НиколайКоперник (1473-1543 жж.) поляк астрономы, әлемнің гелиоцентрлік жүйесін жасаушы. Негізгі еңбегі – «Аспан денелерінің айналуы туралы». Схоластар және шіркеу өкілдерінің орта ғасырлық дәстүріндегі Аристотель – Птолемейдің геоцентристік теориясына қарсы шықты. Жердің күнді айналуы және жердің бір тәулік ішінде өз кіндігін айналып шығуы туралы теориясын ежелгі грек ғалымы, Аристрах Самоскийдің пікіріне сүйеніп ұсынды:
– Жер әлемнің орталығы емес. Күн жерге қарағанда ортада тұр, Жер Күнді айналады;
– Барлық ғарыштық денелер өзінің траекториясы бойынша жылжиды. Ғарыш шексіз;
– Ғарыштағы процестер, табиғи көзқарас бойынша түсінікті, «қасиеті» қағидалар мәтінінде түсініксіз.
Джордано Бруно (1548-1600 жж.). Оның орталық категориясы біртұтастық, ол бір мезгілдегі болмыстың болу себебі және болмыс заттарының өзі. Бруно: «Табиғат деген ол заттардағы құдай, табиғаттың өзі құдай не құдай заттардың ішінде»,- дейді. Тұтастық материя түрімен үйлеседі, ал руханилығы денемен сәйкес болады. Материяға келетін болсақ, ол бұл жағдайда әлемдік заттардың басы мен соңы болады. Онда түр пайда болып және жоғалады, материяның өзі мәңгілік, «себепсіз себеп» бола береді.
Табиғат өздігінен табиғи қозғалыста болады. Күн жерге қарағанда ортада, бірақ әлем дүниесінің ортасы емес, әлем – шексіз. Әлем дүниесі галактикадан тұрады. Барлық аспан денелері және ондағы бардың бәрінің қозғалу қасиеті бар. Әлем дүниесінен бөлек құдай жоқ. Бруноның көзқарасын шіркеу идеологтары аса жек көрді. Ол 1592 жылы түрмеге жабылды. Инквизация одан өз көзқарасынан бас тартуды ұсынды. Ол көнбеді. 1600 жылы Римде Орталық «Гүл» алаңында оны отқа өртеп жіберді. Негізгі еңбектері: «Себептілік бастама және біртұтастық туралы», «Әлемнің және заттардың шексіздігі туралы».
XVII ғасырда материализмнің жаңа отаны, Англия болды. Бұл буржуазиялық революция жасаған алғашқы елдердің бірі еді. Жаңа заман материализмінің негізін салушы, схоластикаға қарсы шыққан Фрэнсис Бэкон (1561-1626). Ол Жаңа Заман материализмі мен тәжірибелік ғылымының негізін қалаушы, «білім – күш, күш –білімде» деген қағиданы насихаттады. Оның еңбектері: «Ғылымдар табысы;», «Жаңа Органон», «Жаңа Атлантида».
Ф. Бэкон Лондонда жоғарғы қызметкердің отбасында дүниеге келді. 20 жыл бойы оның әкесі мөр сақтаушы болып, өмірінің соңына дейін мемлекет орындарында қызмет атқарады. Шешесі Анна Кук өте білімді болған, ежелгі грек, латын тілдерін, теология және өнерді терең білген. Ағылшын тіліне бірнеше діни шығармаларды аударды. Бэконның өзі 1573 жылы Кембридж колледжін бітірді. Лорд - канцлер дәрежесіне жетті. Ол Аристотель, Платон, Софокл, Эврипид, т.б. ойшылдардың еңбегін оқып, зерттеді. Оларға сыни көзбен қарады.
Бэкон ақиқатқа жету үшін адам ақылында кездесетін жалған пікірдің әр түрлерінен, идолдардан елестерден құтылуды ұсынды. Олелестердің 4 түрін көрсетті: «Тектік» елестер. Ол адам табиғатының өзінен, адам ақылы мен сезім мүшелерінің жетілмеуінен шығады.
«Үңгір» елестері. Ол адамның қоршаған дүниені субъективтік қажеттілік түрде қабылдауымен байланысты.
«Нарық» (немесе базар алаңындағы) елестері, ол дұрыс емес не дәл емес сөздердің нәтижесінде туады.
«Театр» елестері беделге, соның ішінде дәстүрлі философиялық жүйелерге сөзсіз сенуге негізделген.
Ол таным жолындағы кедергілерді алып тастап, адамды жаңа ақиқатты игеруге шақырады. Елестерді жоюдың негізгі құралы ─ тәжірибеге жүгіну және нақты деректерді ғылыми әдіспен талдау дейді. Мұндай бағыты –эмпиризм деп атайды. Ақиқат әдісті таңдау проблемасын Бэкон аллегориялық (әдебиетте, өнерде дерексіз ұғымды деректі, нақты бейнелер арқылы көрсету), әсіресе мысалдарда, ертегілерде көп қолданылатын әдіс-тәсілдермен шешеді. Оның пікірінше, танудың үш жолы бар: өрмекші, құмырсқа және аражолдары. Бұлардың әрқайсында өзінің жағымды және жағымсыз жақтары бар: