Тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйін талдау мен бағалау тұрақты негізде жүргізіледі, оның қорытындысы бойынша анықталған проблемалық мәселелер мен нарыққа жаңа ойыншылардың кіруіне кедергілерді жою жөнінде ұсыныстар әзірленіп, уәкілетті мемлекеттік органдарға енгізіледі. 2018 жылы тауар нарығына 295 талдау жүргізіліп, олардың қорытындысы бойынша тиісті мемлекеттік органдарға бәсекелестікті қорғау мен дамытуға бағытталған іс-шараларды жүргізу жөнінде ұсынымдар жіберілді.
Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнама бұзушылықтарын тергеп-тексеру бойынша соңғы 4 жылдағы статистика мынадай: 2016 жылы – 279 тергеп-тексеру, 2017 жылы – 211 тергеп-тексеру, 2018 жылы – 212 тергеп-тексеру, оның ішінде анықталған бұзушылықтары бар 2016 жылы – 228 тергеп-тексеру, 2017 жылы – 174 тергеп-тексеру, 2018 жылы – 159 тергеп тексеру.
Осылайша, 2016 жылы аяқталған жалпы санынан бұзылушылықтар анықталған тергеулердің үлес салмағы 82%, 2017 жылы - 83%, 2018 жылы - 74% болды.
Тергеп-тексерулер құрылымында бұзушылық түрлері бойынша нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы келісілген іс-қимылдары мен келісімдер саны мынадай:
1-сурет. Бұзушылықтардың түрлері бойынша тергеп-тексерулер құрылымы (2015-2017 жылдар)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысымен мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдарға және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге рұқсат етілетін қызмет түрлерінің тізбесі бекітілген.
2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша көрсетілген тізбеде көзделген қызмет түрлерінің саны 351 құрады, оның ішінде:
– республикалық меншік бойынша – 55;
– коммуналдық меншік бойынша – 22;
– ұлттық холдингтердің/компаниялардың меншігі бойынша – 274.
2017 жылы, осы көрсетілген Қызмет түрлерінің тізбесін қысқарту тұрғысынан тауар нарықтарына талдау жүргізілді.
Талдау қорытындысы бойынша 2017 жылғы қараша айында Үкіметке 65 қызмет түрін оның ішінде:
– «Заңды тұлғалар жүзеге асыратын республикалық меншіктегі қызмет түрлері» Қаулысының 1-бөлімінен 17 қызмет түрін;
– «Ұлттық басқарушы холдингтердің тәуелді заңды тұлғалары еншілес ұйымдар жүзеге асырылатын қызмет түрлері» Қаулысының 3-бөлімінен 48 қызмет түрін алып тастау туралы ұсыныстар жіберілді,.
Осылайша, кәсіпкерлік ортадағы мемлекеттік қатысуды қысқарту жеке сектор үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Мемлекет Басшысының 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауында айтылған тапсырмасын іске асыру үшін бүкіл бәсекелестікке кедергі келтіретін нормаларды анықтау тұрғысынан ревизия жүргізілуде. Ревизияның мақсаты – қоғам мүдделеріне залал келтіру тәуекелінсіз салауатты бәсекені дамыту үшін қолайлы жағдай жасау арқылы елдегі бизнес-ахуалды жақсарту және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады. Бірінші кезеңде Министрлік Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген кәсіпкерлік қызметті реттеу қағидаттарын ескере отырып, бәсекелестікке кедергі келтіретін нормаларды анықтаудың өлшемшарттары мен тәсілдерін және оларды қайта қараудың алғы шартын көздейін Ревизия жүргізу әдістемесі әзірледі. Екінші кезеңде 2017 жылы бәсекелестікке кедергі келетін нормаларды анықтау тұрғысынан 108 заң мен 972 заңға тәуелді актілерге ревизия жүргізілді. Сондай-ақ бағалық және тарифтік сөзбайласуларды, оның ішінде сауда-саттықта әрі мемлекеттік, әрі квазимемлекеттік сектордағы сөзбайласуларды анықтап, олардың жолын кесу жөніндегі құқықтық тетіктің жетілдіру мақсатында: –сатып алу мен сауда-саттыққа қойылатын бәсекелестікке қарсы талаптарды айқындау; – сатып алу мен сауда-саттыққа қойылатын бәсекелестікке қарсы талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізу; – монополияға қарсы тергеп-тексеру жүргізу кезінде монополияға қарсы органның өкілеттіктерін күшейтуді көздейтін заңнамалық актілерге бірқатар түзетулер әзірленді; 2017 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша тиісті заңнамалық актілерге түзетулер енгізілді, олар 2018 жылғы 24 мамырда Мемлекет басшысы қолы қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көрініс тапты.
2. Негізгі проблемаларды талдау
Қазіргі уақытта бәсекелестіктің дамуына кедергі келтіретін мынадай өзекті проблемалар бар:
Мемлекеттік органдардың экономикалық процестерге негізсіз араласуына байланысты әкімшілік кедергілер. Мұндай фактілер жаңа қатысушылардың нарыққа кіру ынталарын төмендетіп, өндірістік емес шығасыларды арттырады және сыбайлас жемқорлық үшін және «әкімшілік» деп аталатын ресурстың пайда болуына жағдай туғызады.
Нарықтың басқа субъектілерімен бәсекелесуге жағдай жасалған салалардағы квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қалыптасуына және қызметіне байланысты институционалдық проблемалар. Мұндай субъектілердің қызметі олардың айрықша мәртебесі мен әкімшілік және саяси ресурсты пайдалану мүмкіндігіне байланысты аса айқын емес.
Монополияға қарсы заңнама бұзушылықтары санының артуы. Соңғы жылдары көп жағдайларда бұзушылықтар бәсекелестікке қарсы келісімдерге және келісілген іс-қимылдар мен мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар тарапынан болатын бәсекелестікке қарсы іс-қимылдарға байланысты болған.
3. Тәуекелдерді басқару
Мақсатқа қол жеткізуге әсер етуі мүмкін тәуекелдер атауы
Қазақстан Республикасының Үкіметіне және Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарына тауар нарықтарындағы жағдайды жақсарту бөлігінде ұсыныстар жіберу