Бюджетсаясаты саласы 1. Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері
Мемлекет басшысының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына жолдауында (бұдан әрі – Жолдау) экономиканың әлемдік өсімінің орта деңгейден жоғары қарқынын қамтамасыз етуге және 30 озық елдің қатарына қарай тұрақты түрде ілгерілеуге лайықталған басымдықтардың бірі – макроэкономикалық тұрақтылық.
Осы басымдық шеңберінде салық-бюджет саясатын жаңа экономикалық жағдайға бейімдеу бойынша міндет қойылды.
Макроэкономикалық тұрақтылық пен мемлекеттік қаржының теңгерімділігін қамтамасыз ету үшін бюджет саясаты бірқатар фискалдық шектеулер негізінде қалыптастырылады, оның негізгісі – бюджет тапшылығының мөлшерін басқару болып табылады.
2017 жылдың қорытындысы бойынша ЖІӨ-ге қатысты мемлекеттік бюджет тапшылығы – 2,7 % құрады.
Мемлекеттік бюджеттің мұнай емес тапшылығын 2017 жылы 12,7%-ды құрады.
2016 жылғы желтоқсанда Мемлекет басшысы Ұлттық қордың қаражатын қалыптастыру және пайдаланудың жаңа тұжырымдамасын бекітті.
Бюджет пен Ұлттық қордың теңгерімділігін қамтамасыз ету, республикалық бюджеттің мұнай кірістеріне тәуелділігін төмендету мақсатында салық-бюджет саясаты ЖІӨ-ге қатысты мұнай емес тапшылықты бірте-бірте төмендету ескеріле отырып, қалыптастырылуға тиіс.
Ұлттық қор қаражаты ЖІӨ-нің 30 %-нен төмендемейтін қалдықтан төмен емес көлемде сақталатын болады.
Мұнай түсімдерін тәртіппен және тиімді басқару саясаты жалғасады.
Жаңа Ұлттық қор қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасында бекітілген параметрлерге сәйкестендіру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 29 қазандағы Жарлығымен Бюджет саясатының жаңа тұжырымдамасына тиісті өзгерістер енгізілді.
Орта мерзімді кезеңде бюджет саясаты оңтайлы шаралар мен экономикаға оң әсер ететін бюджет қаражатының көлемін айқындауға, бюджет пен Ұлттық қордың теңгерімділігін қамтамасыз етуге негізделетін болады.
Мемлекеттік шығыстар көлемі бір жағынан жиынтық сұранысты қолдауды, екінші жағынан мемлекеттік инвестициялар есебінен инвестициялық белсенділікті қамтамасыз ететін деңгейде сақталатын болады.
Әлемдік және қазақстандық экономикалардағы жағдай өзгерген кезде бюджет саясатын түзету жөніндегі жедел шаралар қабылданатын болады.
2. Негізгі проблемаларды талдау
Жаңа бюджет саясаты тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі одан арғы жұмыс орта және ұзақ мерзімді кезеңде Қазақстандағы бюджет саясатының тиімділігіне теріс ықпал етуі мүмкін проблемаларды шешуге бағытталған.
Республикалық бюджеттің мұнай кірістеріне тәуелділігі артты – Ұлттық қорды пайдаланудың ұлғаюы есебінен мұнай емес тапшылық 2017 жылы ЖІӨ-ге қатысты 12,5 % дейін өсті, оның ЖІӨ-ге қатысты 9,9%-н Ұлттық қор трансферттері мен мұнайға салынатын ЭКБ (экспорттық кедендік баж) құрайды.
Республикалық бюджетке түсімдердің жалпы көлеміндегі мұнай кірістерінің үлесі 2017 жылы 53,8 % құрады.
Әлемдік экономиканың баяулауы және шикізат тауарларына төмен бағалар жағдайында мұнай секторы түсімдерінің төмендеуі байқалды және Ұлттық қор қаражатын пайдалану артты, бұл оның активтерінің қысқаруына алып келеді.
Республикалық бюджет шығыстарының құрылымында қатарынан бірнеше жыл ағымдағы шығыстар біршама артуда, бұл даму бюджетінің қысқаруына, сәйкесінше, бюджеттің ЖІӨ өсуін ынталандырушы әсерінің төмендеуіне әкелуі мүмкін.
Бұл ретте кіріс базасының өсуімен ілесіп жүрмейтін салық салу саясаты перспективада өсіп келе жатқан міндеттемелерге сәйкес келмеуі мүмкін. Ұзақ мерзімді кезеңде бұл мемлекеттік қаржының теңгерімсіздігіне әкелуі мүмкін.
Шикізат емес секторда кіріс базасын кеңейту және салықтық әкімшілендіру тетіктерін жақсарту үшін қабылданатын шаралармен қатар мемлекеттік қаржы тұрақтылығын күшейту және фискалдық саясатты түзету бойынша шаралар қабылдау қажет.
Осыған байланысты, Мемлекет басшысы Жолдауында атап өткен мемлекеттік қаржы тұрақтылығын сақтау, бюджет қаражатын қатаң үнемдеу және мемлекеттік шығыстар тиімділігін арттыру – бюджет саясатының басымдығы болып қала бермек.
Бюджет шығыстарының тиімділігін арттыру мақсатында қаражат тиімсіз бағдарламалардан әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын іске асыруды қамтамасыз ететін бюджеттік бағдарламаларға қайта бөлінетін болады.
Бұл ретте, мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелері толық көлемде орындалатын болады.
Бұдан басқа, тұтынушыларға қаражатты жеткізу уақытын қысқарту үшін бюджет рәсімдері жеңілдетілетін болады.
3. Тәуекелдерді басқару
Мақсатқа қол жеткізуге әсер етуі мүмкін тәуекелдер атауы
Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар
1
2
Экономика өсуінің бәсеңдеуі, шикізаттың, оның ішінде мұнайдың әлемдік бағасының төмендеуі
Ұлттық қор қаражатын шектеулі пайдалану, мемлекеттік шығыстарды оңтайландыру және бюджет тапшылығын 2020 жылға дейін ЖІӨ-ге қатысты 1 % деңгейінде ұстап тұру арқылы бюджет теңгерімділігін қамтамасыз ету