Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспары


-стратегиялық бағыт. Өңірлердің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін дамыту



бет18/30
Дата19.03.2022
өлшемі1,49 Mb.
#136208
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   30
Байланысты:
sp mne kaz09092019171319

3-стратегиялық бағыт. Өңірлердің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін дамыту
Өңірлерді дамыту саласы
1. Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері
2013-2017 жылдар аралығында елдің жалпы ішкі өнімінде Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының негізгі мегаполистерінің үлесі 29,5%-тен 32,4% -ке дейін, «индустриялық» өңірлер үлесі (Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар) – 17,9%-18,2%-ке артты, бұл ретте «мұнай» облыстарының (Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау) үлесі 30,9% -тен 28,3% - ке дейін, ал қалған «ауыл шаруашылығы» облыстардың үлесі - 21,7% -дан 21,1%-ке дейін төмендеді.
Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында, «өнеркәсіптік» және «аграрлық» өңірлерде инвестициялар үлесінің бір мезгілде төмендеуімен «мұнайлы» өңірлерде инвестициялардың шоғырлануы байқалуда.
2017 жылдың қорытындысы бойынша жалпы өңірлік өнім өндіруде (бұдан әрі - ЖӨӨ) ең көп үлес Алматы қаласына - 21,8%, ең аз үлес – Солтүстік Қазақстан облысына келеді - 2,0%.
Өңірлерді дамыту мақсатында ел экономикасының өсуіне әсер етудің маңызды тетіктерінің бірі болып табылатын мемлекеттің тиімді өңірлік саясаты жүргізіледі.
Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Ұлттық жоспардың 58-тармағына сәйкес 2025 жылға дейін Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының негізгі ережелері ескеріле отырып, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2030 жылға дейінгі Болжамды схемасы (бұдан әрі - Болжамды схема) әзірленуде.
Жаңа Болжамды схема елдің салалық және аумақтық-кеңістіктік дамуын сапалы түрде байланыстыруға мүмкіндік береді, дамыған озық инфрақұрылымдық жүйені құруға, бизнес үшін қашықтықты қысқартуға, халықтың ұтқырлығын арттыруға және халықты орналастырудың оңтайлы жүйесін қалыптастыруға жәрдемдеседі, нәтижесінде өңірлердегі өмір сүру сапасын жақсартуға және өңірлерді инвестициялауға негізделген өсу моделіне көшіруді қамтамасыз етеді..
Болжамды схеманың негізін өңірлік дамудың жаңа тәсілдері мынадай қалайды:
• институционалдық өзара іс-қимыл негізінде басқарылатын урбанизацияны ескере отырып, «өсу нүктелерін» дамыту стратегиясына көшу;
• өңірлік стандарттар жүйесі негізінде өңірлерде базалық өмір сүру сапасын қамтамасыз ету.
Оны әзірлеу кезінде Президенттің Жолдауы Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы, Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 еліне кіру тұжырымдамасы және Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары ескеріледі.
Әзірленген Болжамды схема мемлекеттік жоспарлау жүйесінің төмен тұрған құжаттарының (мемлекеттік бағдарламалардың, мемлекеттік органдардың 5 жылға арналған стратегиялық жоспарларының, ЖАО-ның 5 жылға арналған АДБ-ның, ҰБХ, ҰХ мен ҰК-дың 10 жылға арналған даму стратегиясының) ережелерін түзету үшін негіз болады.
2011 жылы Мемлекет басшысының 2011 жылғы 21 шілдедегі № 118 Жарлығымен өңірлік дамудың түйінді бағыттары бойынша мемлекет тәсілдерін айқындайтын Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамдық схемасы (бұдан әрі – Болжамды схема) қабылданды.
Жаңа басымдықтар («Қазақстан-2050» стратегиясы, «Әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру жөніндегі тұжырымдама» және Мемлекет басшысының 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауы) ескеріле отырып, 2015 жылы Болжамды схеманы өзектілендіру жүргізілді.
Осылайша, елді тиімді аумақтық-кеңістікте дамытудың мынадай жаңа тәсілдері айқындалды:
1) аумақтық шоғырландыру және басқарылатын урбандалу негізінде теңгерімделген даму;
2) хаб және шұғыла қағидаты негізінде макроөңірлік даму.
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығына сәйкес 2019 жылы алдағы он жылдық кезеңге арналған Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасының жобасын әзірлеу қажет болады.
Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2030 жылға дейінгі болжамды схемасы Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық жоспарының негізгі ережелері, оның ішінде «Қуатты өңірлер және урбандалу» реформасы ескеріле отырып, әзірленеді. Реформа өңірлер арасындағы әлеуметтік-экономикалық теңгерімсіздікті жоюға бағытталған.
Өңірлерде экономикалық өкілеттілікті кеңінен табыстау және өңірлік деңгейде инвестиция тартудың жаңа тетіктерін енгізу өңірік дамуға серпін береді. Жаңа тәсілдерді пайдалану арқылы урбандалу жалғастырылады. Агломерацияны дамытудан бөлек, Қазақстанның экономикалық әлеуеті бар орташа қалалаларын дамытуға да айырықша назар аударылатын болады. Әлеуметтік және көлік инфрақұрылымын дамыту, кәсіпкерлікті қолдау және білім берудегі озық тәжірибелерді кеңейту бүкіл елдегі өмір сүру сапасын жақсартады.
Болжамды схеманы іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 728 қаулысымен Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) қабылданды, ол Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сәйкес мақсатты, міндетті, нысаналы индикаторлары, нәтижелер көрсеткештерімен іс-шаралары жақсартыла отырып, Мемлекеттік бағдарлама мәртебесінде қайта бекітілді (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 қарашадағы № 767 қаулысы).
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, экономикалық өсу орталықтарын ғана емес, сондай - ақ экономикалық перспективалы моно-және шағын қалалар мен ауылдарды, әсіресе тірек ауылдық және шекара маңындағы елді мекендерді дамыту бойынша міндеттер қойылды.
2020 жылға дейін өңірлерді абаттандыру, халықты ауыз сумен және су бұру қызметтерімен тиімді және ұтымды қамтамасыз ету, тұтастай алғанда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың жай-күйін жақсарту жөніндегі міндеттер шешілетін болады.
2018 жылы моноқалаларда 57 «якорлық» жоба іске асырылуда.
57 «якорлық» жобаның:
35 жобасы (61,4%) тұрақты жұмыс істеуде (50% және одан жоғары);
14 жобасы (24,6%) іске асырылу сатысында, жоспарланған (2020 жылға дейін);
6 жобасы (10,5%) төмен жүктемемен (50%-дан кем);
2 жобасы (3,5%) тоқтап тұр (банкрот, қарызы бар және т.б.).
Көрсетілген жобалар негізінен химия, тау-кен металлургиясы, ағаш өңдеу өнеркәсібі, агроөнеркәсіптік кешен, туризм, машина жасау және кеме жасау салаларында іске асырылады.
2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 311 тірек ауылдық елді мекен анықталды.
Қазақстанның 14 облысының 12 өңірі шекара маңындағы болып табылады және елдің көп бөлігін алады.Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамыту, экономикалық өркендеуге, әлеуметтік әл-ауқат және азаматтық қоғамды қалыптастыру үшін жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 28 қарашадағы № 438 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасы іске асырылуда.
Ауылдық жерлерге жұмыс істеуге және тұруға келетін әлеуметтік сала және агроөнеркәсіптік кешен мамандарын ынталандыру үшін 2009 жылдан бастап «Дипломмен ауылға» жобасы іске асырылуда. Осылайша, жоба іске асырыла бастағаннан бері ауылдық жерлерге 60 мың маман тартылған, олар жалпы сомасы 7,4 миллиард теңгені құрайтын көтерме жәрдемақы алып, 27,5 мыңнан астам маманға тұрғын үй сатып алуға 70,6 миллиард теңге сома бюджеттік кредит берілді.
Өңіраралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында аумақтарды дамыту бағдарламаларына «Өңіраралық ынтымақтастық» бағыты қосылды, сондай-ақ көрсеткiштердің Базалық тiзбесі өңіраралық сауданы сипаттайтын көрсеткiштермен толықтырылды.
2016 жылы 6 макроөңір үшін (Оңтүстік, Солтүстік, Орталық-Шығыс, Батыс, Алматы және Нұр-Сұлтан) инвестициялық бағдарламалар әзірленіп, бекітілді.
Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру мақсатында қабылданған «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Алматыны, Нұр-Сұлтанды, Ақтөбені, Шымкент және Өскемен қалаларын ұлттық және халықаралық денгейдегі хаб-қалалар ретінде айқындай отырып, елдің макроөңірлерін қалыптастыру жолымен Қазақстанның бірыңғай экономикалық нарығын құру бойынша шаралар қабылдануда.
2. Негізгі проблемаларды талдау
Жан басына шаққанда қолдағы кірістер бойынша өңірлер арасындағы теңсіздік өңірлерді дамытудағы негізгі проблема болып табылады. 2017 жылдың қорытындылары бойынша Атырау және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы жан басына шаққандағы ЖӨӨ – 8,8 есе өзгеше.
Әлемдік шикізаттық тауар биржаларындағы бағалардың төмендеуі, экономиканың белгілі бір саласының бәсекеге қабілетсіздігінен жұмыссыздықтың артуы өңірлерді дамытуға теріс әсер ететін факторлардың бірі болып табылады.
Елдің көптеген өңірлерінің экономикалық жағдайы Қостанай, Қарағанды облыстары – темір рудасы, шекемтастар, қара металлургия өнімінің, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстары – түсті металлургия өнімінің, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстары – экономиканың мұнай-газ секторы өнімінің әлемдік шикізат тауарлары биржасындағы бағаларына тікелей байланысты.
Осыған байланысты өңірлерге инвестицияларды тарту, кәсіпкерлікті дамыту, өнеркәсіптік өндірісті әртараптандыру және басқалары арқылы экономикалық әлеуетті дамыту жұмыстарын жүргізу қажет.
3. Тәуекелдерді басқару

Мақсатқа қол жеткізуге әсер етуі мүмкін тәуекелдер атауы

Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар

1

2

Бағдарламалық құжаттардың іс-шараларын сапасыз және уақтылы іске асырмау

Жергілікті атқарушы органдардың бағдарламалық құжаттарда көзделген іс-шараларды орындау қызметін жандандыру





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет