Тұтынушылардың құқықтарын қорғау 1. Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері
Мемлекет Басшысы 2018 жылғы 5 қазандағы «қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру: табыстар мен өмір сүру сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігіне сараптама жүргізу, сапасыз өнімдер мен оны өндірушілердің тізбесін жариялау бойынша мүмкіндіктерді кеңейтуді қоса алғанда, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық ұйымдардың белсенді әлеуетін институционалдық күшейту және белсенді әлеуетін күшейту жөніндегі шаралар қабылдау бойынша міндеттер қойды.
Президенттің осы тапсырмасын орындау мақсатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы (бұдан әрі – заң жобасы) әзірленді.
Заң жобасы тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің, мүдделі мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ҰКП белсенді қатысуымен әзірленді. Шетелдердің озық тәжірибесі зерттелді.
Заң жобасында:
1) Тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері қауымдастығын құруды және оның жұмыс істеуінің құқықтық негізін қалыптастыру;
2) тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуы үшін қоғамдық бақылау тетігін енгізу;
3) дауларды сотқа дейін реттеуді ынталандыру;
4) тұтынушылардың құқықтарын күшейту көзделген.
Тұтастай алғанда, заң жобасын қабылдау мыналарға бағытталған:
- тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіру;
- мемлекеттік тұтыну ұйымдарының потенциалын институционалдық нығайту және белсенді пайдалану;
- тұтыну нарығында жоғары сапалы және қауіпсіз тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өндіру мен сатуды ынталандыру;
- тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйелерінің тиімділігін арттыру.
Мемлекеттің бизнес субъектілеріне деген бейілділігі, халықаралық интеграциялық үдерістер, тұтынушылық сұраныстың өсуі тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелерін барынша өзекті етеді.
Осыған байланысты тұтынушыларды қорғау жүйесін қайта құру оның дамуына жаңа серпін береді.
2. Негізгі проблемаларды талдау.
Тұтынушылар құқықтарының көптеген бұзушылықтарына әкелетін негізгі себептер – Халықтың және шаруашылық жүргізуші субъектілердің құқықтық сауаттылығының төмендігі, сондай-ақ азаматтардың өз құқықтарын іске асыру тетіктері туралы жеткілікті түрде хабардар болмауы, тұтынушылық білім беру мен ағарту жүйесімен жалпылама қамту жүйесінің болмауы,.
Осылайша, тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша қалыптасқан ахуал әртүрлі тыныс-тіршілік салаларындағы мемлекеттік ағартуды жетілдіру және тиімділігін арттыру қажеттілігін айқындайды.
3. Тәуекелдерді басқару
Мақсатқа қол жеткізуге әсер етуі мүмкін тәуекелдер атауы
1. Тұтынушылық сауаттылық деңгейін арттыру бойынша ақпараттық жұмыс жүргізу
2. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі ақпараттық материалдарды орналастыру мен таратуды қамтамасыз ету (журналдар, буклеттер, бейнероликтер, аудиороликтер және т.б.)