Әдебиет:
1. Аристотель. Физика. Книга 6. В сборнике: Философы Греции. Основы
основ: логика, физика, этика. «ЭКСМО-Пресс»; —Харьков: 1999.-1056.
2. Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетәлі К. Философия тарихы/ Антикалық
философия, «Раритет», —Алматы: 2006. 28-30 беттер.
3. Платон. Парменид. В сборнике: Платон, Сочинения в трёх томах,
—Москва: 1968
4. Фрагменты ранних греческих философов. Часть I. От эпических
теокосмогоний до возникновения атомистики. //Изд.подг. А.В.Лебедев.
«Наука», —Москва: 1989. — 576 с.
5. Комарова В.Я. Учение Зенона Элейского: попытка реконструкции
системы аргументов. –ЛГУ, —Л: 1988. 264 с.
6. Антикалық философия. 2-томдық. —Алматы: 2005. 566–бет.
74
Антик философиясы тарихындағы ерекше орынды софистер
(Протогор, Горгий және т.б.) алады. Әдетте, оларды теориялық тұрғыда
тұрлаусыз, ақиқатқа жету жолындағы шынайылықтың орнына жеке мүддені
ойлаушылар деп және тағы да басқа күнәлармен айыптайды. Шындығында,
софистика б.д.д. V- ғасырдың екінші жартысында Грекия өміріне обьективті
әлеуметтік, экономикалық, мәдени дамудың алғышарттарымен келген
феномен болып табылады. Софистер өз заманының талабын дұрыс ұғып,
оған форма мен дауыс берді. Олар аға ұрпақтың дәстүрлі құндылықтарымен
қанағаттанбаған жастардың арасында үлкен табыс пен қолдауға ие болды.
Оларды Сократпен қоса «грек ағартушылары» деп те атайды. Софистер
дәстүрдің орнына рух еркіндігін жариялап, бұрынғы әлеуметтік кестені
бұзып, оның орнына тәрбие мәселесін алдыңғы қатарға қойды. Бұл
мәдениетті бұрынғыдай тек таңдаулылардың арасында ғана емес, қоғамның
барлық қабатына кеңінен енгізуге жағдай жасады. Полистің тар шеңберін
кеңейтіп, панэллинистік бастаудың негізін қалады. «Адам – бар нәрсенің
өлшемі» деген Протогор аксиомасындағы релятивизм мен прагматизм
Горгий нигилизіміне ұласқанымен қатар, сөз өзінің шынайылығынан гөрі
нандыру мен сендірудің құралы дегенге саятын теориялық жаңалыққа да
әкеледі. Сондықтан б.д.д.V-ғасырдағы Грекияда риторика немесе сендіру
өнері «мемлекет қайраткерлерінің қолындағы нағыз штурвалға» (В.Йегер)
айналды.
Софистер
философиялық рефлексияны физис және космос
мәселелерінен адам тақырыбына, оның қоғам мүшесі ретіндегі өміріне
бұрғаны дүниетанымдағы төңкеріс болып табылады. Софистиканың
қарастыратын басым тақырыптары этика, саясат, риторика, өнер, тіл, дін,
тәрбие немесе басқаша айтқанда барлық мәдениетке қатысты мәселелер
болды. Сондықтан да софистер антик философиясындағы гуманистік
кезеңнің негізін қалаушылар болып саналады.
75
ПРОТАГОР
(б.д.д.шамамен V– ғасырдың
80-ші жылдары)
— гректердің арасынан шыққан ұлы
ойшыл,
ғылымда
софизмнің
қалыптасуына
атсалысқан
философтардың бірі ретінде танымал.
Философиялық шығармалары:
«Ғылымдар
туралы»,
«Мемлекет
туралы», «Құдайлар туралы», т.б.
Протагор шығармалары бізге толық
жетпеген.
Философиялық көзқарастары:
Протагор білімнің салыстырмалы
екендігі туралы ілімін материяның
абсолютті өзгермелі және тұрақсыздығы
сияқты қасиеттеріне сүйеніп дәлелдемек
болады. Егер табиғаттың өзі абсолютті
өзгерісте болатын болса, онда оны танып-білуге бағытталған субьектінің
білімі де өзгермейді, тұрақсыз. Олай болса, өзгермелі, қарама-қарсы екі пікір
айтуға болады және сол пікірлердің екеуі де дұрыс болуы ғажап емес.
Мұндай жағдайда адам әбден шатасуы мүмкін, сондықтан ол осы екі қарама-
қарсы пікірдің біреуін қабылдап, екіншісін теріс пікір ретінде жоққа
шығаруы керек. Осыдан келіп, Протагор «Адам – барлық заттардың өлшемі»
деген қағиданы ең негізгі қағида ретінде қабылдайды. Бұл қағида бойынша,
маған заттар қалай болып көрінсе, мен үшін олар солай болып, ал саған қалай
көрінсе, сен үшін солай болып қалады.
Білімнің салыстырмалы екендігін Протагор өздігінен ештеңе өмір
сүрмейді және пайда болмайды, олар басқаларға қатынасы арқылы
айқындалады деген пікір төңірегінде дәлелдемек болады. Сондықтан: «Жел
салқын ба? Немесе жел дегеннің өзі бар ма деген сұрақтардың өзі дұрыс
емес. Себебі біреулер үшін жел болуы мүмкін, ал басқа біреулер үшін ол
болмауы мүмкін, біреулерді ол теңселтіп-құлатуы мүмкін, ал енді біреулер
оны елемеулері мүмкін. Олай болса, түйсіну субьективті құбылыс, бұдан
шығатын қорытынды: әркімнің өз түйсінуіне байланысты айтқан пікірлері –
өздерінше ақиқат, тек соны дәлелдей білу керек. Демек, ешкімде де теріс
пікір жоқ, бірақ сол көп пікірлердің ішінде біреуі ақиқат болуы немесе
дұрысырақ болуы ғажап емес. Данышпандардың пікірлері басқа
адамдардікінен гөрі дұрысырақ келетініне талас жоқ.
Пікір таңдауда адамдар пайдалылық мөлшеріне сүйенуі керек. Ол
жамандық пен жақсылықтың салыстырмалы болатындығын, ал обьективті
нақтылықта олардың жоқ екендігін көрсетеді. Олай болса, ненің жаман, ненің
жақсы екенін өз пайдаңа байланысты шешуің керек».
76
«Рақымшылдық (адамгершілік, ізгілік) дегеніміз не, оған адамдарды
үйретуге бола ма?» деген сұраққа Протагор былай деп жауап береді:
«Ізгілікке, рақымшылыққа талпыну қабілеті барлық адамдарда бар, бірақ
ізгіліктің, рақымшылықтың өзі туа біткеннен болмайды, сондықтан оған
адамдарды оқыту, үйрету керек. Егер адамдар өздері соған талпынса, онда
ізгілікті, рақымды адам болып шығады. Осыған байланысты мемлекет
қоғамда ізгілік, рақымшылық сияқты қасиеттерді тәрбиелей алатын болғанда
ғана қылмыскерлерді жазалауға болады, себебі жазалаудың өзі жамандықты
болдырмау үшін қолданылатын шара ғой», - дейді Протагор.
Сократ та, Платон да, Аристотель де софистік ілімді, оның ішінде
Протагордің ілімін сынға алып, софизм деген шын данышпандық емес,
алдамшы данышпандық, ал софистер осының арқасында пайда тауып жүрген
адамдар деп көрсетеді.
Әдебиет:
1. Асмус В.Ф. Античная философия. ВШ,— Москва: 1998. — С. 10—13.
2. Ахутин А.В. Античные начала философии. «Наука»,— СПб: 2010.
3. Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетәлі К. Философия тарихы/ Антикалық
философия, «Раритет», —Алматы: 2006. 30-31 беттер.
4. Антикалық философия. 2-томдық. —Алматы: 2005. 566 –бет.
5. Бейсенов Қ. Философия тарихы. — Алматы: 1992.
6. Ғабитов Т. Философия. «Раритет», — Алматы: 2004.
7. Иманқұл Н., Бөрібаев Т. Іліми Философия. «Парыз», —Астана: 2009
8. Лосев А.Ф. Философия. Мифология. Культура. —Москва: 1991.
9. Мир философии Ч.1. —Москва: 1991.
10. Спиркин А.Г. Философия. — Москва: 2004.
11. Фрагменты ранних греческих философов, т.1. «Наука»,—Москва:
1989. — С. 129—135.
77
ЭМПЕДОКЛ АКРАГАНТСКИЙ
(шамамен б.д.д. 490 – 430ж.ж.)
—
көнегрек
философы,
дәрігер,
мемлекет
қайраткері,
абыз.
Оның
философиялық еңбектері поэма түрінде
жазылған.
Философиялық шығармалары:
«Табиғат туралы», «Тазарту» және т.б.
Әлемнің алғашқы бастамасы етіп
дәстүрлі
қалыптасқан
«заттардың
төрт
тамырын» – жер, су, ауа және отты алған. Бұл
бастамалар бір-біріне ауыспайды. Эмпедокл
төрт алғашқы бастаманы төрт құдаймен
теңестіріп қарайды. Олар: Зевс, Гера, Аид және Нестис (су құдайы). Ал
қалған құдайлар осы тамыр – Құдайлардан жаратылады. Әлемдегі заттар осы
төрт бастаманың бір-бірімен әртүрлі мөлшерде араласуынан пайда болады.
Мысалы, сүйек – судың екі, жердің екі, оттың төрт бөліктерінің
қосындысынан тұрады, нерв – судың екі, бір-бір жердің және оттың
бөліктерінен тұрса, қанда төрт тамырдың төртеуі де тең орын алған. Төрт
тамырдың қай-қайсысы да белсенді болмағандықтан, әлемдегі болып жатқан
үздіксіз өзгерістер мен процестердің қозғаушы күші ретінде Эмпедокл бір-
біріне қарама-қарсы екі бастаманың күресін алады. Біріншісі – Филия
махаббат (сүйіспеншілік), ғашықтық күші ретінде «төрт тамырдың»
қойнауын қорғап-сақтауға
әрекеттеніп, бірлік
пен
жақсылықтың,
әртектіліктерді біріктірудің, біртектілерді бөлудің ғарыштық себебі болса,
екіншісі – Нейкос жек көру мен жаманшылық ретінде көпшілік пен
жамандықтың әртектілерді бөлудің, біртектілерді біріктірудің ғарыштық
себебі. Өзара күресте Филия мен Нейкос алма-кезек жеңіске жетеді. Олардың
жеңіс кезеңдері ғарыштық циклдің төрт фазасына сәйкес келеді. Бірінші,
үшінші фазаларда махаббат (сүйіспеншілік) жеңеді. Бұл фазаларда әлем
шарға (сфайрос) ұқсайды да, төрт алғашқы бастама тепе-тең түр бір-бірімен
араласқандықтан, бұл кезеңдерде заттар жеке-дара болып қалыптаспаған. Ал
екінші, төртінші фазаларда жеккөрушілік пен махаббат тепе-тең болады.
Бірақ бұл тепе-теңдік тұрақсыз, демек, олардың үздіксіз қозғалысының
арқасында олардың дамуы бірлік пен жақсылықтан көпшілік пен
жамандыққа (екінші фаза) және көпшілік пен жамандықтан бірлік пен
жақсылыққа (төртінші фаза) бағытталады. Эмпедокл әлемді мәңгі
қайталанып отыратын құбылыс деп санайды. Әлем өзінің тамырлары
деңгейінде және «уақыт айналымы» шеңберінде өзгермейді де, ал жеке
заттар деңгейінде және «уақыт айналымының» ішінде ылғи да өзгерісте
болады. Ғарыштық махаббат пен жеккөрушілікті адам өзіне тән осы сияқты
махаббат пен жек көрушілік арқылы танып-біле алады.
78
Философиялық көзқарастары:
Эмпедокл жанның көшіп-қонатынына сенеді. Өз жанының бұрынғы
өміріндегі кім болғанын айта келіп, барлық денелерді ақылмен, оймен
қамтып отыратын «қасиетті ақыл» арқылы түсіндіруге тырысады, ал оның
материалдық негізіне заттардың төрт тамыры терең араласқан. Әлемді толық
танып-білу осы «қасиетті ақылға» тән, ал адам осы шексіз әлемнің өз жүрегі
көрсеткен кішкене ғана бөлігін танып-біле алады.
Эмпедоклдың пікірінше, жанды денелер жансыз тіршіліктен пайда
болады, бірақ олар тұтас күйінде емес, алдымен олардың жекелеген
органдары пайда болып, олар қалай болса, солай өзара қосылады да,
қоршаған ортаға бейімделмеген, ебедейсіз бөліктері өміршеңдігін көрсете
алмай, өз орнын ортаға бейімделген жаңа организмдерге беруге мәжбүр
болады. Сөйтіп, дүниеде өзіміз көргендей өсімдіктер мен жануарлар әлемі,
тура осындай тәсілмен адам пайда болады. Сәуленің жылдамдығы туралы
Эмпедокл тамаша болжам айтқан. Жер мен аспан әлемінің арасында сәуле
белгілі бір уақыт аралығындағы үлкен жылдамдықпен қозғалып, жан-жаққа
тарайды, сол себепті адамдар оны қабылдай алмайды. Эмпедокл – өзінің
философиялық, физикалық, биологиялық қағидалары арқылы адамзат
мәдениеті тарихында өзіндік із қалдырған ірі ойшыл.
Эмпедоклдың екі айтқан болжамы таң қалдырады. Бірі – Күннің
тұтылуы Жер мен Күннің арасына айдың тура келіп, қабаттасуы. Екіншісі –
сәуленің әлемде тарауы үшін уақыттың керектігі. Олай болса сәуленің таралу
жылдамдығы болатыны.
Философиялық афоризмдері:
Сезіміңе сенім артсаң – адастың.
Оймен барла – асулардан әрі астың.
О, адамзат, азап сені қажытты-ау.
Қанды тырнақ қырқысқанды пешенеңе жазыпты-ау!.
Ғылым ақыл-ойды кемелдендіреді.
Ой дегеніміз – сезімнің өзі немесе соған ұқсас нәрсе.
Біздің дене мүшелерімізге танымның мардымсыз мүмкіндігі ғана
берілген.
Ақымақтар! Егер әу баста жоқ нәрсе енді болады яғни әлдене жоғалады
немесе мүлдем құрып кетеді деп ойласаңдар, ақылдарың шолақ
болғаны.
Біртұтас болмыс сапалық жағынан қарама-қарсы сипатта болуға тиіс.
Махаббат пен өшпенділік! Екеуі де мәңгілік, жаратылған күннен бері
бір-бірімен бітіспес жау. Олар бізге дейін де болған, бізден ейін де бола
береді һәм олардың бірі күндердің күнінде жоғалады деп еш
ойламаймын.
Егер Махаббат пен Өшпенділік мүлдем құрып жоғалып кетсе, әлем
қалай жаратылар еді!.
Махаббат бәрін қосады.
Өшпенділік - талқандап, шашады.
79
Құдай – алтау: төртеуінің ғұмыры шектеулі (от, су, ауа және топырақ),
ал екеуі мәңгілік және олар бір-бірімен өмір бақи қырқысып өтеді
(Өшпенділік һәм Махаббат).
Барлық жерде ой-сана мен қажеттіліктің бір бөлшегі бар.
Табиғат барлық нәрсеге ақыл берген: хайуанаттарда ғана емес,
өсімдікте де ақыл бар.
Қажетіне қарай дүниедегі барлық затқа Махаббат пен Өшпенділік кезек
билік етіп, оларды қозғап отырады, аралық уақытта тыныштық
орнайды.
Әрбір зат өз бөлшектерінің белгілі бір арақатынасына қарай өмір
сүреді.
Мен бозбала да, толықсыған бойжеткен де, құс, балық, тіпті өсімдік те
болдым.
Жо-жоқ, біз ештеңе де сезбейміз, ештеңе де көрмейміз: барлық зат біз
үшін жұмбақ, өйткені біз анықтап біле алатындай дүниеде бірде-бір зат
жоқ.
Әдебиет:
1. Сёмушкин
А.В. «Загадка» Эмпедокла //Историко-философский
ежегодник -1988. «Наука», —Москва: 1988. С.22-37.
2. Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетәлі К. Философия тарихы/ Антикалық
философия, «Раритет»,—Алматы: 2006. 32-33 беттер.
3. Сәукетаев Т. Көне дүние кемеңгерлері/ Эмпедокл. «Аударма»,
—Астана: 2007. 145-147 беттер
4. Антикалық философия. 2-томдық—.Алматы: 2005. 566 –бет.
80
АНАКСАГОР
(шамамен б.д.д. 500 – 428 ж.ж.)
— көнегрек философы, математигі
әрі астрономы, Афина философиялық
мектебінің негізін қалаушы.
Шығармалары:
«Табиғат туралы» және т.б.
Философиялық көзқарастары:
Анаксагордың
пікірінше,
алғашқы
бастама төртеу емес, сан жағынан шексіз
көп және ол заттардың барлық жағдайын
қамтиды. Бастама зат күйіндегі, су, алтын,
т.б. емес, ол (бастама) – от, су, алтын, т.б.
заттардың
кішкентай,
көрінбейтін,
сезінуден тыс жатқан бөлшектері, оларды
Анаксагор «барлық заттардың тұқымы (ұрық)» - деп, ал Аристотель оны
«гомеомерия» деп атаған. Гомеомерийдің әртүрлі өзіне тән сапалық
қасиеттерін сақтайды. Мысалы, қанның тұқымы (ұрығы) қанға тән барлық
сапамен, темірдің ұрығы – темірдің сапасымен, ағаштың ұрығы – ағаштың
сапасымен, т.б. ерекшеленеді. Сапалар мәңгі және өзгермейді.
Заттардың ұрығы алғашқыда бір-бірімен тәртіпсіз орналасып, әлемде
хаос болған. Кейін келе заттардың ұрығын тәртіпті қозғалысқа түсірген
«Әлемдік нустің» (әлемдік ақыл) арқасында әрекетті бөлшектер бір-бірінен
бөлініп, ал біртектілері қосылып, жекелеген сезімдік заттар пайда болады.
Нус – жұқа, жеңіл зат, ол өзі жарататын заттар әлемінде тұратынына
қарамастан, олармен араласпайды, себебі оның басқа заттармен қосылу
мүмкіндігі жоқ. Ешқандай денелер басқаша жолмен пайда болмайды және
жойылмайды, олар тек бар заттардың қосындысынан пайда болып, ал
олардың бөлінуінің арқасында сол зат ретінде жойылып, бөлшектерге
айналып, кейін олар қайтадан қосылып, басқа зат болып, т.б. сөйтіп шексіз
дами береді. Мысалы, ауыр, дымқыл тығыз бөлшектер әлемнің ортасы. Онда
жиналып, олардан Жер пайда болса, жеңіл, жылы, құрғақ бөлшектер ауыр
бөлшектерден бөлініп, жоғары көтеріледі де, олардан Аспан әлемі пайда
болады. Аспанда ылғи қозғалыста болатын тастар бар, сол қозғалыстың
арқасында олар құламайды, егер Аспан өз қозғалысын тоқтатса, онда ол
Жерге құлап түсер еді, ал Аспан өз қозғалысын бәсеңдеткенде, ондағы тастар
Жерге құлап түсіп жатады. Ай да Жер сияқты, онда да жазықтық, тау-тасты
жерлер бар, ол өзіне жарықты Күннен алады, ал Күн болса, ол балқыған
темір мен жанып тұрған тастардан тұрады, аумағы жағынан Пелопонестен аз-
ақ үлкен. «Тіршіліктің ұрығы» жоғарыдан (Аспаннан) Жерге жауын
(жаңбыр) арқылы түседі. Тіршілік ұрығы гомеомерийдің бір бөлігі ғана.
Анаксагордың пікірінше, заттарды қарама-қарсы қасиеттерінен танып-
білуге болады. Мысалы, салқын-жылу арқылы, тәтті-ащы, т.б. Бірақ сезім
81
мүшелері, соның ішінде түйсік бізге ақиқатты ашып бермейді, себебі
гомеомерийді сезім мүшелері арқылы танып-білу мүмкін емес, оны тек
ақыл-ой арқылы тани аламыз. Білім бізге бостандыққа жетуге мүмкіндік
береді.
Философиялық афоризмдері:
Барлық нәрсенің құрамында бәрінің бөлшегі бар.
Адам қолы бар болғандықтан хайуанаттардың ішіндегі ең ақылдысы
болып табылады.
Күн дегеніміз – құдай емес, лаулап жанған алып жартас.
Аспан дегеніміз толған тас, қатты айналым нәтижесінде бірін-бірі
ұстап тұр. Егер қозғалыс сәл саябырласа, аспан жерге құлап түседі.
Әрбір зат құрамында не басым болса, соның атымен аталады. Мысалы,
заттың ішінде алтын көп болғандықтан бізге алтын сияқты боп
көрінеді, бірақ оның құрамында бәрі де бар.
Барлық зат бірге болған, Ақыл оларды бөліп, ретке келтірді.
Эллиндіктер
«жаратылу»,
«жойылу»
деген
сөздерді
дұрыс
қолданбайды. Өйткені, дүниеде ешқандай зат жаңадан пайда болып, не
жойылмайды, бірақ әрқайсысы бар заттың араласуынан қосылып не
бөлініп шығады.
Сезінуіміздің әлсіздігінен ақиқатты танып-білуге дәрменсізбіз.
Әрбір зат өзінше әрі үлкен, әрі кішкене.
Үлкеннің де, кішінің де бөлшек саны бірдей.
Тірі жан иесі сияқты табиғатта да ақыл-сана бар, әлемге билік құрып,
тәртіпке келтіріп тұрған сол.
Өсімдіктер де тірі жәндік. Олардың да сезімі бар, қайғырып, қуанады.
Оны жапырақтардың қозғалысынан білуге болады.
Жан мәңгілік.
Адамның барлық әрекеті кездейсоқтықтан туындайды.
Ақыл дегеніміз – Құдай, Құдай дегеніміз де – Ақыл.
Сезім – алдамшы. Су бізге мөлдір сияқты елестейді, ал шын мәнінде ол
қара: өйткені, ағаштың суынан шыққан түтін қара емес пе. Сондай-ақ,
қар да бізге ақ боп көрінеді, ол судан пайда болады, ал қардай аппақ
суды кім көріпті?
Бос кеңістік деген атымен жоқ.
Әдебиет:
1. Фрагменты ранних греческих философов. Часть-1: От эпических
космогоний до возникновения атомистики. Изд. А.В.Лебедев. «Наука»,
—Москва: 1989.
2. Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетәлі К. Философия тарихы/ Антикалық
философия, «Раритет», —Алматы: 2006. 33-34 беттер.
3. Рожанский И.Д. Анаксагор. «Мысль», —Москва: 1983.
4. Сәукетаев Т. Көне дүние кемеңгерлері/ Анаксагор. «Аударма», —
Астана: 2007. 12-13 беттер.
82
СОКРАТТАН КЕЙІНГІ
НЕМЕСЕ КЛАССИКАЛЫҚ КЕЗЕҢ
83
СОКРАТ
(б.д.д.469ж. Афины – б.д.д.399ж. сонда)
—
көнегрек
философы,
Платонның ұстазы. Өзін құдайдың
сүйген пендесі деп санады. Ол
антикалық мағынадағы диалектиканың
негізін салды.
Сократтық
әдіс
бойынша
ақиқатқа жету – диалогтық, сұхбаттасу
арқылы жүзеге асады. Ол ақиқатты
анықтаудағы өз өнерін «майевтика»
(кіндік-шеше) өнері деп атады. Бұл
тәсіл сұрақ қойып, оған жауап алу
арқылы адамның ақиқатқа өз бетінше
жетуі, яғни ақиқатқа жете отырып
ұғымды анықтау. Сократ үшін философия дегеніміз нақты өнегелік,
әдептілік, моральдік құбылыстарды қарастырып, олардың мәнін ашу. Ол
этикалық реализмнің негізін салды.
Сондай-ақ, Сократ – гректер арасынан шыққан, объективтік
идеализмнің негізін салушы. Ол Афиныдағы демократиялық құлдық
құрылыстың ыдырау кезеңіне сай келді. Сократ үстемдік құрған құл
иеленушілердің адамгершілікке жатпайтын сорақылықтарын, олардың
сыйынған құдайларын сынады. Өйткені, бұл кезде Афиныдағы бұрын
орнаған демократиялық тәртіп бұзылып, үстемдік құрғандар демократияны
аяққа басқан, талай заңсыздық, опасыздық әрекет жасап, қылмысқа батқан
кезең болатын. Белгілі моральдық принциптерді ұстаған Сократ бұл
сұмдықтарды аямай әшкерелеп, жастарды адамгершілік тұрғысынан жаңаша
тәрбиеледі.
Антика философиясының екінші кезеңі атақты ойшыл-философ
Сократтың есімімен тығыз байланысты болғандықтан, «Сократтан кейінгі»
немесе «классикалық кезең» деп аталады. Ол жазбаша еңбектер
қалдырмаған,
оның
философиялық
көзқарастары
бізге
Платон,
Аристотельдердің еңбектері арқылы жетті.
Философиялық көзқарастары:
Сократ ауызша пікірталастырып, диалог арқылы өзінің қарсыластарын
қарастырылып отырған мәселе туралы жаңа, тың білімге әкелуге тырысты.
Бұл жолда ол мысқылдауды ақиқатқа жетудегі таным құралы етіп алады.
Сократ қарапайым, түк білмейтін адам сияқты көрінеді де, қарсыласына
олардың өздері жақсы білетін сұрақтарды қояды, қарсыласы ол сұрақтарға
жауап бергеннен кейін, тағы да алдын-ала дайындалған сұрақтар қойылады,
сөйтіп қарсыласы өзінің бастапқы айтқан пікіріне өзі қарсы пікір айта
бастайды. Осы кезде Сократ мысқыл-кекесінмен қарсыласын менменшіл,
өзім білем сияқты пікірінен толығымен арылтады да, енді онымен бірге өзі де
84
көтерілген мәселені айқындай түсуге, реті келсе, оған түсініктеме беруге
тырысады. Сөйтіп, Сократ өзінің қарсыласын қойылған сұрақтарға жауап
беру арқылы біртіндеп ақиқатқа жақындата түседі. Өзінің осы тәсілін ол
майевтика (дүниеге келетін сәбиді қабылдау өнері деген мағынада) деп
атайды. Майевтиканың мақсаты, қарастырып отырған мәселеге түсініктеме
бере отырып, осы сияқты құбылыстардың бәрін қамтитын жалпы ұғымды
қалыптастырмақ болады. Бұл ретте қарсыластары ол ұғымды қалай
қалыптастыру керектігін түсінбегендіктен, ол «Мен өзімнің түк
білмейтіндігімді білемін» деген қағиданы өз философиясының негізгі
қағидаларының бірі етіп басшылыққа алды. Осыдан келіп, ол екінші
қағиданы ұсынады, ол – «Өзіңді өзің танып-біл!». Өзіңді өзің тану деген -
өзіңді қоғамдық, әдептілік тұлға ретінде қарастыру арқылы барлық адамдарға
тән өнегелі негізгі қасиеттері төңірегінде этикалық ұғымдар қалыптастыру.
Сократтың пікірінше, моральдық өлшемдер обьективтік құбылыстар. Ал
жақсылық пен жамандықтың арасындағы айырмашылық салыстырмалы
емес, абсолютті бағытта болады. Сондықтан софистер сияқты бағыттылықты
пайдалылықпен теңестіруге болмайды, керісінше, бағыттылық игілікке пара-
пар. Жақсылық жасағанда, ол жақсылықтың не екенін білген дұрыс. Егер
адамдар жақсылықтың да, жамандықтың да не екенін, олардың табиғатын
түсініп-білетін болса, онда олар еш уақытта да жамандыққа бармас еді.
Жамандықтың өзі жақсылықтың не екенін білмегендіктен болатын салдар.
Сондықтан, адамдар баюға, жұмыс бабында жоғарылауға, мемлекеттік
басқару ісіне араласуға, т.б. құмартпаулары керек, керісінше, «өз қамыңды
өзің ойлап», өзіңді өзің өнегелілік, интеллектуалдық жағынан көтер, бұл
ретте адамдарға философия көмек береді.
Өмірінің соңғы кезеңінде Сократқа жастарды бұзды, құдайларды
жоққа шығарды деген кінә тағып, ол у ішіп өлуі керек деген үкім шығарады.
Түрмеден қашып шығуға (ізбасарларының көмегімен) мүмкіндігі бола тұра,
ол мемлекетте қабылданған және өмір сүріп тұрған заңды бұзбау керек деген
пікірді желеу етіп, б.д.д. 399 жылы өзінің достарының, ізбасарларының
алдында у ішіп өледі. Сократтың өмірі оның ілімінің қалай іске асқандығын
көрсетіп берген ғажайып өмір болды. Сократтың: «Әр адамның өз пікірі
болуы мүмкін, бірақ ақиқат олардың бәріне ортақ – ол біреу ғана» деген
тұжырымы, сол сияқты ұғымдардың ауыспалылығы туралы (кейбір
жағдайларда олардың бір-біріне ауысып отыратындығы туралы) идеялары
өзінен кейінгі ойшылдарға үлкен әсер етіп, ұғымдар диалектикасы туралы
ілімнің қалыптасуына және дамуына ойтүрткі болды.
Рақымшылдық және бақыт туралы Сократтың ілімдері б.д.д.V-IVғ.ғ.
кең етек алған екі философиялық мектептің – киниктер мен гедонизмнің
этикалық ілімдерінің өзекті мәселесіне айналды.
Философиялық афоризмдері:
Ой қуу дегеніміз – өлімге дайындалу.
Ия мен олардан ақылдырақпын, өйткені өзімнің ештеңе білмейтінімді
білемін, ал олар білмесе де бәрін білеміз деп ойлайды.
Бар-жоғын сезбей-ақ ғұмыр кешуге болатын заттар қаншама десеңізші.
|