Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспары



бет6/30
Дата19.03.2022
өлшемі1,49 Mb.
#136208
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
sp mne kaz09092019171319

Макроэкономикалық саясат саласы
1. Реттелетін саланы немесе қызмет саласын дамытудың негізгі параметрлер
2015-2016 жылдары Қазақстан экономикасы күрделі сыртқы экономикалық жағдайлардың әсерінен дамыды. Әлемдік нарықтағы мұнай мен металл бағасының айтарлықтай төмендеуі және елдің негізгі сауда әріптестері экономикаларының құлдырауы мен өсуінің баяулауы салдарынан Қазақстанның экспорттық өніміне деген сұраныстың төмендеуі экономикаға барынша қолайсыз әсер етті.
Жаһандық қаржы дағдарысының салдарларын нивелирлеу үшін Қазақстан Үкіметі іскерлік белсенділік пен жұмыспен қамтуды қолдау үшін контрциклдік саясатты іске асыруға көшті.
Инфрақұрылымды дамытудың «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер», АӨК дамыту, Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламаларын, "100 нақты қадам" - Ұлт жоспарының жоспарын қабылдау ынталандыру саясатының негізгі құралдары болды. Бұдан басқа, дағдарысқа қарсы топтамалар қосымша қабылданды.
Қабылданған шаралар нәтижесінде 2015-2016 жылдары экономиканың құлдырауына жол берілген жоқ. Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің (бұдан әрі – ЖІӨ) нақты өсуі 2015 жылы – 1,2%, 2016 жылы 1,1% – ды құрады.
2017 жылдан бастап жаңа ішкі және сыртқы жағдайларға бейімделу белгілері байқалды. 2017 жылдың қорытындысы бойынша ЖІӨ нақты өсуі 4,1% құрады.
Тұтастай алғанда, экономиканың өсуі ішкі сұранысты қалпына келтіру есебінен қамтамасыз етілген, ол экономикаға жаңа инвестицияларды тартумен, сондай-ақ саудаланатын секторларындағы өндірісті кеңейту және экономиканың барлық дерлік салаларында іс жүзінде теңдестірілген өсумен қолдау тапқан.
Елдегі экономикалық белсенділікті қамтамасыз еткен қолайлы жағдайлардың бірі – инвестициялардың өсуі болып табылады. Мысалы, негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі соңғы үш жылда 23 557,6 миллиард теңгені құрады және жыл сайын орта есеппен 3,7% - ке өскен.
«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы мен индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде индустриялық-инновациялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру нәтижесінде 2017 жылы инвестициялар 5,8%-ке өскен.
Экономиканың нақты секторында тау-кен өнеркәсібінің (9,3%) өңдеу өнеркәсібінен (5,6%) озыңқы өсуі байқалады. Жалпы алғанда, өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2017 жылы 7,3%-ке өсті.
2017 жылы ауыл, орман және балық шаруашылығының жалпы өнім көлемі
4 070,9 миллиард теңгені құрап, мал шаруашылығы өнімінің 3,9%-ке
(1 810,9 миллиард теңге) өсуі есебінен 3,0%-ке артты.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 3 509,3 миллиард теңгені құрап, өнеркәсіп объектілерінің құрылысы мен тұрғын үй құрылысының ұлғаюы есебінен 2,8%-ке өсті. 2017 жылы пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 6,2%-ке өсіп, 11 168,0 мың шаршы метрді құрады.
Қазақстанның негізгі сауда әріптес елдері экономикасының жандануы, шикізат тауарларына бағаның тұрақтылығы 2016 жылдың екінші жартыжылдығынан бастап экспортқа бағдарланған ірі кәсіпорындарды мемлекеттік қолдау шараларымен қатар сыртқы сауданың өсуін қамтамасыз етті. 2017 жылы 2016 жылмен салыстырғанда елдің сыртқы сауда айналымы 25,7%-ке өсіп, 78,1 млрд. АҚШ долларын құрады, оның ішінде экспорт – 32,0%-ке 48,3 млрд. АҚШ долларына дейін және импорт 16,6%-ке 29,6 млрд. АҚШ долларына дейін өсті.
Сонымен қатар Ұлттық Банктің алтын – валюта резервтері 2016 жылы 29,7 миллиард долларды құрады және тауарлар мен көрсетілетін қызметтер импортының 9,1 айын жапқан, 2017 жылы – 31,0 миллиард долларды құрады.
Қаржы секторын сауықтыру бойынша қабылданған іс-шаралар нәтижесінде кредит беруді қалпына келтіру процесі байқалады. 2017 жылы ЕДБ жаңадан берілген кредиттердің өсуі 2016 жылғы 5,2%-ке қарағанда (9 836,1 миллиард теңге) 10,0% - ды (10 819,1 миллиард теңге) құрады.
2017 жылы депозиттер 3,0%-ке төмендеп, 17 509,7 миллиард теңгеге жетті, оның ішінде халық депозиттері 3,7% ұлғайды.
Экономиканың тұрақты өсуі де әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға мүмкіндік берді. 2017 жылы жұмыссыздық деңгейі 4,9% құрады.
Жұмыссыздық деңгейінің салыстырмалы төмен деңгейіне қарамастан, инфляцияның өсуіне байланысты нақты жалақы индексі 2016 жылғы 98,9%-тен 2017 жылы 98,3%-ке дейін төмендеді.
Халықтың орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы 2017 жылы 8,5%-ке, 996,6 мың теңгеге дейін, нақты көріністе – 1,0% - ке өсті.
Теңгенің еркін өзгермелі айырбас бағамына көшумен инфляциялық таргеттеу режиміне негізделген жаңа ақша-кредит саясатын іске асыру салдарынан инфляцияның баяулауы байқалды. Үкімет пен Ұлттық Банктің қабылданған шараларының арқасында 2017 жылы инфляция 2015 жылы 13,6%-тен 2016 жылы 8,5%-ке және 2017 жылы 7,1%-ке төмендеді.
2018 жылы Қазақстан экономикасы дамудың жоғары серпінін сақтады, жылдың қорытындысы бойынша экономиканың өсімі 4,1%-ті құрады. Тұтастай алғанда, экономиканың көтерілуі инфляциялық процестердің баяулауы мен жоғары инвестициялық белсенділік аясында болды.
Инфляция үдемелі түрде азайып, соңғы үш жылдың ең төменгі мәніне жетті. Қазан айында инфляция 5,3% құрады.
Негізгі капиталға инвестициялар 2017 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 17,2%-ке өсіп, 11 130,2 млрд. теңгені құрады. Инвестицияның айтарлықтай өсуі өнеркәсіпте (27,1%-ке), құрылыста (20,6%-ке), жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларда (20,1%-ке), ауыл шаруашылығында (14,2% - ке) байқалады.
Шикізаттық емес сектор, атап айтқанда өңдеу өнеркәсібі, көлік және сервистік экономика экономикалық өсудің негізгі драйвері болды.
2018 жылы өнеркәсіптік өндіріс 4,1% артты. Өсу кен өндіру өнеркәсібі мен өңдеу өнеркәсібінің синхронды түрде дамуына негізделген. Өнеркәсіптің өсуіне мұнай, табиғи газ, металл кендері, көмір және лигнит өндіру, мұнай өңдеу өнімдерін өндіру және металлургия өнеркәсібі елеулі әсер етті.
Ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерін шығару бірқалыпты қарқынмен өсіп, 3,4%-ке артық. Мал шаруашылығы оң серпінінің негізгі үлесін қосып келеді (өсу 3,9%). Бұл ретте өсімдік шаруашылығы өнімдерін шығару 3,1%-ке өсті.
Құрылыс саласы 4,1% деңгейіндегі өсуді көрсетті. Өсу тұрғын үй ғимараттарын, өнеркәсіптік объектілерін салу, автомобиль жолдарын қайта жаңарту және МӨЗ жаңғырту жөніндегі жұмыстардың ұлғаюына байланысты болды.
Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру және экономиканың нақты секторындағы оң серпін қызмет көрсету саласын 4,6% -ке өсуге ынталандарды. Сатуға шығару көлемі 7,6%-ке, көлік – 4,6%-ке, байланыс – 2,6%-ке артты.
Әлемдік тауар нарықтарындағы қолайлы баға конъюнктурасы сыртқы сауда қарқынының артуына ықпал етті. 2018 жылы елдің сыртқы сауда айналымы 93,5 млрд. АҚШ долл. ұлғайып, 19,7% - ке, оның ішінде экспорт - 61,0 млрд. АҚШ долл. (өсу 25,7%), импорт – 32,5 млрд. АҚШ долл. (өсу 9,9%) құрады.
Экономиканың тұрақты өсуі әлеуметтік көрсеткіштердің жақсаруымен сүйемелденеді. 2018 жылы орташа айлық жалақы атаулы көріністе 162,3 мың теңгеге дейін 8,4%-ке, нақты көріністе 2,3%-ке өсті.
2018 жылы жалақының өсуі және инфляциялық процестердің баяулауы аясында халықтың нақты ақшалай табысы 5,3%-ке өсті.
Алдыңғы кезеңдер ішінде әлемдік экономиканы және жаңа геосаяси тәуекелдерді баяу қалпына келтіру жағдайында экономиканың тұрақты өсуіне бағытталған дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру қамтамасыз етілді. Жедел шаралар мен «ерекше кезең» жоспарларын өзектілендіруді ескере отырып, Үкімет пен Ұлттық Банктің экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі 2016 – 2018 жылдарға арналған Дағдарысқа қарсы іс – қимыл жоспары; 2016 жылға арналған дағдарысқа қарсы қосымша жедел шаралар жоспары; 2016-2017 жылдары экономикалық өсуді ынталандыру және жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі қосымша шаралар жоспары қабылданды.
2015 жылдан бастап елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін жүйелі өзгерістер мен институционалдық ортаны жақсартуды көздейтін бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі "100 нақты қадам" - Ұлт жоспары іске асырылуда. «Индустрияландыру және экономикалық өсу» 3-бағыты шеңберінде жеделдетілген индустрияландыру мақсатында негізгі тірек экономикада өнеркәсіптік өндірістің басым болуына бағытталған.
Бұдан басқа, тиімді инфрақұрылым құру негізінде елдің макроөңірлерін біріктіру жолымен бірыңғай экономикалық нарықты қалыптастыруға бағытталған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы болды.
Сондай-ақ, халықтың қалың тобының тұрғын үйге деген қолжетімділігін арттыру үшін тұрғын үй құрылысын ынталандыратын «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Іскерлік белсенділікті қолдаудың, әлемдік экономиканың өсуінің баяулауы және экспорттық тауарларға бағаның төмендеуі жағдайында жұмыспен қамтуды қамтамасыз етудің басты ынталандырушысы болды.
2017 жылы экономиканы үдемелі дамыту жолында экономикалық өсудің жаңа үлгісіне көшу үшін Стратегиялық жоспар – 2025 қабылданды. Оның мақсаты – әлемдік орташа қарқыннан озып, өмір сүру деңгейін арттыруға алып келетін экономиканың сапалы және тұрақты өсуіне қол жеткізу болып табылады.
Экономика құрылымын жаңғырту мен трансформациялауды қамтамасыз ету мақсатында цифрлық экожүйені прогрессивті қалыптастыруға және сыртқы нарықтарға бағдарланған терең бөліністі салаларды дамытуға бағытталған «Цифрлық Қазақстан», «Ұлттық экспорттық стратегия», «Ұлттық инвестициялық стратегия» бағдарламалары іске асырыла басталды.
Сондай-ақ барлық қаржы жүйесі мен экономиканы нығайту үшін банктерді қорландыру базасын, әсіресе жеке тұлғалардың және квазимемлекеттік сектордың депозиттерін сақтау және күшейту жөніндегі шаралар кешенін орындай отырып, Банк секторының қаржылық тұрақтылығын арттыру бағдарламасы қабылданды.
Қабылданатын шараларды ескере отырып, Қазақстанның негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері дамудың оң траекториясында қалады.
2. Негізгі проблемаларды талдау
Егер 2016 жылдың алғашқы 5 айында ЖІӨ-нің төмендеуі байқалса, онда Үкімет экономиканы ынталандыру және оны әртараптандыру бойынша мемлекеттік дағдарысқа қарсы бағдарламалар щеңберінде қабылданған шаралар, сондай-ақ сыртқы экономика конъюнктураның жақсаруы мен тұрақтануы 2016 жылдың екінші жартыжылдығынан бастап экономика өсуінің қайта жаңаруына ықпал етті.
2016 жылы теңгенің айырбас бағамының әлсіреуі және нақты ақшалай кірістердің төмендеуі ел ішіндегі тұтынушылық сұранысқа және тиісінше, бірқатар экономика салаларына теріс әсерін тигізді. Сондай-ақ, кредит беруді қысқарту, нақты жалақы мен халықтың нақты кірісінің төмендеуі бизнес пен халық тарапынан ішкі сұранысты төмендетті.
Ел халқы тұтынушылық кредит беру тетігі арқылы өз шығыстарының едәуір бөлігін қаржыландырды. Ақшалай кірістің өсу қарқыны мен тауар айналымының іс жүзіндегі арасындағы айырмашылық тұтыушылық кредитпен қамтамасыз етілді.
2018 жылдың басынан бері қаржы секторындағы жағдай біртіндеп жақсаруда, алайда кредит берудің өсу қарқыны әлі де жеткіліксіз деңгейде қалып отыр. Экономикаға біркелкі емес және аз кредит беру, жекелеген банктердің несие қоржынының сапасы, қарыз алудың жоғары ставкалары бизнестің дамуын шектейді және инвестициялардың өсуін тежейді.
3. Тәуекелдерді талдау

Мақсатқа қол жеткізуге әсер етуі мүмкін тәуекелдер атауы

Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар

1

2

Қазақстан экспорттайтын энергия ресурстары мен ауыл шаруашылығы шикізатының әлемдік бағаларының құбылмалылығы

  1. Әлеуетті тәуекелдерді уақтылы анықтау үшін әлемдік экономиканың және Қазақстанның негізгі шикізат тауарларына, экономикасына әлемдік бағалардың негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері серпінін мониторингілеу.

  2. Қолайсыз жағдай орын алған кезде, оның ішінде ұлттық экономиканың бәсеңдеуімен, рецессиясымен немесе дағдарысымен сипатталатын энергия ресурстарына әлемдік бағаның күрт өзгеруі салдарынан экономиканы қолдау бойынша қажетті шаралар қолдану мәселесін қарау

Әлемдік экономиканың өсу қарқынының бәсеңдеуі

1. Әлем экономикасы өсуінің нашарлау дәрежесіне қарай ұлттық экономиканы қолдау жөніндегі шараларды іске асыру
2. Мемлекеттік бюджетті оңтайландыру және басым емес шығыстарды секвестрлеу бойынша ұсыныстар әзірлеу

Елдің тәуелсіз кредиттік рейтингісінің төмендеуі

Рейтингтік агенттіктерге экономикалық өсудің бәсендеуінің теріс салдарын нивелирлеу/еңсеру жөніндегі Үкімет шараларын түсіндіру





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет