2-стратегиялық бағыт 1-басымдық Мемлекеттік қаржының тұрақтылығын арттыру Бұл басымдық Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 26 маусымдағы № 590 Жарлығымен бекітілген Жаңа бюджет саясатының тұжырымдамасында айқындалған.
Орта мерзімді кезеңдегі бюджет саясаты мемлекеттік қаржының тұрақтылығын күшейтуге және Ұлттық қор қаражатын одан әрі жинақтауға бағытталатын болады.
Бұл басымдыққа қол жеткізу мемлекеттік бюджет тапшылығын азайту, бюджеттің мұнай емес тапшылығын азайту, шоғырландырылған бюджеттің оң балансын қамтамасыз ету есебінен, қаражат жұмсаудағы үнемшілдікпен және тиімділікті арттыруды, сондай-ақ бюджеттің кіріс бөлігінің толықтығын қамтамасыз етуді есепке ала отырып, ойластырылған теңгерімделген бюджет саясатын жүргізу арқылы іске асырылатын болады.
Бюджетаралық қатынастар шеңберінде жергілікті атқарушы органдардың өңірлік және жергілікті маңызы бар мәселелерді шешудегі дербестігін арттыру жөніндегі шаралар қабылданады.
Бюджетаралық қатынастар 2017-2019 жылдарға бекітілген жалпы сипаттағы трансферттерге (субвенциялар мен алып қоюларға) негізделетін болады. Үш жылдық кезеңде жалпы сипаттағы трансферттердің тұрақтылығы сақталатын болады.
Нормативтік құқықтық актілерді қабылдауға байланысты жергілікті бюджеттердің кірістерінде шығындары қосымша шығыстары туындаған кезде ЖАО шығындары нысаналы ағымдағы трансферттер бөлу арқылы республикалық бюджеттен өтелетін болады.
Бұдан басқа, жалпы сипаттағы үшжылдық трансферттерді қолдану кезеңінде ЖАО өңірлік деңгейдегі мәселелерді шешу үшін жергілікті бюджетке түсетін үстеме кірістерге дербес иелік етеді.
2017-2019 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттерге салынған жергілікті бюджеттерді дамыту бюджеті болжамының ұлғаюын ескере отырып, ЖАО қаржылық дербестігін арттыру мақсатында өңірлерге республикалық бюджеттен дамытуға бөлінетін нысаналы даму трансферттер көлемін қысқарту жоспарланып отыр. Жергілікті деңгейдегі объектілерді салуды (білім беру объектілерін, фельдшерлік-акушерлік пункттер, медициналық пункттерді, сумен жабдықтау жүйесін, жергілікті деңгейдегі автомобиль жолдарын және т.б) қаржыландыру жергілікті бюджетке берілуге тиіс.
Республикалық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері өңірлерді инфрақұрылыммен қамтамасыз етудегі айрықша диспропорцияны жою және ұлттық маңызы бар жобаларды іске асыру үшін ғана бөлінетін болады.