Ќазаќстан Республикасы Конституциясыныѕ 52-бабыныѕ



бет287/332
Дата06.02.2022
өлшемі7,99 Mb.
#39349
1   ...   283   284   285   286   287   288   289   290   ...   332
АНЫҚТАДЫ:

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiне


2007 жылғы 15 наурызда Қазақстан Республикасы Парламентi бiр топ депутаттарының Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабының 2-тармағын, 62-бабының 2 және 8-тармақтарын,
76-бабының 1-тармағын, 77-бабы 3-тармағының 3) және
5) тармақшаларын ресми түсiндiру туралы өтiнiшi келiп түстi.
Отырыс барысында, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 362-бабының 1-бөлiгiнде, 241-бабының 2-бөлiгiнде,
234-бабының 3-бөлiгiнде, 96-бабы 2-бөлiгiнiң "б", "в", "д" және "ж" тармақтарында көзделген қылмыстарды жасады деп айыпталушы А. Едiгеевтiң өз iсiн соттың алқабилердiң қатысуымен қарауы туралы өтiнiшiн қабылдамау туралы Алматы қалалық сотының
2007 жылғы 23 қаңтардағы қаулысы Конституциялық Кеңеске жүгiнуге себеп болғаны анықталды.
Өтiнiштен келiп шығатыны, Алматы қалалық соты, айыпталушы өзiне алдын ала тергеудiң аяқталғаны туралы хабарланған және iстiң барлық материалдары танысу үшiн ұсынылған кезде ғана iстi соттың алқабилердiң қатысуымен қарауы туралы өтiнiш беруге құқылы (Қазақстан Республикасы Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнiң 546-бабының 3 және 5-бөлiктерi), ал қылмыстық iс бойынша сотқа дейiнгi iс жүргiзуде бұл iстелмеген, деп өз шешiмiн уәждеген.
Өтiнiш субъектiсiнiң пiкiрiнше, Алматы қалалық сотының бұл қаулысы "жалпыға бiрдей халықаралық-құқықтық стандарттарға да, Қазақстан Республикасының iшкi заңнамасына да, соның iшiнде Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестiгi бөлiгiнде сұрақтар туындатады".
Өтiнiш субъектiсi Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабы 2-тармағының, 62-бабы 2 және 8-тармақтарының, 76-бабы 1-тармағының, 77-бабы 3-тармағының 3) және 5) тармақшаларының нормаларына ресми түсiндiрме берудi және осы орайда мынадай сұрақтарға жауап қайтаруды сұрайды:
"1. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының
3) тармақшасында көрсетiлген қылмыстық iстердiң соттылығы түсiнiгi ҚР Жоғарғы Сотына және жергiлiктi соттарға, сол сияқты аумақтық соттарға ғана қатысты ма, әлде қылмыстық iстердi алқабилердiң қатысуымен, сот iсiн жүргiзудiң дербес формасы түрiнде өткiзу жағдайларын да қамти ма?"
"2. Егер соттылық түсiнiгi алқабилердiң қатысуымен сот iсiн жүргiзу әдiсiн де қамтитын болса, ҚР Конституциясының 77-бабы
3-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген конституциялық норма осы нақты жағдайда, егер алдын-ала тергеу жүргiзу барысында айыпталушының өзiнiң iсi алқабилердiң қатысуымен өтуi керек деген өтiнiш бiлдiру құқығы формальды себептермен, ("Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне алқабилердiң қатысуымен қылмыстық сот iсiн жүргiзудi енгiзу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" ҚР Заңы (бұдан iлгерiде – Заң) күшiне енсе де, қолданысқа енбедi деген сылтаумен), аяқсыз қалдырылса, онда iстi қарау тәртiбi айыпталушы өз келiсiмiн бермеген соттылық бойынша жүргiзiле беруi мүмкiн бе? (Заң қолданысқа енгенiн ескерсек)"
"3. ҚР Конституциясының 62-бабының 2 және
8-тармақтарында тұжырымдалған конституциялық нормалардың азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мақсатындағы арақатынасы қандай?"
"4. Аталған нақты жағдайда күшiне енген, бiрақ қолданысқа енбеген Заң алдын-ала тергеу органдарын айыпталушы оның осы Заңның қолданысқа ену уақытына және осы iстiң сотта қаралуынан бұрын өзiне тиесiлi болатын, iстiң сотта алқабилердiң қатысуымен қаралуын талап ету құқығымен таныстыруға мiндеттей ме?"
"5. Айыпталушыға (сотталушыға) оның iсiнiң алалықсыз және тәуелсiз сотта қаралуын (iстiң алқа заседательдерiнiң қатысуымен қаралуын) қамтамасыз ететiн қосымша кепiлдiктер соттың басталу уақытында қолданысқа ендi. Алайда, айыпталушы өзiнiң осы құқығын пайдалана алмады, себебi бұл үшiн алдын ала тергеу аяқталған кезде iс материалдарымен танысу барысында өтiнiш жасауы керек едi. Бұндай өтiнiш жасауға кедергi болған жағдай - Заңның сол кезде күшiне енгенi, алайда қолданысқа енбегенi, сол себептен тергеушi айыпталушыға оған тиесiлi iстiң алқа заседательдерiнiң қатысуымен қаралуы туралы өтiнiш жасауға құқығын таныстырмауы себеп болды.
Осы жағдайда сот ҚР Конституциясының 12-бабының
2-тармағын және 76-бабының 1-тармағын басшылыққа ала отырып, ҚР Конституциясының нормасын тiкелей iске асырып, айыпталушының оның қылмыстық iсiнiң алқабилердiң қатысуымен қаралуы туралы өтiнiш жасау құқығын қалпына келтiруi тиiс емес
пе едi?"
"6. Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы
3-тармағының 5) тармақшасында көрсетiлген конституциялық норма қылмыс жасаған адамның жағдайын басқа да жолмен жақсартатын, соның iшiнде, оның құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың қосымша кепiлдiктерiн ұсынатын заңның керi күшiне де тарайды деп түсiнуге бола ма, әлде осы мәселеге байланысты басқа конституциялық норма бар ма?"
Өтiнiш субъектiсi нақты қылмыстық iс бойынша алқабилердiң қатысуымен сот төрелiгiн iске асыру мәселелерiн реттейтiн заңнамалық актiлердiң жекелеген нормаларын, оның пiкiрiнше, дұрыс түсiндiрiлмеуi мен қолданылмауына байланысты туындаған қайшылықтарды көредi. Алайда Қазақстан Республикасы заңдарының нормаларын түсiндiру, сондай-ақ олардың қолданылу практикасына баға беру Конституциялық Кеңестiң құзыретiне жатпайды. Өйткенi Конституциялық Кеңестiң өкiлеттiгi өтiнiш шеңберiнен шығып кетпеуге тиiс, ол сондай-ақ осы конституциялық iс жүргiзуде заңдар нормаларының конституциялылығын да тексерген жоқ.
Соған байланысты, Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Конституциялық Кеңес, алқабилердiң қатысуымен сот iсiн жүргiзу мәселелерiн реттейтiн заңдардың, атап айтқанда – "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне алқабилердiң қатысуымен қылмыстық сот iсiн жүргiзудi енгiзу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 16 қаңтардағы N 122-III Заңының және 1997 жылғы 13 желтоқсандағы N 206-1 Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнiң нормаларын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Конституциясының
12-бабының 2-тармағына, 62-бабының 2 және 8-тармақтарына,
76-бабының 1-тармағына, 77-бабы 3-тармағының 3) және
5) тармақшаларына ресми түсiндiрме бередi.
Негiзгi Заңның көрсетiлген нормаларын түсiндiрген кезде Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi мынаны
негiзге алды.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясында сот iсiн жүргiзу принципi белгiленген, оған сәйкес өзiне заңмен көзделген соттылығын оның келiсiмiнсiз ешкiмнiң өзгертуiне болмайды (Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 3) тармақшасы).
Адамның өз iсiнiң заң арқылы соттылығына жатқызылған сотта қаралуына құқығын тану, сот арқылы қорғалу және сот төрелiгiне кедергiсiз қол жеткiзу құқығына берiлген кепiлдiктердiң бiрi, әркiмнiң заң мен сот алдындағы теңдiгiнiң бiр көрiнiсi болып табылады. Бұл кепiлдiк сондай-ақ БҰҰ Бас Ассамблеясының
1966 жылғы 16 желтоқсандағы 2200А (XXI) резолюциясымен қабылданып, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы
28 қарашадағы N 91-III Заңымен ратификацияланған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактiнiң 14-бабы
1-тармағында да орын тапқан, ол тармақта әрбiр адамның өзiне тағылған қылмыстық айыптауды қарау кезiнде заң негiзiнде құрылған құзыреттi, тәуелсiз және әдiл сот арқылы iсi ақылға қонымды мерзiмде әдiлеттi және ашық қаралуын талап етуге құқығы бар делiнедi.
Қазақстан Республикасының Конституциясы, соттылықты айқындау ережелерiн белгiлемей отырып, оларды заң шығарушының құзыретiне жатқызады. Конституциялық Кеңес, "Қазақстан Республикасы Конституциясы 4-бабының 1-тармағын, 14-бабының 1-тармағын, 77-бабы 3-тармағының 3) тармақшасын, 79-бабының 1-тармағын және 83-бабының 1-тармағын ресми түсiндiру туралы" 1997 жылғы 6 наурыздағы N 3 қаулыда , iс жүргiзу заңымен әртүрлi санаттағы iстердiң соттылығын анықтағанда өзiндiк ерекшелiгi, күрделiлiгi, iстiң қоғамдық мәнi, оны тез және тиiмдi шешудiң қажеттiлiгi ескерiледi деп түсiндiрдi. "Маңғыстау облыстық сотының Қазақстан Республикасы Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнiң 292-бабының алтыншы бөлiгiн конституциялық емес деп тану туралы ұсынымы жөнiнде" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң 1999 жылғы 5 мамырдағы N 8/2 қаулысында, "Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 3) тармақшасы iстердiң соттылығы туралы ережелердiң болуын көзде тұтады. Соттардың әртүрлi деңгейiнiң құзыретi заңмен олардың басқаруына жатқызылған iстердiң шеңберi бойынша ғана анықталады", – деп атап көрсетiлген.
Қылмыстық сот iсiн жүргiзуде соттылық мәселелерi Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексiмен (бұдан әрi – ҚIЖК) реттеледi. ҚIЖК-тiң 543-бабы бiрiншi бөлiгiне сай "сот алқабилердiң қатысуымен, осы Кодекстiң 291-бабының екiншi бөлiгiнде көрсетiлген әрекеттердi есi дұрыс емес күйiнде жасаған не оларды жасағаннан кейiн жан күйзелiсi ауруымен ауырған адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы iстердi қоспағанда, осы Кодекстiң 291-бабының екiншi бөлiгiнде көрсетiлген қылмыстар туралы iстердi қарайды". Заң қылмыстық iстердiң осы санатына қатысты олардың бiрiншi саты бойынша облыстық немесе оларға теңестiрiлген соттардың соттауына жататынын айқындайды (ҚIЖК-тiң 291-бабының екiншi бөлiгi). Бұл ретте жаза шарасы ретiнде өлiм жазасы қолданылуы мүмкiн болатын қылмыс жасаған адамдарды айыптау жөнiндегi қылмыстық iстi қарауды бiрiншi сатыдағы сот – үш судья құрамында, ал айыпталушының өтiнiшi болған кезде екi судья және тоғыз алқаби құрамында жүзеге асырады (ҚIЖК-тiң 58-бабының
екiншi бөлiгi).
Осылайша, қылмыстық iс жүргiзу заңы облыстық немесе оған теңестiрiлген сотта алқабилердiң қатысуымен соттың қарауына жататын қылмыстық iстердi ажыратады, бұл ҚIЖК-тiң 543-бабының атауынан да көрiнiс тапқан ("Облыстық және оған теңестiрiлген сотта алқабилердiң қатысуымен соттың қарауына жататын iстер").
Жазылғанды негiзге ала отырып, Конституциялық Кеңес, алқабилер қатысатын iстер бойынша iс жүргiзу Конституцияның
77-бабы 3-тармағының 3) тармақшасында пайдаланылатын мағынасындағы соттылық нысандарының бiрiне жатқызылуы мүмкiн деп пайымдайды. Сондықтан Конституциялық Кеңестiң 1997 жылғы 6 наурыздағы N 3 қаулысындағы, iс бойынша тараптардың келiсiмiнсiз, өздерi үшiн ҚIЖК-тiң нормаларымен көзделген iстердiң соттылығын өзгертуге жол берiлмейдi және "адамға және оның iсiне заңда көрсетiлгенге сәйкес келмейтiн, оның бұған келiсiмi жоқ кезде сотты болушылығын анықтауды Негiзгi Заңның 77-бабы 3-тармағы 3) тармақшасының конституциялық нормасын бұзу ретiнде қарау керек" деген ұйғарымдар, соның iшiнде, сот iсiн алқабилердiң қатысуымен жүргiзу аясына да қатысты болады.
Сонымен бiрге мынаны да ескеру керек, қолданыстағы қылмыстық iс жүргiзу заңына сәйкес тиiстi өтiнiш бере отырып, соттылығын айқындауға айыпталушының өзiнiң қатысуы (ҚIЖК-тiң 58-бабының екiншi бөлiгi, 546-бабының бiрiншi бөлiгi), алқабилердiң қатысуымен соттың қарауына жататын қылмыстық iстердi айқындаудың ерекшелiгi болып табылады. Сондықтан айыпталушының заңға негiзделген және заңда белгiленген тәртiппен берiлген өтiнiшiн қылмыстық iстi жүргiзушi органның қабылдамау жағдайларын Негiзгi Заңның 77-бабы 3-тармағының
3) тармақшасында көзделген соттылық туралы ережелердi бұзу деп таныған жөн. Ал мұндай өтiнiш заң талаптарын бұза отырып берiлген жағдайда, оның қабылданбауы жоғарыда көрсетiлген конституциялық норманы бұзу деп таныла алмайды.
2. Конституцияның 62-бабының 2 және 8-тармақтарына сәйкес Республиканың заңдары Республика Президентi қол қойғаннан кейiн күшiне енедi. Республиканың заң және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiн әзiрлеу, ұсыну, талқылау, күшiне енгiзу және жариялау тәртiбi арнаулы заңмен және Парламент пен оның Палаталарының регламенттерiмен реттеледi.
Негiзгi Заңның бұл көрсетiлген нормаларын түсiндiре отырып, Конституциялық Кеңес өзiнiң "Астана қаласы Сарыарқа аудандық соты төрағасының "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабын конституциялық емес деп тану туралы ұсынысы жөнiнде" 1999 жылғы 29 қазандағы N 20/2 қаулысында, "Республика Конституциясының 62-бабының 2 және
8-тармақтарында әртүрлi мағыналық салмақ арқалайтын және бiрдей емес ұғымдарды бiлдiретiн "күшiне енедi" және "күшiне енгiзу" терминдерi пайдаланылған" деп көрсеттi.
Бұл аталған қаулыдан келiп шығатыны, Конституцияның
62-бабының 2-тармағына сай Парламент қабылдаған заңға Мемлекет басшысы қол қойғаннан кейiн ғана ол тиiстi заңдық күшке ие болады. "Республика Президентiнiң заңға қол қоюы оның соңына дейiн жеткiзiлген құқықтық нысанға ие болғанын, нормативтiк құқықтық актiлердiң сатысында өз орнын алғанын және мемлекеттiң құқықтық жүйесiне қосылғанын бiлдiредi. Заңның заңдық күшке ие болу фактiсi әлi қоғамдық қатынастардың реттелуiнiң басталғанын бiлдiрмейдi және сондықтан күтiлiп отырған құқықтық салдарды болдыра алмайды, яғни бұл әрекет етпейтiн заң. Аталған кезеңде заң шығару процесiнiң аяқталуы туралы айтуға әлi ерте".
Конституциялық Кеңес бұл қаулыда сондай-ақ "конституциялық рәсiм заңдарды мiндеттi түрде халыққа жария етудi көздейдi. Бұл Мемлекет басшысының өзi қол қойған заңды халыққа жария етуге конституциялық мiндетiн белгiлейтiн Конституцияның 44-бабының 2) тармақшасынан келiп шығады. Көрсетiлген кезең заң шығару процесiнде аяқтаушы болып табылады, одан кейiн заңды iске асырудың мүмкiндiктерi туралы, яғни заңның құқықтық күшiн күшiне енгiзу туралы айтуға болады" деп атап көрсетедi.
"Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" 1998 жылғы
24 наурыздағы N 213-I Қазақстан Республикасының Заңы Республиканың заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiн әзiрлеу, ұсыну, талқылау, қолданысқа енгiзу және жариялау тәртiбiн реттейтiн арнаулы заң болып табылады. Бұл заңнамалық актiнiң 36-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сай заңдар, егер актiнiң өзiнде немесе оларды қолданысқа енгiзу туралы актiлерде өзге мерзiмдер көрсетiлмесе – олар алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. Осылайша, егер заңда немесе оны қолданысқа енгiзу туралы актiлерде басқа мерзiм белгiленген болса, онда оны қолданысқа енгiзгеннен кейiн ғана, яғни заңның өзiнде не оны қолданысқа енгiзу туралы актiде белгiленген мерзiмде заң құқықтық қатынастарды реттеп, белгiлi бiр заңдық салдарды туындата бастайды.
Заңның "күшiне ену" және "қолданысқа енгiзу" деген құқықтық категорияларының арақатынасын өтiнiште қойылған сұрақтарға қатысты қарай отырып, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты заңдарды немесе өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi ресми түрде жариялау оларды қолданудың мiндеттi шарты болып табылатынын атап кеткен жөн (Конституцияның 4-бабының 4-тармағы). Адамның және азаматтың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты заңдарды немесе өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi қолданудың басқа қандай да болсын шарттары Конституцияда көзделмеген.
Қазақстан Республикасының Президентi қол қойған, демек, 2006 жылғы 16 қаңтарда күшiне енген, 2006 жылғы 26 қаңтарда ресми жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне алқабилердiң қатысуымен қылмыстық сот iсiн жүргiзудi енгiзу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Заңда оны 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзу көзделген. Бұл, 2006 жылғы 16 қаңтарда жоғарыда көрсетiлген заңның заң ретiнде ресiмделуi аяқталғанын, осы сәттен бастап оның заңдық күшке және қолданысқа енгiзiлу мүмкiншiлiгiне ие болғанын бiлдiредi. 2007 жылғы 1 қаңтар, осы күн келгенге дейiн құқық субъектiлерiнiң бәрi үшiн мiндеттi заңның жұмыс iстей бастауы, яғни оның қолданылуы үшiн қажеттi негiзгi материалдық-техникалық, ұйымдастырушылық және өзге де шарттар жасалуға тиiс болатын сәттi бiлдiредi. Алайда заң қолданысқа енгiзiлгеннен кейiн процеске қатысушылар ие болатын құқықтардың (мәселен, iсiн соттың алқабилердiң қатысуымен қарауына құқығы) iске асырылуын қамтамасыз етуге бағытталған процессуалдық iс-әрекеттер орындауды және процессуалдық шешiмдер қабылдауды, егер заңда немесе оны қолданысқа енгiзу туралы актiде осы процессуалдық iс-әрекеттер орындауды (осы процессуалдық шешiмдер қабылдауды) регламенттейтiн нормаларды қолданысқа енгiзудiң ерекше тәртiбi көзделмеген болса, оларды мұндай шарттарға жатқызуға болмайды.
3. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының
5) тармақшасына сәйкес, жауапкершiлiктi белгiлейтiн немесе күшейтетiн, азаматтарға жаңа мiндеттер жүктейтiн немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардың керi күшi болмайды. Егер құқық бұзушылық жасалғаннан кейiн ол үшiн жауапкершiлiк заңмен алынып тасталса немесе жеңiлдетiлсе, жаңа заң қолданылады.
Қаралып отырған өтiнiште заңның керi күшi туралы мәселе айыпталушының (сотталушының) өз iсiн соттың алқабилердiң қатысуымен қарауына құқығына байланысты қойылады.
Конституцияның әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы туралы
13-бабының 2-тармағынан туындайтын бұл көрсетiлген құқық, Негiзгi Заңның "Соттар және сот төрелiгi" деп аталатын VII бөлiмiнiң ережелерiмен жиынтығында, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық сот iсiн жүргiзуде қорғау институтын толықтырады. "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясын одан әрi iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы
4 желтоқсандағы N 735 Жарлығында аталып өткенiндей, сотталушыда өз iсiн соттың алқабилердiң қатысуымен не болмаса судьялар алқасының қарауына құқығы пайда болуы "адамның сот процесiнде құқығы қорғалуының қосымша кепiлдiгi болып табылады". Адамның процессуалдық құқықтарын белгiлейтiн немесе кеңейтетiн заңға керi күш беру мәселелерiн Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 5) тармақшасы реттемейдi.
"Қазақстан Республикасы Конституциясы 14-бабының 1 және 2-тармақтарына, 24-бабының 2-тармағына, 77-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына ресми түсiндiрме беру туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң 1999 жылғы 10 наурыздағы N 2/2 қаулысында сондай-ақ, Парламент қабылдаған заңдар, егер бұл туралы шешiм заңның өзiнде немесе оны күшiне енгiзу туралы қаулыда бекiтiлген болса, керi күшiмен қолданылуы мүмкiн делiнедi.
"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне алқабилердiң қатысуымен қылмыстық сот iсiн жүргiзудi енгiзу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Заңның керi күшi туралы мәселенi шешер кезде жоғарыда көрсетiлген жағдайлар ескерiлуге тиiс.
4. Негiзгi Заңның 4-бабының 2-тармағына сәйкес "Конституцияның ең жоғары заңдық күшi бар және Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында ол тiкелей қолданылады".
Конституцияның сот iсiн жүргiзуге қатысты тiкелей қолданылуы мәселелерiн Конституциялық Кеңес "Қазақстан Республикасы Конституциясы 4-бабының 1-тармағын, 14-бабының 1-тармағын, 77-бабы 3-тармағының 3) тармақшасын, 79-бабының
1-тармағын және 83-бабының 1-тармағын ресми түсiндiру туралы" 1997 жылғы 6 наурыздағы N 3 қаулыда қарады. Бұл қаулыда, "Республика Конституциясының жоғары тiкелей заң күшi бар және ол Республиканың барлық аумағында қолданылады. Бұл конституциялық ережеге сәйкес, соттардың iстi қарағанда барлық қажеттi жағдайда Республика Конституциясын тiкелей күшi бар акт ретiнде қолданғандары жөн" деп атап кетiлген.
Сонымен бiрге, Конституциялық Кеңес, егер конституциялық норманың өзiнде оның заңда немесе өзге де нормативтiк құқықтық қаулыда көзделген (белгiленген) жағдайларда және (немесе) сол тәртiппен iске асырылатындығы туралы ескертпе бар болса (мәселен, Конституцияның 75-бабының 2-тармағы), онда Конституция нормасының тiкелей қолданылуы iске асырылған кезде тиiстi заңның немесе өзге де нормативтiк құқықтық актiнiң ережелерi ескерiлгенi жөн, деп пайымдайды.
5. Конституцияның 12-бабының 2-тармағына сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары әркiмге тумысынан жазылған, олар абсолюттi деп танылады, олардан ешкiм айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады.
"Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының
1-тармағына және 12-бабының 2-тармағына ресми түсiндiрме беру туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң
1996 жылғы 28 қазандағы N 6 қаулысында, Негiзгi Заңның
12-бабының 2-тармағында сөз етiлiп отырған адам құқығы мен бостандығы деп Конституцияға сәйкес мемлекет таныған және кепiлдiк берген адам құқығы мен бостандығын санау керек, делiнген. Конституциялық Кеңестiң қаулысында көрсетiлгенiндей, адам құқықтары мен бостандықтары заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң мазмұны мен қолданылуын анықтайды деген ереженi, осы құқық пен бостандықтың жүзеге асырылуының жағдайлары мен тәртiбiн белгiлеушi заң жасаған және қабылдаған кезде Конституция жариялаған адам құқығы мен бостандығы негiз болады деген мағынада түсiну керек.
Конституцияның 13-бабының 2-тармағына сай әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар, бұл құқық Конституцияның 39-бабының 3-тармағына сай ешбiр жағдайда да шектелмеуге тиiс ("Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабының 2-тармағын, 14-бабының
1-тармағын, 76-бабының 2-тармағын ресми түсiндiру туралы"
1999 жылғы 29 наурыздағы N 7/2 және "Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабының 2-тармағын және 75-бабының
1-тармағын ресми түсiндiру туралы" 2002 жылғы 15 ақпандағы N 1 Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң қаулылары).
Қылмыстық сот iсiн жүргiзу кезiнде сот арқылы қорғалу құқығы, Конституцияда және оған сәйкес заңдарда белгiленген тәртiппен, қылмыстық iстер бойынша сотта iс жүргiзгенде, сондай-ақ қылмыстық iстер бойынша сотқа дейiнгi iс жүргiзу барысындағы сот бақылауы кезiнде жүзеге асырылады.
Қылмыстық iстi соттың алқабилердiң қатысуымен қарау мүмкiншiлiгi (Негiзгi Заңның 75-бабының 2-тармағы) айыпталушының құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуының Конституцияда баянды етiлген процессуалдық кепiлдiктерi қатарына жатады, оларды жүзеге асыру механизмдерi заңмен белгiленедi.
Сондай-ақ, iс бойынша маңызға ие мән-жайларды анықтау үшiн, өтiнiш берген адамның немесе өзi мүддесiн бiлдiретiн адамның құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету үшiн процессуалдық iс-әрекеттер жүргiзу немесе процессуалдық шешiмдер қабылдау туралы сотқа өтiнiштер беру құқығы әркiмнiң қылмыстық сот iсiн жүргiзуде сот арқылы қорғалуға құқығын iске асыруының нысаны болып табылады. Алқабилердiң қатысуымен сот iсiн жүргiзуде бұл құқық ерекше роль атқарады, өйткенi тиiстi өтiнiш мәлiмдей отырып айыпталушы бiрiншi саты бойынша қылмыстық iстi қарайтын соттың құрамын (алқабилер қатысатын сот не судьялар алқасы) таңдауға ықпал етедi.
Қолданыстағы заңға сәйкес (ҚIЖК-тiң 546-бабының 3-бөлiгi) айыпталушы "өзiне алдын ала тергеудiң аяқталғаны туралы хабарланған және iстiң барлық материалдары танысу үшiн ұсынылған кезде ғана" өз iсiн соттың алқабилердiң қатысуымен қарауы туралы өтiнiш беруге құқылы. ҚIЖК-тiң осы бабының
5-бөлiгiне сай "бұдан әрi айыпталушының өз iсiн соттың алқабилердiң қатысуымен қарауы туралы өтiнiшi қабылданбайды". "Айыпталушының iстi соттың алқабилердiң қатысуымен қарауы туралы өтiнiшi болған кезде" (ҚIЖК-тiң 547-бабы) жүргiзiлетiн, соттағы алдын ала тыңдау барысында айыпталушы (сотталушы) iсiн соттың алқабилердiң қатысуымен қарауы туралы өз өтiнiшiн растайды не растамайды (ҚIЖК-тiң 548-бабының 4 және
6-бөлiктерi). Осылайша, қылмыстық iс жүргiзу заңы, тергеушiнiң процессуалдық iс-әрекетiмен байланысты, айыпталушыға өз iсiн соттың алқабилердiң қатысуымен қарауы туралы өтiнiш жасау құқығын берудiң тәртiбiн айқындау жөнiндегi императивтiк норманы белгiлей отырып, қылмыстық iс бойынша сотта iс жүргiзу барысында бұл құқықтың iске асырылу не қалпына келтiрiлу мүмкiншiлiгiн көздемейдi.
Қылмыстық iс жүргiзу заңының бұл көрсетiлген ережелерi оның өтiнiштер беру мәселелерiн реттейтiн жалпы нормаларына сәйкес келмейдi. Мәселен, ҚIЖК-тiң 102-бабының екiншi және үшiншi бөлiктерiнде, "өтiнiш процестiң кез келген сатысында мәлiмделуi мүмкiн", ал "өтiнiштiң қабылданбағандығы оны қылмыстық сот iсiн жүргiзудiң келесi кезеңдерiнде қайталап беруге немесе қылмыстық процестi жүргiзушi басқа органға беруге кедергi келтiрмейдi" деп белгiленген.
Конституцияның 13-бабы 2-тармағының, 75-бабы
2-тармағының, 76-бабы 2-тармағының және 77-бабы 3-тармағы
3) тармақшасының нормалары жиынтығынан келiп туындайтыны, заң шығарушы сондай-ақ қылмыстық iс бойынша сотта iс жүргiзу кезiнде де айыпталушыларға (сотталушыларға) өз iсiн соттың алқабилердiң қатысуымен қарауы туралы өтiнiш мәлiмдеуге мүмкiншiлiк бергенi жөн болар едi, бұл мынадай себептерге байланысты:
- сот билiгiнiң Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, халықаралық шарттарының негiзiнде туындайтын барлық iстер мен дауларға қолданылуы (Негiзгi Заңның 76-бабының 2-тармағы).
- соттың қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезеңiнiң айрықша дербестiгi. Қылмыстық iс бойынша сотқа дейiнгi iс жүргiзудiң негiзгi мақсаты "қылмыстық iстi сот талқылауына дайындаудан тұрады. Сондықтан қылмыстық процестi жүргiзушi органдардың iс-әрекеттерi мен шешiмдерiнiң заңдылығын тексеру, негiзiнен, iстi сотта мән-жайы бойынша бұдан кейiн қарау кезiнде iске асырылады" ("Батыс Қазақстан облыстық сотының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнiң 109-бабы бiрiншi бөлiгiнiң конституциялылығын тексеру туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң 2007 жылғы
24 қаңтардағы N 1 қаулысы ). Бұл ҚIЖК-тiң 131-бабының төртiншi бөлiгiнде де өз көрiнiсiн тапқан, ол бөлiкке сәйкес "қылмыстық iзге түсу органы қаулысының сот үшiн мiндеттi күшi болмайды".
Қаралып отырған жағдайда сот iсiн жүргiзу нысанының өзiн айқындап алу туралы сөз болып отырғандықтан, iстi соттың алқабилердiң қатысуымен қарауы туралы өтiнiш беру құқығы айыпталушыға (сотталушыға) басты сот талқылауы тағайындалғанға дейiн заңмен берiлуi мүмкiн.
Алқабилердiң қатысуымен сот iсiн жүргiзудi құқықтық реттеу механизмдерiн Конституция нормаларын мейлiнше толық iске асыру жағына қарай жетiлдiру қажет екенiн назарға ала отырып, Конституциялық Кеңес, айыпталушының (сотталушының) өзiне алдын ала тергеудiң аяқталғаны туралы хабарланған және iстiң барлық материалдары танысу үшiн ұсынылған кезде ғана емес, iс сотқа келiп түскен сәттен, басты сот талқылауы тағайындалғанға дейiн, қылмыстық iс бойынша сотта iс жүргiзу кезiнде де өз iсiн соттың алқабилердiң қатысуымен қарауы туралы өтiнiш мәлiмдеуге құқығын заң арқылы бекiту мақсатқа сай болар едi деп пайымдайды.
Жазылғанның негiзiнде, Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын, "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы"
1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 2737 Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-бабы 3-тармағының 1) тармақшасын, 31-33, 37-баптарын және 41-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   283   284   285   286   287   288   289   290   ...   332




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет