Салық саясаты саласы 1. Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері
Салық заңнамасына өзгерістер жыл сайын елдің даму стратегиясына сәйкес экономиканың, оның ішінде жекелеген салалар бойынша экономиканың тұрақты дамуына ықпал ететін мемлекеттің, сондай-ақ салық төлеушілердің де экономикалық мүдделерінің теңгерімі ескеріле отырып қалыптастырылады.
Қазақстанда жүргізілетін салық саясатының негізгі бағыттары қолайлы кәсіпкерлік орта құру, мемлекеттің стратегиялық мақсаттарын іске асыру және мемлекеттің одан әрі тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына жағдай туғызу болды.
2015 және 2017 жылдардағы Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына жолдауын, "100 нақты қадам" - Ұлт жоспарының 44 және 45 - қадамдарын іске асыру шеңберінде 2017 жылы жаңа Салық кодексі қабылданды.
Жаңа Салық кодексінде жаңа идеология көзделген, ынталандырулар енгізілген және әкімшілендіру жеңілдетілді.
Тіркелген шегерімді қолдана отырып, жаңа режимді қосып, ШОБ үшін жұмыс істеп тұрған арнайы салық режимдері (АСР)сақталды. Бұл ретте, АСР қолдану шарттары жақсартылды (патент мөлшерлемесі 2%-дан 1%-ға дейін төмендетілді. «Оңайлатылған декларация» режимінде заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін бірыңғай талаптар белгіленді. Режимді таңдау құқығы берілген тіркелген шегерімнің жаңа режимі енгізілді. 2020 жылдан бастап талап қою мерзімі 5-тен 3 жылға дейін қысқартылды. ҚҚС бойынша 30 мың АЕК көрсеткіші мөлшеріндегі шегі сақталды).
АӨК саласында да ынталандыру шаралары көзделген (бірыңғай жер салығын төлеушілер ҚҚС төлеушілері болып табылмайды. Шаруа және фермер қожалықтары басшысына, мүшелеріне және жұмыскерлеріне салынатын әлеуметтік салық алып тасталды. Режимін сақтай отырып, оларға қызметтің басқа түрлерін жүзеге асыруға рұқсат берілді. Үлестестік бойынша шектеулер алып тасталды.) Жер қойнауын пайдалану саласында геологиялық барлауды ынталандыру шаралары енгізілді. (жүктемені рента салығына ауыстыра отырып тау-кен саласы үшін үстеме пайда салығы алып тасталды. Теңіз және терең мұнай кен орындары үшін жер қойнауын пайдалануға арналған баламалы салық көзделген. Қатты пайдалы қазбалар үшін жалдау төлемдерінің тетігі енгізілді. 2019 жылдан бастап коммерциялық табу бонусы алып тасталады. ) Қаржы секторын сауықтыру бойынша шаралар көзделген (жаңа ХҚЕС көшуге байланысты қосымша провизиялар үшін шегерімдер, банктің берешекті кешіруі кезінде жеке табыс салығынан босату, проблемалық активтерді пысықтағаннан кейін коллектордың дисконтына салық салынады, жинақтаушы сақтандыруға жеке табыс салығын салу тәртібін өзгерту, айырбастау пункттері үшін инвестициялық алтынды өткізу кезінде қосылған құн салығынан босату.) Арнайы инвестициялық келісімшарт шеңберінде автомобиль жасаушылар үшін және ауыл шаруашылығы техникаларын өндірушілер үшін ынталандырулар көзделген. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту және реконструкциялау үшін преференциялар көзделген.
Еңбекақы төлеу қорына жүктемені сақтау үшін әлеуметтік салық мөлшерлемесі 11% - дан 9,5% - ға дейін төмендетілді.
Бірқатар жеңілдіктер алып тасталды. Оларға ойын автоматтары, лотерея билеттерін өткізу, пошта төлемінің мемлекеттік белгілері, пошта маркаларының импорты айналымдарын ҚҚС-тан босату жатады.
Аукциондардан алынатын алым және кеме жүзетін су жолдарын пайдалану төлемақысы жойылды.
Салықтық әкімшілендіруді жақсарту бойынша шаралар көзделген (салықтық тексерулер жүргізу кезіндегі құқықтар мен міндеттер нақтыланды. Тәуекелдерді басқару жүйесі түбегейлі қайта қаралды. «Деңгейлес мониторинг жүргізу», «Алдын-ала түсіндіру» енгізілді. Жоспардан тыс тексерулер жүргізу үшін негіздер екі есеге (32-ден 12-ге дейін немесе 62%) қысқартылды. ҚҚС бақылау шоты ерікті түрде енгізіледі). Бұл елдің инвестициялық тартымдылығын жақсартады, бизнесті ынталандырады, тексерулер санын және салық дауларын қысқартады, әкімшілендіруді жеңілдетеді. Салық саясаты тұтастай алғанда анық және нақты болмақ.
2019 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбекақысы айына 25 АЕК-тен (60 125 тг.) жұмыскерлер үшін жеке табыс салығының мөлшері 10 есеге төмендетілді. Бұл бастама шамамен 2 млн. адамды қамтиды.
2019 жылы азаматтар табысы 29 млрд. теңгеге артады. Жұмыскер жұмыс берушіге ауыртпалықты ұлғайтпастан қосымша табыс алады.
Сондай-ақ, 2019 жылдан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 1,5 есеге
28 284-тен 42 500 теңгеге дейін артты. Салық кодексіне сәйкес әрбір жұмыскер үшін 1 ең төменгі жалақы мөлшеріне салық салынбайды. Яғни, жалақының салық салынбайтын бөлшегінің ұлғаюы салықтың төмендетілгенін білдіреді.
Сәйкесінше, әрбір жұмыс жасайтын азамат жылына 17 мың теңге көлемінде қосымша табысқа ие болады.
2019 жылдан бастап бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) енгізілді. Төлем мөлшері айына қалаларда 1 АЕК (2525 теңге) және ауылдарда 0,5 АЕК (1263 теңге) құрайды.
Режим жеке тұлғаларға қызмет көрсететін немесе жеке қосалқы шаруашылығында (ЖҚШ) артық өндірген өнiмiн тек жеке тұлғаларға ғана өткізетін жеке тұлғаларға арналған. Төлеуші жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін қолданбауға, коммерциялық стационарлық орынды иеленбеуге, шекті табысы – 100 АЕК-тен аспауға тиіс.
БЖТ сомасына: жеке табыс салығы (10%), міндетті зейнетақы жарнасы (30%), мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік төлем (20%), әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар (40%) кіреді. Салықтық кезең – 1 ай. БЖТ төлеушілер жеке кәсіпкер ретінде тіркелмейді.
Көлеңкелі кірістерді қысқарту арқылы салық салу базасын кеңейту мақсатында онлайн бақылау-кассалық машиналарды (онлайн БКМ) жаппай қолдану мерзімі 2024 жылдан 2020 жылға ауыстырылды және патент пен оңайлатылған декларация негізінде режимдерді қолданатын салық төлеушілердің жаңа онлайн БКМ сатып алуы кезінде 60 мың теңге шегінде салық сомасын азайту түрінде ынталандыру көзделген.
Бұған қоса, салық төлеуші үш құрамдауышты жүйені (онлайн БКМ + ERP жүйе + POS терминал) орнатқан жағдайда осындай азайтуды қолдану ұсынылған.
Сондай-ақ, егер салық төлеуші үш құрамдауышты жүйені қолданса, қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша тіркеу есебіне қоюдың шекті мәніне және арнаулы салық режимдерін қолдану үшін шекті табысқа қолма-қол ақшасыз айналымды қоспау ұсынылған.
2. Негізгі проблемаларды талдау
Қол жеткізілген нәтижелерге қарамастан, салықтық әкімшілендіру саласында мынадай проблемалық мәселелер өз шешімін таппауда:
– қосылған құн салығын әкімшілендірудің тиімсіз жүйесі;
– салық төлеуден жалтару, жалған кәсіпорындар санының өсуі;
– салықтық тексерулердің сапасы мен ашықтығының жетіспеушілігі;
– салық берешегін өндіру тетігінің жетілмегендігі.
3. Тәуекелдерді басқару
Мақсатқа қол жеткізуге әсер етуі мүмкін тәуекелдер атауы
Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар
1
2
Әлем экономикасы мен Қазақстан экономикасы конъюнктурасының өзгерту
Қазақстан Республикасының Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу