Сан категориясы
|
Сапа категориясы
|
Қатынас атегориясы
|
Модальдық категориясы
|
Бірлік
|
Нақтылық (реальность)
|
Субстанциональдық (Уақытша бәсеңдейтін жеңіл-желпі заттардың қасиеті)
|
Мүмкіндік және мүмкін еместік.
|
Көптік
|
Терістеу
|
Себеп және салдар
|
Өмір сүру және өмір сүрмеу
|
Тұтастық
|
Шектеу
|
Әрекеттестік (екі жақтың өзара қатынасы)
|
Қажеттілік пен кездейсоқтық
|
Бұл сатыда априорлы категориялар арқасында жаңа реттелген түйсіктер жиынтығы қорытындыланып, тұжырымдалып, заңдылыққа бағынып жаңа білім пайда болады. Осы екі сатыдан шығатын білімді ─ транцендентальдық білім дейді. Транцендентальдық дегеніміз ─ логикалық ойлаудан, тәжірибеден тыс, заттың өзін емес, априорлы танып-білу мүмкіндігінің осы затты қандай деңгейіне дейін түсінуін айтады.
Ақыл-ойдың таза түрі жоғары идеялар, мысалы, Құдай идеясы, жан идеясы, дүниенің мәні идеясы, т. б. Философия ─ Канттың пікірінше, жоғарғы мәлімет идеясы туралы ғылым. Таза ақыл-ой тануға болмайтын әлемдi, «өзіндік заттардың мәнін, табиғатын түсінуге» ұмытылады, бұл қайшылыққа, қиялға, антиномияға алып келеді.
Кант адам мінезін, парызын және құдайдың барлық мәселелерін өзінің «Практикалық ақыл-ойға сын» еңбегінде талдайды. Оның «таза ақыл-ойы», «практикалық ақыл-ойды» құруға қажетті негіз болды. Мораль қандай болу керек? Адамның әдептілігі, оның мінез-құлқы дегеніміз не? Таза әдептілік – қоғам санасындағы адамгершіліктің барын мойындауы, яғни әр жеке адамның оны өз бойына біткен қасиет ретінде түсінуі. Таза әдептілік пен нақты өмірдегі адамның мүддесі, іс-әрекеті (қылығы), ниеті арасында өте күшті қайшылық бар. Ал мораль адамның мінез-құлқынан, қоршаған ортадан тәуелсіз, тек моральдық заңға ғана бағынуы керек. Канттың пікірінше, мораль абсолюттi және міндетті.
Жоғарғы және сөзсіз орындалатын, бәріне бірдей әдептілік заңын ол – әдептілік императиві деп атады. Кант: «Жалпыға тән заңға айналғанын, өзің қалай алатын ұстанымды ғана өзіңе жетекшілікке ала отырып әрекет ет»1 – дейді. Әдептілік императиві – қоғамда қалыптасқан әдептілік заңдарын сыйлау, өз міндетіңді өтеу, сол ғана әдептілік іс болып саналады. Ол адамдардың игіліктерге, бақытқа ұмытылуын немесе сүйіспеншілік, жақсы көру секілді адамға тән құбылыстарды әдептілік императив шеңберіне енгізбейді. Әдептілік пен әдепсіздік арақатынасында тәжірибе көрсеткендей сәйкестік жоқ. Өмірдегі ең бір үлкен табыс пен олжаға әдепсіз, көргенсіз, адамдық қасиеті жоқ жандар жететіндіктен, әдепті жандар шет қалып отыр. Бұл біздің әдептілік санамызға қарсы келетіндіктерін, әділеттіктің кепілі – Құдай дейді.
Адамның мінез-құлқы, іс-әрекеті басқалар үшін үлгі болуы керек. Адам ─ басқа адамға ойланушы жан не өте сирек тұлға ретінде саналуы керек, сөйтіп жәй құрал ретінде қаралмауы тиiс, оның «Пайымдау қабілетіне сын» еңбегінің негізгі идеясы – жалпылық мақсат идеясы.
Достарыңызбен бөлісу: |