Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспары


Мемлекеттік активтерді басқару саясатының саласы



бет3/30
Дата19.03.2022
өлшемі1,49 Mb.
#136208
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
sp mne kaz09092019171319

Мемлекеттік активтерді басқару саясатының саласы

  1. Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері

Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес 2020 жылдың соңына дейін ұлттық экономикадағы мемлекеттің қатысу үлесін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (бұдан әрі – ЭЫДҰ) көптеген елдерінің деңгейіне дейін – ЖІӨ-нің 15%-ына жеткізу жоспарланған.
Мемлекеттің экономикаға қатысуын айқындау жөніндегі ЭЫДҰ тәсілдеріне сәйкес шаққанда жалпы қосымша құнның ЖІӨ-ге арақатынасы 2015 жылы – 19,1%, 2016 жылы – 18,6%, 2017 жылы – 17,3% құрады.
Қазақстан экономикасында мемлекеттің қатысу үлесін төмендету:
– Жекешелендірудің 2016 – 2020 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру;
– 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде айқындалған «Yellow Pages» қағидаттарын іске асыру арқылы қамтамасыз етіледі.
Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспары (2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 ҚРҮҚ) тізбесіне сәйкес 887 ұйым жекешелендіруге жатады (олардың ішінде республикалық меншік бойынша – 86, коммуналдық меншік бойынша – 437, квазимемлекеттік сектор бойынша – 364).
2019 жылғы 27 ақпандағы жағдай бойынша Жекешелендірудің кешенді жоспарынан:
- 485 обьект (оның ішінде республикалық меншік бойынша-51, коммуналдық меншік бойынша-249, квазимемлекеттік секторы бойынша -185) сатылды;
- 280 обьект (оның ішінде республикалық меншік бойынша - 2, коммуналдық меншік бойынша - 161, квазимемлекеттік секторы бойынша - 117) тарату және қайта ұйымдастыру сатысында тұр.
Бұдан басқа, 2018 жылдың соңында Тізім 48 объектіні (республикалық меншікке -10 ұйым, коммуналдық меншікке - 12 ұйым, ӘКК-ге 26 ұйым) қосу және 11 объектіні (республикалық меншікте – 5, коммуналдық - 4, ұлттық холдингтердің активтерін - 2 ) алып тастау арқылы жаңартылды.
Осылайша, 2020 жылға дейінгі жүргізілген жаңарту ескеріле отырып, жекешелендіру үшін 208 объекті қалды.
Жекешелендіру процесінің ашықтығын және тиімділігін қамтамасыз ету, мүдделер қақтығысын болдырмау және ұлттық басқарушы холдингтердің ірі активтерін өткізу процесін үйлестіру мақсатында Жобалық офис құрылды, оған жұмыс істеу үшін үздік халықаралық консультанттар тартылады. Жобалық офистің міндеттері акциялар пакеттерінің (қатысу үлестерінің) көлемдерін, өткізу мерзімдерін, шарттары мен әдістері бойынша ұсыныстар және объектілердің сату алдындағы дайындығы бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің жанынан жекешелендіру және активтерді бәсекелес ортаға беру жөніндегі комиссия құрылды, процестің ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз ету үшін оның құрамына «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының, мемлекеттік органдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттарының депутаттары кірді.
Мемлекеттік және квазимемлекеттік секторлардың активтерін сатып алуға халықаралық, сондай-ақ қазақстандық инвесторлар да қатыса алады.
Жекешелендіру объектілерінің әділ нарықтық құнын айқындау - жекешелендірудің маңызды мәселелерінің бірі болып табылады. Осылайша, баланстық құны айлық есептік көрсеткіштің 2500000 еседен астам мөлшерін құрайтын жекешелендіру объектілерін бағалауды тәуелсіз консультанттар бағалаудың халықаралық стандарттарына сәйкес жүзеге асырады, баланстық құны айлық есептік көрсеткіштің 2500000 еседен кем мөлшерін құрайтын жекешелендіру объектілерін бағалау Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Мыналар:
– компанияларды қор нарығына шығару;
– стратегиялық инвесторлардың, әсіресе елеулі көлемегі инвестициялар мен технологиялық жаңартуды талап ететін компаниялар бойынша атаулы іске асыруы;
– екі кезеңдік конкурсты пайдалану (сатып алу (бағасы, шарттары) бойынша көптеген ұсыныстардан үздік екеуі таңдалып, олардың арасында конкурс өткізіледі);
– кейіннен сата отырып, сенімгерлік басқаруға беру арқылы жекешелендіру объектілерін сату көзделген.
Жекешелендіру бағдарламасы бір реттік емес, ол жүйелі және тұрақты сипатқа ие. Осылайша, «Yellow Pages Rule» қағидаттарын жүзеге асыру шеңберінде монополияға қарсы орган жыл сайынғы негізде қандай да бір салада тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің даму мәніне талдау жүргізеді. Бәсекелес ортада жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдар анықталған жағдайда, бұл активтерді жекешелендіруге ұсынылады.
Сонымен қатар, «Қазақстанның үшінші жаңғыртылуы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауда Үкіметке 2018 жылдың соңына дейін Кешенді жоспарға енгізілген ұйымдарды жекешелендіруді аяқтау тапсырылды.
Жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесінде 2021 жылға қарай квазимемлекеттік сектор субъектілерін, республикалық меншік ұйымдарын 15%-ға қысқарту және жалпы санына қатысты 5% коммуналдық меншік ұйымдарын бәсекелес ортаға беру көзделген.
2014 жылдан бері Қазақстан Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының мемлекеттік меншік және жекешелендіру жөніндегі жұмыс тобының жұмысына қатысып келеді. 2016 жылы Қазақстан тұрақты мүше мәртебесін алды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 28 қарашадағы № 438 Жарлығымен бекітілген Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) қабылданды, ол жергілікті өзін-өзі басқарудың (бұдан әрі – ЖӨБ) дербес бюджетін және коммуналдық меншігін (бұдан әрі – МӘМ) енгізуді көздейді.
Коммуналдық меншік мәселелерін регламенттеу мақсатында Азаматтық кодекс пен «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына түзетулер енгізілді, атап айтқанда:
1) мемлекеттік коммуналдық меншіктің бір түрі ретінде «ЖӨБ коммуналдық меншігі» ұғымы енгізілді;
2) республикалық және облыстық (аудандық) мүлікке ұқсас ЖӨБ коммуналдық мүлкінің құрамы айқындалды, ол ЖӨБ бюджеті қаражатынан және ЖӨБ коммуналдық заңды тұлғаларына бекітілген және/немесе бекітілмеген мүлкінен тұрады;
3) жергілікті өзін-өзі басқару органдарына мүлікті беру тәртібі айқындалды (аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың мүліктік кешендері ЖӨБ коммуналдық мүлкі құрамына аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің шешімі бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысының келісімімен беріледі);
4) аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімшілік-аумақтық бірлігінің атынан жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін басқаруды «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабында белгіленген құзіретке сәйкес аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары жүзеге асырады; (коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асырады, мүліктік жалдауға (жалға алуға) береді; аудан әкімімен келісу бойынша ЖӨБ коммуналдық заңды тұлғаларын құру, атауын өзгерту және тарату туралы шешім қабылдайды).
ЖӨБ коммуналдық мүлкінің құрамына мазмұндары шығыстардың 19 бағыты шеңберінде көзделген объектілер берілетін болады.
Сондай-ақ, Үкімет ЖӨБ коммуналдық мүлкінің құрамына берілетін аудандық коммуналдық мүліктің үлгілік тізбесі бекітілетін болады.
Квазимемлекеттік сектор қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында:
– мемлекеттік органдарды мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі қызметінің тиімділігіне қарай рейтингтік бағалау:


1-сурет. Мемлекеттік органдарды тиімділігі жоғары мемлекеттік мекемелерді басқаруы бойынша
бағалау
(2015-2017 жылдар)

2-сурет. Мемлекеттік органдарды тиімділігі жоғары мемлекеттік кәсіпорындарды басқаруы бойынша
бағалау
(2015-2017 жылдар)



4-сурет. Мемлекеттік органдарды тиімділігі жоғары жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің мемлекеттік қатысу үлестерін басқаруы бойынша бағалау (2015- 2017 жылдар)


3-сурет. Мемлекеттік органдарды тиімділігі жоғары акционерлік қоғамдардың мемлекеттік акциялар топтамасын
басқару бойынша бағалау (2015- 2017 жылдар)

– ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялардың әкімшілік шығыстарын оңтайландыру бойынша жұмыстар жүргізіледі.


Осылайша, Қазақстан экономикасына мемлекеттің қатысу үлесін төмендету және квазимемлекеттік сектор қызметінің тиімділігін арттыру елдегі мемлекеттік басқарудың сапасын арттырумен бір уақытта жүргізілуде.
2. Негізгі проблемаларды талдау
Квазимемлекеттік сектор субъектілері санының өсуі теріс ықпал етіп жеке секторда бәсекелестікті дамытуға кедергі келтіреді. Мемлекеттік органдар ел басшылығы қойған әрбір тапсырмаға, міндеттерге байланысты ұйымдар құрады, бұл квазимемлекеттік сектор субъектілері санының өсуіне, қызметтің қайталануына әкеп соғады және жалпы ел бюджетіне елеулі жүктеме болмақ.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 18 ақпандағы №23-ө өкіміне сәйкес әлеуметтік маңызы бар объектілер болып табылмайтын жаңа ведомстволық бағынысты ұйымдарды құруға 2020 жылдың соңына дейін мораторий енгізуді көздейтін Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы әзірленді.
Жұмыс істеп тұрған ұйымдастырушылық-құқықтық нысандардың – акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің мүмкіндіктері пайдаланылмайды.
Мемлекеттік сектор ұйымдарының қызметін талдау олардың қызметтерінің коммерциялық және коммерциялық емес бағыттылығы арасындағы нақты аражігінің болмауын, түрлі ұйымдастырушылық-құқықтық нысандағы ұйым қызметінің қайталануын анықтады.
3. Тәуекелдерді басқару



Мақсатқа қол жеткізуге әсер етуі мүмкін тәуекелдер атауы

Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар

1

2

Экономикалық ахуалдың нашарлауы және жеке сектор субъектілерінің жекешелендіруге мүдделілігінің төмендеуі

  1. Кешенді жоспар шеңберінде ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу;

  2. жекешелендіру объектілеріне сату алдында дайындық жүргізу және оларды бәсекелес ортаға беру;

  3. Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның жекешелендіру мәселелерін қарау





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет