Қазақстан республикасы білім жәНЕ



Pdf көрінісі
бет26/51
Дата26.09.2019
өлшемі8,78 Mb.
#48889
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   51
Байланысты:
2 - filosofiya t l alar bejnes nde
Жаттығулар^, Жаттығулар^, Sapy Bakytzhan presentation, 4 chapter appendix, Әңгіме - Кішкентай адам, қызыл, Kairbaeva Malika, Shlataeva Dilyara, Kurakbaev Aibolat, Kaliev Aidar, Vacine, Lab - Exploring Nmap (2), 21-22.07.2022, Эссе ТАРИХ, Final exam instructions 2022 FALL, George B. Thomas Jr., Maurice D. Weir, Joel R. Hass-Thomas\' Calculus Early Transcendentals (13th Edition)-Pearson (www.IraniData.com)

ФРИДРИХ ЭНГЕЛЬС 

 

(28 қараша, 1820ж, Бармен, қазіргі  

Вупперталь – 5 тамыз, 1895ж, Лондон) 

 

     —  неміс  философы,  марксизмнің 



негізін 

қалаушылардың 

бірі, 

Карл 


Маркстың досы, әрі жақын әріптесі. 

      Маркстің 

еңбек 

адам 


санасы 

қалыптасуы  мен  дамуының  материалдық 

негізі  деген,  сондай-ақ,  адамзат  қоғамы 

дамуындағы  экономиканың  басымдығы 

туралы 

идеялары 



Ф.Энгельстің 

еңбектерінде жалғасын тапты.  



Шығармалары: 

         «Анти-Дюринг» 

(1876-1878ж.ж.), 

«Табиғат  диалектикасы»  (1873ж.)  «Маймылдың  адамға  айналу  үдерісіндегі 

еңбектің  рөлі»,  «Отбасының,  жеке  меншіктің  және  мемлекеттің  шығу  тегі» 

(1884ж.)  және т.б.  

                  Ф.Энгельс өзінің осы соңғы еңбегінде қоғамдағы отбасы мен әйел 

статусының  меншік  формалары  мен  өндіріс  тәсілдері  эволюциясы 

ықпалымен  тарихи  даму  барысында  өзгерістерге  ұшырағанын  дәлелдеуге 

тырысады.  Ф.Энгельс  отбасы  мен  неке  формаларының  эволюциясы  қандай 

жолмен  жүзеге  асатынын,  әйелдер  эксплуатациясы  мен  маргиналдануының 

күшейгенін  жан-жақты  ашып  берді.  Ф.Энгельс  экономика  негізіндегі 

гендерлік  рөлдердің  (еркек  және  әйел)  айырмашылығы  туралы  пікірталас 

қалыптасуына  ықпал  етіп,  әйел  статусы  мен  оның  эмансипациясы,  дәстүрлі 

неке  институтының  өзгерісі  мен  әйелдердің  еркектерге  бағыныштылығын 

жою туралы мәселелерді көтерді. 

        Ф.Энгельс  сондай-ақ  табиғат  диалектикасы,  болмыс  субстанциясы 

ретіндегі  материя  туралы  идеяларды,  материя  қозғалысы  формаларының 

классификациясын, материя атрибуттары ретіндегі уақыт пен кеңістік туралы 

жағдайды,  әлемнің  материалдық  тұтастығы  туралы  идеяларды  жасап 

шығарды  («Анти-Дюринг»,  «Табиғат  диалектикасы»).  Ф.Энгельстің 

пікірінше, диалектика – бұл табиғаттың, қоғамның және адамзат ойлауының 

жалпы  байланысы  мен  дамуы  туралы  ілім.  Диалектикалық  даму  –  бұл 

материалдық  үдерістердің,  қоғамдық  жүйелердің,  сондай-ақ,  теориялық 

идеялар  өзгерісінің  күрделі,  қайшылықты,  үдемелі  үдерісі.  Сонымен,  бүкіл 

әлем  –  бұл  өзгерістер  мен  алмасулардың  үнемі  және  шексіз  үдерісі,  ал  осы 

өзгерістердің  қайнар  көзі  қарама-қайшылықтардың  күресі  болып  табылады. 

Ф.Энгельс  «Анти-Дюрингте»  диалектикалық  дамудың  жалпы  заңдары 

сипаттамасына  арнайы  тоқталады:  қарама-қайшылықтардың  бірлігі  мен 

күресі заңы, сандық мөлшерден сапаға көшу заңдылығы, терістеу заңы. 

        Егер  қарама-қайшылықтардың  бірлігі  мен  күресі  өзгерудің  өзіндік 

қозғалысы  механизмін  ашса,  саннан  сапаға  өту  заңы  жаңаның  қалыптасу 



254 

 

механизімін  сипаттаса,  ал  соңғысы,  яғни  терістеу  заңы  даму  бағытын 



сипаттайды. Бұл заңдар тұрғысында даму бағыты бар, үдемелі, қайшылықты, 

секірмелі  және  кері  қайтпайтын  сипаттағы  жаңа  түзілімдер  үдерісі  ретінде, 

өзіндік  даму  ретінде  көрінеді.  Сонымен,  Энгельстің  ойы  бойынша 

диалектика оның қандай екендігіне (онтология), қалай ол танылатындығына 

және  санада  бейнелену  формасына  (таным  теориясы  мен  диалектикалық 

логика) қарай даму туралы ілім болып табылады. Диалектика философияның 

үш  бөлімінің  тұтастығы    болып  табылады:  онтология,  гносеология  және 

диалектикалық  логика.  Диалектикалық  логиканың  өзі  дамушы  теориялық 

ойлау  заңдары  туралы  ілім.  Ал  теориялық  ойлау  адамның  практикалық 

әрекетін  идеалды  –  шығармашылық  және  сыни  тұрғыда  қайта  қалпына 

келтіру  болып  табылады.  Осылай  адам  практика  жүзінде  «нені»  және 

«қалай»  өндіретінін  білуге  қабілетті.  Қозғаушы  күштерге,  негіздерге, 

шарттарға  теориялық  талдау  жасау  негізінде  және  практикалық  әрекет 

арқылы әлемді түбірімен өзгертуге болады. Осылайша, табиғатты, қоғам мен 

ойлауды теориялық философиялық талдау Энгельсті адамзат қауымдастығы 

өмірінде экономика басым рөл атқарады деген ойға әкелді, ал сана мен оның 

мазмұнына талдау алғаш рет адамзат әрекетінің заттанған формаларын игеру 

арқылы жүргізілді. 



Философиялық көзқарастары: 

           Егер  Маркс  қоғамда  әлеуметтік  қайта  құру  жолымен  адам  санасын 

өзгертіп, «әлеуметтік психоаналитик» (Э.Фромм) ретінде көрінсе, ал Энгельс 

табиғат пен қоғам философиясын белсенді-шығармашылық және теориялық 

ойлаудың  материалдық  негізі  ретінде  дәлелдеуге  тырысты.  Бұл  теориялық 

ойлау  өзінің  материалдық-табиғи  негіздерін  ішкі  логикамен  ұғынған 

жағдайда  әлеуметтік  қайта  құрылымдар  жасауға  қабілетті.  Сонымен, 

К.Маркс  пен  Ф.Энгельстің  қоғам,  табиғат  және  теориялық  ойлау 

заңдылықтарын  ашуы,  қоғамдық  дамуы  барысындағы  экономика 

басымдылығын түсіндіруі, индивид санасының заттай практикалық әрекетке 

тікелей  бағыныштылығын  дәлелдеуі  және  тағы  басқа  идеялары  батыстық 

әлемнің 


көптеген 

ойшылдарына 

жақтаушылық 

жағынан 


болсын, 

даттаушылық жағынан болсын, өзінің теориялық-идеялық ықпалын тигізді. 



Философиялық афоризмдері: 

  Мәжбүрлеудің кез келген түріне қарсылық жасау адамгершілік парызға 

жатады. 

  Кісі оның не істеп жатқанымен ғана емес, сондай-ақ оның мұны қалай 

істеп жатқанымен сипатталады. 

 

                                             Әдебиет: 



 

1.  Ғабитов Т. Философия. /XVIII-XIXғ.ғ. неміс философиясы.—А: 2004. 

2.  Маркс К., Энгельс Ф. Собрание сочинений. Изд. 2, тома 1-39  

(из 50-ти). Изд. Политической литературы, —Москва: 1981  

3.  Воспоминания о К.Марксе и Ф.Энгельсе. Ч.2. /Политиздат —М: 1988. 

255 

 

ВЛАДИМИР ИЛЬИЧ УЛЬЯНОВ 



ЛЕНИН 

 

(22 сәуір, 1870ж. –  21 қаңтар, 1924ж.)  

 

       — 



көрнекті  ресейлік  төңкерісшіл, 

шешен-оратор, 

философ, 

марксист, 

ленинизмнің 

негізін 


қалаушы, 

большевиктер 

партиясы 

көкейтесті 

құрылтайшылардың бірі,  

     РСФСР  мен  ССРО  орнатушысы,  Совет 

Үкіметін  басқарушысы  (1917ж.  қарашаның 

8  (е.м.  қазанның  26)  бастап  РСФСР  Халық 

Комиссарлары  Кеңесінің  төрағасы,  1922 

желтоқсанның  30  бастап  ССРО  Халық 

Комиссарлары Кеңесінің төрағасы).  

Қоғамдық-саяси көзқарастары: 

               Ол  капитализмге  өту  диалектикасын  аша  келіп,  Ресейдің  нақты 

жағдайларына сәйкес пролетариаттың тап күресінің бес түрін атап көрсетті: 

буржуазиялық  қарсылығын  басу,  азамат  соғысы,  ұсақ  буржуазияны 

бейтараптандыру,  буржуазиялық  мамандары  пайдалану  және  жаңа  адамдар 

тәрбиелеу.  

          Социализм  таптарды  жояды  дей  келіп,  Ленин  тап  жөніндегі  өзінің 

тұжырымдамасын  жасады.  Барлық  таптық,  антагонистік  қоғамдарда  Маркс 

пен Ленин ілімі бойынша қандай бір іс болса да ол мәселе таптық көзқарас 

тұрғысынан, езілген таптар мүддесі тұрғысынан шешілуге тиіс болды. 

       Ол  принцип  Совет  Одағы  тарихында  кең  орын  алды.  Еңбекке,  саясатта, 

тұрмыста,  мәдениетте  –  бәрінде  де  кімнің  мүддесін  қорғайтынына: 

еңбекшілер  мүддесі  үшін  болса,  оған    бір  баға,  ал  үстем  тап  мүддесін 

қорғайтын  болса,  басқа  баға  беріліп,  өзгеше  қорытынды  жасалды.  Кезінде 

бұл  принцип  дұрыс  болғанымен,  кейін  өз  кемшіліктері  де  орын  алды.  Көп 

жағдайда мәселелер күрт, метафизикалық әдіспен шешілді. 

 

Қорытып  айтқанда,  В.И.Лениннің  философияға  қосқан  үлесі: 



империализмге  берген  анықтамасы,  лениндік  социалистік  революция 

теориясы  –  таптарға  берген  анықтама,  пролетариат  диктатурасына  берілген 

анықтама  –  саясат  пен  экономика  диалектикасы,  т.б.  Осы  мәселелердің 

қайсысында  болса  да,  Ленин  марксизмді  дамытты.  Бұл  теория  тұрғысынан 

алып қарағанда, мақсат оны – догматизм мен схоластикадан тазартып сақтап, 

марксизмді  шынайы  творчестволықпен  дамыту,  өмірде,  практикада 

шеберлікпен қолдану.  

        Жалпы,  «Марксизм–ленинизм    бұл  –  ғылым  емес,  тек  –  идеология» 

(Т.Ойзерман) деген пікір де бар.  

                                                              Әдебиет: 

1.  Николай  Валентинов  (Вольский).  Малознакомый  Ленин.  —  Париж: 

ИМКА-Пресс, — Москва: 1974. 


256 

 

           Сонымен,  К.Маркс  және  марксизм  ең  бірінші  кезекте  философия 



тарихы,  әлеуметтік  философия  және  адам  туралы  философиялық  ілім 

мәселелерімен  айналысты.  Ол  диалектиканың  гегельдік  нұсқасын  жоғары 

бағалады.  Оның  ішінде  тек  идеалистік  элементтер  оны  қанағаттандырмады. 

Осы ретте ол қайта пайымдады, кей жағдайда капитализмнің экономикалық 

шындығын  зерттей  отырып,  бұл  диалектиканы  дамытты.  Гегель  сияқты  ол 

да,  жалғыз-ақ  абстрактіліктен  нақтылыққа  қарай  шығу  тәсілін  танымның 

ғылыми тәсілі деп есептеді (әрине, идеалистік қабаттан ада). Бірақ Гегельде 

диалектика  тек  танымның  логикасы  ғана  емес,  сонымен  бірге  шындықтың 

әмбебап обьективтік логикасы. Маркс бұған көңіл аудармады. Бұл кемшілікті 

Ф.Энгельс жөндеуге тырысты. 

          Жалпы,  К.Маркс  пен  Ф.Энгельс  өздерінің  ілімдерін  ұзақ  уақыт  жасап, 

оны  қарсыластарынан  қорғап  келді.  Бірақ  олардың  да  жақтастары  мен 

шәкірттері шығатын уақыт келеді. Дегенмен, олардың теориялық дайындық 

деңгейлері аса биік болмады. Сондықтан олар ілімді жеңіл-желпі түсінді, ал 

оны насихаттауда шәкірттер тіпті бұрмалауға жол берді. Бұл әсіресе тарихты 

материалистік  тұрғыдан  түсінуге  байланысты.  Солай  бола  тұрса  да,  олар 

өздерін  марксистерміз  деп  атады  (Батыс  философиясы.  /К.Маркс  пен 

Ф.Энгельстің  философиясы.  ОҚ.  «Жазушы»,  —Алматы:  2009.  213-214-бет). 

Олар философия ғылымында танымал тұлғалар ретінде қала береді. 

 

 

 

 

 

 

 



 

 

 



 

257 

 

6 - БӨЛІМ 

 

 

 



ОРЫСТЫҢ ФИЛОСОФИЯСЫ 

 

 

 

 

 



258 

 

           Орыстың  философиясының  қалыптасуының  бастапқы  кезеңі  –  XI-



XVIIғ.ғ, 

өзінің  пайда  болған  кезінен  ол  әлемдік  философиямен 

байланыстылығымен 

сипатталады, 

бірақ 

сонымен 


қатар 

оның 


төлтумалылығын  да  теріске  шығаруға  болмайды.  Ол  Киев  Русінде  пайда 

болады  және  988  жылы  Русьтің  шоқынуынан  басталған  христиандандыру 

үдерісімен  байланысты  болды.  Өзінің  пайда  болуында  ол,  бір  жағынан, 

славяндық  пұтқа  табынушылық  дүниетанымының  бірқатар  белгілері  мен 

бейнелерін  қабылдаса,  екінші  жағынан,  христиандықты  қабылдау 

нәтижесінде  Византиямен  байланыс  орнатып,  сол  арқылы  антик 

философиясының  көптеген  идеяларын  бойына  сіңірді.  Мұнан  өзге 

Византиямен  қатынас  Ресейге  шығыстық  христиандық  философия 

тұжырымдамаларының  бекітілуіне  ықпал  етті.  Оның  үстіне  орыс 

философиясы IX - ғасырда Кирилл мен Мефодий қалыптастырған өзінің жеке 

жазба тілін әуел бастан қолданды. 

            Философиялық 

білім 

дүниетанымдық 



функциямен 

қатар 


данышпандық  қызметті  де  атқарды,  ал  Ертедегі  Русьтің  рухани  өмірі 

монастырларда  (ғибадатханаларда)  шоғырланғандықтан,  бұл  философиялық 

ілімнің  сипатына  өз  әсерін  тигізді.  Жалпы  алғанда,  философиялық  және 

тарихи ой христиандық принципке негізделді. 

           Адамзат  пен  орыстардың  тағдырларын  философиялық  пайымдауда 

әуел  бастан-ақ  патриотизм  мен  тарихи  тереңдік  орын  алады.  Орыс 

философиясындағы  ой  «орыс  идеясы»  ағымында  қалыптасты.  Ресейдің 

ерекше тағдыры мен орны туралы идея XVI - ғасырда қалыптасып, орыстың 

ұлттық  өзіндік  санасының  алғашқы  идеологиялық  құралы  болды.  Орыс 

философиялық ойындағы қызықты ізденістер XVI - XVIII ғасырлар бойында 

(әсіресе,  М.Ломоносов  пен  А.Радищевтің  еңбектерінде)  өз  жалғасын  тапты 

және екі үрдістің қарама-қайшылығы негізінде өтті. Мұның алғашқысы орыс 

ойының  төлтумалылығына  басты  назар  аударып,  бұл  төлтумалылықты 

орыстың  рухани  өмірі  өмірімен  байланыстырылады.  Екінші  үрдіс  Ресейге 

европалық мәдениеттің даму үдерісін таңуға тырысты. 

            Бұл  екі  үрдістің  айқын  теориялық  және  қоғамдық-саяси  тұрғыда 

қалыптасуы  XIX  -  ғасырдың  40-60  жылдары  болды.  Осыған  байланысты 

орыс  философиялық  ойында  екі  бағыт  қалыптасты:  біріншісін- 

славянофильдер, екіншісін- батысшылдар білдірді.  

            Орыс  идеясы  мұнан  әрі  қарай  отандық  философияның  XIX  -  ғасыры 

мен XX - ғасырдың бас кезеңдерінде қалыптасты. Бұл кезеңдегі оның негізін 

салушылар  П.Я.Чаадаев,  Ф.М.Достоевский,  Н.И.Бердяевтар  болды.  «Орыс 

идеясы» 

әлем 


халықтарын 

бүтіндей 

біртұтастыққа 

біріктіретін 

жалпыадамзаттық  идеяның  терең  көрінісі  болды.  Бұл  идея  бойынша  тек 

Ресей ғана христиандық негізінде бүкіл адамзаттық өркениеттік қозғалыстың 

басында болуы тиіс (Ғабитов Т.Философия. «Раритет»,—Алматы: 2004. Орыс 

философиясы. 57-58 беттер). 



   

 

 

 

259 

 

МИХАИЛ ВАСИЛЬЕВИЧ 



ЛОМОНОСОВ 

 

(8 (19) қараша, 1711ж, Мишанинская 

деревнясы, Ресей –  4 (15) сәуір, 1765ж, 

Санкт-Петербор, Ресей империясы) 

 

        —  әлемдік  деңгейдегі  алғаш  орыстан 



шыққан  ғалым,  энциклопедист,  географ, 

астроном, 

металлург, 

геолог, 


ақын, 

суретші,  тарихшы,  қазіргі  заманғы  орыс 

тілінің  негізін  қалады,  химик,  физик  әрі 

философ-материалист.  



Шығармалары: 

«Корпускулярлық философиясы» және т.б. 



Философиялық көзқарастары: 

           М.В.Ломоносов  Ресей  патшасының  төңірегін  жайлап,  Ғылым 

академиясын билеп алған немістерден аластатып, тазартып, Ресей ғылымын 

дамытуда,  физика,  химия,  лингвистика,  басқа  да  ғылымдардың  дараланып, 

ілгері  басуына,  дүниежүзілік  деңгейге  жақындауына  үлесін  қосты.  Әсіресе, 

оның  1748  жылғы  Л.Эйлерге  жазған  хатында  зат  пен  қозғалыстың  сақталу 

заңын табиғаттың ешуақытта жойылмайтын, жалпы заңдылығы (оның XVII-

XVIII  ғасырлардағы  философиялық  ой  мен  жаратылыстану  жетістіктерін 

қорытындылауы,  әдіс  мәселесін  жете  зерттеуі,  дін  ілімінен  ғылымның 

тәуелсіздігі  үшін  күресі,  табиғат  пен  табиғат  заңдарының  материалистік 

түсіндірмесі,  материя  қозғалысы  мен  заттардың  сақталу  заңының  ғылыми-

экспериментальдік және философиялық дәлелдемесі, материя қозғалысының 

мәңгілігі  және  алғашқы  қозғау  салудың  терістелу  мәселелері  және 

М.В.Ломоносовтың  таным  теориясы  мен  «екінші  сапалылықтың» 

субъективті-идеалистік 

түсіндірмесі 

мен 

деизм 


материалистик 

көзқарастардың  көрініс  табу  түрі  есебіндегі  еңбектері)  деп  қарады.  Бұл 

материяның  ешқашан  жойылмайтындығы  туралы  пікір  болатын.  Осыдан 

келіп, әрбір, зат материядан тұрады деген ұғым туындайды. 



Философиялық афоризмдері: 

  Толассыз еңбек тосқауылды бұзып өтеді. 

  Орыс  тілі  осы  тілде  сөйлейтін  жердің  кеңдігінен  ғана  емес,  өзінің 

табиғи  бай  да  байсалдылық  қасиеттерімен  Европадағы  тілдердің 

қайсысынан да асып түспесе, кем түспейді. 

  Егер белгілі бір ойды өз ана тілімізде дәл бере алмасаң, мұны тіліміздің 

оралымсыздығынан  көрмей,  өзіміздің  дәрменсіздігімізден  көруіміз 

қажет. 


  Жағымпаздың тілінен бал, демінен зәр тамады. 

  Ғылым – жастар азығы. 

  Ғылым халыққа пайдасын тигізсе ғана пайдалы. 

 


260 

 

Әдебиет: 



 

1.  Серман  И.З. Неизданный  конспект  М.В.Ломоносова  «Трактата  о 

возвышенном» Псевдо-Лонгина в переводе Н.Буало// XVIII век.—Сб. 22. 

—СПб: 2002. — С. 333—346. 

2.  Шаймерденұлы Е. Ақыл-ой антологиясы. /М.Ломоносов. «Өлке»,  

—Алматы: 2009.  

3.  Лебедев Е. М.В.Ломоносов. — Ростов-на-Дону: 1997 

4.  Ломоносов и российская культура. —Северодвинск: 1996 

5.  Павлова Г.Е., Федоров А.С. Михаил Васильевич Ломоносов. «Наука»,  

—Москва: 1986 

6.  Чудинов И.А. Богатырь науки и искусства (молодым 

 о М.В.Ломоносове): Учеб. Пособие. МИУ, —Архангельск: 2001 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

261 

 

АЛЕКСАНДР НИКОЛАЕВИЧ 



РАДИЩЕВ 

 

(20 (31) тамыз, 1749ж. Мәскеу – 12 (24) 

қыркүйек, 1802ж. Санкт-Петербор) 

 

           —  орыс  философы,  ақын-жазушы. 



Метафизикалық материализмнің өкілі.  

          А.Н.Радищев  өзі  дворяндар  әулетінен 

шықса 

да, 


шаруалардың 

басыбайлы 

құқығына  қарсы  алғаш  батыл  пікір  айтқан 

адам.  Ол  Ресейде  патшаның  жеке  билеуін 

революция 

арқылы 


қиратып, 

саяси-


әлеуметтік реформа жасауға шақырды.  

          А.Н.Радищев  алғашқы  дворяндардан 

шыққан революционер еді. Сібірден қайтып 

оралған соң император I-Александрдың тапсыруымен ол 1801-1802 жылдары 

оның  жобасын  жасауға  қатыстырылды.  Бірақ  сол  кезде  де  өзінің  бұрынғы 

идеаларын  өткізбек  болып  тырысып,  ақыр-соңында  Сібірге  қайтадан  жер 

аударылу қаупі төнгендіктен, у ішіп өлді.    

Шығармалары: 

     «Петербордан Мәскеуге саяхат» («Путешествие из Петербурга в Москву») 

«О  человеке,  о  его  смертности  и  бессмертии»  атақты  трактатын  және  тағы 

басқа да танымал еңбектер жазып қалдырды.  

             Өзінің  басты  еңбегінде  Ресейде  шаруаларды  басыбайлықтан 

құтқарудың бағдарламасы жасалды. Бірақ сол кітабы үшін патша үкіметінің 

шешімімен А.Н.Радищев Сібірге мәңгілікке жер аударылған болатын. 

Философиялық және саяси көзқарастары: 

           Оның  табиғатқа  деген  материалистік  көзқарасы,  адам  туралы  ілімі, 

өлім  мен  мәңгілік  мәселесі,  таным  теориясындағы  материалистік 

сенсуализмнің  негізделуі,  парасаттық  пен  сезімдіктің  арақатынасы  және 

Александр  Николаевич  Радищевтің  тұлға  мен  адамзат  қоғамы  түсіндірмесі 

бүгінгі философия ғылымында өз орны бар. 

 

Философиялық афоризмдері: 

  Дене  қимылындағы  жаттығулар  дене  қуатын  қалай  нығайтса,  ойлап 

жаттығу да ақыл қуатын солай нығайтады. 

  Күлкі мазақтан да, зорлықтан да, аурудан да, түрмеде шіруден де, тіпті 

өлімнен  де  қорықпаңдар.  Асқан  долы  асау,  бірақ  қуаңы  аз  толқындар 

арасында үйірілген тас сияқты бой бермей, санаңды берік ұста. 

  Адам  өз  танымында  биікке  көтерілген  сайын  оған  алыс  жатқан 

көкжиектер көрінеді. 

 

 

 



262 

 

Әдебиет: 

 

1.  Радищев  А.Н. Избранные  философские  и  общественно-политические 

произведения. К 150-летию со дня смерти. 1802—1952. /Под общ. Ред. 

и  со  вступит.  Статьей  И.Я.Щипанова.  Госполитиздат,  —Москва: 

1952.  

2.  Радищев  А.Н. Путешествие  из  Петербурга  в  Москву.  /Вступит. 

Статья Д.Благого.  «Дет. лит.», —Москва: 1971. — 239  

3.  Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия. «Қарасай», —Алматы: 2008. 

4.  Русская 

философия:  Словарь.  /Под  общ.  ред.  М.А.Маслина. 

«Республика», —Москва: 1995. 

5.  История философии в кратком изложении. /Пер.И.И.Бугута. 

 — Москва: 1991. 

6.  Замалеев А.Ф. Курс истории русской философии. —Москва: 1995. 

7.  Шаймерденұлы Е. Ақыл-ой антологиясы. /А.Радищев. «Өлке», 

 —Алматы: 2009.  

8.  Шеметов 

А.И. Прорыв: 

Повесть 

об 

Александре 

Радищеве. 

Политиздат, —Москва: 1978. — 511 с. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



263 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

РЕВОЛЮЦИЯЛЫҚ-ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ФИЛОСОФИЯ 

 

 

 



 

 

 



 

 

 

      



 

264 

 

 



 

        XIX  ғасырда  Ресейдің    жағдайы  бұрынғыдан  да  ауыр  болды.  Соған 

байланысты қоғамда қайшылықтар күшейді. Басыбайлылық (Крепостнойлық 

право) Ресейге үлкен тұсау болды.  

              

Саяси өмірге келетін болсақ, ең алдымен ауызға алатынымыз – ресми 

халықшылдық теориясы. Бұл теория екі бағытта уағыздалды. Солардың бірі – 

славянофилдер. 

Олардың саяси-қоғамдық көзқарастары: 

         Славянофильдердің 

айтуынша  «соборшылдықты»  православиелік 

«шіркеулік қоршаудағылар» ғана, яғни православиелік қауым мүшелері ғана 

игере  алады,  ал  «бөтендер  мен  дінсіздер»  оны  қабылдай  алмайды. 

Ауылшаруашылық  қауымын  славянофильдер  асыра  дәріптейді.  Қауымның 

экономикалық  әрекеті  жеке  және  қоғамдық  мүдделердің  үйлесімді  бірлігін 

білдіреді.  Селолық  қауымның  басты  артықшылығы  өз  мүшелерін 

тәрбиелейтін  рухани  адамгершілік  принциптерден  көрінеді:  ортақ  мүддені 

сақтауға  дайын  болу,  патриотизм.  Славянофильдердің  пікірінше,  қауым 

мүшелері  бойында  бұл  қасиеттердің  пайда  болуы  ертедегі  діни  дәстүрлерді 

бейсаналы  инстинктті  түрде  сақтау  жолымен  жүзеге  асады.  Қауым  өмірдің 

әлеуметтік  ұйымдасуының  ең  жақсы  формасы  деген  принципиалды 

тұжырымға  негізделе  отырып,  славянофильдер  қауымдық  принципті 

барлығын  қамтитындай  етуге,  яғни  оны  қала  өмірінің  ортасына  да  енгізуге 

тырысты.  Қауымдық  құрылым  сонымен  қатар  мемлекеттік  өмірдің  негізін 

құрауы  тиіс,  олардың  пікірінше  ол  «Ресейдің  тұрпайы  әкімшілігін» 

алмастыруға қабілетті. 

              Славянофильдердің тұжырымдауынша, ресейлік қоғамда «қауымдық 

принциптің»  таралуына  байланысты  «соборшылдық  рух»  беки  түседі. 

Әлеуметтік  қатынастардың  негізгі  принципі  «барлығының  мүддесі  үшін 

өзінен бас тарту» болып табылады. Осының арқасында діни және әлеуметтік 

талпыныстар  біртұтас  ағымға  құйылады.  Нәтижесінде,  славянофильдер 

«халықтық  қауымдық  бастаудың  шіркеулік  қауыммен  жандануы»  деп 

анықтайтын  ішкі  тарих  міндет  атқарылатын  болады  (Ғабитов  Т.Философия. 

«Раритет», —Алматы: 2004. /Орыс философиясы. 61-62 беттер). 

 

 

 



Cлавянофилдердің  қатарында  –  А.С.Хомяков,  ағайынды  Аксаковтар, 

И.В.Киреевский  Ю.Ф.Самарин  т.б.  болды.  Олар  –  орыстар  құдайшыл, 

патшашыл,  діншіл,  төзімді,  көнбіс,  сондықтан  да  Ресей  сол  патриархалдық 

жағдайда мәңгі қала бермекші дегенді алға тартты.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет