Ќазаќстан Республикасы Конституциясыныѕ 52-бабыныѕ



бет132/332
Дата06.02.2022
өлшемі7,99 Mb.
#39349
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   332
АНЫҚТАДЫ:

1. Республика Конституциялық Кеңесiне 2000 жылғы


2 маусымда Қазақстан Республикасы Парламентi бiр топ депутаттарының Қазақстан Республикасы Конституциясы
61-бабының 6-тармағын және 92-бабының 4-тармағын ресми түсiндiру туралы өтiнiшi келiп түстi.
Өтiнiш беруге депутаттардың заң бастамашылығы құқығын жүзеге асыруға байланысты жағдай себеп болған.
Конституцияның 92-бабының 4-тармағына сәйкес Конституция күшiне енген кезде қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының заңдары оған қайшы келмейтiн бөлiгiнде қолданылады және Конституция қабылданған күннен бастап екi жыл iшiнде оған сәйкес келтiрiлуге тиiс. Депутаттар өз өтiнiшiнде Конституцияға сәйкес келтiрiлуге бағытталған олардың бастамашылық жасаған заң жобалары Республика Үкiметiнiң терiс қорытындыларына байланысты Парламент Мәжiлiсiне енгiзуге мүмкiн болмай отырғанына сiлтеме жасайды. Онда да бұл қорытындылар, өтiнiште баяндалғанындай, Үкiметтiң емес, оның жекелеген мүшелерiнiң пiкiрiн бiлдiредi.
Өтiнiш субъектiсi Конституциялық Кеңестен жоғарыда аталған конституциялық нормаларға түсiнiктеме бергенде қолданылып келген заң актiлерiндегi қайшылықтарды жоюға бағытталған заң жобаларына да, сондай-ақ оларды Конституциямен сәйкес келтiруге бағытталған заңдар жобаларына да Үкiметтiң оң қорытындысы қажет пе; Yкiмет Конституцияның 92-бабы 4-тармағының талаптарын орындау жөнiндегi шараларды қолданбауға және Конституция ережелерiн бұза отырып ресiмделген өзiнiң терiс қорытындыларымен Парламент депутаттарының мұны iстеуiне кедергi жасауға құқылы ма; Үкiметтiң қорытындылары түпкiлiктi болып табыла ма және оларға сот тәртiбiмен шағымдануға бола ма деген кейбiр мәселелердiң ескерiлуiн сұрайды.
2. Республика Конституциясының нормалары мен конституциялық iс жүргiзу материалдарын талдай келiп, Республика Конституциялық Кеңесi Қазақстан Республикасы Конституциясы
61-бабының 6-тармағына және 92-бабының 4-тармағына түсiнiк беру туралы бiр топ депутаттардың өтiнiшiн қарағанда мынаны негiзге алады.
Конституцияның 61-бабының 6-тармағы мемлекеттiк кiрiстi қысқартуды немесе мемлекеттiк шығысты көбейтудi көздейтiн заңдардың жобалары Республика Үкiметiнiң оң қорытындысы болғанда ғана енгiзiлуi мүмкiн. Бұл ретте Үкiметтiң оң қорытындысының қажеттiлiгi туралы конституциялық-құқықтық шарттың барлық жағдайларда да және мемлекеттiк кiрiстi қысқартуды, сондай-ақ мемлекеттiк шығысты көбейтудi көздейтiн барлық заң жобалары үшiн мiндеттi екенiн ескерген жөн.
Конституциялық Кеңес Конституцияның 61-бабы
6-тармағының түсiндiрмесi Республика Конституциялық Кеңесiнiң "Республика Конституциясының 61-бабының 6-тармағын ресми түсiндiру туралы" 1997 жылғы 28 маусымдағы N 14/2 қаулысында берiлгенiн және қосымша түсiнiктi қажет етпейтiнiн атап өтедi.
Парламент депутаттарының осы өтiнiшiн қарауға байланысты Конституциялық Кеңестiң құзыретi қандай да бiр мемлекеттiк органдардың iс-әрекеттерiнiң конституциялылығын анықтау емес, тек конституциялық нормаларды түсiндiру құқығымен шектеледi.
Конституциялық Кеңес "Қазақстан Республикасы Конституциясының 92-бабы 4-тармағын ресми түсiндiру туралы" 2000 жылғы 15 маусымдағы N 8/2 қаулысында осыған орай "Қолданылып жүрген заңдарды Конституцияға сәйкес келтiру үшiн Конституция белгiлеген екi жылдық мерзiм құқық шығармашылық қызметiн жүзеге асырушы барлық субъектiлер үшiн мiндеттi болып табылады. Аталған iс-әрекеттердi белгiленген мерзiмде орындамау Конституция нормаларын бұзу болып табылады" деп түсiнiк
берген болатын.
Сонымен Конституцияның 92-бабы 4-тармағының талаптары сөзсiз орындалуға тиiс. Аталған конституциялық мiндеттi заң процесi өкiлеттi субъектiлерiнiң шешетiнi анық. Мемлекеттiк бюджет жобасын дайындау кезiнде Yкiмет Конституцияның 92-бабының
4-тармағының талаптарын ескере отырып, қолданылып жүрген заңдарды Конституцияға сәйкес келтiруге байланысты мемлекеттiк кiрiстi қысқартудың да, сондай-ақ мемлекеттiк шығысты көбейтудiң де көзделетiнiн ескеруге тиiс. Мемлекеттiк билiктiң екi тармағының тежемелiк пен тепе-теңдiктiң пайымды балансын сақтауы тиiстi конституциялық нұсқамалардың орындалуын қамтамасыз етедi.
Билiктiң заң шығарушы және атқарушы тармақтарының өзара қарым-қатынасының барлық мәселелерi Конституция нормаларында көзделген және конституциялық өкiлеттiктерiн пайдалана отырып олардың өздерi келiсу рәсiмдерi шегiнде шешедi немесе мемлекеттiк билiк бiрлiгiнiң, Конституцияның мызғымастығының кепiлi, билiктiң барлық тармағының келiсiп жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн Республика Президентiнiң қатысуымен (Республика Конституциясының 40-бабы) шешiледi.
Баяндалғандарға байланысты билiк тармақтарының арасындағы дауларды, оның iшiнде заң жобалары жөнiнде Үкiмет берген терiс қорытындыға да байланысты дауларды сот тәртiбiмен шешуге жол берiлмейдi, өйткенi жоғары заңдық күшi бар және үстемдiлiгi болғандықтан конституциялық нормалар соттар мен басқа қандай да бiр органдарға жүгiнбейдi.
3. Конституцияның 61-бабы 6-тармағына сәйкес Республика Үкiметiнiң қорытындысы талап етiледi. Бұл ретте қорытындыны Үкiмет алқалы орган ретiнде берген жағдайда оның конституциялық-құқықтық заңды күшi болмақ.
Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес осы мемлекеттiк органның ұжымдық пiкiрi не оның қаулысы арқылы (Конституцияның 69-бабының 1-тармағы), не қорытынды нәтижесi хаттама шешiмiмен ("Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" Конституциялық заңның 18-бабы, Үкiмет Регламентiнiң 8, 9 және 11-тармақтары) ресiмделiп, төрағалық етушiнiң қол қоятын отырысы
арқылы бiлдiрiледi.
Сонымен қатар, Үкiмет Конституцияның 61-бабы
6-тармағының мәнiне сәйкес қорытынды не басқа құжатты қабылдай алады, бiрақ ол оның пiкiрiн алқалы органның ("Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" Конституциялық заңның
18-бабының 4-тармағы және Үкiмет Регламентiнiң 11-тармағы) пiкiрi деп есептеуге мүмкiндiк беретiн құрамда қабылдауға тиiс.
Үкiмет қорытындысының конституциялық маңыздылығын есепке ала келiп, осы мәселенiң қорытындылар шығару тәртiбiн, оларды ұсыну мерзiмдерiн белгiлей отырып регламенттеумен заңды реттеу барынша тиiмдi деп саналады, бұл тиiстi заңдарға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудi талап етедi.
4. Осыған байланысты Республика Конституциясының
92-бабы 4-тармағының түсiндiрмесi "Қазақстан Республикасы Конституциясының 92-бабы 4-тармағын ресми түсiндiру туралы" Конституциялық Кеңестiң 2000 жылғы 15 маусымдағы N 8/2 қаулысында берiлгендiктен Республика Конституциялық Кеңесi аталған конституциялық норманы қайталап түсiндiруге негiздеменiң жоқ екендiгiн және оның қажетсiз екенiн атап өтедi.
Баяндалғанның негiзiнде, Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 17-бабы 3-тармағының 1) тармақшасын, 32, 33, 37 және 41-баптарын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   332




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет