Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім министрлігі


Экономикалық білімнің қайта тууы мен дамуы



бет2/10
Дата27.12.2016
өлшемі2,91 Mb.
#5785
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

1.2 Экономикалық білімнің қайта тууы мен дамуы


Кез-келген материалдық игіліктер өндірісі бір-бірімен өзарақатынасатын нақты әлеуметті-экономикалық, субъективті факторлардың бірлестігін көрсетеді. Адам қатынасының дамуымен қоғам өндірісі де бірте-бірте еңбек қызметі процесінде өндірістік тәжірибе, білім қалыптастыра бастады. Соңғысы сақталып белгілі дәстүр, тәртіп ретінде атадан балаға беріліп отырды. Бұл факторлардың өзарақатынасуының нақты механизмін бірден түсіну мүмкін болып көрінбейді, өйткені кез-келген құбылыстың соның ішінде материалды өндірістің диалектикалық процесі бір актілі процесс болып табылмайды. Сондықтан өнімдердің белгілі анықталған әдістерін құру, өндірісті ұйымдастыруы бойынша белгілі, яғни бұл нақты өндіріс түріне қанша адам қажет, өндіріс процесі қандай ретшілікте орналасқан, оның ұзақтығы қандай және т.б аса маңызды болып келеді. Бұл мәселенің шешімі белгілі уақыт ағымында іс-әрекеттің атақты тәртібінде қалыптасқан, бізге дейін жеткен египет папирустары, Хамурапи патшаның есеп кестесі, ежелгі индия Ведалары және т.б нені білдіреді, бұл белгілі мерзімде экономикалық ғылымның тууының бастамасы болды.

Осыдан мынадай нәтиже шығаруға болады, яғни кез-келген экономикалық білім өз табиғаты бойынша тарихы бар, ол адамдардың қоғамдық өндіріс қызметі міндетті түрде аталарымыздан қалған тәжірибені пайдаланады. Ал егер осы идеалогиялық формаларды алып тастасақ, «бір ғылым, тарих ғылымы» ғана қалады. Басында, экономикалық білім адам іс-әрекетінің жалпы тәртібінің жалпы бөлігін құрды, оған қоғам құрылымы туралы заңдар тізімі кірді. Ақырындап қоғам құрылысы, табиғи игіліктер туралы адам білімінің алшақталған процесі жүрді. Сонда Грецияда Аристотель енгізген термин экономия, яғни («оймос-үй шаруашылық және «мамос» - заң, тәртіп) тікелей аударғанда үй шаруашылығын жүргізу дегенді білдірді. Ойкономия гректерде – бұл үй шаруашылығын жүргізу және басқару бойынша ұсыныстар тізімі. Әртүрлі білімнің араласуы антикалық кездің атақты ғалымы Плутархтың –«Салыстырмалы өмірбаяндарда» деген еңбектерінде байқалады. Отырар қаласындағы қазбаларлардан табылған қой терісіне байланған ежелгі түрік жазбалары, жазулар, құмнан жасалған тақтайлардағы ежелгі шегіршін – бұлардың бәрі жалпы адам білімінің жинақтауының белгісі.

Объективті экономикалық процестер, адам қоғамында материалды өндірістің дамуы, ұзақ уақыт ағымында адам өніріс күшінің дамуы «экономия» деген сөзді алып келді, ең алдымен ол құлдық және феодалдық қоғамда шаруашылық өмірді ұйымдастырудың белгілі болған әдістерімен байланысып тұрды.

Алғашқы кезеңнің экономикалық көз-қарастарының жүйелену тұрғысынан экономикалық білімнің дамуына Ежелгі Греция ағартушысы және ғалым Аристотель (б.э.д. 384-322жж) үлкен үлес қосты. Қажеттіліктерді қанағаттандыру мен байлыққа иелену құралдарын ой елегінен өткізе отырып, ол экономика мен хрематистиканы бөліп шығарды. «Экономика үй шаруашылығына, әрбір жеке адам өмірі үшін сонымен қатар мемлекетке тұтыну құндылықтарын алумен және өндіріспен байланысты». Бұл қызметтің белгілі себептерге байланысты шегі бар. «Экономика сферасына шағын сауда жатады, өйткені адамдардың бірінші қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін басқалары қажет» [9].

Хрематистика – сауда жолы арқылы өз дәулетін жоғарлату өнері. Өнерде дәулетке кенелу, байлық жинау мақсаттына ие болмайды, ал мақсат мұнда байлық пен ақшаға ие болу. Экономикадан гөрі хрематистика қажетті болып табылмайды және табиғи заңдармен болжанбайды. Аристотельдің ойы бойынша экономика мақтауға лайықты, ал хрематистика әділ түрде бетке басуды туындатады. Сірә, мұндай ойдың айтылуымен ежелгі грек ғалымы Аристотель шаруашылық жүргізудің натуралды формаларының дамуын қолдады.

Біртұтас орталықтандырылған мемлекеттерді құру жеке шаруашылықты жүргізудің объективті қажеттілігін айқындап алды.

Сондықтан алғашқыдағы экономия ұғымы саяси экономия терминіне өзгертілді.

Бірінші рет бұл термин француз ғалымы А. Монкретьенмен қолданылды. 1615 ж «Саяси экономияның тракты» деген еңбегі жарық көрді, мұнда білімнің әртүрлі салалары бойынша кеңестер мазмұндалды. Әзірге саяси экономия пәні анықталғанша. Көптеген ұғымдар жаңылысып кетті, дегенмен Монкретьеннің көп жағдайда француз тауарларын шетел бәсекелестігінен қорғау, табылатын міндетті шешуді көздегенін атап өткен жөн. Біруақытта француз үкіметін отандық өнеркәсіп қожалары мен саудагерлерді қорғауға көндіру міндеті алға қойылды. Монкретьен шетел тауарларына жоғарғы баға салығын олардың ағымы отандық өндіріске кедергі болмауымен негіздейді. Трактатта Монкретьен ерекше рөлді қолөнершіге бөлді. Оларды ұлттық байлықтың басты өндірушілері дей отырып: «ізгі және даңқты қолөнершілер өздерінің еліне пайдалы: мен оларды қажет және керек деп айтуға батылға бара аламын»[10].

Осындай тәртіппен, XVII ғасырдың соңында Европада саяси экономия өзіндік ғылымға әрдайым бөлініп тұрды, ал Монкретьен туындысы мемлекет деңгейіндегі экономикалық мәселелер талдауына арналған алғашқылардың бірі болып табылды. Монкретьеннен кейінгі келесі бір жарым ғасыр саяси экономия басқа қоғамдық ғалымдардан (философия, тарих және т.б.) өз зерттеулерінің негізгі щеңберін анықтап, өз бетінше ғылым болып қалыптасты.

Экономикалық теория жалпы экономика туралы жалпы теориялық ғылым болып табылады, осымен ол нақты салалық экономикалық мәселелерді зерттейтін жеке экономикалық ғылымдардан ажыратылады. Айқын экономикалық пәндердің теориялық бөлімі экономикалық теорияның жалпы қорытындысына негізделеді.


  • Нақты экономикалық ғылымдар

Сала экономикасы;

Кәсіпорын экономикасы;

Ел экономикасы және т.б.



жалпы экономикалық теория

(саяси экономия)

Ерекше экономикалық формалар мен ұйымдар экономикасы

Қаржы;


Несие;

Маркетинг;

Табиғатты пайдалану экономикасы.

Ақпаратты – аналитикалық ғылымдар

Экономико-математикалық әдістер;

Статистика;

Шаруашылық қызметтер анализі.






Тарихи

экономикалық ғылымдар

Экономикалық ойлар тарихы

Халық шаруашылығының тарихы

Сурет 1. Экономикалық ғылымдардың өзарабайланысы


Алайда, егер өткен жүз жылдықтың 70-жылдарына дейін экономиканы жан-жақты игерудегі теориялық базаның негізі болып саяси экономия курсы табылады, нақты формалар мен қайшылықтардағы қоғамның әлеуметті-экономиалық құрылымын зерттеу кезінде, дәл осы кезеңде екінші теориялық база пайда болып және қалыптаса бастады, мұнда қоғамның шетеулі ресурстарын рационалды пайдаланудың негізі баяндалды. Экономикалық теория көптеген ғылымның: салалы (өнеркәсіп экономикасы, ауыл шаруашылық, құрылыс, транспорт, және т.б.); функционалды (қаржы, несие, маркетинг, менеджмент, болжамдау, коммерция және т.б.); салааралық (экономикалық география, демография, статистика және т.б.) негізгі фундаменті болып табылады. Өз уақытында тарих мектебінің өкілі К. Менгер (1840-1921ж.ж.) өзінің «Саяси экономияның негізі» деген басты еңбегінде (1871ж.) «білімді жалғыз экономикалық ғылым ғана емес, оны ерекше есептері, пәндері мен көптеген әдістері бар нақты өзіндік экономикалық пәндердің толық жүйесі де береді. Нақты экономикалық пәндер тәжірибелі қызмет үшін қажет ережелер жүйесін өндіреді, сондықтан жалпы теория аумағына жатпайды, ал шаруашылық өнеріне жатады» деп атап айтқан [11].Экономикалық құбылыстың талдауында экономикалық теория үнемі нақты экономикалық ғылымнан, сонымен бірге адам тіршілігінің басқа салаларынан алынған білім мен жетістіктерді ескереді.

Экономикалық теорияның басқа экономиалық ғылымдармен байланысының ең қолайлы жалпы түрін 1 сызба түрінде көруге болады .

Сонымен, қоғамның экономикалық қатынастарына біртұтас жүйелі көзқарастың қалыптасуының экономикалық теориясын ажырата білу қажет. Экономикаға деген алғашқы көзқарастар қоғамдық қатынастардың экономикалық ғылымында дамымағанын көрсетті. Экономикалық ғылым заңдар жүйесінің қалыптасуы мен дамуы нарықтық капиталдық қайта өндіруінің теориялық жүйесімен тығыз байланыста болды. Соңғының дамуымен саяси экономика дамуында жаңа кезең басталды.
Бақылау сұрақтары

1. Экономикалық білімнің қайта құру кезеңдері?

2. Экономикалық білімнің даму симпаттамасы?

3. Хрестоматика ұғымын түсіндіріңіз.

4. А. Монретьеннің «Саяси экономияның трактаты» деген еңбегіне сипаттама беріңіз.
2. НАРЫҚ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
2.1 Қазақстандағы нарықтық қатынастардың тарихи генезисі
XIX ғасыр ортасына дейін Қазақстан экономикасы қазақ феодалдығының экономикалық басшылығымен патриархалды-феодалды жер иелену негізінде дамыды. Бұл құбылыс, әрине, осы салада нарықтық қатынастардың дамуына кедергі болып отырды. Алайда бұған қарамастан нарық күші, қиын болса да, өз жолын нық салып отырды. Бірақ жоғарыда айтылған жер иелену формасы бұл процестің дамуына кері әсерін тигізіп отырды. Сондықтан Қазақстанның ауыл шаруашылығындағы нарықтық қатынас генезисі кең өзгешелігімен ерекшеленді, өзгеше маңызды ерекшеліктері болды.

Патриархалды-феодалды жер иелену үстемдігі жағдайында нарыққа өту процесі үлкен өзгешелікке ие болды. Сондықтан бұл тарихи процесстің талдауы қазіргі жағдай үшін маңызды мәнге ие болды. Қазақстанда негізгі экономика саласы мал шаруашылығы болды. Сонымен қатар аграрлық өндірістің басты ресурсы - жер сатып алу-сату обьектісі болып сирек қарастырылады. Жер таралымдары патриархалдықтың құзырында болды және мемлекеттегі қызметтер үшін хан әкімшілігінен сирек таратылатын.

Осы құбылыстармен бірге қазақ жеріне сауда-капиталды қатынастар енді, ал қазақтарға қалыптасқан өмір салтын ғасырлар бойы өзгертуге тура келді. Ең құнарлы ауыл шаруашылық жерлер, жайылымдар хан әкімшілігімен алынып өткізіледі, бұл сол жер тұрғындарын ығыстырды, содан бері халық басқа кіріс жолын қарастырумен айналысты.

Сол кездердегі нарықтық қатынастардың дамуымен, сол жер тұрғындарының жағдайымен қазақ ғалымы, публицист, саяси тұлға Алихан Бөкейханов, экспертиза мүшесі Ф.Щербин, Ресей мемлектеттік I Думасының депутаты таныс болды. Өз халқының мүддесін қорғап, ол қазақтар қазіргі орнаған жағдайды дұрыс емес деп таниды. Жұмыс берушілер мал бағуға ыңғайлы жерлерді оңтайлы өз жағына түсіруде олар: шабындықтар, қыстық жайылымдар, сулы жерлерді… алып, қазақтарға тасты, қамысты жерлерді және сусыз жайлауларды қалдырды[12].

Жер иелену қызметі мен көшпенді халық өмірінің араласуы алмасу құбылыстар мен сауданы дамытты. Осы кезеңде жәрмеңкелік сауда түрі үлкен белең алды, оларда таза табиғи заттармен алмасу саудасы қарқынды жүрді. Мал шаруашылық өнімдері жер шаруашылық, өндірістік өнімдерге ауыстырылуы және т.б. жәрменкелер жексенбі күндері өтті және бұрынғы орнаған қағида бойынша жүріп отырды. Ақшалы сауда түрі бірте-бірте дами түсті.

Нарықтық қатынастар генезисіне әлеуметтік-экономикалық орнаған жай, ұлттық мәдениет, дін, философия, еңбекке деген бағыттың көзқарасы, идеология және т.б жайлар зор ықпал жасады. Егер батыс елдерінде «дамыған индустрия мен модернизация-мәдени және діни құндылықтар, ал материалды береке, діншілдік пен құдайға сенімнің арқасында болса», Қазақстанның даму генезисі орнаған жағдайларда өзгеше болды. Протестанттық идеология заттық, материалды байыту, өзгешілігі, көзқарасы бар жаңа адамдарды қалыптастырды. Осы мақсатқа жету жолында «капитализм дүниесі» ерекше қаралған жоқ. Әрине «адамгершілігі жоқ» бұл жаңа жолмен қоса мақсатқа жетуде басқа бағыттар болды, олар мамандандырылған еңбек (кәсіби еңбек), бұл жолдар «капитализм дүниесінің» таралуына зор ықпал жасаған ұлы жол болды. Қазақстандағы нарықтық қатынастар генезисі басқа жағдайларда жүрді.

Біріншіден, бұл қара патриархалды-патшалық жағдайдың арасынан көріне бастап, өркен жаюға тырысқан буржуазиялық қатынастар болған кезең. Бұл өмір сүрудің жаңа беттері мен жаңа санаға деген ізденіс кезеңі болды. Осыған орай 2 тенденциясы пайда болды: а) қазақ халқының ескі, байырғы тұрмысын жаңғырту, философиялық, мәдени, жандүние мұрасын, сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық дамуда ислам дінінің бағытын нығайту жолдарын қарастыру; б) әлеуметтік-экономикалық дамуында европа жаңғырығын негізгі бағдар етіп, мәдени-идеологиялық бағытын ұсыну.

Екіншіден, Қазақстанда нарықтық қатынастардың дамуы құқықтық норма модельдеріне қарасты болды, өз кезегінде ол нормалар «алға қойған мақсатқа жету үшін барлық жолдар жақсы» принципі бойынша жүрді, бұл басқа бағыттағы дамуға қарағанда өзгеше болды[13]. Бұл көзқарас дәстүрлі принциппен күн кешетін, тиыш, бейбіт өмірдегі көшпенді халық үшін жаңа бағдар болды. Ең басты назар адам құндылықтарында болды да, оның байлығына назар онша аударылмады.

Үшіншіден, қазақтың ұлттық философиясы жеке меншікке нарықтық қатынастар генезисі ретінде зор ықпал етті. Сонымен қоса меншік материалды байлыққа әкелетін емес, жан-дүние құндылығы болды. «Дүние құндылығы - міне, адам өміріндегі ең басты құндылық осы. Ашық мінез, ақкөңіл жүрек болса ғана адам еңбегі өз жемісін береді».

Төртіншіден, 1917 жылғы қазан революциясына дейін Қазақстанның әлеуметтәк-экономикалық дамуына екі негізгі құбылысының әсерінен болды: а) Ресей империя жағынан экономикалық, б) ислам дінінің әсерінен-діни. Бірінші құбылыс күнделікті кәсіби тұрмыс, еңбек жүргізу арқылы басты өмір сүруді еңбектен алған өнімге бағындыруды жүктесе, екіншісі-барлық қоғамдық өмірді қамтыды. Протестанттық этикаға қарағанда ислам өндірістік, шаруашылық, адамдар арасындағы іскерлік қатынатарды ескере отырып, адам ең басты пайданы қоғамға әкелу керек, содан соң ғана өзін ойлауы тиіс деді. Бұл жайт ислам діні бойынша меншік әлеуметтік дамуды бастапқы орынға қойып, өз мүддені шектетеді. Осы тұрғыда Қазақстандағы нарықтық қатынастар генезисі өз кезегінде орнаған әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың өзгешеліктерін қамтып, өткізіп отырды, яғни Азиялық батыс капиталдық модельдерінен бірсыпыра өзгеше болды.

Бесіншіден, нарықтық қатынастар анкловтар түрінде қалыптасты. Мысалы, Қарағанды облысының Сарысу бассейінінде мыс рудасының өндірісі неолит дәуірінен бері іске асты, ал 1847 жылы орыс-көпес Никон Ушаков ежелгі аймақта мыс орындарын тұрғызды. Кейіннен ол ағылшын компанияларына арендаға берілді, олар өндірілген мысты Қазақстаннан басқа мемлекеттерге шығара бастады. Әлбетте кен орындарындағы жұмыстарға тұрғылықты халық та тартыла бастады, соның арқасында олар нарықтық қатынастарға бірте-бірте енгізіле бастады. Осы сияқты нарықтық қатынастардың анкловты бағытта дамуындағы жағдайы Қазақстанның басқа аймақтарында да байқалды. Қазақстан тұрғындарының ішінен екі пайызы жалдамалы жұмысшылар болды.

Революцияға дейінгі Қазақстанда негізінен екі саладағы өндіріс дамыды - тау-кен өндірісі және тау-кен өнеркәсіп өндірісі, бұл үшін аймақтарда шикізат болды, сонымен қатар ауыл шаруашылық, және мал шаруашылық өндіріске көңіл бөлінді. 1900 жылы Семей губерниясында 22 тері өндіруші өндіріс орындары болды, оның өнімі Ресей әскери ведомстваларына және шет елдерге, мысалы: Америка, Англия, Германия, Францияға экспортталды.

ХІХ ғасырдың аяғында осы губерниясында 22 ұн өндіру өнеркәсіптері болды, бұл халықты ғана ұнмен қамтамасыз етіп қоймай, өнімді экспортқа шығарды, шығарылған көлемі 1млн пұтқа дейінгі жоғарғы сорт ұны болды.

Қазақстанның Ресейге қосылуы ХVIII ғасырдың 30 жылдары басталды, бұл оқиға 1861жылғы басы байлы құқықтың тыйым салуынан кейінгі капитализмнің шарықтау кезімен тұспа-тұс келді. Нарықтық қатынастардың генесизіне сараптама жасай келе В.И. Ленин Ресей капитализмі басқа аймақтарға тарағанын көрсетті, «бұл рельефті түрде әсер етуде осының нәтижесінде біздің аймақтардың колонизацияларын едәуір талпынысқа әкелді. Оңтүстік, оңтүстік-шығыс Еуропа, Кавказ, Орта Азия, Сібірде Ресейдің капитализмнің колониялары, бұл құбылыс капитализмнің дамуына үлкен әсер етті» [14].

Біздің ойымызша, Қазақстанның аграрлық бөлігіндегі нарықтық қатынастарды сараптамалағанда әлеуметті-экономикалық жағдайда тыс қараған дұрыс емес. Ауыл шаруашылық өнім өндірушілердің көбі жерді меншік ете алмады, және Ресей империясының құрамдас бөлігі болды. Жерді қолдану үшін төленетін төлем алым және барщина түрде болды. Шаруалар арасында заңсыз кезу болды. Басқаша айтқанда шаруалар екіжақты қанаушылықта болды, бір жағынан жақтаушы, ал екінші жағынан қауым.

Бұл басы байлылық шектеулілік, тәуелділілік экономикалық қатынастар кезінде жақтаушының бәсекеге қабілетті тауар өндірушілер қатарына шығуына кері әсер етті. Бірақ ХІХ ғасырда экономикалық императив ірі шаруашылықты сонымен қоса шаруа сарайлары үлкен бағдарлы нарыққа итерді. Дәл осы кезде жер нарығы іске аса бастады, оның бір бөлігі мемлекеттік емес жерлерді ашық саудаға салу.

1861 жылғы реформа Ресей үшін бұрыннан көзделіп іске асырылмаған, жеке жер иелену, жер иеленушілік және экономикалық аграрлы тауар қатынастарына деген сұраныс бірінші орындалатын бағдар болды. Губернияларда және уездік комитеттерде С.Ю. Витте жүргізген сұрау шаруалардың жеке шаруашылыққа деген құлшынысын көрсетті.

1861 жылы реформа өзінің жалғасын таппай, жартылай орындалғанмен шаруаларға кішкене болсада бостандық беріп, жалпы ауыл шаруашылығының көзге көрінерлік өсуіне әкелді. Басы байлық құқықтың құлағанынан кейін 40 жыл ішінде 75,2% өскен ресей халқы үшін астықпен картоп өсімі 159% өсті. Бұл азықпен қамту жөнінен Ресей Даниямен Швециядан кейін 3-ші орын алды. ХХ ғасырда ресей әлемдік астық өндірісінің төрттен бір бөлігін құрады. Реформадан кейінгі кезде бұл көрсеткіш экспорттан 7 есе асты.

Бірақ 1891 жылы реформа ауылдағы тауар өндірісінің дамуына ерекше жағдайлар туғызбады. Осыған орай шаруаларға жер меншіктерін қолданысқа беріп отырды, ол жерлерді өз меншігі қылып сатып алу тек қауым ғана сатып алатын болды, жеке кәсіпкер жерді өзі ала алмады, яғни жерді қауымда қолданысқа ала алды. Осыған орай реформа қауымды жоғалтпай керісінше дамыта түсті. Бірақ кейбір деректерге сүйенсек Александр ІІ қауымдық қатынастарды ұсақ жеке жер иеленушілік бағытта реформалағысы келетін, бірақ оның ізбасары Александр ІІІ бұл саясатты қолдамай керісінше контр реформа жүргізді.

С.Витте қаржы министрінің арқасында ХХ ғасырда қауымдық жер иеленушілік жойыла бастады. Осыған орай ауыл шаруалар қауымы жермен қамтамасыз ете алмады. Бірақта шаруа әдетте ол жерге толық ие бола алмады, сатада, жалғада бере алмады. Жер қожалық қауымының өзгерістері қайта құрулары жер иесімін деп сезінуге мүмкіндік бере алмады, сондықтан ақша салымы болмады да, жердің жемісін аз көрді. Сондықтан өнімнің өсімі байқалды, аштықтар бірнеше қайталанып отырды. 1891 жылы 700 мың адамды аштық жайпады. Жалпылап айтқанда, реформаны логикалық аяғына дейін жеткізу күрт өзгерді. Жаңа реформа қабылдау керек болды.

Бұл реформаның бастаушысы П.А.Столыпин болды. Реформаға қатысты өз ойларын, жоспарларын Столыпин 1904 жылы Саратовтың губернаторы болып, Николай ІІ-ге жасаған есебінде көрсетті. Бұл берген есебінде Столыпин Ресейдің аграрлық секторындағы алты моральды және экономикалық дағдарыстарды көрсетті. Олар:1) шаруа қожалығының құрылымы; 2) ауыл және қала еңбекшілерінің арасындағы қалыпты көңіл-күй; 3) жаңа техникалық және тағы басқа жаңалықтарды ауыл шаруашылығына, экономикаға енгізу қиындықтары; 4) шаруалардың жерді қожалықтан бөлек өзінің ала алмауы; 5) шаруалар банкінде несиелерді жалға беруінің азайуы; 6) жалға беру бағасының қымбаттығы.

Столыпин реформасының маңызы төрт негізгі әдеттер біріктірілген аралас, көп құрылысты экономикаға көшу тұжырымдамасы. Төрт әдеттер: мемлекеттік, қоғамдық, жеке, отбасылық. Осылардың ішінде Столыпин соңғысына көп үміт артты.

Столыпин ұсынған Ресейлік реформа бағыты бұған дейінгі америкалық және пруссиялық бағыттардан өзінің сапасымен өзгеше болды. Негізінен бұл реформа олардың селбестігі болды десе де болады. Америкалық бағыттан Столыпин реформасына қауымды бұзу және одан хуторлық және фермерлік шаруашылықтарды бөліп алу кіріп еді. Ал пруссиялық бағыттан - ірі жер иеленушілік шаруашылықтарды нығайту.

Қазіргі жағдайда реформатордың шаруашылық қауымға деген икемді саясаты ерекше назада қауымға деген зорлықты жоюды мақсат еткен Столыпин, жеке ауыл шаруашылық өндірушілерінің ерікті бірігуін жоққа шығарған жоқ. Бұндай көп құрылысты жүйе өзіне Ресейдің ұлттық ерекшеліктерін бойына енгізуі (мықты мемлекет, ұжымдық қатынастардың маңызы және т.б.) және басқа елдердің сөзсіз нарықты көшуінде негізделді.

Столыпин шаруалардың қауымнан шығуын заңды түрде орнықтырды, жер үлестері әр түрлі иелерінің атына жазылды, жерді ұсақ жеке меншіктері жеңілдікпен беру дамыды. Жер алып сатарлармен күресу үшін шаруа банктары жұмыс істеді; олар шаруаларға кедейленіп қалған жер иелерінің жерлер сатып алуға көмектесетін болды. Осының нәтижесінде 1913 жылға дейін жер сатып, ауылардың 79,7% шаруалар болды. Барлығы реформа жүрген уақыт ішінде шаруалар 10 млн десятина жерді шаруалар банкінің көмегімен ала алуы, 1912 жылы үлестік жерді кепілге беруге рұқсат етілді, бұл да нарықтық қатынастардың дамуына әсер етті.

Оралда темір жолдың құрылысы капиталистік нарықтық қатынастардың кеңінен дамуына және таралуына үлкен әсер етті. 1905-1907 ж.ж темір жол салынып, Солтүстік Қазақстанда іске асып жатты. Бұл осы аймақта капиталистік нарықтық қатынастардың дамуына түрткі болды. Ресейдің орталық аудандарындағы пайдалыналатын жерлердің жоқтығынан Оралдағы, сонымен қатар Қазақстандағы бос жерлердің есебінен жұмыс жасалды. Мемлекет қауымнан шыққан шаруалардың көнуіне көмек берді. Темір жол, Ресейдегі шаруалар банкінен 50 жылға дейін берілген жеңіл несие 1905-1909 жж. Украина мен Ресейдің Қазақстанның осы аймағына көшуі шаруалар санын асырды. Бір жағынан бұл Қазақстандағы патриархалды-феодалдық шаруашылық жүргізуді өзгертіп, мемлекеттің аграрлық секторын нарық қатынастарды енгізді, ал екінші жағынан ресей империясының ауыл шаруашылығының дамуына зор үлес қосты.

Реформа нәтижесі Ресейдегі ауыл шаруашылығының өнім өсімінің бірден артуы болды. 1913 жылы ауыл шаруашылығындағы жалпы табыс мемлекетте табыстың 52,6% құрады. Өндірістегі шикізаттың 75% отандық ауыл шаруашылық өнім өндірушілерден түсті. Өз кезегінде өндіріс өнімінің 75%-ын тұрғылықты халық пайдаланды. Ауыл шаруашылығындағы өнім айналымы реформа кезінде 46 пайызға өсті.

Ресейдің ауыл шаруашылық өнімінің әлемдік нарықтағы орны нығая түсті. 1913 жылы ауыл шаруашылық экспорты 1901-1905 ж.ж. салыстырғанда 60 пайызға өсті. Ресей бидай экспортынан алдыңғы орында болды, ал Қазақстан алтын өндіруден бүкіл ресейлік өнімнің 15 пайызын құрады. Столыпин реформасының талдауы, ауыл шаруашылығының нарықтық қатынастарға ауысуы тек мемлекет жағынан құқықтық және қаржылық қолдау болғанда ғана жемісті болатынын көрсетті.

1906 жылғы 9 қарашадағы капиталистік бағыттағы жарлық орындалмағанымен, аграрлық реформа өзінің басты мақсатын орындады деуге болады. Орнап қалған қауымдық жер иелену, дамымай тоқтап қалған нарықтық қатынастар барлығы жоғалды. Бұл еңбекшілердің жұмысқа деген ынтасын арттырып, біз атап көрсеткен, аграрлық сектордағы өнімнің артуына себеп болды. Тағы атап өтетін қызық жайт реформа негізінде тәуелсіз жаңа ұсақ өндірушілер қауымдастықтары құрылды. Мемлекет пен шаруалардың қарым қатынасының қиындығы мен құқықтық және экономикалық шиеленістеріне қарамастан, ал сол қатынастарының нәтижесінде олар толықтай экономикалық тәуелсіздік ала алмады, Столыпин реформасы нық басып нарықтық қытынастарының дамуына ынта берді.

Осыған орай Қазақстанның ауыл шаруашылығында нарықтық қатынастардың толықтай орнығуына кедергі болған әлеуметті-экономикалық жағдай, сонымен қатар көпшілік тұрғылықты халықтың ұжымдық шаруашылыққа бейімделуі, халықтың экономикалық тәуелсіздікпен бірге жүретін жауапкершілікке деген қорқынышы, тұрғындардың шаруашылық капиталистік формасына дайын еместігі. Ресейдің кейбір шеткі аудандарында қайта жаңару уақытында жүрмеді, сондықтан реформаны іске асыру уақыты созыла берді. Қазақстандағы аграрлық секторды реформалаудың қиындықтары, дәл осы уақыт бойынша артта қалуына байланысты. Өкінішке орай Қазақстанның ауыл шаруашылығындағы нарықтық қатынастар 1917 жылғы қазан революциясы мен бірініші дүниежүзілік соғысқа байланысты тоқтатылып қалды.

Сонымен қатар Қазақстанның ауыл шаруашылығындағы нарықтық қатынастардың құрылымы мен алдағы уақыттағы республиканың жағдайы әрқашан қазақ зиялы қауымының назарында болды. Өз кезінде А. Байтұрсынов қазіргі кезге өзекті бір ой қалдырып кетті: «қазақтар өздері өсірген малдардың еті мен терісін өздері өңдеп, одан тұтынуға болатын ақырғы өнімді өздері шығармайынша, тәуелсіз экономика мәселесі шешілмейді» [15], «тұтынуға болатын ақырғы өнім» бұл ақша-тауар қатынастарының дамыған түрі бар дегенді білдіреді. Әлбетте, алдағы қазақтың зиялы қауымы қоғамдағы нарықтық қатынастардың дамуын жақтады, сонымен қоса бұған дейін айтылған екінші мәдени–идеологиялық үрдіс, яғни Қазақстанның әлеуметті-экономикалық дамуын Еуропа өркениетіндей болуын қолдады.

Бұл тәжірибеге сүйенген құбылыс «әскери коммунизммен» бұзылды, өз кезегінде әскери коммунизм дербес шаруашылық субъектілердің ісін болғызбады. Ауылдарда қауымдық қатынастар жандана бастады. Экономикалық қатынастардың натурализациялары, азық-түлік санымен енгізу аграрлық сектордағы нарықтық қатынастарды түбегейлі жойды.

Ауыл шаруашылығындағы тауарлықты жандандырудың жаңа талпынысы жиырмасыншы жылдардың басында болды. «Әскери коммунизм» саясаты ауыл шаруашылығын дағдарысқа әкеліп, елде аштық басталғанын жандандыру қажет болды. Жаңа экономикалық саясаттың мақсаты нарықтық қатынастарды дамыту арқылы ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыру болды. Жаңа экономиканың басты мақсаты нарық тұжырымдамасын реттеу болды. Сауда тәуелсіздігіне бөгет болатын жайттардың жойылуы экономикалық ынтамен коян қолтық жүрді, бұл процесс ауыл шаруащылығын дамытуға әсер етті.

ЖЭС принципті түрде атақты «жер туралы» декреттен ауытқыды, бұл декретте шаруалар өз жер бөліктерінің орайластырылған иесі болды. Бұл жағдай жеке меншік тұрғысынан жер туралы нағыз құқықты пайдалануды жоққа шығарды. Дегенмен ЖЭС-ке көшкеннен кейін жерді жалға беруге немесе жалдамалы еңбекті шаруашылықта және саудада қолдануға болатын болды. Бұл екі жайт ауыл шаруашылығындағы өнімділік пен тиімділіктің артуына түрткі болды.

1921-1927 ж.ж.аралығында ауыл шаруашылық тауар өнімінің құны 1913 жылдағы деңгейге жетіп, 1,7ден 4,4млрд-қа дейін өсті. Нан өндіру осы жылдары 3 есеге дейін артты. 1925жылы мал саны 1916 жылғы деңгейден асып түсті, 1927жылы сиыр саны 30 млн-ға жетіп, 15%-ға өсті, ал қой мен ешкі 12%-ға көбейді.

Осы уақыт аралығында экономикалық теория қатты дамыды нақты түрде цензурасыз баспада көптеген атақты экономист агрономдар (А.В. Чаянов, Н.Д. Кондратьев, А.Н. Челинцев, Н.П. Макаров және т.б) шығып отырды. Олардың теориялық жаңалықтары сол уақыттың экономикалық саяатында айқын көрінді. Қалғандары сұраныссыз қалды. Сонымен қатар сол ғалымдардың жұмыстары осы күнге дейін өз өзектіліктерін жоғалтпай, қазіргі аграрлық реформаның негізгі базасын құрайды.

Ерекше назарда Кондратьевтің агроэкономикалық тұжырымдамасы, онда экономикалық жүйенің дамуы ауыл шаруашылығының даму мүмкіншіліктеріне байланысты екені айтылған. Осыған келе ауыл шаруашылығы экономикалық саясатта бірінші негізгі орынға түсті. Бірақта, Кондратьев мемлекеттен аграрлық секторға берілетін салымдарды жақтап шыққан жоқ. Оның ойынша, ауыл шаруашылық өндірістердің өздерінің өнімдерінен алынған капитал негізгі қаржы болуы керек, ал бұған қаржы тауарлылықтың өсуіне, шаруашылықтың өнімділігіне, нарықтық бағдарға негіз болуы керек деді.

Ауылдардағы экономикалық қатынастарды дамытудағы негізгі бағыт - серіктестіктер болды. Көптеген экономист-агрономдардың ойынша, серіктестік бір жағынан ұсақ тауарлы өнімнің аздығын, осының ішіне технологиялық қатынастарда кіреді, ал екінші жағынан мемлекет тұрғысынан аграрлық секторды орнықтыратын негізгі кілт болып саналады.

ЖЭС-тің бірінші жылдары ол белсенді түрде серіктестіктерді насихаттады, жинақтаушы, кредиттік, қаржыландырушы сияқты ұсақтарынан бастап, өндіріс процестеріне тікелей қатысы бар ірі серіктестіктерге дейін. Кредиттік серіктестіктерді дамытатын арнайы реформа 1922 жылы құрылды. 1922 жылы серіктестікке өз еркімен кіру принципі тіркелді. 1924 жылы пайдаланушылық серіктестік белгіленді. Осы жылы ауыл шаруышылық орталық банк ашылды, 1925 жылы кедейлікті серіктестіктендіретін арнайы мемлекеттің реформалары бекітілді. Осындай сараланған, зорлықсыз, ең бастысы мақсаты бар саясат ауылды жерлерде бәсекелес өндірістердің пайда болуына себеп болды. Қызықты бір жайт, 1927 жылға дейін ірі қоғамдық шаруашылықтар 2% ғана өнім берді, фермерлер – 14%, қалған 84% кедейлер мен орташа шаруалар есебінде болды. Серіктестіктің негізін солар құрады.

Осындай қарқында сарапталған реформа СССР-дің дамыған нарықтық қатынастарына негіз болар еді. Бірақ жиырмасыншы жылдың 2-ші жартысында ЖЭС-тің бұрмалануы басталды. Қарсы тұжырымдаманың бірінші белгісі серіктестіктегі тәуелсіздіктен бас тарту жайлы бұйрық болды. Оның кредиттік, қаржылық жинақтаушысы сияқты қарапайым формалары кедейленді. Сонымен қатар жаппай ұжымдастыру мен тарату негізін де кулактарды класс ретінде жою басталды. Сонымен қатар тауарлы қатынастарды бұрмалау байқалды. Ауыл шаруашылық өнімдері өндірушілерден «жоспарлы түрде» алынып, орталық толықтандырылған блінуге ұшырады. Ақырындап экономиканы ұжымдық-әкімшілік басқару енгізілді. Серіктестік меншігін мемлекет қарамағына өткізу басталып кетті деседе болады. Колхоздармен совхоздардың айырмашылығы көзге түсе бастады.

Көп күтуге тура келген жоқ. Ауыл шаруашылығының өнімділігі азая түсті. Инновациялық процестер ақырындай түсті, шаруалар арасында наразылық туа бастады. Есептеулер нәтижесінде 1929 жылы 1300 шаруалар көтерілістер болғаны айқындалды, жалпы мал сою басталды. Егерде 1928 жылы жалпы егін жинағы 73,3 млн тонна болса, 1934 жылы – 64,6млн тонна ғана болды, 1932-33 ж.ж. аштық 3млн-нан 10млн-ға дейін адам өмірін алып кетті.

Ұжымшарларда төлемді табиғи формада қалдық принцип бойынша төледі. Өнімділіктің төмендеуі, ең бірінші ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін шаруалар өміріне әсер етті. Ауыл тұрғындарының өмірі нашарлап кетті. Ұжымдардың 77% –да күніне 2кг, соның ішінде 42%-на 1кг беріп отырды. Ал 7% ұжымшар жұмыскерлеріне нан тіпті де берілмеген, ақшалай төлемнің күні бұданда қараңғы болды. 80% ұжымшамшарларға күніне 1руб оның ішінде 55-60 қап, ал 12% ұжымшарларда – ақшаны мүлдем төлемеген. Үштен бір ұжымшарларда сиыр мүлде жоқ, ал 12% мал басы болмаған.

Академик А. Никоновтың ойынша 1929-1933 жж. ауыл шаруашылығында реформа емес, контр немесе анти реформа жүргізген [16]. Ауыл шаруашылығындағы экономикалық қатынастар феодалдық бейне алды, әйтпесе шаруалардан құжаттарды тартып алып, жерді басып жүруіне тыйым, шектеу салуды басқаша қалай айтуға болатынын түсінбейміз.

Ауыл шаруашылығындағы дағдарыс ғылымдағы шаруашылыққа әсер етті. Ал Кондртатьев, Чаянов, Челышев және т.б.экономис аграномдардағы ғылыми жаңалықтарды анти ғылымдық болып тиым салынды. Дамыған индустриалды елдердің контр реформаны жақтаушы болып саналды.

Тек, 50 жыл басында ғана бірінші тәжірибеде содан соң ғылым саласында әкімшілік топ механизміне нарықтық қатынастар элементтерін қосып, «тірілту» процесстері жүре бастады.

Осындай талпыныстардың бірі А.В. Санин мен В.Г. Венжераның меншікті колхоздарға негізгі өндіріс ретінде беруі жайлы жазылған хаты. Бұл ұсыныс Сталиннің наразылықтарының астында қалды. Бірақ 50 жыл аяғына қарай Хрущевтің қол астына өтті.

Ақырында колхоздар мен совхоздарды өзіндік шаруашылықпен жоспары орталықтандырылған механизмге біріктіру басты мақсатқа қойылды. Ауыл шаруашылық өнімдердің мемлекеттік қойылымының үлгілері мен тәртіптеріне өзгерістер енгізді. Колхозшыларға ақша төлеуде дамыды. Колхоздар мен совхоздар шаруашылық есепке ауыстырылды. Онда өзіндік құнмен рентабелдік есептелді, аграрлық сектордың материалдық принциптері бірден өсті.

Бұл саясат ғылыми ойды қарқындай түсті, ғалымдар ауыл шаруашылығындағы тауарлы-ақшалай қатынастарға негізделген ауыл шаруашылығының жоспарлы басқарылуын қамтамасыз ететін реформалар дайындады. Бірақта саясаткерлердің еңбегі сияқты ғалымдардың жаңалықтары мен ізденістері осы уақыт үшін жеткіліксіз және тиянақсыз болды.

Колхоздардың мемлекет жақтан жарым-жарты ынталандырылуы көмекші шаруашылықтарды жоспарлау арқылы үстінен қарайтын өндірісті бағындыру басты мақсат болды.

Жоспарлы–үйлестірулі жүйемен тауарлы-ақша қатынасын біріктіргісі келген ғылыми зерттеулерден ешқандай нәтиже болмады, өйткені қосылмайтын нәрсені қосқысы келетінмен тең болатын. 1965 жылы реформада осының кейібін киді, бірақ басында оған үлкен үміт артқан болатын. Осы реформа бойынша аграрлы секторға салынатын салымдар өсті, ауыл шаруашылығындағы жайылым сатып алу бағалары екі есе көбейді, кіріс салығының жайы өзгерді. Ауылдардың техникалық қарулануына үлкен көңіл бөлінді, соның ішінде жер мелиорациясына назар ерекше болды. Өндіруші және әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту үшін де істер жасалды.

Бірақ алғашқыдағы сәттілік ұзаққа созылмай, реформа басыла бастады. Біздің ойымызша, реформаның сәтсіздігі оның жарым-жартылығына байланысты. Аграрлық секторға түбегейлі жаңа құру керек болған кезінде, оны қазіргі сұраныстарға сай ету, сонымен қатар оның жоспарлы үлестіруші жүйесін бұзбаудың сәтсіздікпен бітуі таң қаларлық жай емес.

Әкімшілік тәртіптегі сатып алу бағаларының өсуі орнықтушылықты алмастыра алмады, ал қазіргі нарықта экономика бұл орынды жинақтаушы бағалар болады. Дербес шаруашылық субъектілері жоспарланған мақсаттарға жететін, дәстүрлі негіздерден алмақ болды. Министрліктер мен партаппараттардың ұсақ қамқоршылықтарының сақталуы, шаруашылық субъектілерінің нәтижесі өндірушілік алдындағы жауапкершілігін төмендетті. Соңында реформа жоққа шыға бастады.

Реформаның сәтсіздігі бір жағынан теориялық базаның әлсіздігіне байланысты. 60 жылдардың басынан 10 жылдықтың аяғына дейін кеңестік экономист аграномдардың жағынан теориялық ізденістер бұрқ ете қалып, дістүрлі апологетикалық арнаға қосылды. «Нарықтық социализм» тұжырымдамасы заңды иделогия ретінде қарастырылды, бұл тұжырымдаманы социолистік ойға табиғаты жағынан мүлде қайшы деп есептеді. Дәл осы уақытта жоспарлы орталықтандыру социолизмге жетудің экономикалық реттеуге негіз болды. Тауарлы-ақша қатынастары сөз бойынша болғанымен іс жүзінде іске аспады. Оларда әлеуметтік құрамды тек жоспарлы үлестіруші қатынастарға «сезіле» беруші құбылыстар бар деп есептеді. Сондықтан тауарлы-ақша қатынастарының практикалық тұрғыда аса формальды негізі болмады және бұл бәсекелестіктің, өндірістің өсуіне еш әсер етпеді.

80 жылғы қарай кеңестік экономист аграномдар жоғарыда көрсетілген бет алысты нық ұстанды. Нарықтың керек екенін айтумен қоса, оның ерекше орнықтырушы жоспары табиғатын ерекше атап отырды.

Нарықтық қатынастардың дамуы плюрализмдік формаға дайын болмаумен қазіргі экономикалық жүйеге енуден дамымады. Сонымен қоса ерікті, жас бағыты аталып отырды, бұндай тұжырымдаманың негізі екі экономикалық жүйені әлеуметтендіруі жайлы бағыты тезис болды.

Бұл теориялық таластағы жаңалық аграрлық сектордағы көп құрылымдық пен бірізділіктікке мойынсұну болды. Бірақта тағы бір алаңдауға тұратын жайт бар, егерде алдағы тезисте бүкіл халықтық меншік басты болатын болса, енді жеке меншіктің басымдылығы сөз бола бастады. Ең жемістіде шаруашылық ретінде фермерлік шаруашылық аталды. Сонымен қатар «ұлы сәтсіздік» кезіндегі күшпен колхоздар мен совхоздарға кіргізуге қарағанда, фермерлікке күштеу әлдеқайда қауіптірек деп ойлаймыз. Бір жағынан бұл екі құбылыс бірдей десекте болады.

Тағы бір есте болар бір жайт, аграрлық сектордың басты жүйесі еріктілік болу керек. Дәл осы жағдайда ғана шаруашылықтың бәсекеге қабілеттілігі мен өнімділігі жайлы сөз қозғауға болды.

ХХ ғасырдығы 90 жылынан бастап Қазақстанда «бәсекеге қабілеттілікке негізделген меншіктің негізгі формалары мен біріккен әлеуметтік нарықтық қатынастар қалыптасуды» [17], осы жүйеледің әр қайсысы республиканың өнімділігін арттыру үшін жұмысты жеке-жеке жасайды.


Бақылау сұрақтары

1. 19 ғасырдың ортасына дейінгі Қазақстанның экономикалық жағдайына шолу жасау.

2. Нарықтар қатынасы сөзін қалай түсінесіз?

3. Қазақстандағы нарықтық қатынастар генезисі жағдайларына жалпы сипаттама беріңіз.

4. Революцияға дейінгі Қазақстандағы дамыған өндірістерге сипаттама беріңіз.

5. Қазақстандағы нарықтық қатынастардың тарихи генезисіне сараптама жасаңыз

6. 19 ғасырдағы реформа Қазақстан экономикасына қалай әсер етті?

7. Реформа нәтижесі Ресей ауыл шаруашалығына қалай әсер етті?






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет