2-басымдық Икемді, ашық және қолайлы салық жүйесін сақтай отырып, салық саясатын жетілдіру. Президенттің Бес әлеуметтік бастамаларының екінші бастамасын іске асыру шеңберінде 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап жалақысы айына 25 АЕК-тен кем жұмыскерлер үшін жеке табыс салығының мөлшері 10 есеге төмендейді.
Бейресми жұмыспен қамтылған адамдарды деректендіру мақсатында оларға салық салу тәртібін анықтау жөніндегі тәсілдер әзірленетін болады.
Сондай-ақ жеке табыс салығының прогрессивті шәкілін енгізу мәселесі зерделенуде.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды, жұмыс берушілердің міндетті зейнеткерлік жарналарын енгізуге байланысты еңбекақы төлеу қорына жүктемені оңтайландыру мәселесі қаралады.
Бұдан басқа халықаралық тәжірибені ескере отырып, сән-салтанат заттарына салық салу мәселесі қаралуда.