Ќазаќстан Республикасы Конституциясыныѕ 52-бабыныѕ



бет290/332
Дата06.02.2022
өлшемі7,99 Mb.
#39349
1   ...   286   287   288   289   290   291   292   293   ...   332
АНЫҚТАДЫ :

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiне


2007 жылғы 17 сәуiрде Қазақстан Республикасы Парламентiнiң бiр топ депутаттарының Қазақстан Республикасы Конституциясының 26-бабының 3-тармағын және 39-бабының 1-тармағын ресми түсiндiру туралы өтiнiш келiп түстi.
Өтiнiш субъектiсi мынадай сұрақтарға жауап берудi сұрайды:
"- Конституцияның 26-бабының 3-тармағында "ерекше жағдайлар" деп ненi түсiнуге болады және Конституциялық Кеңестiң 2005 жылғы 1 шiлдедегi қаулысына демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекетте оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары екендiгi және мемлекет үшiн адамға қамқор болу мен оның материалдық жағдайын жақсартудан асқан маңызды мiндет жоқ екендiгi туралы жазылған құқықтық көзқарасын назарға алсақ, олар қандай белгiлермен сипатталуға тиiс?
- Конституцияның 39-бабының 1-тармағында жазылған адамның және азаматтық құқықтары мен бостандықтарын шектеу шамасының заңдардың мемлекет мұқтажы үшiн мүлiктен күштеп айырудың ерекше жағдайлары деген бөлiгiне қатысты мазмұнын айқындайтын түпкiлiктi сипаты бар ма?
- Конституцияның 26-бабы 3-тармағының және 39-бабы
1-тармағының нормалары Қазақстан Республикасының Жер кодексiнде мемлекет мұқтажы жер учаскелерiн күштеп айырудың мынадай әрбiр ерекше жағдайларын белгiлеу үшiн:
1) халықаралық мiндеттеме;
2) қорғаныс қажеттiгi, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттар үшiн
жер беру;
3) пайдалы қазбалары бар кен орындарын табу және өңдеу (жалпыға белгiлi болғандарынан басқасы);
4) жол, электр тарту желiлерiн, байланыс, магистральды құбырлар желiлерiн, елдi мекендерде пайдаланылатын инженерлiк-коммуникациялық тораптарды салу, сондай-ақ осы объектiлердi орналастыру мүмкiндiгiнiң басқа да нұсқалары болмаған жағдайда, мемлекеттiк маңызы бар басқа да объектiлердi салу;
5) құлау қаупi бар авариялық жағдайдағы және тозып кеткен үйлердi бұзу;
6) қалалардың және өзге де елдi мекендердiң бас жоспарларын орындау үшiн құқықтық кедергi бола ала ма?".
Конституциялық Кеңестiң отырысы барысында өтiнiш субъектiлерi "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 2737 Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 21-бабы 2-тармағының
4) тармақшасына сәйкес, қалалардың және өзге де елдi мекендердiң бас жоспарларын орындау Қазақстан Республикасы Конституциясының 26-бабының 3-тармағында көзделген ерекше жағдайларға жататын немесе жатпайтынын түсiндiрудi сұрай отырып ауызша өтiнiш бiлдiредi.
Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын және қаралып отырған өтiнiш бойынша материалдарды талдап, Конституциялық Кеңес мынаны негiзге алады.
1. Мемлекет мұқтажы үшiн мүлiктен күштеп айырудың ерекше жағдайларының төбесiн белгiлеудi көздейтiн, "Қазақстан Республикасының Жер кодексiне толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауы өтiнiш жасауға себеп болған. Осыған орай депутаттар мемлекет мұқтажы үшiн мүлiктен күштеп айырудың заңмен белгiленетiн ерекше жағдайларының сипатын, сондай-ақ меншiк иесi және жер пайдаланушының құқықтарын шектеу шегiн айқындау қажет деп пайымдайды.
Заңдарды түсiндiру және заң жобаларының конституциялылығын тексеру Конституциялық Кеңестiң құзыретiне жатпайды. Сондықтан Конституциялық Кеңес мемлекет мұқтажы үшiн жер учаскесiнен күштеп айырудың депутаттар өтiнiшiнде санамалап берiлген ерекше жағдайларына қатысты Конституцияның 26-бабы 3-тармағының және 39-бабы
1-тармағының нормаларын түсiндiру мүмкiн емес деп есептейдi, өйткенi онда 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442-II Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң 84-бабы, сондай-ақ осы баптың "Қазақстан Республикасы Жер кодексiне толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасында жазылған жаңа редакциясындағы нормалары талданған болар едi.
Конституциялық Кеңес Республика Конституциясының
26-бабы 3-тармағының нормаларына, соның iшiнде 39-бабы
1-тармағының нормаларымен өзара байланыстыра отырып, бiрнеше рет түсiндiрме берген болатын. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң "Қазақстан Республикасы Парламентi 2001 жылғы 26 маусымда қабылдаған "Қазақстан Республикасы кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестiлiгi туралы" 2001 жылғы 9 шiлдедегi
N 12/2, "Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкестiгi туралы" 2003 жылғы
10 маусымдағы N 8 және "Қазақстан Республикасы Конституциясының 26-бабының 3-тармағын ресми түсiндiру туралы" 2005 жылғы 1 шiлдедегi N 4 қаулыларында бұл аталған конституциялық нормалар ережелерiнiң мазмұны мен мағынасы өтiнiш тақырыбына қатысты ашып көрсетiлген.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 6-бабының 2-тармағында: "Меншiк мiндет жүктейдi, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игiлiгiне де қызмет етуге тиiс. Меншiк субъектiлерi мен объектiлерi, меншiк иелерiнiң өз құқықтарын жүзеге асыру көлемi мен шектерi, оларды қорғау кепiлдiктерi заңмен белгiленедi" деп бекiтiлген. Конституциялық Кеңестiң "Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабының 2-тармағын және 61-бабының
3-тармағының 1) және 2) тармақшаларын ресми түсiндiру туралы" 1999 жылғы 3 қарашадағы N 19/2 қаулысында, Конституцияның бұл ережесi меншiктiң құқықтық тәртiбi, меншiк иесiнiң өз құқықтарын жүзеге асыру көлемi мен шектерi заңмен реттеледi дегендi бiлдiредi, деп атап көрсетiледi. Меншiк құқығын шектеудiң негiздерi мен шектерi және олардың сипаты Конституцияның 39-бабы
1-тармағының нормасынан туындайды және "мүлiктiк құқық абсолюттi болып табылмайды және азаматтық-құқықтық қатынастар саласында болсын, жария құқықтық салада болсын заңдармен шектелуi мүмкiн" (Конституциялық Кеңестiң 2005 жылғы 1 шiлдедегi N 4 қаулысы).
Конституциялық Кеңес, "Қазақстан Республикасы Конституциясының 26-бабының 3-тармағын және 76-бабының
2-тармағын ресми түсiндiру туралы" 2000 жылғы 20 желтоқсандағы N 21/2, 2001 жылғы 9 шiлдедегi N 12/2, 2003 жылғы 10 маусымдағы N 8, 2005 жылғы 1 шiлдедегi N 4 қаулыларда, Конституция "мемлекет мұқтажы", "ерекше жағдайлар", "құны тең бағамен өтелген кезде" деген ұғымдардың мазмұнын анықтап отырмайды және бұл мiндеттi заңдарға жүктейдi, деп атап көрсеттi.
2. Өтiнiште қойылған басқа сұрақтардың мән-жайы бойынша Конституциялық Кеңес мынаны атап көрсетедi.
Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары (Конституцияның 1-бабының 1-тармағы). Оларды ең қымбат қазына деп тану, мемлекет үшiн адамға, оның материалдық жағынан әл-ауқаты болуына қамқорлық жасаудан аса маңызды мiндет жоқ екенiн бiлдiредi. Мемлекет адамның лайықты өмiр сүру үшiн қолынан келген барлық жағдайды жасауға мiндеттi (Конституциялық Кеңестiң 2005 жылғы 1 шiлдедегi N 4 қаулысы). Конституциялық Кеңестiң "Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабының 1-тармағы ресми түсiндiру туралы" 2001 жылғы 21 желтоқсандағы N 18/2, "Қазақстан Республикасы Конституциясының 16 және 83-баптарын ресми түсiндiру туралы" 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 13, "Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының өтiнiшi бойынша, "Салық және бюджетке төленетiн мiндеттi басқа да төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 53-бабы 1-тармағының және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 25 мамырдағы N 569 қаулысымен бекiтiлген, Салық төлеушiнiң билiк етуi шектелген мүлкiн салық берешегi есебiне сату жөнiнде мамандандырылған аукцион өткiзу ережесiнiң 13-тармағының конституциялылығын тексеру туралы" 2004 жылғы 15 сәуiрдегi N 2, "Арал өңiрiндегi экологиялық қасiрет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының конституциялылығын тексеру туралы" 2005 жылғы 29 сәуiрдегi N 3 қаулыларында да дәл осындай құқықтық көзқарас бiлдiрiлген.
Негiзгi заңның 12-бабының 2-тармағына сәйкес заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң мазмұны мен қолданылуы адам құқықтары мен бостандықтарына қарай анықталады. Бұл аталған ереже Қазақстанда қолданылатын құқықтың тұжырымдамалық негiзi болып табылады (Конституциялық Кеңестiң 2003 жылғы 10 маусымдағы N 8 қаулысы).
Осылайша, Негiзгi Заңның 26-бабының 3-тармағын жүзеге асырумен байланысты құқықтық қатынастарды заңнамалық реттеу, адамның және азаматтық конституциялық құқықтары мен бостандықтарының үстемдiгi және олардың қорғалатындығы тұрғысынан iске асырылуы қажет.
Конституцияның 26-бабының 1 және 2-тармақтарында Қазақстан Республикасы азаматтарының заңды түрде алған қандай да болсын мүлкiн жеке меншiгiнде ұстай алатындығы белгiленiп, меншiкке кепiлдiк берiлетiндiгi туралы түбегейлi конституциялық принцип бекiтiледi.
Конституцияның 26-бабының 3-тармағында заңмен көзделген ерекше жағдайларда мемлекет мұқтажы үшiн сот тәртiбiмен мүлiктен күштеп айыру оны құны тең бағамен өтелген кезде жүргiзiлуi мүмкiн деп көзделген.
Конституциялық Кеңес, мүлiктiң мемлекет меншiгiне өтуi қажет болған кезде немесе мемлекеттiк функцияларынан туындайтын және қоғамдық-маңызды мақсаттарды көздейтiн мемлекеттiк мүдделердi қанағаттандыру үшiн ғана мемлекет мұқтажы үшiн күштеп алып қою орын алуын мүмкiн деп пайымдайды.
Конституцияда мемлекет мұқтажы үшiн мүлiктiң алып қоюдың ерекше жағдайларының тiзбесi берiлмеген және бұл жағдайлардың заңмен белгiленуге тиiс екендiгi көзделген (26-баптың 3-тармағы), Конституциялық Кеңестiң 2005 жылғы 1 шiлдедегi N 4 қаулыда жазылған, "мемлекет мұқтажы" деген терминдi "ерекше жағдайлар" деген ұғымды ұштастыра отырып түсiнген және қолданған жөн деген құқықтық көзқарасын негiзге ала отырып, мемлекет мұқтажын қанағаттандыру қажеттiгi мүлiктi күштеп алып қоюдың ерекше жағдайларын заңда белгiлеуге алғышарт болып табылады. Мемлекет мұқтажы үшiн мүлiктi күштеп алып қоюдың ерекше жағдайларын айқындаудан өлшемi Конституцияның 1-бабының
1-тармағында, 6 және 26-баптарында бекiтiлген конституциялық принциптерден туындайды.
Конституциялық Кеңес, мүлiктi күштеп алып қою жағдайларының ерекшелiгi, осылай алып қоюдан басқа мемлекет мұқтажын қанағаттандырудың өзге тәсiл болмауын көздейдi, деп есептейдi. Мемлекет мұқтажын қанағаттандырудың баламалы тәсiлi, соның iшiнде, құрылыс объектiлерiн орналастырудың басқа варианттары болған кезде заң күштеп алып қоюдың мүмкiндiгiне жол бермеуге тиiс.
Ерекше жағдайларда мемлекет мұқтажы үшiн мүлiктен күштеп айырудың мiндеттi шарты меншiк иесiне осы мүлiктiң құнын тең бағамен өтеуi болып табылады. 1994 жылғы 22 желтоқсандағы N 268-ХIII Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң (Жалпы бөлiм) 26-бабында келтiрiлген залалдардың толық көлемде өтелетiндiгi туралы ереже бар.
Осылайша, мынадай:
1) мүлiктi мемлекет мұқтажы үшiн пайдалану мақсатында ғана одан айыруға жол берiледi. Бұл ретте, Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары (Конституцияның 1-бабының
1-тармағы), мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiк танылады және бiрге қорғалады, меншiк мiндет жүктейдi, оны пайдалану сонымен қатар қоғам иелiгiне де қызмет етуге тиiс (Конституцияның
6-бабының 1 және 2-тармақтары), Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандайда болсын мүлкiн жеке меншiгiнде ұстай алады, меншiкке заңи кепiлдiк берiледi (Конституцияның 26-бабының 1 және 2-тармақтары), деген түбегейлi конституциялық принциптердi ескерген жөн;
2) мемлекет мұқтажы үшiн мүлiктен айырудың ерекше жағдайларының тiзбесi заңмен белгiленедi;
3) мемлекет мұқтажы үшiн мүлiктен айыру оның құны тең бағамен өтеген кезде жүргiзiлуi мүмкiн;
4) мемлекет мұқтажы үшiн мүлiктен айыру сот шешiмiмен жүргiзiледi, деген талаптар жинақталып келiп, сақталған кезде мүлiк, соның iшiнде жер учаскесi және өзге де жылжымайтын мүлiк құқық иеленушiден ерекше жағдайларда күштеп алып қойылуы мүмкiн.
Осы аталған талаптардың ең болмаса бiреуiнiң орындалмауы мүлiктi күштеп алып қою туралы қабылданған шешiмнiң Республика Конституциясына сәйкес еместiгiн бiлдiредi.
3. "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметтерi туралы" 2001 жылғы 16 шiлдедегi N 242-II Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрi – Заң) сәйкес, елдi мекендерде бас жоспарлары қаланы, кенттi, ауылды (селоны) не басқа да қонысты дамытуды кешендi жоспарлауды айқындайтын негiзгi қала құрылысы құжаты болып табылады (Заңның 47-бабы). Оларға заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлермен (Республика Үкiметi қаулыларымен, мәслихаттардың шешiмдерiмен) бекiтiлiп (Заңның 19, 21, 23-1-баптары), тиiстi жергiлiктi мемлекеттiк органдар үшiн олардың атқарылуы күнделiктi мiндет болып табылады, олардың ерекше сипаты болмайды.
Құрылыс көзделiп отырған қандайда болсын объектiнiң елдi мекеннiң бас жоспарына енгiзiлу фактiсiнiң өзi, осыдан келiп туындайтын құқықтық салдармен қоса алғанда, автоматты түрде ерекше жағдайда деп таныла алмайды. Елдi мекендердiң бас жоспарларын орындау, мемлекет мұқтажына орай қажеттiгi туындаған объектiлер құрылғанда, объектiлерде орналастырудың басқа, мүлiктi күштеп алып қоюмен байланысты емес варианттары болмағанда және олардың құрылысы Конституцияның 26-бабы
3-тармағының мағынасындағы, тiзбесi заңмен белгiленген ерекшелiк белгiсiне сай келетiн бөлiгiнде ғана мемлекеттiк жер учаскесiн және өзге де жылжымайтын мүлiктi күштеп алып қою үшiн негiз бола алады.
Жазылған негiзiнде, Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын, "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 17-бабы
3-тармағының 1) тармақшасын, 31, 32, 33, 37-баптарын және
41-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   286   287   288   289   290   291   292   293   ...   332




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет