Тарих философиясында
1. Адамзаттың тарихын кездейсоқ оқиғалардың тізбегі немесе ұлы адамдардың өмірінің тарихы емес, заңды процесс деп көрсетті.
2. Географиялық ортаның рөлі жөнінде, экономика жөнінде, әлеуметтiк таптардың күресі және басқалар жайында бірсыпыра қызықты идеялар айтты.
3. Мемлекеттің кемеліне келіп гүлденуінің негізгі шарты-ерікті жекеменшіктің дамуымен байланысты деп санады.
Л. Фейербах 1804 жылы Лансугутта туып, 1872 жылы Нюренберг қаласының маңында, Рейхенберг деген жерде қайтыс болған. Негізгі еңбектері: «Христиан дінінің мәні», «Діннің мәні», «Гегельге қарсы сын». Философияға Гегельдің идеалистік философиясын сынау арқылы келеді. Фейербах: «Гегель нақты ойлауды нақты адамнан айырып, шындықты жасаушыға айналдырды», – дейдi.
Фейербахтың пікірінше, жаңа философия ─ теологиялық емес, антропологиялық болуы керек. Антропологизм – адам мен табиғаттың айырғысыз бірлікте және адамды табиғаттың жемісі деп қарау. Антропология – адамның биологиялық жақтарын зерттейтін ғылым. Табиғат рухтың негізі болғандықтан, ол философияның да негізі. Табиғаттан сезім мен ақыл-ой дарыған. Адам жер бетіндегі тірі жан, табиғаттың бір бөлігі екенін мойындай отыра, оны қоғам мен тарих дамуынан тыс, абстракты түрде алып қарайды. Адам мен табиғаттың өзара әрекетінің негізі, қоғамдық-тарихи практика екенін түсінбеді.
Таным туралы. Фейербах: «Дүниені танып білу, дүниенің өзі секілді шексіз. Таным сезімнен басталады, шындықтың дәйегі – іштей туған сапа». Қоршаған ортаны тануға болады, ақыл-ойдың мүмкіндігі шексіз. Бірақ, бұл бірден пайда болмайды, ол адамның эволюциялық дамуы, тәжірибенің жиналуы, ғылыми-техниканын өсуіне байланысты болады. Фейербах: «Біз танымағанымызды, біздің ұрпағымыз таниды»1 – дейді. Фейербахтың бүкіл материализмі секілді, таным теориясы да сырттай пайымдаушылық сипатта болды – бұл практикалық іс-әрекет рөлінің маңызын түсінбеушілік. Ойлау адамнан тыс және одан тәуелсіз өмір сүре алмайды. Ол адам миымен ажырамас байланыста болады. Тарихты түсінуде тарихи процестің қозғаушысы деп объективтi заңды емес, ақыл-ойды мойындайды.
Фейербах: «Адамның өзіннің түпкі төркіні – санасына байланысты, дін адамды емес, адам дінді жасайды» – деді. Адам қандай болса құдайы сондай деп, Фейербах діннің негізін қиялдан (фантазиядан) іздейді. Фейербах материализмнің күшті жағы – оның дінмен ашық күресіп, діннің психологиялық түп-тамырын ашып беруiнде. Құдайы бар дінді жойып, оның орнына құдайсыз, адамдардың сүйiспеншiлiгiне негiзделген жаңа дінді жасауды ұсынды.
Достарыңызбен бөлісу: |