

оған сондай нәрсені істеме. 

  Ақылға бағынбаған, құдайға табынбайды. 

  Білімді даналыққа санама. 

  Сенімді дос тапсаң, өзіңе-өзің серік бол. 

  Аз сөйле, жазуың одан да аз болсын. 

  Тыныш өлгің келсе, бір қалыпты өмір сүр. 

  Шығармаларында  ғана  дана  боп  көрінетіндердің  бірі  болудан  Құдай 

сақтан. 


  Ештеңеге таңырқама, таңырқаудан құдайлар жаратылған. 

  Атың  өшпей  ел  аузында  жүрсін  десең,  артыңа  өнегелі  ұрпақ,  жақсы 

кітап қалдыр. 

  Данышпан!  Қарапайым  жұрт  арасында  өмір  сүруге  міндетті 

болғандықтан, араласып кетпей су бетінде қалқып жүретін май сияқты 

бол. 


  Тәніңді жаныңның табыты қылма. 

  Өз үйінде әке бола алмаған қалаға әкім бола алмайды. 

  Жұртты тануға үйрен: Құдайды танып-білуден гөрі, адамды танып-білу 

оңайырақ әрі мәндірек. 



68 

 

  Өз  атыңызды  өз  қолыңмен  өңде:  құлдарыңа  сеніп  тапсырма.  Өйткені, 



жер азат адамның алақанына ғана бас иеді. 

  Әйелімен тіл табыспағанға дос болам деп жабыспа. 

  Мүлік-дәулет, отауы болмағанның Отаны да болмайды. 

  Жан-жануарды  өлтіруден  қаш  –  олардың  қанын  төгу  адамдарды  өз 

тұқымдастарының қанын шімірікпей төгетін жауыздыққа әкеп соқты. 

  Табынар жалғыз тәңірің өзіңнің ар-ұжданың-ақ болсын. 

  Құдайдан да көне деп сұраса: Қорқыныш пен Үміт деп жауап бер. 

  Әуелі  дана  болуға  тырыс,  ал  бос  уақытың  болғанда  ғалым  бола 

жатарсың. 

  Шарапқа бөртіп алып, дүниеге бала әкелетін қасиетті іске кіріспе. 

  Абыздардың  айтуынша,  құдайлар  көп  өтпей  адамды  жаратқанына 

өкініпті.  Ал  біз:  адам  құдайды  жаратқанына  өкінді  деп  нық  сеніммен 

айта аламыз. 

  Көз  жасы  кейін  қабырыңа  төгілсін  десең,  тірлігіңде  балаларыңды 

жылатпа. 

  Күші бірдей екі адамның ішіндегі күштірегі – әділі. 

  Өмір  театр  тақылеттес:  онда  ең  жақсы  орынды  көбіне-көп  ақымақтар 

алып алады. 

  Қасиетсізге құрмет қылу – ессіздіктің белгісі. 

  Жәндікті  өлтірген  балаңды  қатаң  жазала,  әйтпесе  сөйте-сөйте  кісі 

өлтіреді. 

  Сөйлемес бұрын ойыңды тіліңнің астында ұстап пісіріп ал. 

  Жұрт не десе о десін, өзің дұрыс санаған нәрсені ғана істе. 

  Мақтауға тасымай, даттауға жасымай – бір қалыпты салқын қанды бол. 

  Үндеме, әйтпесе үндемегеннен гөрі дұрысырақ нәрсені айт. 

  Сенімді дос ізде өзіңе, оны тапсаң, құдайсыз-ақ күніңді көресің. 

  Ақиқатқа ұмтыл, сонда ғана Құдайға жақындай түсесің. 

  Ақиқатты  боямасыз  жалаңаш  көрген  абзал,  ал  өтірік  әлем-жәлем 

қымтанып көз алдай берсін. 

  Бәрінен бұрын өз басыңның қадірін түсірме. 

  Ашу үстінде тіл мен қолыңа ерік берме. 

 

Әдебиет: 



 

1.  Жмудь Л.Я. Пифагор и его школа. «Наука»,— Москва: 1990.  

2.  Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетәлі К. Философия тарихы/ Антикалық 

философия, «Раритет», —Алматы: 2006. 24-26 беттер. 

3.  Сәукетаев Т. Көне дүние кемеңгерлері/ Пифагор. «Аударма», 

 —Астана: 2007. 12-13 67-69 беттер 

4.  Жмудь  Л.Я.  Наука,  философия  и  религия  в  раннем  пифагореизме.  — 

СПб: 1994. — 376 с.  

69 

 

КСЕНОФАН 

(шамамен б.д.д.576 – 487ж.ж.) 

 

             —  грек  арасынан  шыққан  атақты 



философ,  Элеат  мектебінің  негізін  қалаушы 

және оның көрнекті өкілі.  

         Оның пікірінше, барлық заттардың негізі 

– Жер. Жер өзінің тамырларымен шексіздікке 

кетеді.  Тіршіліктің  шығуына  Жермен  қоса 

Судың  да  маңызы  зор.  Жанның  өзі  де  Жер 

мен Судан жаралған. Ал Судан бұлттар пайда 

болады  да,  бұлттардан  аспан  денелері 

жаралады.  

             Егер 

Милет  мектебінің  өкілдері 

космостың  генетикалық  бастамасын  әрі 

түпнегізін  физикалық  қасиеттері  бар  Ауа,  Су,  От  апейрон  десе,  Ксенофан 

олардан  әрірек  кетіп,  Жер  Космостың  түпнегізі  ретінде  біртұтастық  деп 

тұжырымдайды.  Ол  түпнегіздің  шекті  не  шексіз  екендігін,  материалды 

немесе  идеалды  екендігін  айқындамайды.  Біртұтастық  ретінде  ол  Құдаймен 

пара-пар. Құдай – барлық нәрселер, бірақ бұл барлық нәрселер көптүрлілікті 

көрсетпейді, ең жоғары біртұтастықты көрсетеді. Оның түпнегізі  – ақыл-ой. 

Құдай  адамдарды  жаратпайды,  керісінше,  адамдар  өз  бейнесіне  қарап, 

Құдайды  жаратады.  Егер  жылқылар  адамдар  сияқты  сурет  сала  білсе  және 

өнердің түрлерін тудыра алатын болса, онда олар құдайларды өздері сияқты 

жылқы  ретінде  суреттер  еді.  Ксенофанның  құдайы  –  таза  ақыл-ой,  ол 

материалды емес. Оның барлық күші – данышпандылығында. Ол гректердің 

бұрынғы құдайларындай бір орыннан екінші орынға қозғалып, дүниені кезіп 

жүрмейді, керісінше, ылғи да тыныштықта болады, қозғалмайды. Ол әлемді 

тек ақыл-оймен ғана басқарады, ешқандай да дене күшін жұмсамайды. 



Философиялық көзқарастары: 

                 «Бірақ,  –  дейді  Ксенофан,  -  Құдайдың,  жалпыға  ортақ  табиғаттың 

нақты  шындық  екенін  ешуақытта  ешкім  көрген  де  емес,  білген  де  емес.  Ал 

егер осы  ақиқатты танып-білу  жолында  кімде-кім дұрыс бағыт  алған болса, 

ол  бәрібір  ондай  ақиқатты  білмес  еді.  Себебі  Құдайдың  –  жалпыға  ортақ 

табиғаттың өмір сүруі дегеніміз – олардың бар сияқты болып көрінуі ғана».  

                 Түйсіктер берген ақпараттар шындыққа жатпайды. Ақыл-ойдың өзі 

де  кейде  бізді  алдайды.  Ал  ақиқат  ақыл-ойдың  қорытындысы  емес, 

кездейсоқтықтың  жемісі.  Осыдан  келіп,  Ксенофан  дүниені  танып-білу 

мүмкіндігін  емес,  танып-білу  мүмкіндігі  туралы  білімнің  болуын  жоққа 

шығарды. 

                                                  Әдебиет: 

 

1.  Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетәлі К. Философия тарихы /Антикалық 

философия, «Раритет», —Алматы: 2006. 26-27 беттер. 

 


70 

 

ПАРМЕНИД 



 

(шамамен б.д.д.540 немесе  

б.д.д.520 – шамамен б. д.д.450 ж.ж.) 

 

         —  көнегрек  философы  және  саяси 



қайраткері.  

          Аңыз  бойынша,  оның  философиямен 

айналысуына  Аминий  деген  пифагоршыл 

себепші  болады.  Парменидтің  саясатқа  да 

араласып,  өз  қаласының  қоғамдық  тірлігін 

реттеу үшін заң шығарғаны да мәлім. Болмыс 

және  таным  мәселелерімен  айналысты, 

сондықтан оны «онтологияның атасы» деп те 

атайды. Ақиқат пен субьективтік пікірді бөліп 

көрсетті. Элей мектебінің негізін қалаушы.  



Философиялық шығармалары: 

«Ахиллес»  болатын,  бірақ  ол  бізге  дейін  жетпеген.  Өзінің  философиялық 

көзқарастарын «Табиғат туралы» поэмасында білдірді.  

       Парменидты  фюсис  философиясының  шеңберінде  табанды  өзгеріс 

жасаған, оны жаңашыл философ деп атауға болады. 

                 Парменидтің  қарастырған  мәселелері  болмыс  пен  бейболмыстың 

арақатынастары,  болмыстың  ақыл-ойға  қатынасы.  Бұл  екі  мәселенің  екеуін 

де  тек  ақыл-ой  арқылы  шешуге  болады.  Ақиқатқа  тез  жету  үшін  ақыл-ой 

көптеген  тор  мен  тосқауылдарға  тап  болуы  мүмкін.  Бірінші  күтіп  тұрған 

тосқауыл – бейболмыстың бар екенін мойындау, ал мойындағаннан кейін, ол 

қажетті  түрде  бар  болып  шығады.  Екіншісі  –  бір  мезгілде  болмыс  пен 

бейболмысты  бір-бірімен  тепе-тең  және  тең  емес  деп  жорамалдау.  Бұл  екі 

тосқауылдың екеуі де бізді ақиқатқа жеткізбейді. Себебі бір баста  бірін бірі 

жоққа  шығаратын  екі  тезис  болуы  мүмкін  емес.  Сондықтан  не  болмыс  пен 

бейфболмысты тепе-тең деп немесе олар тең емес деп жорамалдау керек. Ал 

бейболмыстың  өзін  бар  деп  санау  да  қайшылыққа  әкеп  соқтырады,  себебі 

бейболмыс  дегеніміздің  өзі  –  болмыс.  Бұл  жерде  Парменид  кейінірек 

Аристотель ашқан ойлау қабілетінің ең басты заңы - қарама-қайшылық заңын 

ашуға жақын қалды. 

Философиялық көзқарастары: 

                 Парменидтің  пікірінше,  болмыс  пен  бейболмыс  тең  емес,  басқаша 

айтқанда,  болмыс  нақты  өмір  сүреді  де,  бейболмыс  деген  жоқ  нәрсе.  Осы 

пікірін Парменид дәлелдеуге тырысады. Айта кететін бір жайт, Парменидке 

дейін  философтар  өз  тезистерін  дәлелдеуден  гөрі  метафорамен  немесе 

ұқсастық тәсілін қолдану арқылы (салыстыру арқылы) негіздеуге тырысатын, 

ал  Парменид  бірінші  болып  өз  тезисінің  дұрыстығын  дәлелдеуге  көбірек 

көңіл бөлді. 

                 Парменидтің  ойынша,  бейболмыстың  болуы  мүмкін  емес,  себебі 

оны  танып-білуге  және  оны  сөзбен  жеткізуге  болмайды.  Басқаша  айтқанда, 



71 

 

нақты  өмір  сүрмейтін  нәрсені  (бейболмысты)  түсінуге  де,  ойлауға  да 



болмайды. Енді бұл дәлелдің өзін дәлелдеу қажет. Осыдан келіп, Парменид 

болмыс пен ойлаудың арақатынасын қарастырады. Оның пікірінше, болмыс 

пен  ойлау  процесс  ретінде  де,  олардың  жемісі  ретінде  де  тепе-тең.  Бұл 

тезисті, заттар мен ойлаудың өз алдына жеке өмір сүретін құбылыстар екенін 

мойындай  отырып,  ой  затталынған  (яғни  материалданған  ойдың  бір  затты 

ойлауға  бағытталуы)  кезде  ғана  ой  болады  деп  түсінуге,  ал  зат  тек 

ойланылған  кезде  ғана  зат  болады  деп  түсінуге  болатын  сияқты.  Осыдан 

келіп, Парменидше: егер бейболмыс нақты бар деген ой бар болатын болса, 

онда  осы  ойда  ойланылатын  бейболмыстың  бар  болғандығы,  бірақ  ол 

бейболмыс  күйінде  емес,  болмыс  күйінде  өмір  сүргендіктен,  осыған  дейін 

бейболмыс  туралы  ойлаған  ойымыздың  бәрі  болмыс  туралы  ой  болып 

шығады. 


              Бейболмыс 

болғандықтан, 

болмыс 

жалқы, 


біртұтас 

және 


қозғалмайды.  Болмыстың  өткен  кезеңі  де,  болашағы  да  жоқ,  ол  өзгермейді. 

Сөйтіп,  Парменид  болмысты  қалыптасудан,  жалқыны  көптүрліліктен  бөліп 

алып,  нағыз  ақиқат  дегеніміз  осы  дейді.  Әлемнің  физикалық  қасиеттеріне 

тоқтала  келіп,  ол  От  (жарық)  пен  Жердің  (тұңғиық,  қараңғы)  арақатынасын 

қарастырады.  Афродита  космостың  орталығында  тұрады  да,  әлемді  сол 

жерден басқарады. Мысалы, ол жандардың қозғалысын реттеп, бірде оларды 

көрінетін  әлемнен  көрінбейтін  әлемге  жіберсе,  енді  керісінше  жібереді.  Бұл 

жерде  көрінетін  және  көрінбейтін  әлемді  болмыс  және  бейболмыспен 

салыстыруға болмайды, себебі бұл екеуі де әлемнің бөлшектері ғана. Эросты 

алсақ,  ол  қарама-қарсылықтарды  біріктіріп,  бір-бірімен  байланыстырады 

(мысалы, жарық пен қараңғы түнекті, жер мен отты, еркек пен әйелді, т.б.). 

                                 



Әдебиет: 

 

1.  Антикалық философия.  2-томдық. —Алматы: 2005. 566–бет. 

2.  Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетәлі К. Философия тарихы/Антикалық 

философия, «Раритет», —Алматы: 2006. 27-28 беттер. 

3.  Ахутин А.В. Античные начала философии. «Наука»,— СПб: 2007. 

4.  Доброхотов А.Л. Категория бытия у досократиков. — Москва: 1980. 

5.  Робинсон  Т.  Парменид  на  пути  истинного  знания  бытия  //Универсум 

платоновской  мысли.  Рационализм  или  философская  религия? 

Эпистемология Платона. — СПб: 1997. — С. 49—62. 

 

 



 

 

72 

 

ЗЕНОН ЭЛЕЙСКИЙ 

 

(шамамен б.д.д. 490 – б.д.д.430 ж.ж.) 



 

          — 

 

көнегрек 



философы, 

Парменидтің  шәкірті.  Элейде  туып-

өскен.  Философия  ғылымында  өзінің 

апорияларымен танымал.  



Философиялық шығармалары: 

«Философтарға 

қарсы», 

«Табиғат 

туралы»,  т.б.  Бұл  еңбектері  толық 

сақталмаған, бізге тек фрагмент түрінде 

ғана жеткен. 

              Зенон 

Парменидтің  болмыс 

туралы  пікірін  дәлелдеуге  тырысады. 

Егер  Парменид  өз  дәлелін  болмыстан 

аяқтаса,  Зенон  керісінше,  өз  дәлелін 

көзге  көрінетін,  ақиқатқа  жатпайтын 

әлемнен 


бастап, 

болмыс 


әлемін 

қарастырумен 

аяқтайды. 

Оның 


пікірінше, физикалық әлем қарама-қарсылыққа толы, сол себепті ол ақиқатқа 

жатпайды, нағыз біздің түйсінуімізден тыс жатқан әлем, ол – болмыс. 



Философиялық көзқарастары: 

              Болмыстың жалқылығын және біртұтастығын Зенон өзінің атышулы 

тәсілі «эпихейрема» арқылы дәлелдемек болады. Бұл тәсілдің мәні – «тікелей 

дәлелдеу  тәсілінің  орнына,  кері  бұрмалап  дәлелдеудің  негізінде 

қарсыластарының  пікірін  абсурдтық  жағдайға  әкелу  арқылы,  оған  өзінің 

бұрынғы  айтқан  пікіріне  шексіз  көп  заттар  өмір  сүретін  болса,  онда  олар 

шындығында  қанша  болса,  тура  сонша  болулары  керек  (аз  да  емес,  көп  те 

емес). Ал енді олар қанша болса, сонша заттар болса, онда шексіз көп заттар 

өмір сүрсе, онда болмыс та сан жағынан шексіз». 

             Екінші эпихейремда былай делінеді: «Егер болмыс шексіз көп болса, 

онда ол үлкенді-кішілі болып бөлінулері керек. Үлкен болғанда, соншалықты 

шексіз  үлкен,  ал кіші болғанда,  соншалықты  мөлшерсіз  кіші болуы  мүмкін. 

Ал егер шексіз көп заттар бөлінбейтін болса, онда олардың мөлшерлері жоқ 

болғандығы.  Себебі  ол  заттар  шексіз  кіші.  Ал  егер  олар  бөлінбейтін  болса, 

онда олар таусылмайтын бөліктерден тұрады да, шексіз үлкен болады. 

            Дүниеде  бар  нәрсенің  мөлшері  болады,  ал  мөлшерлі  нәрсенің  денесі 

болады.  Егер  бөлшектері  жоқ  нәрселер  өте  мәнсіз  құбылыс  болса,  онда  сол 

бөлшектенбейтін  және  өте  мәнсіз  құбылыс  –  Парменид  айтқан  біртұтас, 

жалқы болмыс», - деп дәлелдейді Зенон. 

             Болмыстың 

қозғалмайтындығын 

Зенон 


өзінің 

«Дихотомия» 

(ортасынан  қақ  бөлу),  «Ахиллес  және  тасбақа»,  «Жебе»,  «Стадион»  деген 

апорияларына (шешілмейтін, лажсыз жағдайлар) сүйеніп дәлелдемек болады. 



73 

 

             «Дихотомия»  деген  апориясының  мазмұны  мынадай:  қозғалыс 



бастала  алмайды,  себебі  қозғалыстағы  зат  жолының  аяғына  жеткенге  дейін 

сол  жолдың  жартысын  өтуі  керек,  бірақ  сөйтіп  шексіз  кете  береді.  Басқаша 

айтқанда,  бір  нүктеден  екінші  нүктеге  жету  үшін  саны  шексіз  нүктелерден 

өтуі  керек,  ол  мүмкін  емес.  Бұл  апорияның  мағынасы  мынада:  шексіз 

кішкентай кескінділер нольге ұмтылады, бірақ өшпейді, оған жете алмайды. 

              Екінші апорияда желаяқ Ахиллес жайбасар тасбақаға жете алмайды, 

себебі Ахиллес тасбақа қозғалыс бастаған нүктесіне жеткенде, тасбақа өзінің 

жылдамдығы  Ахиллестің  жылдамдығынан  қаншама  аз  болса  да,  өз 

жылдамдығына  сәйкес  жол  жүріп,  алғашқы  нүктеден  алыстайды,  сөйтіп, 

шексіз кете береді. Мағынасы мынадай: шексіз азая беретін интервал нольге 

ұмтылады, бірақ оған жете алмайды. 

            Үшінші  апория  бойынша,  ұшып  келе  жатқан  жебе  тыныштықта 

болады, себебі қозғалыстағы дене әр уақытта да өзіне пара-пар орын алады, 

басқаша айтқанда, сол орында әр моментте тыныштықта болады, сондықтан 

ол  тіпті  қозғалмайды.  Себебі  қозғалыс  тыныштықтың  қосындыларынан 

тұруы мүмкін емес. Төртінші апория да осыған ұқсас. 

            Бұл  апориядан  шығатын  қорытынды:  Зенон  элеаттардың  ойлау  мен 

болмыстың  тепе-теңдігі  туралы  тезистеріне  сүйене  отырып,  түйсіне  алатын 

әлемдегі  заттардың қозғалысын емес,  тек  қана  ойлау  әлеміндегі  қозғалысты 

жоққа  шығарады.  Басқаша  айтқанда,  Зенон  қозғалыстың  бар  екеніне  күмән 

келтірмейді,  бірақ  сол  қозғалысты  ақыл-ой  арқылы  бейнелеу  қайшылықты 

сипатта болғандықтан, қозғалыс туралы сезім мүшелері берген мәліметтердің 

ақиқаттығына күмәнданады. Зенонның қойған біртұтастық пен шексіз көптік, 

қозғалыс  пен  тыныштық  сияқты  мәселелері  ғасырлар  бойы  талай 

ғұламаларды  ойландырып,  олардың  философиялық  ізденістеріне  ой  түрткі 

болды. 


Философиялық афоризмдері: 

  Екі құлақ пен бір тіл көп тыңдап, аз сөйлеу үшін берілген. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет