Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі марат оспанов атындағы батыс қазақстан



бет3/6
Дата16.09.2022
өлшемі157 Kb.
#149740
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
лабор 2к
15.02.21, 587090292, 587090292, Маркетинг негіздері, Та ырыбы Ж рек гликозидтері орында АН амиралиева ж. Б, vki
Алюминий Al3+ иондарын ашу реакциялары.
Топтық реактивтің NaOH (артық алынған) және NH4C1 әсері. Кристалдық аммоний хлориді NH4C1 немесе осы тұздың артық мөлшерде алынған қаныққан ерітіндісі гидроксокешен бар сілтілік ерітіндіден А1(ОН)3 тұнбаға түсіреді, (гидроксокешен сілті ерітіндісін Аl3+ тұзының ерітіндісіне пайда болған тұнба толық ерігенше қосқанда түзіледі):
АlС13 + 6NaOH = Na3[Al(OH)6] + 3NaCl
Na3[Al(OH)6] + 3NH4C1 = А1(ОН)3↓ + 3NaCl + 3NH3 + ЗН2О
Бұл кезде Аl(ОН)3 тұнбасы NH4C1 қатысында ерімейді, себебі КS°(А1(ОН)з) - өте аз шама.

Аммоний гидроксиді NH4ОН алюминий иондарымен ақ сірне тәрізді тұнба Аl(ОН)3 түзеді, ол біршама артық реактивте ериді. Аммиактың иісі кеткенше ерітіндіні қайнатып, алюминийді толық тұндыруға болады:


АlС13 + 3 NH4ОН = Аl(ОН)3↓ + 3 NH4С1
Ализаринмен(1,2-диоксиантрахинонмен) С14Н6О2(ОН)2 реакция. Ализарин алюминий гидроксидімен қиын еритін ашық қызыл түсті – «алюминий лагін» береді. Кейбір басқа катиондар ализаринмен осындай боялған лактар береді, сондықтан оларды алдын ала А13+ -тен бөліп алу керек.
Мырыш Zn2+ иондарын ашу реакциялары.
Сілтілік металдар гидроксидтерінің әсері. Сілтілік металдар гидроксидтерінің ерітінділері (NaOH, КОН) Zn2+ тұздарының сулы ерітінділерінен ақ түсті мырыш гидроксидінің Zn(OH)2 тұнбасын тұндырады, оның амфотерлік қасиеттері бар. Сілтінің артық мөлшерінде тұнба түссіз натрий тетрагидроксоцинкатының Na2[Zn(OH)4] кешенді тұзын түзе ериді:
ZnCl2 + 2NaOH = Zn(OH)2↓ + 2NaCl
Zn(OH)2 + 2NaOH = Na2[Zn(OH)4]

Аммоний гидроксиді NH4ОН мырыш иондарымен ақ тұнба Zn(ОН)2 түзеді, ол артық реактивте ериді (сонымен қатар аммоний тұздарында), нәтижесінде кешенді қосылыстар – аммиакаттар [Zn(NH3)6]2+ пайда болады:


ZnС12 + 2NH4ОН = Zn(ОН)2↓ + 2NH4С1
Zn(ОН)2 + 6NH4ОН + [Zn(NH3)6](OH)2 + 6H2O


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет