Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) миссиясы – Қазақстан Республикасының біртұтас және тиімді ұлттық экономикасын қалыптастыру.
Министрліктің пайымы –2025 жылы Қазақстан экономикасының 2015 жылғы деңгейге қарағанда нақты мәнде үштен бірден астамға сапалы өсуі.
2-бөлім. Ағымдағы жағдайды талдау және тәуекелдерді басқару
1-стратегиялық бағыт. Мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін дамыту Нәтижеге бағдарланған мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және жұмыс істеу саласы 1. Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында нәтижелілік, транспаренттілік және қоғамға есеп беру қағидаттарында мемлекеттік басқарудың сапалы жаңа моделін қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізілуде.
Әкімшілік реформа шеңберінде мемлекеттік басқарудың деңгейлері арасында өкілеттіктерді орталықсыздандыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді.
2014 жылы мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту және оның тиімділігін арттыру, мемлекеттік аппаратты оңтайландыру мен Қазақстан Республикасының шағын Үкіметін қалыптастыру мақсатында мемлекеттік басқару жүйесін әкімшілік реформалау жүргізілді.
Осылайша, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) қабылданды.
Заңда Қазақстан Республикасы Үкіметінен орталық атқарушы мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға 1606 функцияны, орталық мемлекеттік органдардан жергілікті атқарушы органдарға 261 функцияны, облыстардың жергілікті атқарушы органдарынан мемлекеттік басқарудың аудандық деңгейіне 14 функцияны беру көзделген. Бұдан қоса 2 функция мемлекеттік емес секторға берілді.
Бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі "100 нақты қадам" - Ұлт жоспарының 95-ші қадамын іске асыру шеңберінде қоғамды одан әрі демократияландыру, елде жүргізіліп жатқан реформалар туралы халықты ақпараттандыру, атқарушы органдар мен ұлттық жоғары оқу орындарының халық алдында айқындылығын, жауапкершілігін, есептілігін арттыру мақсатында министрлердің, әкімдер мен ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халық алдында жыл сайын кездесулер өткізуін көздейтін Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы қабылданды.
Жоғарыда келтірілген нормалар практикалық түрде қолданылуда. Осылайша, 2016-2018 жылдары министрлердің, барлық деңгейдегі өңірлер әкімдер мен ұлттық ЖОО ректорларының халық есеп беру кездесулері өткізілді, бұл олардың халық алдындағы жауапкершілігін және есептілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Бұл шаралар қоғамды одан әрі демократияландыруға, халықты елде жүргізіліп жатқан реформалар туралы хабардар етуге, атқарушы органдар жоғары оқу орындарының халық алдында есеп берулерінің ашықтығын, есеп берушілігін арттыруға, мемлекеттік органдардың шешімдер қабылдау процесіне халықтың кең ауқымын тартуға бағытталған.
Азаматтардың есеп беру кездесулеріне қатысуын одан әрі жақсарту, сондай-ақ мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында нормативтік құқықтық актілерге мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық жұмысын күшейту бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Мемлекет басшысының «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларды орындау үшін мемлекеттік қызметшілерді лайықты еңбекақымен қамтамасыз ету мақсатында 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің еңбекақы төлеу деңгейі 30%-ға көтерілді.
Ұлт жоспарының 5 және 6-қадамдарын іске асыруда нәтиже бойынша еңбекақы төлеудің жаңа жүйесіне көшу жұмыстары жүргізілуде.
Мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі:
1) лауазымдық жалақының тиісті деңгейі бар лауазымдардың факторлық балдық шкалаға (бұдан әрі – ФБШ) көшуін;
2) нәтижелі мемлекеттік қызметшілерге олардың қызметінің тиімділігін бағалау қорытындысы бойынша бонустар төлеуді көздейді.
ФБШ-ға негізделген еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі атқарылатын функциялардың ауқымын, жауаптылығын және күрделілігін есепке алуды, сондай-ақ жалақының мөлшері мен мемлекеттік орган үшін лауазымның маңыздылығын байланыстыруға мүмкіндік береді.
Тиімді және нәтижелі мемлекеттік қызметшілерге бонустар төлеу жүзеге асырылатын болады. Бонустардың мөлшері мемлекеттік қызметші алған нақты бағасына қарай айқындалады. Бұл ретте, нәтижелерді бағалау:
– мемлекеттік қызметшілер үшін – жылдық жеке жоспарды;
– мемлекеттік органдар үшін – стратегиялық жоспарларды;
– министрлер мен әкімдер үшін – мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасы, өмір сүру сапасы, инвестициялар тарту индикаторларына қол жеткізу бойынша;
– Үкімет мүшелері үшін – интегралды макроэкономикалық индикаторларды орындау негізінде жүргізілетін болады.
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде, Әділет министрлігінде және Нұр-Сұлтан қаласы мен Маңғыстау облысының әкімдіктерінде әкімшілік мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі пилоттық режимде енгізілді.
2018 жылғы желтоқсаннан бастап пилоттық режимге Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері кірді (ҚР Үкіметінің 12.12.2018 ж. № 827 қаулысы).Бұл ретте пилоттық режимді аяқтау мерзімі 2019 жылғы 31 желтоқсанға белгіленді.
Қазіргі уақытта ФБШ бойынша жалақының түпкілікті схемасын әдіснамалық айқындау және қаржыландыру көздерін айқындау жөніндегі жұмыс аяқталғанға дейін мемлекеттік органдардың пилоттық жобаға кіруіне мораторий белгіленген.
Бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам – Ұлт жоспары шеңберінде ауыспалы модель бойынша Мемлекеттік аппарат жұмысын бағалаудың жаңа жүйесін екі кезеңмен енгізу көзделген.
Осылайша, бірінші кезеңді іске асыру шеңберінде 2016 жылдан бастап қолданыстағы бағалаудың жеті бағыты беске дейін оңтайландырылды («Жетекшілік етілетін салада/аяда/өңірде стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру», «Бюджет қаражатын басқару», «Мемлекеттік қызметтерді көрсету», «Персоналды басқару» және «Ақпараттық технологияларды қолдану»).
Екінші кезеңді іске асыру мақсатында 2017 жылдан бастап 5 бағыт үш блокқа дейін оңтайландырылды (бюджеттік бағдарламалардың мақсаттары мен көрсеткіштеріне қол жеткізуді бағалау; мемлекеттік органның азаматтармен өзара іс-қимылын бағалау; мемлекеттік органдардың ұйымдастырушылық дамуын бағалау).
Бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдар барлық үш блок бойынша 15 орталық мемлекеттік органға (бұдан әрі – ОМО) және 16 жергілікті атқарушы органға (бұдан әрі – ЖАО) кешенді бағалау жүргізді. Бұл ретте «Мемлекеттік органның азаматтармен өзара іс-қимылы» блогы бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер және қорғаныс министрліктерінің, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының сот қызметін қамтамасыз ету департаменті қызметінің тиімділігі бағаланды.
2017 жылғы бағалау қорытындысын ҚР Президенті Әкімшілігі мақұлдап, «Мемлекеттік органдардың тиімділігін бағалау» интернет-порталында және bagalau.kz сайтында жарияланды.
Нәтижеге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесі бойынша Қазіргі уақытта мемлекеттік жоспарлау құжаттарының иерархиясы құрылған: мемлекеттік жоспарлаудың логикалық сатысы қалыптастырылған, экономиканы дамытудың басты бағыттары белгіленген және декомпозициялау арқылы мемлекеттік органдардың қызметі стратегиялық міндеттерді іске асыруға бағытталған.
Нәтижелерге бағдарланған Мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру жөніндегі тұжырымдама іске асырылуда.
Тұжырымдамада:
Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының сапасын және олардың іске асырылу деңгейін арттыру міндеттерін шешу;
стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлаудың өзара байланысын қамтамасыз ету көзделген.
Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының сапасын және оларды іске асыру деңгейін арттыру шеңберінде 2015 жылы қолданыстағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесіне мынадай:
– Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарын, Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшелерін және қоғамдық кеңестердің өкілдерін шақырумен Қазақстан Республикасының Үкіметінде мемлекеттік/үкіметтік бағдарламалардың есептері мен қорытындылар жобаларын тыңдау;
– Қазақстан Республикасының Үкіметінде (Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының қатысуымен) мемлекеттік/үкіметтік бағдарламаның жобасының тұжырымдамасын таныстыру және мемлекеттік/үкіметтік бағдарламаны әзірлеудің орындылығын мақұлдау бөлігінде өзгерістер енгізілді.
Стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлаудың өзара байланысын қамтамасыз ету шеңберінде 2016 жылдан бастап стратегиялық жоспарды, аумақтарды дамыту бағдарламасын әзірлеудің жаңа тәсілі көзделген және олардың форматтары өзгертіліп, бюджеттік бағдарламаны қалыптастыру мен оның форматының тәсілдері қайта қаралды.
2016 жылдан бастап стратегиялық жоспарлар мен аумақтарды дамыту бағдарламаларының басты көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы мемлекеттік органдар басшыларының халық алдында жыл сайынғы жария сөз сөйлеулері практикасы енгізілген.
Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын оңтайландыру бойынша жүргізілген жұмыстың нәтижесінде (Ұлт жоспары бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадамның 92 - қадамы шеңберінде) бағдарламалық құжаттар саны 25-тен 14-ке дейін қысқартылды. Бағдарламаларды әзірлеу процессіне талаптар күшейтілді.
2016 жылдан бастап Үкімет пен министрлер үшін, облыстардың, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының әкімдері үшін түйінді индикаторлар енгізілді.
Түйінді нысаналы индикаторлар мынадай: азаматтардың қанағаттану деңгейін арттыру және әлеуметтік-экономикалық дамудағы оң өзгерістерді көрсету өлшемшарттары негізінде айқындалған.
Түйінді нысаналы индикаторларды бекіту үшін мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен әкімдердің меморандумдар әзірлеуі үшін нормативтік негізі бекітілді, бұл олардың қызметін меморандумдардың түйінді нысаналы индикаторларына қол жеткізудің қорытындысы бойынша одан әрі бағалау үшін қажет.
Осыған байланысты жаңа стратегиялық міндеттерді, сондай-ақ жаһандық сын-қатерлерді есепке алу мақсатында экономикалық өсудің жаңа моделін құру үшін және ел дамуының дәйекті және тұрақты саясатын жүргізу үшін Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары бекітілді (Стратегиялық жоспары - 2025).
2025 - стратегиялық жоспарды іске асыру мақсатында МЖЖ 70-тармағына сәйкес 2025-стратегиялық жоспарды іске асыру мақсатында Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы № 287 бұйрығымен түйінді ұлттық индикаторлардың стратегиялық картасы бекітілді, онда елдің аялар салалар және өңірлер бөлінісіндегі негізгі жоспарлы көрсеткіштері, сондай-ақ оларды қол жеткізуге жауапты орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға бекіту қамтылды.
2. Негізгі проблемаларды талдау
Мемлекеттік органдар құзыреттерін регламенттеу және мемлекеттік басқарудың жергілікті деңгейін күшейту бөлігінде мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі реформаның алдыңғы кезеңдерінің нәтижелеріне қарамастан, мемлекеттік органдардың функцияларын және мемлекеттік басқару деңгейлерін нақты бөлу, оның ішінде іске асырылатын функцияларды орталықсыздандыру мәселелері (қызметтерді көрсету тұтынушыларға жақындатылуға тиіс) әлі де назар аударуды талап етеді.
Бұдан басқа, стандарттап, регламенттей отырып, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне қосу үшін жаңа мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді анықтау бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың жұмыс деңгейінің төмендігі байқалады.
3. Тәуекелдерді басқару
Мақсатқа қол жеткізуге әсер етуі мүмкін тәуекелдердің атауы
Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар
1
2
Мемлекеттік басқару құрылымының өзгеру ықтималдығы
Жоғары кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру бойынша ұсынымдар әзірлеу
Мемлекеттік органдардың қызметіне жүргізілген функционалдық шолулар шеңберінде ұсынымдар әзірлеу
Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау шеңберінде ұсынымдар әзірлеу