Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспары


-бөлім. Саланың/аяның басым бағыттары



бет19/30
Дата19.03.2022
өлшемі1,49 Mb.
#136208
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   30
Байланысты:
sp mne kaz09092019171319

3-бөлім. Саланың/аяның басым бағыттары


1-стратегиялық бағыт
1-басымдық
Салалық және кәсіби өзін-өзі реттеуші ұйымдарына мемлекеттік органдардың функцияларын беру
100 нақты қадам – Ұлт жоспарының 97-қадамы шеңберінде бәсекелес ортаға функцияларды беру бойынша мынадай алгоритм енгізу жоспарлануда:
–мемлекеттік органдардың функцияларына бәсекелес ортаға мен өзін-өзі реттеуші ұйымдарға беру тұрғысынан жыл сайын түгендеу жүргізу;
– нарықтың дайындығына талдау жүргізу. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасына және «Қазақстанның азаматтық альянсы» ЗТБ бәсекелес ортамен және үкіметтік емес сектормен тиімді өзара іс-қимыл бойынша негізгі рөл атқарады;
– түгендеу және нарық дайындығын талдау негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне шешім қабылдау үшін ұсынымдар қалыптастырылады;
– Қазақстан Республикасы Үкіметі мақұлдаған ұсыныстардың негізінде мемлекеттік органдар функцияларды тікелей нарыққа беруге кіріседі.
2017 жылы 100 нақты қадам – Ұлт жоспарының 97- қадамын іске асыру үшін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік функцияларды бәсекелес ортаға беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (бұдан әрі – Заң жобасы) Қазақстан Республикасы Заңының жобасы әзірленді.
Заң жобасында мемлекеттік органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру бойынша мынадай базалық тәсілдерді бекіту көзделген:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 30 қыркүйектегі №611 қаулысымен Заң жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісіне енгізілді.
Тұтастай алғанда, Заң жобасын іске асыру азаматтардың өзін-өзі реттеуді дамыту арқылы шешім қабылдау процесіне қатысу мүмкіндіктерін ұлғайтады, мемлекетке тән емес және артық функцияларды қысқарту жолымен ықшам үкімет қалыптастыруға ықпал етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет