ТАСЫП ЖҮРГЕНІМ ЖОҚ... САСЫП ЖҮРМІН
Сырым Нұралыға наразы болып жүргенде: «Аз бен көпті, ақ пен қараны, нашар мен мықтыны теңгере алма-дың, біреу біреуді шауып жеп жатыр, оны басқара ал-мадың»— депті. Нұралыға бір кез келгенде Сырым аман-даспай жүре береді.
Сонда Нұралы:
Сонда Сырым:
Хан, тасып жүргенім жоқ, қара қазақ баласының басьш қоса алмай сасып жүрмін,— депті.
СЫРЫМНЫҢ МАЛАЙСАРЫМЕН АҚЫЛДАСУЫ
Кіші жүздегі он екі ата Байұлының Байбақты деген руына басшы болған Бұлан деген кісі қартайған кезінде бір жиында жұртқа: «Мен қартайып жасым жетті, мына алдымдағы піскен қойдың басын біреуің келіп ұстап, Байбақтыға бас болып, елді бастаңдар»—депті. Сонда жұрт қаңтарылып кідірген соң, аяқ жақтан Сырым шығып:
Бәлі аға, би де, басқарушы да, бастаушы да болам,— деп Бұланның алдына келіп отырыпты.
Сырым сонда 20 жастағы уыздай жігіт екен. Хаған қарт батасын беріп, содан бастап Сырым Байбақтыға би болыпты.
Сырым содан кейін елдің қарияларынан ақыл алу үшін атқа мініпті. Қараман, Тана, Малайсарьі биден ақыл, бата алуға жолға шығыпты.
Малайсарының аулы төменгі Тоиайды қаласының аузында екен. Малайсарының шаруасы шағын болса керек. Ауылына келгенде қарт азғантай қойының алдында тұр екен. Сырым сәлем беріп:
—Аға, кім болдыңыз!— деп сұрапты,
Малайсары:
Шырағым, кім болайық, осы жердегі аз үй Танамыздағы,— депті. Сонда Сырым:
Тананың қайсысысың. Жеті үй — Жиембетпісің? Бес үй — Бессарымысың? Тышқан құлақ — Асанбысың? Төлеуден алған — Құнанбысың?— дегенде, Малайсары:
Шырағым, Тананың пәленімін деп неғылайын. Танысаң танырсың! Мен де сені танып тұрмын. Даттың аузына шайтан түкірген бір баласы желігіп атқа мінді деп естіп едім. Сен, сірә, сол бала боларсың!—депті.
Сонда Сырым:
Бәлі аға, сол бала боламын. Ауылдан шыққанда Сізді сөзден ұтсам, Тананың алжыған бір шалы ғой деп күлкі қылайын, ұтылсам, ат мінгізіп, шапан жауып, батаңызды алайын деп аттанып ем, ұтылдым, батаңызды беріңіз, атыңыз — мына астымдағы ат, шапаным мынау!— деп үстіндегі шапанын шешіп беріпті. Малайсары екеуін де алмай, былай депті:
Шырағым, үш сөз бар, соны ұмытпай жүрсең халқың соңыңнан қалмас, ұмытсаң артыңа ермес. Ол үш сөз: ұят, борыш, обал! Одан кейінгі бір ақылым: «Жақынды жаралама, Алысты қаралама!»
ТҰЯҚҚА Т¥ЯҚ
Орта жүз бекг кіші жүздің арасында бір барымта дауы болып, орта жүз адамдары неіііе рет келіп малын ала алмайды. Соңғы рет келе жатқанда жолаушыларға Сырым жолығып, жөн сұрапты.
Уа, ағайындар, жол болсын! Билеріңде тыным жоқ, биелеріңде құлын жоқ, неткен жолаушыларсыңдар?— дейді Сырым.
Жолаушылар жай-мәнісін айтады. Сырым қосыла жүреді. Кіші жүздің ханына келіп, елдің дауын айтады, бірақ екі елдің арасы бітімге келе алмайды. Сонда Сырым екі ел арасының бітімін көздеп ханға:
Хан сөзден тосылып, малдың тұяғына тұяқ, басына бас беріп, орта жүзді разы ғып қайырыпты.
Достарыңызбен бөлісу: |