Ќазаќстан Республикасы жоѓарѓы оќу орындарныњ ќауымдастыѓы



бет66/143
Дата10.11.2022
өлшемі450,91 Kb.
#157449
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   143
Байланысты:
ФИЛОСОФИЯ студенттеріме (1)

Неофрейдизм ─ Фрейд ілімі негізінде философиялық ағым ретінде пайда болды. Бұл ілімді жалғастырушы оның шәкірттері: ─ Альберт Адлер, Вильгельм Райх, Густав Юнг және Эрик Фромм болды.
Э. Фромм (1900-1980 жж.) неміс-американ социолог-психологі, психоаналиткалық бағыттың өкілі. Оның «иелену немесе болу» деген еңбегіндегі орталық мәселе адам табиғатындағы қарама-қарсылық, оның тарихи тағдыры, шынайы дүниені көре білу мүмкіндігінің болуы. Өз ұстанымында және бұл сұрақтарды түсінуде ол Маркс пен Фрейдтің тұжырымдамаларына сүйенеді. Оған Спинозаның идеялары да зор әсер етті. Фроммның пікірінше, біздің санамыздағы қиялды әшкерлеу – ақиқатты табу және оны біздің ішкі дүние мен мінез-құлқымызды өзгертудің қаруы ету. Бұл өзгертудің басты мәселесі – адамдар арасындағы қатынастың ашық болу мүмкіндігіне қуану және жасау, оның шығармашылық күшін азат ету.
Юнг Карл Густав (1875-1961 жж.) – Швейцария психологі, мәдениеттанушы, «аналитикалық психологияны» жасаушы, оның негізін қалаушы. Фрейдтің жақын жақтаушысы. Кейін Фрейдтің натурализм мен пансексуализміне қарсы болды. Ол: «психоанализ нақты, оны әрдайым жалғыз берілген схемамен жүргізуге болмайды»– дейді. Юнг Фрейдтің жеке адам санасыздығымен қатар, «Ұжымдық санасыздықтың» терең қабаттары болатынын айтады. Архетиптер («бастапқы» психикалық құрылымдар түрінде сақталған ежелгі тәжірибе) дүниені қабылдау мен ой елегінен өткізуге априорилық әзірлікті қамтамасыз етеді. Архетиптер, тәжірибеге дейінгі кейбір құрылымдар, шығармашылық, материалдық қатынастардың қалыптасу қағидасын реттеуші болады. Архетпитер аналитикалық техниканы қолданғанда түсінілмейді, күйзелуде және нақты адам бейнесінде, мәдениетте, діни дәстүрде және эзотерикалық символикада көрінеді Олар түс, мифтер, мінез-құлықтың ауытқуы арқылы білінеді. Жетекші архетиптер: Анима (әйелдік бастама), Анимус (еркектік бастама), Тень (біздің ішіміздегі арам адам, жеке санасыздық), Персона (әлеуметтік бет перденің жиынтығы), Самость (біздің шынайы интегралдық «Менге» жақындау дәрежеміз). Архетиптер бастапқы кезден-ақ, ақыл-ой қамти алмайтын байланыстардың жинағы, олар құпия, киелі (сакральды) болады. Онда зор энергия, өзіндігі жоқ күш бар. Адамдар мәңгі үлгілерге ұмтылады және бір шамада олардан қорқады, сондықтан символдарда бейнелейді. Олардың қай-қайсы болса да санасыздықтың күшін аздап ашады және жасырады.
Феноменология – батысеуропалық ХХ ғасыр философиясының жетекші ағымдарының бірі. Оның негізін қалаушы ─ Эдмунд Гуссерль (1859-1938 жж.). Феноменологияның пайда болуына Декарт, Лейбниц, Беркли, Кант пен Марбург мектебінің ілімдері ықпал жасады, оған Вильгельм Дильтей де өз үлесін қосты. Феноменологияның орталық мәселесі ─ сананы болмыстың ерекше өңірі ретінде қарау. Сананың ішкі белгілерінің ешбір заттық, әлеуметтік сананың негізіндегі санасыздық қатынастарға принципті түрде қосылмайтынын айтады. Әлем немесе оның заттарына емес, оларды түсінуде сана әрекетіне аударылуы тиіс. Сананың спецификалық сипаты – оның интенционалдығы яғни ішкі объектіге мағынаға бағытталуы. Сананың қатынасы себептілікке байланысты болмағандықтан, феноменлогия дескриптік әдісті қолданады да, мағына табу тәсілін суреттейді. Феноменологиялық әдіс – психологияда, социологияда, этикада, эстетикада, құқықта, онтологияда, философияда, математикада және жаратылыстануда көрініс табады.
ХХ ғасырда Батыс философиясының белгілі бағыты ─ экзистенциализм болды. Оның негізін дат теологі, әрі философы С. Кьеркегор (1813-1855 жж.) жасады. Ол рационалдық философияны реализмді мүлде жоққа шығаратын абстракциялығы және адамға деген салқындығы үшін айыптады. Олар тек бір жалпылықты – рухты, материяны, құдайды, прогресті немесе дерексіз ақиқат мәселелерін қарастырады, ол философиядағы негізгі мәселе – адам екенін ұмытып кетті деді.
Философияда адамды мадақтауды ─ антродиция дейді. Бұл мәселе «өмір философиясының» үлкен ағымы экзистенцтализмде қаралады. Экзистенциализм бағытына «өмір философиясының» өкілдері көп әсер етті. Олар ─ Б. Паскаль, Ф. М. Достаевский және Ницше секілді ұлы адамдардың шығармаларынан да көп ойлар алды. Философия ілімі дамуының қазіргі кезеңі және мектептері «ақыл-ой дәлелінің» «жүрек дәлелін» алмастыра алмайтынын Б. Паскаль көрсетті. Адам мен оның болмысын ақыл-ой тәсілімен түсіндіру өте қиын. Нақты адамды ғылым көмегімен, ұдайы өзгеріп отыратын тұтас мән ретінде және оның мақсатын, пейілін, күйзелісін, қамқорлығын, қорқуын, өмір сүруі мен билікке ұмтылу еркін түсіну мүмкін емес.
Экзистенциализм идеялары әр елде, әр уақытта айтылды. Экзистенциализм өзінің мазмұны бойынша біртекті емес. Сондықтан ол: діни, атеистік болып екіге бөлінеді. Экзистенциализмге жақын теорияларды Ресейде бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында Л. Шестов, Н. Бердяевтар насихаттады. Германияда бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде және одан кейін Францияда ол тез тарады (К. Марсель, Ж-П Сартр, А. Камю, т. б.), ал 50-ші жылдардың соңында АҚШ-та дамыды.
Экзистенциализмнің басты мәселесі ─ адам, адамның болмысы, оның мәні мен тағдыры. Экзистенциализмнің басты категориялары: жалғыздық жауапкершілік, үрей, ажал, шекаралық жағдай, бостандық. Экзистенциалдық онтологияда объективтік физикалық болмыс емес, адам болмысы туралы сөз болады. Ондағы басты онтологиялық сипат –адамның жай-күйінің әртүрлі болуы. Жиі кездесетін жағдайлар – қорқыныш, ұят, намыс, күмән, үрей – күтімсіздік пен қамқорлықтың салдары. «Шынайы болмыстың» негізгі көрінісі – адамның өмір сүруі және ондағы оқиғалар. Оқиғалар ғана адам болмысының іске асуының тәсілі болады. Оқиғасыз болмыстың өзі жоқ, экзистенция жоқ, адамның өмір сүруі тоқтатылады. Адам өміріндегі оқиғаның көптігі, оның болмысының толықтығының кепілі.
Экзистенциядағы «шынайы болмыс» уақытқа сәйкес болады. Уақыт – ең алдымен адам болмысының нәтижесі, сонымен бірге болмыстың өзі оқиғаның туындысы. Уақыт – өмірдегі бір оқиғадан, басқадай нәтиженің қалыптасуы. Сондықтан олар физикалық уақыт (секунд, минут, сағат) туралы емес, оқиғалар уақыты туралы айтады. Адамның барлық уақыты өз кезегімен өтіп жатқан оқиғалардан (туу, шілдехана, үйлену, ажырасу, оқуға түсу, пенсияға шығу, жұмыс істеу, қызықты кездесулер, т.б.) тұрады. Экзистенциалдық уақыт – жеке бастың сипатында болады, ол адам өміріндегі оқиғаның саны, сапасы, уайым, қайғы-қасірет, таңдау мен жауапкершілік. Былайша айтқанда ол ─ тағдыр. Экзистенциализмнің онтологиялық тұжырымдамасының мәні: болмыс пен уақыттың арасында өзара диалектикалық байланыс бар. Оны Хайдеггер «болмыс пен уақыт» бір-бірін анықтайды дейді.
Экзистенциализм онтологиясы (болмысы) мен гносеологиясы (танымы) тиянақты байланыста болады. Экзистенциализм танымы - адамның қайғыруы және одан да күшті қайғыруы; осыған сай болмысты терең танимыз. Дүниедегі нақты болмысты, әсіресе болмыстың мәнін ашуда Ясперс енгізген «шекаралық жағдай» категориясының рөлі зор. Ясперс: «тек осы минуттарда ғана адам өзінің нағыз өмір сүруін» (өзінің табиғатын) ұғынады, басқа уақытта олар кәдімгі болмыстың күнделікті тікелей әсері арқылы жасырынып жатады ─ дейді. Дау-жанжал кезінде адамның үміт үзілуі, қайғыруы, қорқынышы шекаралық жағдайға келеді, онда шынайы өмір сүрудің мәні ашылады.
Мұндай танымды түсіну, діни және атеистік экзистенциализмге де тән. Осындай нақты шекаралық жағдайда адам өзінің таңдауын жасайды. Мысалы, Авраамның таңдауын алайық. Құдай Авраамға өз баласын өлтіруді міндеттейді. Осыдан оның жан-дүниесі күйзеліске түседі: сенімге бағыну немесе өзінің әкелік-моральдық борышын атқару мәселесі туады. Экзистенциализмдегі діни көзқарастың негізіндегі таңдау – ол дұрыс жол, Христос жолы, Құдай-адам жолы. Атеистік экзистенциалимздегі таңдау – құдайсыз-ақ өзіңді табу, іске асыру. «Жеке адам өзін-өзі іске асыруы тиіс»- дейді Сартр. Құдай арнауымен емес, өзін сырттан іздеу арқылы азат болу немесе басқа әркетте өзін табу. Адамды ештеңе, ешкім (құдайдың өзі де) өзінен құтқармайды. Бұл мәнінде: «Экзистенциализм – оптимизм, әрекет туралы ілім»,– деп жазады ол.
Экзистенциализмде таңдау ұғымдары мен бостандық категориясының толық байланыста болуы ─ ең бір негізгі ерекшелік болып саналады. Таңдау бастапқыда танылмаған бостандықпен түйіндес болады. Адам өзін-өзі жасау арқылы, өзін іске асыру тәсілін таңдайды. Экзистенциализмде таңдау мүмкіндігі әр адамның о бастан-ақ берілген еркіндігі, әрине оны ол керек етсе. Ал, бостандық - адам өмірінің өзі. Атеистік экзистенциализмде ─ бұл ұғымдар негізінен бір ретте болады, ал, діни экзистенциализмде экзистенция жердегі өмірдің арғы жағына тарайды Яғни, эсхатологиялық мәні бар, бостандық ─ өмірден де жоғары қойылады.
Экзистенциализм өкілдері өз философиясының өзегіне адамның қоғамнан жаттануын қойды. Олар адам қоғамнан алшақ болуы және оның әсерінен қашуы керек дейді. Ол үшін қиялы болып келетін осы дүниені ұмытып «шынайы шындық”, «Мен»-ге терең үңілуі керек. Жеке адам болмысы ғана бірден-бір шын дүние саналуы қажет. Экзистенциализм сезімді абсолютке айналдырып, оны ақылдан және адамның қоғамдық табиғатынан ажыратып қарайды. Экзистенциализм философиясы жетілуде, оның идеялары кең түрде әдебиетте, өнерде қолданылып, аса маңызды жалпы адамдық мәселелерді қарастырады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет