Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспары


Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін дамыту саласы



бет4/30
Дата19.03.2022
өлшемі1,49 Mb.
#136208
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
sp mne kaz09092019171319

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін дамыту саласы
1. Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері
«Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануымен концессия тетігін қолдана отырып, инвестициялық жобаларды іске асыру үшін жеке секторға қаржылық және технологиялық ресурстарды инвестициялауға мүмкіндік беретін құқықтық негіз қаланды.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) жобаларының тартымдылығын арттыру және оларды кеңінен қолдану үшін 2012-2014 жылдары аралығындағы кезеңде заңнамаға қосымша тұжырымдамалық өзгерістер енгізілді.
2013 жылғы желтоқсанда өңірлерде МЖӘ жобаларын іске асыру процесін жеделдетуге мүмкіндік беретін, үлгілік және техникалық жағынан күрделі емес жобалар бойынша заңнамалық түрде қажетті құжаттаманы дайындау рәсімі оңайлатылды.
МЖӘ жобалары үшін республикалық деңгейде «бір терезе» қағидатын енгізу мақсатында «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі жанында «Kazakhstan Project Preparation Fund» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – KPPF) құрылды. KPPF мемлекеттік органдар үшін барлық республикалық МЖӘ жобаларын «бір терезеде» дайындауды және сүйемелдеуді, сондай-ақ инвесторларға консультациялық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.
2013 жылы мемлекеттік инвестицияларды жүзеге асыру бойынша тәсілдерді реформалаудың маңызды кезеңі жобаны мемлекеттік-жекешелік әріптестік немесе жеке инвестициялар есебінен іске асыру мүмкін болмаған не оның орынсыздығы жағдайларында ғана инвестициялық жобаларды бюджеттік қаржыландыру бойынша шешімдерді қабылдауға мүмкіндік беретін «бюджеттік компаратор» тетігін енгізу болып табылады.
2014 жылғы шілдеде жергілікті атқарушы органдардың дербестігін арттыру, атап айтқанда МЖӘ үлгілік жобаларын іске асыру кезінде арттыру мақсатында оларға құны 4 000 000 айлық есептік көрсеткіштен асатын жобаларды қоспағанда, жергілікті концессиялық жобаларды келісу және сараптау өкілеттіктері берілді, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелер лимиттерін белгілеуі үш жылдық кезеңде жүзеге асырыла бастады.
МЖӘ мәселелерін кешенді реттеу үшін қоғамдық игіліктер мен көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасының деңгейін арттыру үшін ресурстарды біріктіру жолымен мемлекет пен жеке сектор арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықты қалыптастыру және күшейту мақсатында Мемлекет басшысы 2015 жылғы 31 қазанда «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңға (бұдан әрі – Заң) қол қойды.
Заң МЖӘ салалары мен қатысушыларын кеңейтуді көздейді.
Заң білім беру, денсаулық сақтау және автожолдар салу сияқты негізгі салалармен қатар экономиканың барлық салалары мен аяларында МЖӘ-ні дамытуды көздейді.
Тыйым салу Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес жекелеген объектілер бойынша ғана белгіленген (мысалы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстары (плотиналар, гидротораптар) және басқалар).
Қаржылық ұйымдарды, ұлттық салалық операторларды (ҚТЖ, КЕГОК, Қазақтелеком және т.б.) және «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасын қоса алғанда, МЖӘ қатысушылар тобы заңнамалық түрде белгіленеді.
Тұтастай алғанда, 2018 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 2005 жылдан бастап сомасы 692,9 миллиард теңгеге 8 шарт іске асырылу сатасында, автожолдар, ауруханалар, түзету мекемелерін және т.б. салуды қамтитын жалпы құны 539,4 миллиард теңгеден асатын қосымша 14 республикалық жоба түрлі дайындық сатысында.
Өңірлік деңгейде жоспарлаудың және өткізудің әртүрлі сатысында жалпы сомасы 903 миллиард теңгеге өңірлік деңгейдегі 872 жоба бар, олардың ішінде:
– 162,9 миллиард теңге сомасына 334 объект бойынша 328 МЖӘ шарты жасалып, тіркелді, олардың ішінен сомасы 81,2 миллиард теңге 244 объект пайдалануға берілді;
- 156 жоба конкурс жариялау және 288,6 миллиард теңге сомасының шарттарына қол қою сатысында;
- 388 жоба 451,5 миллиард теңге сомаға жоспарлау сатысында;
2. Негізгі проблемаларды талдау
Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту саласындағы негізгі проблемалар жобалардың инвестициялық тартымдылығының төмендігі, жобаларға бастамалық етуші мемлекеттік органдар белсенділігінің төмендігі болып табылады. Мемлекеттік және жергілікті органдардың кадрлардың және жергілікті бюджеттердің ұзақ мерзімді инвестициялық мүмкіндігінің болмауына байланысты МЖӘ тетігін пайдалану жолымен инвестициялық жобаларды іске асыруға толық мүдделлік білдірмеуде.
3. Тәуекелдерді басқару



Мақсатқа қол жеткізуге әсер етуі мүмкін тәуекелдер атауы

Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар

1

2

Жеке және халықаралық капиталдың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларында қатысудан бас тарту тәуекелі

Тәуекелдерді мемлекеттік әріптес пен жеке әріптес арасында бөлу

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің конкурстық құжаттамаларды сараптама жүргізуге ұсынбауы

Концессиялық жобаларды дайындау процесін әдіснамалық қамтамасыз етуді жетілдіру бойынша шаралар қабылдау





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет