Әдебиет:
1. Кальвин Жан //Энциклопедический словарь Брокгауза и Ефрона: В 86
томах (82 т. и 4 доп.). — СПб: 1890—1907.
2. Жан Кальвин. Наставление в христианской вере. Полный текст
Виппер Р. Ю. Церковь и государство в Женеве в эпоху кальвинизма. —
СПб: 1893.
3. Иманқұл Н., Бөрібаев Т. Іліми Философия. /Қайта өрлеу заманы
философиясының жалпы сипаты. Жан Кальвин. «Парыз», — Астана:
2009. 54-бет.
4. Вебер М. Протестантская этика и дух капитализма. //Вебер М.
Избранные произведения. —Москва: 1991. — С. 61—272.
5. Павленков
Ф.,
Овчинников
В.
Биографическая
библиотека
Ф.Павленкова: ЖЗЛ: В 3 т. «Олма»,— Москва: 2006
183
Қайта Жаңғыру кезеңінің философиясы үш кезеңнен тұрады:
Гуманистік немесе антропоцентристік кезең (XIV- ғасырдың ортасынан
– XV - ғасырдың ортасына дейін);
Онтологиялық мәселелер шешілген неоплатонизм кезеңі (XVғ.орт. -
XVIғ. бірінші үштігіне дейін);
Натурфилософиялық кезең (XVI- ғасырдың II-ші жартысынан бастап
XVII - ғасырдың басына дейін);
Қайта Жаңғыру кезеңі философиясының ерекшеліктері:
1. Қайта Жаңғыру философиясында да басты орынға Құдай ие, бірақ
философиялық талдау обьектісі – Адам, ол космостық болмыстың негізгі
звеносы. Орта ғасыр философиясы адамды күнәһар, құдайдың құлы ретінде
қарастырса, бұл кездегі философия адамды жоғары қойды, оның еркіндігін
дәріптеуге ұмтылды;
2.
Қайта
Жаңғыру
философиясы
жаратылыстану
саласындағы
жетістіктермен, географиялық жаңалықтармен, медицина, математика,
табиғат туралы ғылымдармен тығыз байланыста дамыды;
3. Осы ғылымдардың жетістіктері негізінде философия дүниені жаңа,
пантеистік бейнесін жасауға тырысты, табиғат пен құдай бірлігі, табиғат пен
адамның құдайы сипаты идеяларын негіздеуге ұмтылды;
4. Философиялық ой өнермен тығыз бірлікте дамыды. Адамның өзінің табиғи
негізіне оралуы идеясы Қайта Жаңғыру дәуірінің өнерінде көрініс тапты.
Адамның күші Құдаймен тең, ол бәрін де игере алады. Ренессанс адамы –
шығармашылықпен айналысатын, қолынан келмейтіні жоқ адам. Ол бәріне
қабілетті, дене сұлулығына да, ой сұлулығына да жете алады. Адам –
дүниедегі ең әдемі, ең әсем Тіршілік етуші (существо). Осы эстетикалық негіз
Қайта Жаңғыру философиясына ерекше мазмұн берді, Әсемдік, Адамның
Әсемдігі асқақтатылды. Тән мен жанның сұлулығы Леонардо да Винчи,
Микеланджело, Рембрант шығармаларында суреттелді, олар әлі күнге дейін
аса құнды, теңдессіз, баға жетпес дүниелер болып есептеледі;
5. Ренессанс философиясына гуманизм – адамның тұлға ретіндегі
құндылығын, оның еркіндікке, бақытқа және дамуға ие болу құқын
мойындайтын көзқарас тән. Гуманизм антика мен орта ғасырларда да
болғанымен, қоғамдық қозғалыс ретінде Қайта Жаңғыру кезеңінде
қалыптасты. Ерекшелігі – гуманистік философия кәсіби философиядан тыс
қалыптасты. Ақын-жазушылар, ғалымдар, ритор, педагог, дипломат,
саясаткер, т.б. білімді адамдар гуманистер қауымдастығын құрып, жаңа
гуманистер мәдениетін жасауға талпынды. Олар өздеріне «философ» деген
атақ беріп, философияға жаңа мазмұн берді, бұрынғы философтарды
философ деп санамады; (Нұрышева Г. Философия/ Лекциялар курсы. Қайта
Өркендеу дәуірінің философиясы. «Зиат-Пресс», —Алматы: 2006. 54-55 бет).
184
5 – БӨЛІМ
ЖАҢА ДӘУІР ФИЛОСОФИЯСЫ
185
XV-XVIII ғасырларда Батыс Европа елдерінде феодалдық өндіріс әдісі
төңірегінде жаңа капиталистік өндіріс әдісі қалыптаса бастады. Осыған
дейінгі үшінші сословие арасынан өз алдына ерекшеленіп феодалдық
өкіметке наразыларды топтандырып бастаушы тап ретінде буржуазия
дүниеге келді.
Ол феодалдық құрылысты құлатып, жаңа өндірістік қатынстарды
орнатуды мақсат етті, ал бұл мақсатты іске асыру үшін буржуазиялық
революция жасамақшы болды. Айталық, XV-ғасырда Нидерланды, XVII-
ғасырда Ағылшын, XVIII-ғасырда Франция революциялары бірінің
бастамасын бірі жалғастырды. Германияда шаруалар, Францияда
жалаңаяқтар көтерілістері соның жаңа жаршылары болды.
Дүниеге келген тап – буржуазия ғылым табыстарына сүйенуді қажет
етті, схоластиканы қатты сынға алды. Ең алдымен олар схоластиканың басты
кемшілігі тәжірибеден бас тартып, бақылау, эксперименттерге сүйінбейтін
шыдамсыздықпен жасалған догмалық топшылауларға негізделген, жалған
тұрлаусыз әдісінде деп есептеді. Бұл жаңа тап материализмге сүйенді.
Бірақ ол метафизикалық материализм болатын.
Ал метафизикалық материализмге үш күрделі кемшілік тән болды:
ол механика ілімдеріне негізделді, яғни дүниедегі барлық
өзгерістерді механика заңдарымен дәлелдеуге тырысты;
дүниені қатып қалған, қозғалмайтын, өзгермейтін құбылыс деп
қарады. Оны ұдайы дамудағы процесс екенін мойындамады;
қоғам өмірін ғылыми тұрғыдан түсіндіре алмады, сондықтан ол
идеалистік көзқараста қала берді (Кішібеков Д. Сыдықов Ұ.
Философия. «Қарасай», —Алматы: 2008).
Нақтырақ айтқанда, Дж.Беркли сияқты басқа да идеалистік көзқарастағы
философиялық тұлғалардың материалистік көзқарастағы ойшылдарға қанша
кедергілер жасағанымен, оның әрі қарай ойдағыдай дамуына ешбір кедергі
жасай алмады.
Жаңа заман философиясының өзге де көрнекті тұлғалары: Джон
Толанд, Энтони Коллинз, Бернард Мандевиль, Фрэнсис Хатчесон, Энтони
Шефстбери, Дэвид Гартли, Христиан Вольф, Леже Мари Дешан, Иоганн
Гердер және т.б. болды.
186
АҒЫЛШЫННЫҢ МАТЕРИАЛИЗМІ
187
ФРЭНСИС БЭКОН
(22 қаңтар,1561ж. Лондон
– 9 сәуір, 1626ж. Хайгейт)
— ағылшын философы, тарихшы,
саяси қайраткер, эмпиризмнің негізін
қалаушы (индуктивтік әдісті қолданды).
Кембридж университетін бітірді,
дипломатиялық қызметте болды, 1584
жылы парламентке сайланды. 1617
жылдан баспа лорд-сақтандырушысы,
сосын — лорд-канцлер; Ақсүйектер
отбасында дүниеге келген, кейіннен
Веруламдық барон және Сент-Олбандық
виконт. Король Яков І оған Верлуам
деген жердегі үлкен қорғанды сыйға
тартып, «Верлуам лорды» деген атақ
береді. Алайда саясатта тұрақтылық болмағаннан кейін, бұл саладан кетуге
мәжбүр болды. Кейін, оның философиямен айналысуына жол ашылады. Оның
нақыл сөзі – «Білім-Күш».
Философиялық шығармалары:
«Адамгершіл және саяси тәлімдер немесе тәжірибиелер» (1597),
«Ғылымдарды арттыру және оның қадір-қасиеті туралы» (1615, 1623),
«Табиғатты талқылаудың 12-қағидасы – ойлар және бақылаулар»,
«Ежелгілердің даналығы туралы», «Аспан туралы», «Себептер мен бастаулар
туралы», «Желдердің тарихы», «Өмір мен өлім тарихы», «7-Генрихтың тарихы»,
«Жаңа Атлантида» (1627), «Жаңа Органон» және т.б.
Фрэнсис Бэконның шығармаларының ерекшеліктері – ол білімнің өмірге
деген қажеттіліктен пайда болатындығын асыра көрсетілуі. Ол әсіресе
табиғатты зерттеудің қажеттігіне көп көңіл бөледі, ал оның негізгі жолы –
тәжірибелік зерттеулер. «Не іс-әрекетте пайдалы болса, ғылымда да ақиқатты»,
ғылымның жетістіктері мен жемістері – оның ақиқаттығының көрінісі», - дейді
ұлы ойшыл.
Бэконның пікірінше, табиғаттың сырын, заңдылықтарын білген адам
оларды өз қажетіне жарата алады, ал табиғатты материяны қарастыру арқылы
түсінуге болады. Материяның қасиеттері көп, солардың ішіндегі негізгісі –
қозғалыс. Қозғалыс – материяның кеңістіктегі орын ауыстыру ғылымдары
тәсілмен қабылдап білуге болатын денелер ғана, ал рух, жан, т.б. ғылыми
тұрғыдан танып-білуге болмайтын болғандықтан – нақты шындыққа жатпайды.
Табиғатты танып-білу негізінде мәдени өмірді мақсаттылықпен өзгерту –
адамзаттың негізгі мақсаттарының бірі. Бұл жолда адамдар әр нәрсеге сеніп,
табынушылық жалған эксперимент екенін түсінулері керек. Бэконның
түсінігінше, зерттелетін заттардың қасиеттері еш уақытта өзгермейді және олар
188
бір-бірімен байланыста болмайды. Дін мен ғылым бір-біріне кедергі жасамай,
әрқайсысы өз жолымен ақиқатқа жетулеріне болады.
Тәжірибені талдай келе, Фрэнсис Бэкон оны екіге бөледі. Олар – жемісті
тәжірибе мен сәулелі тәжірибе. Бірінші өмірге пайдалы нәтижелер әкелсе,
екінші табиғаттың терең сырларын ашуға көмектеседі.Сәулелі тәжірибелер
өмірге дереу пайда әкелмегенімен, жемісті тәжірибелерді жүргізуге көмек
береді, басқаша жағдайда олар сарқылып қалар еді.
Ғылымның дамуына сондай үлкен мән берген ғалым, оны сала-салаға бөлу
мәселесіне (классификацияға) көп көңіл бөленді. Оның ойынша, адамның жан
дүниесіндегі үш қабілеті ғылымды топтастырудың негізінде жатуы қажет. Олар:
1. Есте сақтау; 2. Қиял; 3. Ақыл-ой. Есте сақтау қасиетіне сай ғалым – тарих,
қиялға – поэзия, ақыл-ойға – философия.
Тарих ғылымын Фрэнсис Бэкон екіге бөледі. Олар – жаратылыстану тарихы,
екіншісі – азаматтық тарих.
Қиялға негізделген поэзия дүниені шынайы бейнелемей, керісінше, адамның
жүрегінен, сезімінен шығатын талаптар тұрғысынан көрсетеді.
Ал енді философияға келер болсақ, оның пәні үш мәселені қамтиды. Олар –
Құдай, Табиғат және Адам мәселелері. Өз заманындағы түсініктері сай, Фрэнсис
Бэкон Құдай мәселесін «қос ақиқат» тұжырымы арқылы қарайды. Философия
саласында Құдайды ақыл-оймен танып-білу мүмкін емес. Сондықтан ол
теологияның шеңберінде сенім арқылы қаралуы керек.
Ал табиғат философиясына келер болсақ, Фрэнсис Бэкон оны да екіге
бөледі. Олар – теоретикалық және практикалық философия. Теоретикалық
философия сәулелі тәжірибелерге сүйеніп, табиғатта бұрын-сонды болмаған
жаңа заттар мен құбылыстарды тудырады.
Адам мәселесі де екіге бөлінеді: Табиғат туындысы ретінде оны
философиялық антропология, ал қоғамның мүшесі ретінде азаматтық
философия зерттейді.
Таным мәселелері:
Фрэнсис Бэконның ойынша, ғылым салаларында ғасырлар бойы қалыптасып,
адамның дүние тануына кеселін тигізетін нәрселер бар. Ең алдымен оларды
сыртқы шығарып әшкерелеу қажет. Сонда ғана жаңа әдістерге жол ашылып,
зерттеулердің тиімділігі артады. Сол ғылымдағы кедергілерді Фрэнсис Бэкон
«идолдар», я болмаса «елестер» дейді. Олар – төртеу.
Бірінші елес – тектік идолдар. Олар адамның жаратылысынан, жалпы
табиғатынан шығады. Оны біз қазіргі тілмен «антропоморфизациялау» деп
айтар едік. Ол сонау көне заманда пайда болған мифологияға келіп тіреледі.
Адам табиғаттағы сырлы құбылыстарды танып-білуге бағытталған кезде,
оларды «өзіне ұқсатып» түсіндіруге тырысады. Текті елестер ең тұрақты,
оларды толығынан жою мүмкін емес. Фрэнсис Бәконның бұл айтқан ойларын
растау үшін мынандай мысал келтірейік. Адамдардың мыңдаған жылдар бойы
арман еткен басқа Дүниелердегі ақыл-оймен, рухпен кездесу қиялы ХХ ғасырда
ғарыштан ұшып келген тарелкалар жөніндегі неше түрлі аңыздарды тудырды.
Ол қазіргі заманның тудырған мифтері бойынша, ұшып келген тарелкалардың
189
ішінен шыққан пенделер нақ жердегі адамдар сияқты екі аяқты, қолды, екі көзді,
тек олардың түсі көкшіл екен т.с.с.
Әрине, кең ғарыштың кеңістігінде басқа жұлдыздар аясындағы планеталарда
өмір және сол өмірдің биік ғажап шыңы – рух пайда болуы мүмкін. Бірақ ол
рухтың иесі тек адам сияқты болуы тіпті қажетті емес. Бірақ адам оны өзіне
ұқсатып көргісі келеді... Ал бізге ең жақын орналасқан жұлдыздың қашықтығы
5 сәулелік жыл екенін ескерсек (яғни секундына 360 мың км. Жылдамдықпен
ұдайы 5 жыл ұшу қажет!!!) және А.Эйнштейннің салыстырмалы теориясына сай
ондай жылдамдықтың шеңберінде заттың салмағы күрт өсіп, кеңістіктегі алатын
орны қысқарып, уақыт бауласа, онда қайсыбір тіршілік түрі мұндай
қашықтықты өте алмайтындығына көзіміз жетеді. Сонымен ғылыми тұрғыдан
қарағанда, «тарелка мифінің» орынсыз екенін көруге болады. Міне, бұл –
Фрэнсис Бэконның айтқан тектік идолдарының бүгінгі таңдағы бір көрінісі ғана.
Екінші елес – ол үңгір идолы. «Әрбір адам белгілі бір отбасында, белгілі
бір жерде дүниеге келіп, тәрбиеленеді, ересек адамға айналады. Біреу адам түгіл
құдай да ұмытқан ауылда, екіншісі аудан орталығында, үшіншісі астанада, ия
болмаса үлкен қалада туып–тәрбиеленеді. Біреу кедей, екінші ауқатты
отбасында өсіп-өнеді, көбінесе соған сәйкес білім алуға, өмірде өз орнын табуға
мүмкіндіктер ашылады. Ол адамның болашақ тағдырына өзінің зор ықпалын
тигізбей қоймайды. Ол сол өзін қалыптастырған «үңгірден» дүниеге қарайды, ал
оның өзі «табиғаттың сәулесін әлсіретіп бұрмалайды», - дейді ұлы ойшыл. Ал
бұл елестен құтылу жолы – дүниеден алған жеке тәжірибені жалпыхалықтық
тәжірибемен ұштастыру болмақ.
Үшінші – алаң, ия болмаса базар елестері. Олар қарапайым адамдар
жиналған жерлерде пайда болады. Оның қайнар көзі – зат пен соны көрсететін,
бейнелейтін сөзді толығынан теңеу. Ал шынына келсек, сөз – затқа қойылған ат
қана. Сөз көбіне заттың не екенін емес, оның адамдарға деген маңызын ғана
көресетеді, - дейді ұлы ойшыл. Егер сөзді затқа теңесек, онда көбіне біз «жалған
даналық» жолынга түсіп кетеміз. Бұл елеске берген сыннан біз схоластикалық
философияға қарсы бағытталған Фрэнсис Бэконның көзқарасын болжаймыз.
Төртінші, соңғы елес – ол театрлар идолы. Олардың дүниеге келу
себебі – тарихтағы өмір сүрген даналарға, ұлы тұлғаларға толығынан сену,
солардың уақытында жасаған ғылыми тұжырымдамаларын «соңғы өзгермейтін
мәңгі ақиқат» ретінде түсіну. Мысалы, белгілі бір мәселе бойынша Аристотель
былай деп айтқан, ал сіз Аристотельден де ақылдысыз ба? – деген дау-дамайдан
сол адамның «театр елесінің» шеңберінде екенін байқаймыз. «Ақиқат беделдің
емес, тек өз заманындағы уақыттың қызы», - деп қорытады Фрэнсис Бэкон.
Жаңада ғана келмеске кеткен Кеңес заманының негізгі елесі осы «театр елесі»
болды емес пе? Тек беделділердің аттары ғана өзгерген жоқ па? Олар К.Маркс,
Ф.Энгельс, т.с.с. болды. Бүгінгі таңдағы қоғамды демократизациялау,
көппікірлік принципке көшу бұл елестің өмірден кетуіне себеп болуда.
Сонымен жоғарыда көрсетілген идолдар қандай күшті болғанмен, ғылым
жолына түскен адам өзінің ақыл-ойын, дүниесезімін олардан тазарту керек деп
қорытады ұлы ойшыл.
190
Философиялық көзқарастары:
Ғылым жолын неше түрлі елестерден тазалағаннан кейін, Фрэнсис
Бэконның алдында жаңа зерттеу жолдарын жасау мәселесі пайда болды. Ол
үшін ең алдымен сол кездегі философиядағы абстрактілі – схоластикалық
әдістерді сынау қажет болды. Олар – нәтижесіз. Белгілі бір жалпы ұғымдарға
негізделген Табиғаттың нәзік сырлары көп тұжырымдардан анағұрлым терең», -
дейді Фрэнсис Бэкон.
Әрине, ойшыл жалпы ұғымдар керек емес деп оларды толығынан теріске
шығарды деген пікірден біз аулақпыз. Әңгіме сол жалпы ұғымдардың қалай
шығарылғанында. Егер олар кездейсоқтық деректерді жалпылаудың негізінде
пайда болса, онда олардан шығарылған тұжырымдар бізді жалған жолға
түсіреді, адастырады.
Жалпы ұғымдар тәжірибеден шығуы керек. Бірақ біз оны әрқашан сынап, ой
елегінен өткізіп отыруымыз қажет. Ғалым адам жолында жатқанның бәрін
жинай беретін құмырсқаға (сол кездегі алхимиктер), сонымен қатар бәрін өз
ішінен шығарып, өзінің торын тоқитын өрмекшіге (сол кездегі схоластар)
ұқсамауы керек. Ол әрбір гүлге қонып, оның нәрін жинап, оларды қайта өңдеп
балға айналдыратын араға ұқсас болуы қажжет, - деп қорытады Фрэнсис Бэкон.
Жекеден жалпылыққа өрлеуді – индуктивті әдістемені – алғаш рет Фрэнсис
Бэкон дүниеге келтірді десек, онда ол шындыққа лайықты болмас еді. Өз
заманында ұлы Аристотель жалқыдан жалпыға көшу әдістемесін жасаған
болатын. Орта ғасырларда да бұл әдістеме мүлде ұмыт болған жоқ-ты.
Фрэнсис Бэконның бұл әдістемеге енгізген негізгі жаңалығы – тек қана белгілі
бір ұғымды дәлелдейтін деректерді ғана емес, сонымен қатар оған қайшы
келетіндерді де зерттеу, олардың себебін табу болды.
Жалқыдан жалпыға жету жолында үш кесте жасау керек. Олар: tabula
presentiae – деректердің болу кестесі, екінші – tabula absentiae – деректердің
болмаған кестесі, үшінші – tabula graduum – деректердің азды–көпті болуының
деңгейін көрсететін кесте. Зерттеу жолында бұл кестелер толтырылғаннан кейін,
соларды салыстыру арқылы белгілі бір ұғымдарды тудыруға мүмкіндік пайда
болады.
Сонымен Фрэнсис Бэкон – жаңа дәуірдегі қалыптасып жатқан тәжірибелік
ғылымның дамуына зор әсерін тигізген ұлы тұлға.
Философиялық афоризмдері:
Жар басында тұру қиын, кері де қайта алмайсың: екінің бірі – құлайсың
не батасың.
Тамақты тарта жесең санаңды ашар,
Көп жесең – ұйқы басар.
Кітап – заманалар толқынында тербеліп, үстіндегі қымбат қазынасын
ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатқан ой кемесі.
Аз-аздап бетін ашып қоя салатын да, аяғына жеткенше бас алмастан
оқып шығатын да кітаптар бар, бірақ көңілді үйіріп, көкірекке тоқуға
татырлықтай кітаптар некен-саяқ болады.
Білім мен құдыреттілік – екеуі бір нәрсе.
191
Жоғары лауазым адамды үш мырзаның малайына айналдырады: ол
мемлекетке және мемлекет басшысына қызмет етеді, жұрт өзі туралы
не ойлайды екен деп алаңдап бас қатырып жүреді, оның үстіне өзіне
тапсырылған істің жайын ойлаудан қолы босамайды. Сөйтіп, ол өзіне
де, ісіне де, тіпті, уақытына да ие бола алмай қалады.
Шектен шығудан асқан арсыздық жоқ.
Өзімшілдер өздеріне жұмыртқа пісіріп алу үшін сенің үйіңді өртеп
жіберуден тайынбайды.
Махаббат пен қызғаныштан асқан құштарлық жоқ.
Оқу – адамды білімді болуға, әңгімелесу – тапқырлыққа, естігенді
жазып отыру – дәлдікке тәрбиелейді.
Адам тану – бір бөлек, істі білу – бір бөлек.
Қаталдық қорқытады, дөрекілік жеккөрінішті етеді.
Тұйықтық – әлсіздердің үйшігі.
Қу адамдар білімпаздықты жек көреді, ақкөңілдер оған таң қалады,
ақылдылар оны пайдаланады.
Томаға тұйықтықтың үш түрі бар. Біріншісінде – адам өзінің кім екенін
білдіртпей, ұстамдылық пен үнсіздік сақтайды; екіншісінде – ол
белгілер мен шаралардың көмегімен өзі туралы жалған түсінік беретін
жалтарушылықты ұсынады; үшіншісі – екіжүзділік, ол өзінің кім
екенін білдірмеуге тырысып, әдейі жасанды қылық жасайды.
Адамның ақыл-ойы тойымсыз. Ол тоқтай да, тыныштықта тұра да
алмайды, ол үнемі алға ұмтылыста болады.
Ең күйініштісі ақиқат, ең ұнамды адасудан әлдеқайда артық.
Әдебиет:
1. Сапрыкин Д.Л. Имперский проект Френсиса Бэкона. «Индрик»,
—Москва: 2001
2. Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетәлі К. Философия тарихы. /Жаңа
Заман философиясы, «Раритет», —Алматы: 2006. 121-бет.
3. Кішібеков Д. Сыдықов Ұ.Философия. «Қарасай», —Алматы: 2008.
4. Батмер Г. Новый рационализм. —Москва: 1987.
5. Батыс философиясының антологиясы. //Ауд.Қ.Әбішев, М.Сәбит,
Ә.Қодар, А.Сағиқызы. «Фонд Сорос-Казахстан»,—Алматы: 2002.
6. Иманқұл Н., Бөрібаев Т. Іліми Философия. «Парыз», —Астана: 2009
7. Шаймерденұлы Е. Ақыл-ой антологиясы. /Фрэнсис Бэкон. «Өлке»,
—Алматы: 2009.
8. Субботин А.Л. Фрэнсис Бэкон. «Мысль», —Москва: 1974. 175 с.
Достарыңызбен бөлісу: |