Саусақпен соққандағы өкпеден шығатын дыбыстардың өзгерістерін анықтау (тықылдату, перкуссия). Өкпенің таза дыбысы өкпеде таза ауаның барында, өкпенің ауруы жоқ кезіңде естіледі. Перкуторлық дыбыстың өзгергендегі түрлері мыналар:
тұйық дыбыс өкпе ұлпасында ауа жоқтығын білдіреді;
қорап тәрізді дыбыс өкпе ұлпасының созылғандығын және өкпеде ауа көптігін білдіреді;
тимпаникалық перкуторлы дыбыс – тегіс қабырғаға ұрғандай дыбыс.
Перкуссия Соғып не қағып қарау дегенді білдіреді. Бұл әдіс Гиппократ заманында белгілі болғанымен, кеңінен қолданылмаған. Алғаш перкуссияның клиникалық зерттеудегі маңызына көңіл бөлген австриялық дәрігер Л. Ауэнбруггер (1722-1809) болатын. Оның латынша жазылған "Кеудедегі жасырын жатқан ауруларды адамның кеуде клеткасын соға отырып табуға болатын жаңа әдіс" трактаты 1761 жылы жарық көрген. Л. Ауэнбруггерді перкуссия әдісіне мына тарихи жағдай алып келген көрінеді. Оның әкесі мейрамхана иесі болған. Баласын шарабы бар бөшкелерден шарап альп келуге жұмсап отырған. Бөшкедегі шараптың көлемін анықтау үшін Леопольд бөшкелерді соғып қараған. Кейін, дәрігер болған шақта, осы әдіс оның есіне түсіп, оны өкпедегі жиналған су деңгейін анықтауда қолданған. Л. Ауэнбруггер сау өкпе мен өкпе эмпиемасы ауруы кезіндегі перкуторлық дыбыстарды салыстырған, "қолдың алақанын жазып, бір-бірімен бірікгіріп ұстаған саусақтарыңыздың басымен кеуде клеткасын жай-лап, асықпай соғып қараған кезде, жүрек тондарының өзгеруі іштегі өзгерістер туралы мәлімет береді" деп жазған. Өкінішке орай ғалымның орасан маңызды еңбегі сол уақытта дұрыс бағаланбаған, елу жыл бойы клиникаларда қолданылмаған. Тек 1808 жылы, Л. Ауэнбруггердің дүниеден өтуіне аз ғана уақыт қалғанда, Наполеонның жеке дәрігері, француз клиницисі Корвизар оның еңбегін француз тіліне аударып, перкуссия әдісін жоғары бағалағаннан кейін клиникада кеңінен қолданыла бастаған. Корвизар перкуссияны тек қана өкпе ауруларын ғана емес, сонымен қатар жүрек дерттерін, аорта аневризмасын анықтау үшін пайдаланған. Ауэнбруггер ойлап тапқандай, саусақтарының басымен соғып перкуссиялау тікелей перкуссия деп аталады және ол осылай ұзақ уақыт қолданылып келді.
1827 жылы француз дәрігері Пиорри перкуссия әдісіне плессиметрді (рlеssо — соғамын, metгоп — өлшем) қолдануды ұсынған. Ол үшін кеудеге плессиметрді тығыз тақап қойып, үстінен саусақпен соғып отырған. Ауэнбруггер бойынша перкуссиялау кезінде кеуденің кең көлемінен мәлімет алынады, ал плессиметрдің көмегімен пер-куссия жасаған кезде кеуденің аз көлемді шектелген бөлігінен, патологиялық үдерістердің орнын дәлірек анықтау мүмкіндігі туады.
Он төрт жьл өткен соң Винтрих (1841) арнайы перкуссиялық балға ойлап тауып, онымен плессиметрдің үстінен ұрып анықтауды қолдана бастаған. Жоғарыда айтылғандай, құрал-саймандардың көмегімен соғып қарау жанама перкуссия деп аталады. Кейінгі уақытта ғалымдар клиника жағдайында перкуссия әдісін одан әрі жетілдіруге тырысқан: әр түрлі аурулар кезіндегі перкуторлық мәліметтер салыстырылады, оның техникасы мен әдістемелерін жаңартады, плессиметр мен перкуссиялық балғаның әр түрлі пішіндері қарастырылып, түрлі материалдардан (ағаш, металл, піл сүйегі және т. б.) жасалады. Перкуссия әдісін дамытуға үлкен мән берілген себебі: рентген сәулелері ашылғанша ішкі ағзалардағы патологиялық өзгерістер тек қана физикалық, оның ішіңде, перкуссиялық әдістермен зерттелген болатын.
Кейін В. П. Образцов өзінің жаңа перкуссиялық әдісін ұсынады. Оны орындау үшін оң қолдың сұқ саусағын ортаңғы саусағының үстінен қайы-ра салып, зерттеу кезінде сұқ саусақты жылжыта түсіп, денеге соққы тү-сіреді. Образцов әдісі тікелей перкуссияға жатады және бұрынғы әдістерге қарағаңда дәлірек перкуторлық мәліметтерін алуға мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде кеңінен тарағаны 1935 жылы Г. И. Сокольский ұсынған әдіс. Ол жанамалы перкуссиялық әдіске жатады, тек плессиметр мен балға қолданылмайды, соққы қол саусақтарымен жасалады. Әдетте сол қолдың ортаңғы саусағын денеге жанастырып (плессиметр ролінде), оң қолдың ортаңғы саусағымен (перкуссиялық балға ретінде) соғып отырады.
Бұл перкуссиялық әдістің артықшылығы: перкуторлық дыбысты құлағымызбен қабылдап қана қоймай, плессиметр-саусағымызбен қолдың астындағы айырмашылықтарды, ал балға саусақпен сол жердің серпімділігін сезіп отырамыз, сондықтан бұл әдіс пальпаторлық перкуссия деп те аталады. Бұл әдістің тағы бір артықшылығы — ол құрал-жабдықтар іздемей-ақ, кез келген уақьпта тексере беруге мүмкіндік туғызады.
Достарыңызбен бөлісу: |