Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспары


-стратегиялық бағыт. Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру



бет5/30
Дата19.03.2022
өлшемі1,49 Mb.
#136208
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
sp mne kaz09092019171319

2-стратегиялық бағыт. Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру


Инвестициялық саясат саласы
1. Реттелетін саланы немесе қызмет саласын дамытудың негізгі параметрлері
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми деректеріне сәйкес, 2018 жылдың 9 айында ел экономикасына 17,3 млрд. АҚШ доллары көлемінде тікелей шетелдік инвестиция (ТШИ) тартылды, бұл 2017 жылғы 9 айға қарағанда 8,4% артық (салыстыру үшін, 2017 жылғы 9 айға 16 миллиард доллар).
ТШИ-ның жалпы ағындарының жартысынан көбі (52,8%) шикі мұнай мен табиғи газды өндіруге инвестициялар болып табылады, бұл 17,1% -ға 9,2 млрд. АҚШ долларына дейін артқан.
Өңдеу өнеркәсібіне салынған ТШИ-дің салымдары металлургия өнеркәсібі есебінен 26%-ға немесе 1,0 млрд. АҚШ долларына (2018 жылдың алғашқы 9 айында 3,8 млрд. АҚШ долларынан 2018 жылдың 9 айында 2,8 млрд. АҚШ долларына дейін) қысқарды. Металлургия өнеркәсібіндегі ТШИ ерекшелігі кірістерді қайта инвестициялаудың жоғары деңгейі (қазақстандық кәсіпорындардың бөлінбеген пайдасына инвесторлардың үлесі) болып табылады, бұл осы салаға ТШИ-дың жалпы ағынының үлкен үлесін қамтамасыз етеді.
Сонымен бірге ауыл шаруашылығында ТШИ жалпы көлемінің төмендеу үрдісі байқалады. Осылайша, 2018 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша салаға ТШИ-нің жалпы ағыны 2,6 есе азайып, 9,4 млн. АҚШ долларын құрады (салыстыру үшін 2018 жылғы 9 айда - 24,1 млн. АҚШ доллары).
Жоғарыда көрсетілген салалардағы ТШИ-дің азаю себебі – 2017 жылы ірі инвестициялық операциялардың болуы және 2018 жылы мұндай ірі инвестициялардың болмауы.
Алайда, негізгі капиталға инвестициялардың өсуі байқалды. 2018 жылғы 12 айдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,2% -ға артып, 11,1 трлн. теңге болды. Елдің көптеген өңірлерінде инвестициялық белсенділіктің сақталғанын атап өтеміз.
2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда мына салаларда негізгі капиталға инвестициялардың неғұрлым өскені байқалады: тау-кен өндіру өнеркәсібі - 40,4%, көркемөнер мен сауықтыру - 29,2%, денсаулық сақтау - 24,1%, құрылыс - 20,6%, өңдеу өнеркәсібі - 20,5% және жылжымайтын мүлікпен операциялар - 20,1%.
Өңірлік деңгейде инвестициялар үшін бәсекелестіктің күшеюі аясында жаңа инвесторларды тарту үшін ғана емес, сонымен қатар қолданыстағы инвесторларды ұстап қалуға бағытталған инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша тұрақты шаралар қабылдау өте маңызды.
Осылайша, инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатында инвестициялық ахуалды және заңнаманы жетілдіру бойынша мынадай шаралар қабылдануда:
- қолайлы инвестициялық ахуалды құруға және тиімділікті арттыруға бағытталған инвестицияларды тартуға бағытталған Ұлттық инвестициялық стратегия іске асырылуда;
- тұрақты негізде инвестициялық ахуалды және заңнаманы жетілдіру үшін, оның ішінде халықаралық сарапшылардың, ЭЫДҰ ұсынымдарын, көші-қон заңнамасын жетілдіру, АХҚО сотының және сот төрелігінің қолжетімді болуы, мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну шарттарын жеңілдету және т.б. бойынша ұсыныстар әзірленеді;
- Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі жанында Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі шеңберінде Инвестициялық саясатты іске асыру жөніндегі бірлескен жұмыс тобы, ҰЭМ жанындағы Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі жұмыс тобы (Инвестициялық штаб) жұмыс істейді;
- Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімдер жобаларын мүдделі мемлекеттік органдары мен контрагент елдерінің қарап келісуі, оларды қол қоюға дайындау және олардың күшіне енуі бойынша кейіннен мемлекетішілік рәсімдерді жүзеге асыру арқылы инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау саласындағы халықаралық құқықтық база жетілдірілуде.
2. Негізгі проблемаларды талдау
Инвестиция саласында бірқатар проблемалар бар, оның ішінде:
1) шикізат секторындағы инвестиция үлесінің басым болуы: 2017 жылы тау-кен өнеркәсібіне инвестициялардың үлесі – 48,4%, өңдеу өнеркәсібінде – 25% құрады; (негізінен мұнай-газ секторына инвестициялар АҚШ пен Нидерландыға келеді)
2) Қытаймен және Ресеймен салыстырғанда нарықтың шағындығы;
3) мұнай мен металл бағасының әлемдік конъюнктурасына тәуелділігі.
Бұл проблемаларды шешу инвестициялық саясатты қалыптастыру тұрғысынан алғанда, оның ішінде алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибебелерге, ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес қабылданған Қазақстанның Ұлттық стратегиясын сапалы іске асыру арқылы инвестициялық ахуалды жақсарту, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі жанындағы Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі жанындағы Инвестициялық саясатты іске асыру жөніндегі бірлескен жұмыс тобының, ҰЭМ жанындағы Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі жұмыс тобының (Инвестициялық штаб) қызметін қамтамасыз ету арқылы мүмкін болмақ.

3. Тәуекелдерді басқару



Мақсатқа қол жеткізуге әсер етуі мүмкін тәуекелдердің атауы

Тәуекелдерді басқару бойынша шаралар

Әлемдік дағдарыстың шетелдік және тікелей инвестициялардың өсуіне әсері

Инвестициялық заңнаманы ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу; Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі жанындағы Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі шеңберіндегі Инвестициялық саясатты іске асыру жөніндегі бірлескен жұмыс тобының, ҰЭМ жанындағы Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі жұмыс тобының (Инвестициялық штаб) қызметін қамтамасыз ету; инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімдер жобаларын мүдделі мемлекеттік органдар мен контрагент елдерінің қарап, келісуі, оларды қол қоюға дайындау және олардың күшіне енуі бойынша кейіннен мемлекетішілік рәсімдерді жүзеге асыру арқылы инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау саласындағы халықаралық құқықтық базаны жетілдіру.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет