3-тапсырма: Сызбаға қарап, «Қазақ тілі» мәтіні бойынша топтау жасаңыз.
Түркі тілдер тобы Мемлекеттік тіл Атамекен
Ахмет Байтұрсынов Ыбырай Алтынсарин
Қазақстан Ұлы ғұламалар
Ана тілі
е) Септік жалғауы
Атау септік кім? не? куәгер, оқиға
Ілік септік кімнің? ненің? ның/нің, дың/дің, тың/тің куәгердің, оқиғаның
Барыс септік кімге? неге? қайда? қа/ке, ға/ге, а/е, на/не куәгерге, оқиғаға
Табыс септік кімді? нені? ны/ні, ды/ді, ты/ті куәгерді, оқиғаны
Жатыс септік кімде? неде? қайда? да/де, та/те, нда/нде куәгерде, оқиғада
Шығыс септік кімнен? неден? қайдан? нан/нен, дан/ден, тан/тен куәгерден, оқиғадан
Көмектес септік кіммен? немен? мен, бен, пен куәгермен, оқиғамен
4-тапсырма: Мәтіннен зат есімдерді тауып, олардың септігін анықтаңыз.
5-тапсырма: Берілген сөздерді септеңіз.
Анықтаушы, мәлімет, бұйрық.
ж) Етістік міндетті түрде сөйлемнің соңына қойылады.
Мысалы: Бүгін аппараттық кеңес болады – Сегодня будет аппаратное совещание.
Бастық баянатқа қол қойды – Начальник подписал рапорт.
Етістіктің шақтары
Осы шақтың жай түрі
Жекеше Көпше
Мен тұр+мын Біз тұр+мыз
Сен тұр+сың Сендер тұр+сыңдар
Сіз тұр+сыз Сіздер тұр+сыздар
Ол тұр Олар тұр
Мысалы: Әскерде жүр. Жаттығуда жүр. Тергеуде жүр. Ақтауда іссапарда жүрмін. Оқиға болған жерде жүрмін. Құжаттар Теміртау қалалық ішкі істер басқармасы кеңсесінде жатыр. Жолдың шетінде жатыр. Медициналық айықтырғышта жатыр. Залда отырмын. Сот мәжілісінде отырсыңдар. Сапта тұрсыңдар. Бүгін кезекшілікте тұр.
Осы шақтың күрделі түрі
Жекеше Көпше
Мен жаз+ып отыр+мын Біз жаз+ып отыр+мыз
Сен жаз+ып отыр+сың Сендер жаз+ып отыр+сыңдар
Сіз жаз+ып отыр+сыз Сіздер жаз+ып отыр+сыздар
Ол жаз+ып отыр Олар жаз+ып отыр
Мысалы: Аға инспектор Омаров мән-жайды анықтап жатыр. Мен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Б.Бейсенов атындағы Заң институтында оқып жүрмін. Біз сот шешіміне келісіп отырмыз. Тергеуші тіркелген материалдарды Исатай аудандық сотына жолдап отыр.
Келер шақ
Жекеше Көпше
Мен тексер+е+мін Біз тексер+е+міз
Сен тексер+е+сің Сендер тексер+е+сіңдер
Сіз тексер+е+сіз Сіздер тексер+е+сіздер
Ол тексер+е+ді Олар тексер+е+ді
Мысалы: Бір аптадан кейін тексеру басталады. Кәсіби мамандардың аздығынан жұмыс баяу жүреді. Келесі аптада сот шешімін шығарады. Жұмыс күні сағат жетіде аяқталады.
Өткен шақ
Жекеше Көпше
Мен анықта+ды+м Біз анықта+ды+қ
Сен анықта+ды+ң Сендер анықта+ды+ңдар
Сіз анықта+ды+ңыз Сіздер анықта+ды+ңыздар
Ол анықта+ды Ол анықта+ды
Мысалы: Қызметкерлерден жедел топ құрылды. Азаматтардан арыз-шағым келіп түсті. Екі күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық іс уақытша тоқтатылды. Істің мән-жайы одан жауап алу барысында анықталды.
6-тапсырма: Берілген етістіктердің шағын анықтап, жіктеңіз.
Анықтап жатыр, тұр, жолдап отыр, басталады, жолдайды, тексерді, бекітті.
7-тапсырма: Төменде берілген тіл туралы мақалдардың мағынасына назар аударып, есте сақтаңыздар.
Тіл туралы мақалдар:
Тәрбие басы – тіл.
Өнер алды – қызыл тіл.
Ана тілім – дана тілім.
Тіл – елшінің қылышы.
Тіл – қылыштан да өткір.
Тіл бас жарады,
Бас жармаса, тас жарады.
Алмас қылыш майданда керек,
Асыл сөз майданда да керек,
Сайранда да керек.
Жылататын да,
Жұбататын да – тіл.
Ең тәтті де – тіл,
Ең ащы да – тіл,
Ең жұмсақ та – тіл,
Ең қатты да – тіл.
8-тапсырма: Ана тілі туралы нақыл сөзді оқып, мағынасына назар аударыңыздар.
Ана тілі туралы
«Тілден артық қазына жоқ, тілден артық қасиет жоқ».
(Н. Назарбаев)
«Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді».
(Ғ. Мүсірепов)
«Тіл дегеніміз – қай халықтың болмасын кешегі, бүгінгі ғана тағдыры емес, бүрсігүнгі де тағдыры».
«Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту».
(Б. Момышұлы)
«Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес».
«Кімде-кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды».
(М. Әуезов)
Әлем ғұламалары қазақ тілі туралы
Қазақ тілі түркі тілдерінің ішіндегі ең таза әрі бай тілге жатады. Қазақтар – шешен әрі әдемі сөйлеудің үлкен шебері. Қазақтардың халық әдебиеті аса бай әрі жан-жақты.
(П.М. Мелиоранский)
Қазақтар шешен келеді, олар мақалдап сөйлейді, жай сөзінің өзі өлең боп құйылып жатады.
(В.В. Радлов)
Түркі халықтарының ішіндегі ең суретшіл, образды тіл – қазақ тілі. Қазақтар өзінің шешендігімен, әсем ауыз әдебиетімен де даңқты.
(С.Е. Малов)
Біздің қазақ бауырларымыз – аталы сөзді түсінетін, өте зерек халық.
(С. Құдаш)
Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы (4-бап)
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі.
Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және ісқағаздарын жүргізу тілі.
Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы.
«Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 1997 жылғы 11 шілдеде қабылданды.
Тілдер туралы заң 6 бөлім, 27 баптан тұрады.
Сұрақтарға жауап беріңіз.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы» Заңы қай жылы қабылданды?
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қай тіл?
Заң неше баптан тұрады?
Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы нені меңгеру болып саналады?
Аралық бақылау
3 – С А Б А Қ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АТА ЗАҢЫ
Конституция – ең жоғарғы заң күші бар, мемлекет және қоғамдық құрылыс негіздерін, адамның құқықтары мен міндеттерінің негіздерін, сонымен қатар жергілікті өзін-өзі басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызмет принциптерін бекітетін және реттейтін мемлекет пен қоғамның Негізгі Заңы.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері, екі рет Конституция қабылданды.
1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстан Республикасының Негізгі заңы қабылданды. Ол өтпелі кезеңнің негізгі заңы ретінде екі жыл өзінің миссиясын толық атқарды.
1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды.
Қазақстан Республикасының Конституциясы республикалық құрылыстың негізін, мемлекеттік билік жүйесін және Қазақстан мемлекеті мен оның азаматының қатынасын белгілейді. Адам және оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын Конституция мемлекеттің ең қымбат қазынасы деп танып, мемлекеттің сол үшін қызмет етуі тиістігін атап көрсетеді.
Конституция – бүкіл заң шығару ісінің қайнар көзі. Нормативтік актілердің бәрі Конституцияның ережелеріне негізделіп қабылданады, яғни барлық Заң салаларының заңдық базасы болып табылады.
Конституцияның құрылымы мен мазмұны.
Қазақстан Республикасының Конституциясы 9 бөлім, 98 баптан құрылған.
I бөлім. «Жалпы ережелер» деп аталады.
II бөлім. «Адам және азамат» деп аталады. Адамның құқығы мен бостандығы, міндеттері, азамат пен азаматтыққа байланысты ережелер жинақталған.
III бөлімде Президенттің, IV бөлімде Парламенттің, V бөлімде Ү кімет құрамының сайлану, тағайындалу мерзімі, атқаратын қызметтері, өкілеттіктері, ел экономикасы, ішкі-сыртқы саясат т.б. мәселелер баяндалған. VI бөлімде Конституциялық қеңестің қызмет бағыты, VII бөлімде Соттар мен Сот төрелігі қызметінің мазмұны, VIII бөлімде жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару ережелері тұжырымдалған. IX бөлімде қорытынды және өтпелі ережелер берілген.
1-тапсырма: Мәтінді оқып, мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз.
2- тапсырма: Берілген сөздер мен сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.
Ең жоғарғы, қоғамдық құрылыс негіздері, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, адамның құқықтары мен міндеттерінің негіздері, Негізгі Заң, тәуелсіздік, өтпелі кезең, қабылданды, мемлекеттік билік жүйесі, белгілейді, идеологиялық және саяси қатынастар, құрылымы мен мазмұны, өкілеттіктері, Сот төрелігі.
Қазақстан – тәуелсіз мемлекет
Қазақстан халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар Қазақстан өз тәуелсіздігін алды. 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды.
Ал 1991 жылғы 16 желтоқсан еліміздің тарихында алтын әріптермен жазылды. Қазақстан Республикасы бұл күні тәуелсіз мемлекет ретінде дүниежүзілік қауымдастықтан өз орнын алды. Осы мерекелердің құрметіне орай, Алматы қаласының Орталық алаңында Тәуелсіздік Монументі орнатылды.
Қазақстанның елордасы – Астана қаласы.
Егемен және тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы және Әнұраны бар. Мемлекеттік тудың авторы – суретші Шәкен Ниязбеков, елтаңбаның авторлары – сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлиханов. Ал әнұранымыздың авторлары – Нұрсұлтан Назарбаев, Жұмекен Нәжімеденов, әнін жазған – Шәмші Қалдаяқов.
Біздің ұлттық бейнемізді, болмысымызды, тарихымызды көрсететін рәміздерімізбен бірге тағы бір белгі – ұлттық теңгеміз бар. Ұлттық теңге 1993 жылы 15 қарашада дүниеге келді.
Мемлекетіміздің Ата Заңы – Қазақстан Республикасының Конституциясы. Еліміздің басшылыққа алып отырған Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда қабылданды.
1-тапсырма: Мәтінді оқып, әңгімелеп беріңіз.
2-тапсырма: Сызбаға қарап, «Қазақстан Республикасы» тақырыбы бойынша топтау жасаңыз.
Ата заң
Құқықтық Гүлденген
Тәуелсіз Егеменді
Бейбіт сүйгіш Көпұлтты
Зайырлы Демократиялық
Өркениетті
3-тапсырма: Отан, ел, туған жер туралы мақал-мәтелдерді түсініп оқып, есте сақтаңыз.
Отан – елдің анасы
Ел – ердің анасы.
Отанды сүю – отбасынан басталады.
Отан үшін күрес,
Ерге тиген үлес.
Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас
Әркімнің өз жері – жұмақ.
Кісі елінде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.
Отансыз адам,
Ормансыз бұлбұл.
Жат елдің жақсысы болғанша,
Өз еліңнің сақшысы бол.
4-тапсырма: Өлеңді зейін қойып тыңдап, мәнерлеп оқуға жаттығыңыз. Өлеңнің мазмұны туралы өз ойыңызды айтыңыз.
Үш бақытым
Мұқағали Мақатаев
Ең бірінші бақытым – халқым менің
Соған берсем анамның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.
Ал екінші бақытым – тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей-кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Бақытым бар үшінші Отан деген,
Құдай деген кім десе, Отан дер ем.
Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай-ақ кел-дағы, от ал менен.
Түтін түтет,
Өс, өрбі, көгере бер,
Немерелер көбейсін, шөберелер,
Жадыңда ұста,
Жақсылық күтпегейсің,
От емес, оқ сұрасаң менен егер.
Үш бірдей бақытым бар алақанда,
Мені мұндай бақытты жаратар ма?
Үш Күн нұрын төгеді аспанымнан,
Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!
Сөздік
Қор болмаймын – не буду униженным, оскорбленным
Нарық – 1. расценка, стоимость: 2. перен. сущность, значимость, значение
Тілімдеу – разрезать на узкие полоски (кусочки, ломтики)
Түңілмедім – не терял надежду, не разочаровывался, не переставал думать
Жадыңда – в памяти
5-тапсырма: «Менің Қазақстаным» тақырыбына эссе жазыңыз.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік органдары
Центральные исполнительные и иные государственные органы
|
Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдар
|
Канцелярия Премьер-Министра Республики Казахстан – КПМ РК
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi – ҚР ПМК
|
Министерство внутренних дел Республики Казахстан МВД РК
|
Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi ҚР ІІМ
|
Министерство здравоохранения Республики Казахстан МинЗдрав РК
|
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi– ҚР ДСМ
|
Министерство индустрии и новых технологий Республики Казахстан – МИТ РК
|
Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі ҚР ИЖТМ
|
Министерство иностранных дел Республики Казахстан – МИД РК
|
Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi – ҚР СІМ
|
Министерство культуры и информации Республики Казахстан – МКИ РК
|
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі – ҚР МАМ
|
Министерство обороны Республики Казахстан – МО РК
|
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi – ҚР ҚМ
|
Министерство образования и науки Республики Казахстан –-МОН РК
|
Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi – ҚР БҒМ
|
Министерство охраны окружающей среды Республики Казахстан – МООС РК
|
Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi – ҚР ҚОҚМ
|
Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан –МСХ РК
|
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi – ҚР АШМ
|
Министерство транспорта и коммуникаций Республики Казахстан – МТК РК
|
Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация министрлiгi – ҚР КжКМ
|
Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан – МТСЗН РК
|
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi – ҚР ЕХӘҚМ
|
Министерство финансов Республики Казахстан – Минфин РК
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi – ҚР ҚМ
|
Министерство экономического развития и торговли Республики Казахстан – МЭРТ РК
|
Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрлігі – ҚР ЭДСМ
|
Министерство нефти и газа Республики Казахстан – МНГ РК
|
Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігі – ҚР МГМ
|
Министерство по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан – МЧС РК
|
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі – ҚР ТЖМ
|
Министерство юстиции Республики Казахстан – МЮ РК
|
Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi – ҚР ӘдМ
|
Агентство Республики Казахстан по регулированию естественных монополий
|
Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігі
|
Агентство Республики Казахстан по управлению земельными ресурсами
|
Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару агенттiгi
|
Агентство Республики Казахстан по защите конкуренции (Антимонопольное агентство)
|
Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік)
|
Агентство РК по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства
|
Қазақстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері агенттігі
|
Агентство Республики Казахстан по делам религий
|
Қазақстан Республикасының Дін істері жөніндегі агенттігі
|
Агентство Республики Казахстан по статистике
|
Қазақстан Республикасының Статистика агенттiгi
|
Национальное космическое агентство Республики Казахстан
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі
|
Агентство Республики Казахстан по делам спорта и физической культуры
|
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі
|
Агентство Республики Казахстан по борьбе с экономической и коррупционной преступностью
|
Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі
|
Агентство Республики Казахстан по атомной энергии
|
Қазақстан Республикасының Атом энергетикасы агенттігі
|
Комитет национальной безопасности
|
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
|
Генеральная прокуратура
|
Бас прокуратура
|
Тапсырма: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік органдарының атауларын оқып шығып, есте сақтаңыз.
4 – С А Б А Қ
Қазақстан Республикасы Iшкі істер министрлігінің құрылымы
/комитеттер, департаменттер, басқармалар/
Руководство
|
Басшылық
|
Комитет внутренних войск МВД РК
|
Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлер комитеті
|
Комитет административной полиции
|
Әкімшілік полиция комитеті
|
Комитет миграционной полиции
|
Көші-қон полициясы комитеті
|
Комитет уголовно-исполнительной системы
|
Қылмыстық- атқару жүйесі комитеті
|
Комитет дорожной полиции
|
Жол полициясы комитеті
|
Комитет криминальной полиции
|
Криминалдық полиция комитеті
|
Комитет по борьбе с наркобизнесом
|
Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитеті
|
Следственный комитет
|
Тергеу комитеті
|
Штаб-Департамент
|
Штаб департаменті
|
Департамент собственной безопасности
|
Өзіндік қауіпсіздік департаменті
|
Юридический департамент
|
Заң департаменті
|
Департамент кадровой работы
|
Кадр жұмысы департаменті
|
Департамент технической службы
|
Техникалық қызмет департаменті
|
Департамент тыла
|
Тыл департаменті
|
Департамент финансового обеспечения
|
Қаржымен қамтамасыз ету департаменті
|
Департамент оперативного планирования
|
Жедел жоспарлау департаменті
|
Контрольно-ревизионнное управление
|
Ішкі бақылау басқармасы
|
Оперативно-криминалистический департамент
|
Жедел-криминалистикалық департамент
|
Информационно-аналитический центр
|
Ақпараттық-аналитикалық орталығы
|
Департамент государственного языка и информации
|
Мемлекеттік тіл және ақпарат департаменті
|
Управление документационного обеспечения
|
Құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасы
|
ГУ «Учреждение автотранспортного обслуживания» МВД РК
|
ҚР ІІМ «Автокөліктік қызмет көрсету мекемесі» ММ
|
«Медиа-центр» органов внутренних дел РК
|
Қазақстан Республикасы ІІО-ның «Медиа-орталығы" ЖШС
|
Комитет атаулары:
1. Тергеу комитеті
2. Әкімшілік полиция комитеті
3. Криминалдық полиция комитеті
4. Ішкі әскерлер комитеті
5. Жол полициясы комитеті
6. Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитеті
7. Көші-қон полициясы комитеті
8. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті
Департамент атаулары:
Штаб департаменті
Өзіндік қауіпсіздік департаменті
Кадр жұмысы департаменті
Мемлекеттік тіл және ақпарат департаменті
Заң департаменті
Техникалық қызмет департаменті
Тыл департаменті
Қаржымен қамтамасыз ету департаменті
Жедел-криминалистикалық департаменті
Жетінші департамент
Оныншы департамент
Дербес басқармалар атаулары:
1. Құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасы
2. Ішкі бақылау басқармасы
3. «Интерпол» Ұлттық Орталық бюросы
4. Екінші арнайы басқарма
5. «А» басқармасы
6. «Автокөліктік қызмет көрсету мекемесі» ММ
1-тапсырма: Қысқарған сөздерді толық жазып, олармен сөйлем құрастырыңыз.
ІІМ ____________________________________________________
ӘПК ___________________________________________________
КПК ___________________________________________________
ТК ___________________________________________________
ІӘК ___________________________________________________
ЖПК ___________________________________________________
КЖД ___________________________________________________
ШД __________________________________________________
ӨҚД __________________________________________________
МТАД _________________________________________________
ТҚД ___________________________________________________
ЛАУАЗЫМДАР
Министр
|
Министр
|
Министрдің бірінші орынбасары
|
Первый заместитель Министра
|
Министрдің орынбасары
|
Заместитель Министра
|
Аппарат басшысы
|
Руководитель Аппарата
|
Комитет төрағасы
|
Председатель комитета
|
Комитет төрағасының орынбасары
|
Заместитель председателя комитета
|
Департамент бастығы
|
Начальник департамента
|
Департамент бастығының орынбасары
|
Заместитель начальника департамента
|
Басқарма бастығы
|
Начальник управления
|
Бөлім бастығы
|
Начальник отдела
|
Аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл
|
Старший о/у по ОВД
|
Ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспектор
|
Старший инспектор по ОП
|
Аға жедел уәкіл
|
Старший о/у
|
Аға инспектор
|
Старший инспектор
|
Жедел уәкіл
|
о/у
|
Инспектор
|
Инспектор
|
Аса маңызды істер жөніндегі аға тергеуші
|
Старший следователь по ОВД
|
Аға тергеуші
|
Старший следователь
|
Тергеуші
|
Следователь
|
2-тапсырма: Оқыңыз. Аударыңыз.
Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары, тергеу бөлімшесінің аға тергеушісі, анықтау бөлімінің анықтаушысы, басқарма бастығының орынбасары, кезекші бөлім кезекшісінің көмекшісі, жедел уәкіл, криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі, кадр және тәрбие жұмысы жөніндегі бөлімнің инспекторы, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспектор, мамандандырылған күзет қызметі.
3-тапсырма: Сіз қай салада кім болып қызмет атқарасыз? Өз қызметіңіз туралы қысқаша айтып беріңіз.
АРНАУЛЫ АТАҚТАР
Қатардағы құрам
|
Рядовой состав
|
Қатардағы полицей
|
Рядовой полиции
|
Кіші басшы құрам
|
Младший начальствующий состав
|
Полиция кіші сержанты
|
Младший сержант полиции
|
Полиция сержанты
|
Сержант полиции
|
Полиция аға сержанты
|
Старший сержант полиции
|
Полиция старшинасы
|
Старшина полиции
|
Орта басшы құрам
|
Средний начальствующий состав
|
Полиция кіші лейтенанты
|
Младший лейтенант полиции
|
Полиция лейтенанты
|
Лейтенант полиции
|
Полиция аға лейтенанты
|
Старший лейтенант полиции
|
Полиция капитаны
|
Капитан полиции
|
Аға басшы құрам
|
Старший начальствующий состав
|
Полиция майоры
|
Майор полиции
|
Полиция подполковнигі
|
Подполковник полиции
|
Полиция полковнигі
|
Полковник полиции
|
Жоғары басшы құрам
|
Высший начальствующий состав
|
Полиция генерал-майоры
|
Генерал-майор полиции
|
Полиция генерал-лейтенанты
|
Генерал-лейтенант полиции
|
Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Қазіргі арнаулы атағыңыз қандай?
2. Бұрынғы атағыңыз қандай болды?
3. Кезекті арнаулы атағыңыз қандай болады?
5 - С А Б А Қ
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің
тарихы туралы
I. 1992 жылы 23 маусымда Жоғарғы Кеңес «Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары туралы» Заңын қабылдады, кейіннен «Қазақстан Республикасының Ішкі әскерлері туралы» Президенттің Жарлығы шықты.
Полиция негізгі күшін ұйымдасқан қылмысқа, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне, заңсыз көшіп-қонуға қарсы күреске, сонымен бірге көшедегі, қоғамдық орындардағы тәртіпсіздіктің алдын алуға жұмылдырды.
1995 жылы «Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы» Заң қабылданды. Сонымен қатар, полиция өзге міндеттерден босатылды. Қылмыстық-құқықтық статистика, криминалистік сараптама өндірісі, экономикалық қылмысқа қарсы күрес, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары өзге мемлекеттік органдардың құзыреттеріне берілді.
1995-1997 жылдары ІІМ-мен қатар жұмыс істеген Мемлекеттік тергеу комитеті жүйесі қысқартылды, ал оның қылмысты ашу және тергеу бойынша міндеті Ішкі істер министрлігіне қайтарылды. Ішкі істер құрамында әскери қалыптасу мәртебесі бар криминалдық полиция, әкімшілік полиция және өзге қызметтер, сонымен қатар әскери-тергеу органдары мен ІІМ әскери полициясы құрылды.
1995 жылы ІІМ-нің құрамындағы өрт қауіпсіздігі қызметі Мемлекеттік төтенше жағдайлар комитетіне берілді.
2004 жылдан бастап экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес функциясы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне берілсе, ал Әділет министрлігіне криминалдық сараптама, пенитенциарлық жүйе, жұртшылықты құжаттандыру қызметтері берілді.
Сөздік
Жоғарғы кеңес – Верховный совет
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес – борьба с организованной преступностью
Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес – борьба с наркоманией и наркобизнесом
Заңсыз көшіп-қону – незаконная миграция
Көшедегі, қоғамдық орындардағы тәртіпсіздік – беспорядки на улицах и общественных местах
Жұмылдыру – мобилизация, привлечение
Қылмыстық-құқықтық статистика – уголовно-правовая статистика
Криминалистикалық сараптама өндірісі – производство криминалистической экспертизы
Құзырет – компетенция
Әскери-тергеу органдары – военно-следственные органы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – борьба с коррупцией
Пенитенциарлық жүйе – пенитенциарная система
Жұртшылықты құжаттандыру қызметтері – служба документирования населения
Сұрақтарға жауап беріңіз.
«Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы» Заң қай жылы қабылданды?
1995-1997 жылдары қандай міндеттер Ішкі істер министрлігіне қайтарылды?
1-тапсырма: Көп нүктенің орнына керекті қазақ тіліне тән дыбыстарды қойып, көшіріп жазыңыз.
Жо...арғы Ке...ес, Президентті... Жарлы...ы, қ...жаттандыру қызметтер..., қо...амдық орындарда...ы т...ртіпс...здік, ...йымдасқан қылмыс...а қарсы к...рес, криминалист...к сараптама, за...сыз к...шіп-қону, ...скери-тергеу органдары.
2-тапсырма: Берілген тіркестерді орыс тіліне аударыңыз.
Президенттің Жарлығы, өзге міндеттерден, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ішкі істер құрамында, әскери-тергеу органдары, төтенше жағдайлар комитетіне.
3-тапсырма: Мәтіннен сан есімдерді тауып, жазумен жазыңыз.
II. 2011 жылы халықты құжаттандыру және тіркеу жұмыстары ІІМ-ге қайтарылған. Оның ішінде заңсыз көші-қонға қарсы күрес, оралмандар, босқындар мәселесі ІІМ-ге жүктелді. Көші-қон полициясы комитеті құрылып, әділет органдарының қарамағында болған халықты құжаттандыру және тіркеу функциясы Комитетке берілді.
2001 жылы қылмыстық-атқару жүйесі Әділет министрлігіне берілген болатын, ол 2011 жылдың тамыз айынан бастап Ішкі істер министрлігіне қайтарылды.
ІІМ ведомстволық білім беруін одан әрі жетілдіре түсу үшін шаралар қабылдауда.
ІІМ-нің Семей, Шымкент және Алматы қалаларындағы училищелердің базаларында офицерлік құрамды дайындау және олардың біліктілігін арттыру мақсатында үш оқу орталығы ашылды. Ал Ішкі істер департаменттерінің жанындағы училищелер қатардағы және басшы құрамды даярлайды.
Ведомстволық ақпараттық жүйелерді, деректер базасы мен жедел есепке алу жұмыстарын жақсарту үшін ІІМ-нің орталық аппараты құрылымында Ақпараттық-аналитикалық орталық құрылған.
Ұйымдасқан қылмысқа және экстремизмге қарсы күрестің тиімділігін арттыру мақсатында Криминалдық полиция комитетінде Экстремизмге қарсы күрес басқармасы ашылды.
2011 жылғы 3 желтоқсандағы Үкімет қаулысымен аумақтық арнайы полицияның бөліністері таратылып, өңірлік объектілерге стратегиялық және режимдік қызмет қызмет көрсету функциялары аумақтық ішкі істер департаменттеріне берілді.
Сөздік
Босқындар – беженцы
Біліктілігін арттыру мақсатында – в целях повышения квалификации
Экстремизмге қарсы күрес – борьба с экстремизмом
Тиімділікті арттыру мақсатында – в целях повышения эффективности
Ведомстволық-ақпараттық жүйелер – ведомственно-информационные системы
Жедел есепке алу – оперативный учет
Аумақтық арнайы полицияның бөліністері – территориальные подразделения специальной полиции
1-тапсырма: Берілген сөздерден сөз тіркесін құрастырыңыз.
ақпараттық-аналитикалық
|
көші-қонға
|
экстремизмге
|
есепке алу
|
қылмыстық-атқару
|
қарсы күрес
|
біліктілігін
|
базасы
|
заңсыз
|
жүйесі
|
деректер
|
арттыру мақсатында
|
жедел
|
қабылдауда
|
шаралар
|
орталық
|
2-тапсырма: Берілген сөздер мен тіркестерден сөйлем құрастырыңыз.
1. Халықты құжаттандыру, 2011 жылы, тіркеу жұмыстары, және, ІІМ-ге қайтарылған. 2. Оның ішінде, қарсы күрес те, босқындар ІІМ-ге жүктелді, заңсыз көші-қонға, оралмандар. 3. ІІМ, одан әрі, үшін, шаралар қабылдауда, ведомстволық білім беруін, жетілдіре түсу.
3-тапсырма: Келесі сөздерге сұрақ қойып, септігін анықтаңыз.
Халықты, экстремизмге, органдарының, біліктілігін, айынан, қаулысымен, көші-қонға.
III. Алматы қаласындағы алғаш метрополитеннің іске қосылуына байланысты Алматы қаласы ІІД-де Метрополитендегі ішкі істер басқармасы құрылды.
2010 жылдың қарашасында көлік құралдарын мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу функциясы бәсекелестік ортаға жүктелді. Тексерісті жүргізу – Көлік және коммуникация министрлігінің құзыретінде. Байқаудың уақтылы өтуін жол полициясы қадағалайды.
Медициналық айықтырғыштар денсаулық сақтау органдарына берілсе, ал Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтары білім беру жүйесінің қарамағына берілді.
Облыс орталықтарында криминогендік аудандарды барынша бейнебақылауға алу арқылы оқиғалар мен қылмысқа жедел ден қоюға мүмкіндік беретін жедел басқарма орталықтары жұмыс істей бастады. Станционарлық полиция бекеттері құрылды.
Тұрмыстық қылмыстың алдын алуда және әйелдердің құқығын, заңды мүддесін қорғау төңірегінде 1998 жылы ішкі істер органдарында әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөліністер ашылды. Тәуелсіздік жылдарында 400-ден аса полиция және ішкі әскерлердің қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды, олардың ішінде марқұм болған 87 қызметкер бар. Қазақстандық полиция қызметтік міндеттерін атқару барысында қаза болған 682 қызметкерінен айырылған. Қызметтік міндетін атқару барысында террористі тоқтату үшін жанын пида еткен Жамбыл облысы Ішкі істер департаменті жол полициясы жеке батальоны 1-взводының командирі, полиция капитаны батырымыз Ғазиз Байтасовқа «Халық Қаһарманы» атағы берілді.
Сөздік
Бәсекелестік орта – конкурентоспособная среда
Медициналық айықтырғыштар – медицинские вытрезвители
Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтары – центры временной изоляции, адаптации и реабилитации несовершеннолетних
Бейнебақылаулар – видеонаблюдения
Станционарлық полиция бекеттері – стационарные полицейские посты
Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөліністер – подразделения по защите от насилия женщин
1-тапсырма: Берілген сөздерден сөйлем құрастырыңыз.
Байқаудың, қадағалайды, жол полициясы, өтуін, уақтылы. Тәуелсіздік жылдарында, мемлекеттік наградалармен, және, ішкі әскерлердің қызметкерлері, марапатталды, 400-ден аса полиция. Станционарлық, бекеттері, құрылды, полиция.
2-тапсырма: Тақырып бойынша мәтінге сұрақтар құрастырып, оларға жауап беріңіз.
3-тапсырма: Берілген етістіктерге антонимдер жазыңыз.
Бастады, берілді, құрылды,ашылды.
6 – С А Б А Қ
ҚАЗАҚСТАН ПОЛИЦИЯСЫ ЖАҢА ДӘУІРДЕ
Қазақстан полициясы
Республикамыздың Жоғарғы Кеңесі тәуелсіз мемлекетіміздің ішкі істер органдары туралы тұңғыш Заңды қабылдады. Сөйтіп, егемен еліміздің ішкі істер органдарының полиция қызметкерлері қылмысқа қарсы күресте, қоғамдық тәртіпті сақтауда, қиындықтарға қарамастан, уақытпен санаспай, жан аямай қажырлы қызмет атқаруда.
Қазақстан полициясының қызметкерлері Қазақстан Республикасында қоғамдық тәртіпті сақтауды және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Ішкі істер органдары өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік актілерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдері мен өзге міндеттемелеріне сәйкес жүзеге асырады.
Сөздік
Жоғарғы кеңес – Верховный совет
Тәуелсіз мемлекет – независимое государство
Тұңғыш Заң – Первый Закон
Құқықтық негіз – правовая основа
Қылмысқа қарсы күрес – борьба с преступностью
Қоғамдық тәртіп – общественный порядок
Қоғамдық қауіпсіздік – общественная безопасность
Халықаралық келісім – международное соглашение
Үкімет – правительство
Міндеттеме – обязательство
Сәйкес – соотвествующий, подходящий, адекватный, соответственно
Саясат – политика
Атқарушы – исполнительный
Көзделген – предусмотренный
Шеңберінде, аясында, шегінде – в пределах, в рамках
Қажырлы – упорный
Санаспай – не считаясь
1-тапсырма: Мәтінге сұрақтар құрыңыз.
2-тапсырма: Қарамен жазылған сөздердің қай септікте тұрғанын анықтаңыз.
3-тапсырма: Мәтінді оқып, әңгімелеп беріңіз.
Грамматикалық тақырып: Сөз, cөз тіркесі, сөйлем.
Тіл дыбыстары сөзді, сөздер сөз тіркесін, сөз тіркестері сөйлемді, сөйлемдер жүйелі хабарды құрайды.
Сөз сараланған ұғымды, белгілі бір мағынаны білдіреді. Сөздер мағыналық үйлесімділігіне қарай сөйлем ішінде айтылады. Сөздер қажеттіктен өзара тіркеседі, тіркесу арқылы сөйлемге енеді. Бұған қарағанда, сөз тіркесі – сөйлем құраудың негізі. Кез-келген сөзді бір-бірімен тіркестіре салуға болмайды. Өзара мағыналық байланыста айтыла алатын сөздер ғана белгілі бір сөз тіркесінің құрамында айтылады. Мысалы, тергеу ұғымды да, қимылды да білдіреді. Ол сөздерді тергеу ісі, тергеу әрекеті, тергеу басқармасы, тергеу бөлімі дегендей сөз тіркесінің құрамында айтуға болады, ал тергеу тінту, тергеу тарту, тергеу адамы деп айтуға болмайды. Тиянақты ойды білдіретін бір сөзді немесе бірнеше сөз тіркесін сөйлем дейміз.
Мысалы: Қайрат Мұратов облыстық тергеу басқармасының бастығы болып қызмет атқарады.
Сөйтіп, сөз тіркесінің құрамына өзара тіркесу қабілеті бар сөздер енеді. Сөз тіркесі толық мағыналы екі сөзден құралған болады немесе оның бір сыңары, кейде екеуі де, көп сөзден құралған күрделі болады.
Мысалы:
Жай сөз Күрделі
тіркестері сөз тіркестері
тергеу басқармасы облыстық тергеу басқармасы
тергеу тобы жедел-тергеу тобы
полиция майоры полиция генерал-майоры
сот отырысы жабық сот отырысы
қылмыстық іс қылмыстық іс қозғалды
4-тапсырма: Төмендегі сөздерден сөз тіркесін жасаңыз.
Үлгі: Арызданушы құқығы, ұзақ мерзімді іссапар
Арызданушы, іссапар, кінә, үкім, талап, тәркілеу, дәлел, алаяқ, іс, оқиға.
5-тапсырма: Берілген сөздерден сөйлем құраңыз.
Ұрлап кеткен, белгісіз біреу, бұзып, пәтерден, мүлкін, 15 000 теңгені құрайтын, сыртқы есікті, Қарағанды қаласында. Шараларын, барысында, ұсталды, іздестіру, жүргізу, күдікті. 25 жастағы, бұрын, істемейтін, азамат, жұмыс, шықты, қазір, болып, ол, сотталған, ешқайда. Алынды, дәлелдеме, заттай.
6-тапсырма: «Қазақстан Республикасы полиция қызметкерлерінің міндеті» тақырыбына шағын әңгіме құраңыз.
7-тапсырма: Берілген сөздерді қолданып, сөйлем құраңыз.
Полиция қызметкерлері, тұңғыш, заң, құқықтық негіз, қылмысқа қарсы күрес, құқық қорғау, қоғамдық тәртіп, қоғамдық қауіпсіздік, міндеттеме.
7 – С А Б А Қ
Саптық дайындық, саптық байқау өткізудегі
жалпы талаптар
Сап – полиция қызметкерлері (әскери қызметші) мен бөлімдердің өзара іс-қимыл жасау үшін жаяу тәртіптегі және машинадағы Жарғымен белгіленген орналасуы.
Қатар – қатарда белгіленген бір сызық бойында қызметшілердің біреуі екіншісінің қасында орналасқан сап.
Сап қапталдары – саптың оң (сол) жақ шеті. Бұрылыс жасаған кезде сап қапталдарының аттары өзгермейді.
Саптың тыл жағы – маңдайшеп жағына қарама-қарсы жақ.
Аралық – маңдайшеп бойынша қызметшілердің, бөлімшелердің және бөлімдердің арасындағы аралығы.
Сап ені – сап шеттерінің арасындағы аралық.
Саптың ұзындығы – саптың бірінші шетінен (алдыңғы тұрған әскери қызметшіден) саптың соңғы шетіне (соңғы тұрған қызметшіге) дейінгі аралық.
Екі қатарлы сап – бір қатардағы полиция қызметкерлері (әскери қызметші) басқа қатардағы әскери қызметшілердің ту сыртына қарай бір қадам арақашықтықта орналасқан сап (қолын созып, алдында тұрған әскери қызметшінің иығына салу). Қатарлар бірінші және екінші деп аталады. Сап бұрылыс жасағанда қатарлар өзгермейді.
Екі қатарлы сап кері бұрылған кезде толық қатардағы әскери қызметші алдыңғы қатарға ауысады.
Мысалы: «Қатардағы полиция қызметкері (жауынгер) Әлімов. Саптан үш адым алға шық» немесе «Қатардағы полиция қызметкері (жауынгер) Иванов. Бері кел (жылдам кел)»
Мысалы: «Майор мырза, қатардағы полиция қызметкері (жауынгер) Әлімов сіздің бұйрығыңыз бойынша келіп тұр» немесе «Полковник мырза, капитан Алтаев сіздің бұйрығыңыз бойынша келіп тұр».
Мысалы: «Қатардағы полиция қызметкері (жауынгер) Әлімов. Сапқа тұр» немесе тек «Сапқа тұр».
Жарғы – устав
Сап – строй
Қатар – шеренга
Аралық – интервал
Саптал – становись
Тік тұр – смирно
Оңға – направо
Солға – налево
Айнал – кругом
Еркін тұр – вольно
Адымда – марш
Тоқта – стой
Саптық дайындық – строевая подготовка
Саптық байқау – строевой смотр
Саптық тұрыс – строевая стойка
Арақашықтық – дистанция
Сап ені – ширина строя
Саптың ұзындығы – глубина строя
Екі қатарлы сап –двухшеренговый строй
Сапқа тұр – стать в строй
Құп болады – есть
Саптан шық – выйти из строя
Саптан шығу үшін берілетін пәрмен:
Қатардағы полиция қызметкері Әлімов.
Мен.
Саптан үш адым алға шық.
Полиция лейтенанты Бейсенов.
Мен.
Бері кел (жылдам кел).
Құп болады.
Баяндау:
Майор мырза. Қатардағы полиция қызметкері Әлімов Сіздің бұйрығыңыз бойынша келіп тұр.
Полковник мырза, капитан Алтаев Сіздің бұйрығыңыз бойынша келіп тұр.
Сапқа қайту үшін берілетін пәрмен:
Қатардағы полиция қызметкері Әлімов.
Мен.
Сапқа тұр.
Құп болады.
Орнында тұрғандағы және қозғалыс кезіндегі бұрылыстар бойынша берілетін пәрмен: «Оңға», «Солға», «Айнал».
Саптық тұрыс «Саптал», «Тік тұр», «Еркін тұр» пәрмендері бойынша қабылданады.
Пәрмен – команда
Саптық адым – строевой шаг
Жорықтық адым – походный шаг
Арақашықтық – дистанция
Салтанатты шеру – торжественный парад
Достарыңызбен бөлісу: |