Негізгі белгілері Тыныс алу мүшелерінің ауруларының көптігіне қарамай, олардың белгілері бір – біріне ұқсас болып келеді. Бұл белгілерге жөтел, қақырықтың бөлінуі, қақырықты тастауы, қан түкіру, демікпе, кеуде қуысының ауырсынуы жатады. Дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, бастың ауруы аурудың жалпы белгілеріне жатады.
Жөтел. Тыныс алу мүшелерінің ең негізгі белгілерінің бірі, бірақ дені сау адамдарда да кездесуі мүмкін. Бұл рефлекторлық қорғаныш актісі. Тыныс жолдарына бөгде зат түскенде ағза рефлекторлық түрде оны жөтелі арқылы сыртқа шығаруға тырысады. Кеңірдек, кеңірдекшелердің (бронхтардың) сілекей қабаттары қабынғанда импульстер сопақша мидың дем алудағы орталығына келіп түседі де оны қимыл жүйкесіне жібереді. Жөтелде өкпедегі бөгде заттар ауамен бірге ауыз арқылы күшпен сыртқа шығарылады. Жағымсыз мәнбірлердің әсерінен тыныс алу жолдарына сілекей жиналып, жөтел туғызады. Егер сілекей аз бөлінсе, онда құрғақ жөтел пайда болады. Жөтелдің сипаталуы сырқатқа байланысты әртүрлі болады. Сирек, күшті, жиі, ұстамалы және т.б. түрлері болады. Бір науқаста жөтел өзгеріп отыруы мүмкін. Туберкулездің бастапқы кезеңінде жөтел сирек және науқасқа білінбейді. Бара – бара жөтел күшейіп, науқасты мазалайды. Жоғарғы тыныс жолдарының ауруларында жөтел дөрекі шығады.
Қақырық. Тыныс жолдарының сілекей қабығының жемісі. Қақырықтың мінездемесіне қарап қабыну дәрісінің тереңдігін анықтауға мүмкіншілік туғызады. Қақырық сілекейлі, сілекейлі - іріңді, іріңді болады. Сілекейлі қақырық жылтыр, кейде ақ түсті болады. Шаң тозаңнан қақырық қара түсті болуы мүмкін. Ондай қақырық темекі шеккеннен немесе ұзақ уақыт шаң тозаңда жұмыс істеген адамдарда кездеседі. Сілекейлі - іріңді қақырық өкпе ауруларының асқынуларында білінеді. Крупты өкпе қабы-нуының бастапқы кезеңінде қақырық тоттанған болып білінеді. Көбінесе қақырықтың иісі әлсіз және ара қашықтықта сезілмейді. Егер қақырықтың иісі жағымсыз болса, онда өкпенің іріңді ауруы деп ойлауға болады.
Қан түкіру. Өкпе ауруларының маңызды белгісі болып табылады. Қанды түкіру өкпе туберкулезінде, өкпе қатерлі ісігінде және өкпе іріңді ауруларында байқалады. Қақырықпен түскен қанның түсі ашық – қызыл, көпіршікті, иіссіз және жөтел мен шығып отырады.
Демікпе. Демікпе дегеніміз – демнің тереңдігінің, жиілігінің және ырғақтылығының бұзылуы. Тыныс алу жолдарының ауруларында ентігу экспираторлық (ауаның сырқа шығуының қиындауы) түрде білінеді. Сырқатқа байланысты кеңірдекше тарамдары тарылған жағдайда ауаның ішке кіруі қиындап, демі шулы, ысқырықты болып келеді. Науқастарда жиі аралас түрлердегі ентігу кездеседі.
Кеуде қуысының ауырсынуы. Бронхыларда және өкпе тінінде сезу рецепторлары болмайды, сол себептен кеуде қуысының ауырсынуы басқа мәмбірлердің әсерінен туады. Негізінде ауырсыну дем алғанда, жөтелгенде білінеді. Кеуде қуысының ауырсынуы қабырға аралық бұлшық еттер және қабырға аралық жүйкелер қабынғанда сезіледі.
Уыттану белгілері. Тыныс алу мүшелерінің ауруларында осылармен бірге жиі дене қызуының көтерілуі, түнгі кездегі терлегіштік, әлсіздік, жұмысқа деген қабілетінің төмендеуі кездеседі. Бұл шағымдар ағзаның уыттанудың себебіне болғандықтан.
Тексеру әдістері ( субъективтік тексеріс және объективтік тексеріс) Субъективтік тексеріс
Науқастың шағымдарын сұрау арқылы өткізіледі: кеуденің шаншуы, ентігуі, тынысының тарылуы, жөтел пайда болуы, қақырық тастау, әлсізденуі, дененің тітіркенуі, басының ауыратындығы және ұйқысының бұзылуы.
Сыртартқы жинағанда келесі сұрақтарды анықтау керек: ауру қалай (жедел, біртіндеп) және қандай жағдайда басталды. Аурудың себебін және мінездемесін білу үшін эпидемия жағдайына көңіл бөлу керек. Жұқпалы аурумен ауырған науқастармен қатынаста болды ма? Мысалы: туберкулез, сары ауру, тұмау т.б. Ауру өту ағысын және жүргізілген емін, оның нәтижесін, тұрмыс жағдайын, ағзаға зиян әкелетін қылықтарын, яғни шылым шегу, ішімдік ішуін анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: |