Ќазаќстан Республикасы жоѓарѓы оќу орындарныњ ќауымдастыѓы


Прагматизм (гр. pragma іс-әрекет) – бұл ағымның өкілі әрі негізін салушы Чарльз Пирс



бет64/143
Дата10.11.2022
өлшемі450,91 Kb.
#157449
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   143
Байланысты:
ФИЛОСОФИЯ студенттеріме (1)

Прагматизм (гр. pragma іс-әрекет) – бұл ағымның өкілі әрі негізін салушы Чарльз Пирс (1834-1914) және Джемс Уильям (1842-1910). Бұл философияның негізгі принципі: қандай ой-пікір немесе іс-әрекет болса да, егер ол пайда әкелсе – шын, басқаша болса – жалған. Прагматизм ағымының бір түрі – инструментализм (instrumentum- қару), негізін қалаушы американ философы Джон Дьюи (1859-1952). Инструментализм түсінігінде ғылыми заңдар тек қару болып есептелінеді. Инструментализм «қоғамдық прогресс» дегеніміз – нақты межеге жету емес, жәй процесс дейді. Дьюи философиясының бағыты эмпиризм болғандықтан, тәжірибеге көп көңіл аударды. Ол алғашқы түрткі болатын идеяны, тіршіліктің бастапқы себебін іздеу орынсыз дейді.
Герменевтика (грекше germenututios- түсіндіру). Герменевтика ілімі антика заманынан басталған. Оны Аристотель еңбегінің (Об истолковании – Түсіндірме туралы) атауынан-ақ көреміз. Бұл ілімнің мақсаты – мәдениет саласын ғылыми деңгейде тану, кең мағынасында адамның рухани дүниесін түсіну болып саналады. Інжілдің мәтіндерін талдауға арналған Реформация кезеңінде (ХVI) гермевтиканың рөлі арта түсті. Герменетивканың қазіргі замандағы философиялық бастауын жасағандар Ф. Шлегель, Ф. Шлейермахер, бұл ілімді ары қарай дамытқан және оған зор әсер еткен ойшылдар: В. Дильтей, Г. Зиммель, Э. Гуссерль, М. Шеллер, Э. Бетти, Г. Гадамер, М. Ландман, Г. Рикер, М. Хайдеггер.
Неопозитивизм методологиясының орнына 60-70 жылдары постпозитивизм ағымы дамыды. Ол ғылыми білімді бірін-бірі алмастырған теориялар арқылы өсетін, жинақталып өзгеретін деп санап, логикалық позитивизмнің кей сұрақтарынан алшақтап кетті. Өкілдері: К. Поппер (1902-1994), Томас Кун Сэмюэл (1922), Лакатос Имре (1922-74).
Постпозитивизмнің пайда болуы К. Поппердің «Ғылыми жаңалық ашу логикасы» және Т. Кунның «Структура научных революций» деген еңбектерімен байланысты. Рационализм ағымы өкілдерінің түсінігі бойынша, ғалымның мінез-құлқының ерекше қағидасы: олар өздерінің ғылыми болжам (гипотеза) қорытындысының жалған болуынан ешуақытта қорықпауы керек. Сыни рационализм демек, факті мен ғылыми әдістемелікке сүйенген сынға ашық болу керек. Сол үшін өзіне фальсификация (лат falsus – жалған және fasio- істеймін) қағидатын қосады. Фальсификаци я– бекерге шығару арқылы дәлелдеу. Ол ойдың қисынды немесе қисынсыздығын байқау арқылы шешіледі. Бұл қағиданы Поппер ғылымды метафизикадан шектеудің белгісі (критерий) әрі неопозитивизмдегі верификация әдісіне балама ретінде ұсынды. Оның ойынша, ғылым заңдарын бақылауға болмайды, олар верификациялауға жатпайды. Ғылым үшін верификация принципі емес, фальсификация принципі қажет, яғни ғылыми деген сенімді идеяны қалай да болмасын жалғанға шығарып, жалғанға шықпаған ғылыми жобаны ─ ақиқат деп санауды ұсынады.
Постпозитивизмнің өкілі Т. Кун ғылым тарихы ғылыми қауымдастықтардың бәсекелестігі, алма-кезек күресінің нәтижесі дейді. Негізгі рөлді логика мен методология нормалары емес, парадигмалар (сөздердің үлгісі), қауымдастықтың қабылдаған және ғылыми дәстүрдің өмір сүруін қамтамасыз ететін сенімдер, құндылықтар, техникалық құралдарының жиынтығын білдіреді. Кун ғылым дамуындағы сабақтастықты мойындамайды, әрбір теорияны тәуелсіз, басқамен сыйыспайды дейді. «Парадигма» деген ұғым қазіргі замандағы постпозитивизмде ең маңызды түсінік болып саналады. Парадигма ─ барлығының ғылыми жетістіктерді мойындауы, бір берілген уақытта мәселелер мен шешімдерді қоюдың моделі. Ғылым дамуының негізгі сәттері ғылыми революция арқылы, секірмелі процесс ретінде іске асады. Т. Кун ғылымға, оның философиялық мәнін түсінуге өте зор үлес қосты. Ол ғылым дамуы және ғылымдардың қызметі туралы біздің түсінігімізді тереңдетті, ғылым дамуының кейбір диалектикалық сипатын ашты.
И. Лакатос теорияларды емес, бірнеше жеке теорияларды қамтитын ғылыми-зерттеу жоспарларын салыстыруды ұсынады. П. Фейерабенд ғылымның иррационалдық миф пен діннен ешбір айырмашылығының жоқ екенін айтады. Ол «методологиялық анархизм» теориясын жасады. Онда ол ғылымда ешбір тиянақты өлшем жоқ, оларды біз жасаймыз және уақытқа байланысты өзгертіп отырамыз дейді. Постпозитивистердің пікірінше, ғылыми білімнің мақсаты объективтік ақиқатқа жету емес, белгілі бір міндетті орындау. Мысалы, жәй және нақты теория құрастыру. Ақиқат ұғымы сенімге, мүддеге, т.б. алмастырылады. Постпозитивистер неопозитивистердің ғылыми әдістемелік талдау түсінігін сынайды, бірақ логикалық позитивизмнің ұмтылыстарымен жалпы байланысты үзбейді, одан талдау жолдарын алады, эмпиризмді жақсартып, философиялық мәселелерді тіл саласына аударады. Бүгінде постпозитивизм өз мәнін жоғалтты. Бұл жалпылай мойындалған ғылымның даму теориясының жасалуы және ағымның тұйыққа тірелуіне байланысты болды. Постпозитивизмнің өз ішіндегі дискуссия көптеген қарама-қайшылық көзқарастың барлығын, философия ілімінің плюралистік сипатын көрсетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет