Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспары


Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты саласы



бет9/30
Дата19.03.2022
өлшемі1,49 Mb.
#136208
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30
Байланысты:
sp mne kaz09092019171319

Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты саласы

1. Реттелетін саланы немесе қызмет саласын дамытудың негізгі параметрлері Ұлттық Банктің деректері бойынша, Ұлттық қордың валюталық активтері 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 57,7 млрд. АҚШ долларын (19 896,3 млрд. теңге) немесе ЖІӨ-ге қатысты 33,8%1 құрады (2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша валюталық активтер 58,3 млрд. АҚШ долларын құрады).


Ұлттық қор қаражатын тиімді басқаруды арттыру үшін Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 385 Жарлығымен Ұлттық қор қаражатын қалыптастыру және пайдаланудың жаңа тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) бекітілді, оның негізгі мақсаты – болашақ ұрпаққа арналған жинақтарды қалыптастыру және республикалық бюджеттің әлемдік шикізат нарықтарындағы жағдайға тәуелділігін төмендету арқылы қаржы ресурстарын сақтау.
Ұлттық қордың қаражаты ЖІӨ болжамды мәнінен кемінде 30% мөлшерінде төмендетілмейтін қалдықтан төмен емес көлемде сақталатын болады.
Сонымен қатар қаржы нарығын одан әрі дамыту жөніндегі негізгі тәсілдер 2014 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында айқындалған.
Бүгінгі күні Қазақстанның қаржы жүйесі жеткілікті реформаланған болып табылады және негізгі халықаралық стандарттарға сай келеді.
2016 жылы 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар 1 142,8 миллиард теңгені немесе 7,3%, 2017 жылы 1 360,3 миллиард теңгені немесе 7,3%, 2017 жылы 1 360,3 миллиард теңгені немесе 10%, 2018 жылы 1 062,7 миллиард теңгені немесе 7,9% құрады. 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мерзімі өткен қарыздар 1 016,3 9 миллиард теңгені немесе несие қоржынының 7,4% құрайды
2. Негізгі проблемаларды талдау
2019-2021 жылдарға арналған негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер мен бюджеттік параметрлердің параметрлері бюджет тапшылығын 2019 жылы ЖІӨ қатысты-2,1%, 2020 жылы ЖІӨ қатысты-1,4%, 2021 жылдан бастап ЖІӨ қатысты-1,3% кезең-кезеңмен төмендетуді болжайды.
Бұл ретте 2019-2021 жылдардың тапшылығымен қалыптастырылған республикалық бюджет үкіметтік және сәйкесінше, мемлекеттік борыштың одан әрі өсуіне әкеледі.

3. Тәуекелдерді басқару





Мақсатқа қол жеткізуге әсер етуі мүмкін тәуекелдер атауы

Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар

1

2

Экономика өсуінің бәсеңдеуі, шикізаттың, оның ішінде мұнайдың әлемдік бағаларының төмендеуі

ЖІӨ-ге қатысты бюджет тапшылығын төмендету және Ұлттық қордағы жинақтарды ұлғайту арқылы Ұлттық қор қаражатының төмендемейтін қалдығын қауіпсіз деңгейде ұстап тұру.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет