Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспары



бет14/30
Дата19.03.2022
өлшемі1,49 Mb.
#136208
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30
Байланысты:
sp mne kaz09092019171319

Кәсіпкерлікті дамыту саласы
1. Реттелетін саланы немесе қызмет саласын дамытудың негізгі параметрлері
Ресми статистикалық деректер бойынша 2017 жылы Қазақстанда 1 540 592 шағын және орта кәсіпкерлік (бұдан әрі – ШОК) субъектілері тіркелді, бұл 2016 жылмен салыстырғанда (1 501 156 бірл.) 2,6%-ке артық және 2015 жылмен салыстырғанда (1 481 454 бірл.) 3,9%-ке артқан.
Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны 2017 жылы 1 145 994 бірлікті құрап, 2016 жылмен салыстырғанда (1 186 629 бірлік) 3,4% және 2015 жылмен салыстырғанда (1 242 579 бірлік) 7,7% төмендеген.


Тіркелген және жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілер серпіні
Дереккөз: Статистика комитетінің статистикалық деректері

ШОК-та жұмыспен қамтылғандардың саны 2017 жылы 3 190 133 адамды құрап, 2016 жылмен салыстырғанда (3 166 792 адам) немесе 0,7%-ға өсті және 2015 жылмен салыстырғанда (3 183 844 адам) 0,1%-ға ұлғайды.


2017 жылы ШОК субъектілері 23 241 125 миллион теңге сомасына өнім шығарған, 2016 жылмен салыстырғанда (19 609 010 миллион теңге) 18,5% және 2015 жылмен салыстырғанда (15 699 405 миллион теңге) 4,8%. ұлғайған.

Дереккөз: Статистика комитетінің статистикалық деректері
Статистикалық деректер бойынша жалпы ішкі өнімдегі шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің салым үлесі 2017 жылдың қорытындысы бойынша 26,8%-ды құрады (2016 жылы – 26,8%, 2015 жылы – 24,9%).
Бұған рұқсат беру жүйесін жетілдіру, мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау қызметін оңтайландыру, Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингісінде Қазақстанның позициясын жақсарту жолымен елдегі бизнес-ахуалды жақсарту шаралары ықпал етті.
2015 жылғы 1 қаңтардан бастап «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енді, оның шеңберінде жоспарлы тексерістер жойылып, мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға жаңа тәсілдер әзірленді.
Атап айтқанда, тексерулерді тәуекелдерді бағалау негізінде ұйымдастыруға ауысу жүзеге асырылды, оған сәйкес бұзушылар ғана іріктеп тексерілетін болады.
Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйелерін қалыптастыруы үшін Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйелерін қалыптастыру әдістемесі бекітілді.
Бұл әдістеме негіздемелік сипатта және әр мемлекеттік бақылау-қадағалау органының тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен салалық ерекшелігін ескере отырып, тексеру парақтарын әзірлеуіне негіз болып табылады.
Мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуын шектеу және мемлекеттік компаниялардың бизнеске қысым көрсетуін азайту мақсатында «Yellow Pages Rules» қағидаттарын бекітетін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуын шектеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 22 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.
2018 жылы Дүниежүзілік Банктің рейтингісінде (Doing Business-2019) Қазақстан бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша әлемнің алдыңғы қатарлы 30 елінің құрамына қосылды.
Рейтинг нәтижесі бойынша Қазақстан өткен жылмен салыстырғанда 8 тармаққа көтеріліп, 28-орынға тұрақтады.
2015 жылғы 29 қазанда Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне қол қойып, оның шеңберінде Қазақстанда кәсіпкерлік белсенділіктің тұрақты өсуін, құқықтық қорғалуын және іскерлік ортадағы сенімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілетті органның рөлін күшейту бойынша қосымша шаралар қабылданған.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің шеңберінде күші жойылған деп танылған «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының нормалары көзделген, осыған байланысты тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарына қатысты ведомстволық бұйрықтар қайта бекітілді.
Қайталанатын және артық рұқсат берулерді жою, оларды хабарландыру тәртібіне ауыстыру және рұқсат беру рәсімдерін оңтайландыру арқылы бизнеске әкімшілік қысымды төмендету мақсатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және рұқсат беру рәсімдерін оңайлату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2016 жылғы 29 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) қабылданды.
Заң республикадағы кәсіпкерліктің жалпы дамуына, бизнесті жандандыруға және оның қызмет шекараларын кеңейтуге, кәсіпкерлік сектордағы өндіріс көлемінің жиынтығын ұлғайту есебінен елдің ұлттық кірісінің өсуіне, тиісінше – жұмыссыздықты азайтуға және басқа оң әлеуметтік-экономикалық салдарларына ықпал етеді, сондай-ақ бизнесті жүргізу үшін барынша қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.
2016 жылғы мамырда «Өзін-өзі реттеу туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы және оған ілеспе «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзін-өзі реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілді, оның шеңберінде Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік және кәсіби қызмет субъектілерінің өзін-өзі реттеуіне байланысты қоғамдық қатынастар реттеледі, «100 нақты қадам» - Ұлт жоспарын іске асыру үшін әзірленген өзін-өзі реттеу ұйымдарын құру және олардың жұмыс істеу шарттары, ондағы мүшелік (қатысу) және олардың құқықтық жағдайы айқындалады.
Бұл Заңды іске асыру үшін Министрдің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 32 бұйрығымен Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімін жүргізу қағидалары бекітілді. Қағидаларда коммерциялық емес ұйымдарды өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізіліміне қосу тәртібі белгіленеді және оны жүргізу тәртібі айқындалады.
Мемлекет «Бизнестің жол картасы-2020» кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде қаржылық (екінші деңгейдегі банктердің кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау, қарыздарды кепілдендіру, мемлекеттік гранттар беру, жетіспейтін инфрақұрылымды жүргізу) және қаржылық емес құралдарды (кәсіпкерлік әлеуетті дамыту, іскери байланыстарды кеңейту) жүйелі түрде қолдану арқылы шағын және орта бизнесті кешенді қолдауды жүзеге асырады.
Мемлекеттік бағдарламаны іске асырылған соңғы үш жылда шамамен 544 мың кәсіпкер мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылған, Біріңғай бағдарламаны іске асырудың нәтижесінде ол басталғаннан бері шамамен 149 мың жұмыс құрылып, орны сақталады.
Мемлекет басшысының ағымдағы жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында берілген бизнесті қайта реттеу жөніндегі тапсырмасын орындау үшін Үкімет бизнеске әкімшілік қысымды төмендетуге және кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсартуға бағытталған жүйелі шараларды әзірледі.
2017 жылы бақылау-қадағалау саласына, рұқсат беру жүйесіне, ақпараттық құралдарға, сондай-ақ барлық заңнамаға бәсекелестікке кедергі келтіретін әкімшілік кедергілерді, бизнес шығындары мен нормаларын анықтап, қысқарту тұрғысына ауқымды тексеру жүргізілді.
Атқарылған жұмыстардың нәтижелері Мемлекет басшысы қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 24 мамырдағы Заңда (бұдан әрі – Заң) көрініс тапты.
Заңмен шамамен 14 кодекс пен 109 заңға барлығы 1000-ға жуық түзету енгізілді.
Заң мемлекеттік бақылау-қадағалау қызметін реформалауға, реттеушілік әсерді талдау ақпараттық құралдарды реттеу және тетігін жетілдіруге, табиғи монополиялар субъектілері мен квазигосектор көрсететін міндетті қызметтерді реформалауға, сондай-ақ бәсекелестікке кедергі келтіретін нормаларды алып тастауға бағытталған.
Бұдан басқа, Заң бизнес шығындарын жаппай төмендету және "Doing Business" рейтингісінде Қазақстанның позициясын жақсарту жөніндегі шараларды көздейді.
Заңды қабылдау нәтижесінде мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесі тұжырымдамалық түрде өзгерді. Профилактикалық бақылау институты енгізілді. Оның қолданыстағы тексеру жүйесінен ерекшелігі – әкімшілік іс қозғамастан, құқық бұзушылықтардың профилактикасы және алдын алу болып табылады.
Бақылау субъектісінің құқыққа қарсы мінез-құлқының себептері мен жағдайларын анықтау, құқық бұзушылықтың құқықтық салдарын түсіндіру және бақылаудағы субъектінің заңға бағынушылық мінез-құлқының қажеттілігіне сендіру – профилактикалық бақылаудың негізгі міндеттері болып табылады.
114-тен 20 бақылау саласы оңтайландырылып, бизнеске бақылау-қадағалау жүктемесі айтарлықтай төмендетілді, бақылау функциялары 30%-ке дерлік қысқартылды, бұл өзара қайталанған және жүргізілген талдау кезінде тиімсіз деп танылған барлық функциялар.
Бұдан басқа, Заңда ерекше тәртіп бойынша тексеру жүргізу мерзімі – 30-дан 15 жұмыс күнге дейін, ал жоспардан тыс тексерулер–30-дан 10 жұмыс күнге дейін қысқартылды.
Ақпараттық құралдардың тізбесі, олардың анықтамалары мен түрлерін қайта қарау, сондай-ақ олардың санын қысқарту және тұтастай алғанда оңтайландыру заңды түрде бекітілген.
Ақпараттық құралдар санының 30% қысқаруы, әртүрлі есептіліктерді тапсыруға байланысты бизнес шығындарын айтарлықтай азайтады. Кейіннен оларды ұсыну процестерін автоматтандыру мүмкіндігін пысықтау жоспарлануда.
Бүгінгі күні жеке және заңды тұлғалар өз қызметін жүзеге асыру үшін табиғи монополиялар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінен әртүрлі көрсетілетін қызметтер алуға мәжбүр, олар заң жүзінде реттелмеген және іс жүзінде субъектілердің өздері айқындайтын тәртіп пен шарттарда және көбінесе ақылы негізде көрсетіледі. Сондықтан Заңда осындай қызметтерді көрсету мәселесі алғаш рет заңды түрде реттелді.
Мемлекет енгізетін реттеуден түскен шығындар мен пайданы сапалы бағалау үшін реттеушілік әсерді талдау институтының қызметін кеңейту бойынша заңнамалық өзгерістер қабылданды.
Заңда бизнес шығындарын жаппай төмендету және бәсекелестікке кедергі келтіретін нормаларды жою жөнінде нақты шаралар көзделген.
Бұл түзетулер блогы техникалық, экологиялық, монополияға қарсы реттеуді, жер қатынастарын, табиғи монополияларды қоса алғанда, салалардағы кәсіпкердің түрлі өндірістік емес шығындарын қысқартуға бағытталған түзетулерді қамтиды.
Заңда қоғам мүдделеріне зиян келтіру тәуекелінсіз салауатты бәсекелестікті дамыту және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдайлар жасау үшін бірқатар түзетулер қамтылған.
Қолданыстағы заңнамаға әкімшілік кедергілерді қысқартуға және бизнес шығындарын қысқартуға бағытталған нақты өзгерістер енгізілді.
Тұтастай алғанда, бұл шаралар көбінесе кәсіпкерлік қызметті құқықтық реттеу жағдайларын жақсартуға және кәсіпкерлердің бүгінгі күні неғұрлым осал болып отырған құқықтық қатынастардағы құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ оларға әкімшілік жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.
2. Негізгі мәселелерді талдау.
Қазақстанда, көптеген елдердегідей, олардың даму деңгейіне қарамастан, экономикалық қызметті шамадан тыс реттеу проблемасы бар. Кәсіпкерлер бизнесті құру және жүргізу кезінде ұстануға тиіс күрделі және ашық емес рәсімдер экономикалық өсуге ең маңызды кедергі болып табылады. Бұл рәсімдер өндіріс шығындары кәсіпкерлер шығындарын арттырады, олардың нарыққа кіруін шектейді, бизнестің дамуын тежейді, бизнес ортаны нашарлатады және сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайды. Әкімшілік кедергілер экономиканың көлеңкелі секторының пайда болуының бірден-бір себебі болып табылады.
Бұдан қоса:
1) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне кепілмен қамтамасыз ету бойынша кредит беру кезінде екінші деңгейлі банктердің жоғары талаптары;
2) кепілдік мүліктің өтімсіздігіне байланысты аудандарда, шағын қалалары мен ауылдық округтерде екінші деңгейдегі банктердің кредиттік қаражатына қолжетімсіздігі;
3) бастапқы капиталдың болмауына байланысты ауыл тұрғындары үшін мемлекеттік қолдау бағдарламаларының кейбір қаржы құралдарының қолжетімсіз болуы;
4) ауылдық округ кәсіпкерлерінің бухгалтерлік және салықтық есеп, маркетинг, менеджмент, заң және қаржылық мәселелер саласында бизнес жүргізу және консалтинг жөніндегі орталықтандырылған көрсетілетін қызметтер алудағы мүмкіндіктерін шектеу шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудағы негізгі проблемалары болып табылады.

3. Тәуекелдерді басқару





Мақсатқа қол жеткізуге әсер етуі мүмкін тәуекелдер атауы

Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар

1

2

Жоғары талап қоюына, сондай-ақ проценттік мөлшерлемесінің жоғары болуына байланысты екінші деңгейдегі банктердің кредиттік қаражатына қолжетімсіздік болуы, сондай-ақ жоғары проценттік мөлшерлемелерге байланысты

Қаржы құралдарының тетіктерін жетілдіру (субсидиялау, кепілдік беру және т. б.), шағын кредит беру жүйесін дамыту

Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне әкімшілік қысым

Есептіліктің, анықтамалардың, хабарламалардың жаңа түрлерін енгізуді бір жүйеге келтіруге, оңтайландыруға және шектеуге бағытталған кәсіпкерлерге арналған ақпараттық құралдарды жаңғырту.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет