Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеу саласы 1. Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері
Табиғи монополиялар салаларында 1897 қызмет көрсететін 1249 нарық субъектісі өз қызметін жүзеге асырады, олардың ішінде: жылумен жабдықтау саласында – 410, электрмен жабдықтау саласында – 163, су шаруашылығы жүйесінде – 818, темір жол көлігі саласындағы көрсетілетін қызметтер – 349, азаматтық авиация және әуежайлар саласында – 67, газ тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтер – 47, мұнай тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтер – 13, телефон кәрізін пайдалануға беру жөніндегі көрсетілетін қызметтер – 4, теңіз порты көрсететін қызметтер – 1.
Табиғи монополиялар субъектілерінің ұзақ мерзімді тарифтер бойынша жұмысқа ауысуын ескеріп, 2018 жылғы нақты үлес 1,1%, болжамы кезінде 0,334%, 2017 жылы – 0,747 %, 2016 жылы – 0,809% құрады.
Табиғи монополиялар субъектілері қызметін реттеу саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инвестициялық ахуалды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы шеңберінде инвестициялық тартымдылықты арттыру мақсатында қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда, барлық табиғи монополиялар субъектілерінің қолдану мерзімі бес және одан көп жылға шекті (ұзақ мерзімді) тарифтер бойынша жұмысқа өтуі бөлігінде табиғи монополия туралы заңнамаға өзгерістер енгізілген.
Әкімшілік кедергілерді азайту, табиғи монополиялар субъектілерінің қызметі мен тариф белгілеу процесінің ашықтығын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысы 2015 жылғы 5 мамырда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) қол қойды.
Бұл Заң шеңберінде кәсіпорындардың экономикалық дербестігін ұлғайтуға, үнемдеуді өз бетінше жұмсауға, тарифтік сметаны көтеруге тыйым салуды жоюға, өзге қызметпен айналысу мүмкіндігіне және сыбайлас жемқорлық тәуекелі жоғары бірқатар рәсімдерді алып тастауға, тарифті бекіту рәсімдерін біріктіруге, төтенше реттеу шараларын қолдануды нақтылауға, ақпаратты жариялау тізбесін кеңейтуге ықпал ететін субъектілердің қызметіне (өзге қызмет, есептік саясатты келісу, негізгі құралдарды қайта бағалау) қойылатын бірқатар шектеулердің күшін жоятын өзгерістер енгізілді.
Сонымен қатар тек қаржылық көрсеткіштері бойынша ғана емес, іс-шаралар бойынша бақылауды қамтитын инвестициялық бағдарламалардың орындалуын бақылау тетігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп бағдарламалардың орындалуын талдау және бағдарламалардың орындалуын талдау кезінде сапа мен сенімділік индикаторларын есепке алу күшейтілді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі (бұдан әрі – ЕҚҚДБ) табиғи монополиялар салаларындағы тарифтік саясатты реформалау бойынша нақты жұмыстар жүргізуде. Техникалық ынтымақтастық шоты туралы ынтымақтастық келісім шеңберінде: «Инфрақұрылымдағы реттеу және тарифтік саясатты әзірлеу» тақырыбында зерттеу жүргізілді.
ЕҚҚДБ ұсынысы бойынша уәкілетті органға Халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын тартатын және халықаралық қаржы ұйыдарының қарыздарын тартатын табиғи монополиялар субъектілерінің тізбесіне кіретін табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің ерекше тәртібін бекіту функциясы берілген.
Бұдан басқа, ЕҚҚДБ жылумен жабдықтау, электр энергиясын беру, сумен жабдықтау, су бұру, теңіз порттары, аэропорттар салаларында тарифтерді белгілеу әдіснамасын жетілдіруде. Зерттеулер қорытындысы бойынша 2016 жылы жекелеген табиғи монополия субъектілері базасында пилоттық жобалар ретінде тарифтік саясатты жетілдіру бойынша ЕҚҚДБ ұсынымдарын сынақтан өткізу басталды;
Халықаралық сарапшылардың ұсынымдарын ескере отырып және тарифті құру мен табиғи монополиялар субъектілерінің жауапкершілігін арттырудың альтернативті шешімдерін (ынталандырушы әдістер, индексациялау әдісі, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарын жасасу кезінде тарифті айқындау) қолдана отырып, «Табиғи монополиялар туралы» жаңа Заңның әзірленуі тарифтік саясатты реформалау шеңберіндегі маңызды өзгеріс болып табылады.
Қазақстан Республикасы Президенті 2018 жылғы 27 желтоқсанда қол қойған «Табиғи монополиялар туралы» Заңымен:
1. Инвестициялар тартуға;
2. Субъектілерді операциялық шығыстарды қысқартуға ынталандыруға;
3. Субъектілер қызметінің тиімділігін, олар көрсететін қызметтердің сапасы мен сенімділігін арттыруға бағытталған тариф белгілеудің жаңа ынталандырудың әдісі енгізілді.
Заң тариф белгілеудің ашықтығын арттыруды, реттеудің жаңа әдістерін қолданудың құқықтық негізін және жұртшылықтың тариф белгілеу процесіне қатысуына мүмкіндік беретін жаңа институттар енгізуді көздейді.
2. Негізгі проблемаларды талдау
Табиғи монополиялар салаларында қазіргі уақытқа дейін желілер мен жабдықтың елеулі тозуына, сондай-ақ табиғи монополиялар субъектілері тарифтерінің өсу себептері мен негізділігі және осындай субъектілердің тарифтерге салынған және инвестициялық бағдарламаларды іске асыруға бағытталған қаражатты тиімді пайдалануы туралы тұтынушылардың жеткілікті түрде хабардар болмауынан көрінген, тұтынушы үшін тариф белгілеудің ашық болмауына байланысты табиғи монополиялар субъектілері көрсететін қызметтер сапасының төмен болуы проблемасы бар.
Коммуналдық көрсетілетін қызметтерге тарифтердің өсуінің негізгі себептеріне отын құнының өсуін, экономиканың реттелмейтін секторларында материалдар мен шикізат бағасының көтерілуі, жалақының индексациялануы, негізгі қорларды қайта құру мен жаңғыртуға бағытталған инвестициялық бағдарламаларды іске асыруды жатқызуға болады.
3. Тәуекелдерді басқару
Мақсатқа қол жеткізуге әсер етуі мүмкін тәуекелдер атауы
Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар
1
2
Инфляция деңгейінің берілген параметрлерден асуы
Табиғи монополиялар субъектілері тарифтерінің негізсіз өсуіне және Қазақстан Республикасының Үкіметі мақұлдаған инфляцияға үлестің Министрліктің реттеліп көрсетілетін қызметтерінен артуына жол бермеу бойынша қажетті шаралар қабылдау