Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспары



бет20/30
Дата19.03.2022
өлшемі1,49 Mb.
#136208
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   30
Байланысты:
sp mne kaz09092019171319

2-басымдық
2020 жылға қарай экономикадағы мемлекеттік меншіктің үлесін ЕЫДҰ елдерінің деңгейіне дейін ЖІӨ-ден 15 % дейін төмендету, сондай-ақ мемлекеттік активтерді басқарудың тиімділігін арттыру.
Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму жоспарына сәйкес ұлттық экономикаға мемлекеттің қатысу үлесін 2020 жылға қарай ЖІӨ-ге қарағанда жалпы қосымша құнға қатысты 15 %-ке дейін төмендету жоспарлануда.
Қазақстан экономикасына мемлекеттің қатысу үлесін төмендету мынадай бірқатар бағдарламалар мен жоспарларды:
– Жекешелендірудің 2016 – 2020 жылдарға арналған кешенді жоспарын;
– Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде айқындалған «Yellow Pages» қағидаттарын іске асыру арқылы қамтамасыз етілетін болады.
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 196-бабының 3-тармағына сәйкес тауар нарықтардағы бәсекелестіктің жай-күйіне жыл сайынғы негізде талдаулар жүргізіледі, олардың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекет қатысатын (50%-тен артық) мемлекеттік кәсіпорындар заңды тұлғалар тізбесі, сондай-ақ бәсекелес ортаға беруге жататын қызмет түрлері бойынша ұсыныстар жіберілетін болады.»;


3-басымдық
Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту (бұдан әрі – МЖӘ)
Бұл басымдық «Қазақстан-2050» Стратегиясында айқындалған. Бұл басымдыққа қол жеткізу үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестікке арналған құқықтық және институционалдық база құрылды. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік салалары мен нысандарын кеңейтетін «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Міндеті – мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастықтардың мұндай әріптестіктің құралдары мен тетіктерін белсенді пайдалануы.
Бұл басымдық әлеуметтік-экономикалық дамудың басым бағыттарында мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін пайдалана отырып, инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы мемлекеттік бюджетке жүктемені азайту қажеттігіне негізделген.
МЖӘ бюджетті оңтайландырудың нақты құралы болып табылады және әлеуметтік объектілерді салу және реконструкциялау үшін қолданылады. Бюджеттің шектеулілігі жағдайында МЖӘ жобаларын іске асыру барлық мемлекеттік органдар мен әкімдіктердің стратегиялық мақсатына айналуға тиіс.
Осыған байланысты мемлекеттік органдардың МЖӘ мәселелері бойынша біліктілігін арттыру, сондай-ақ әлемдік практиканы ескере отырып, экономиканың әртүрлі салаларында МЖӘ жобалары бойынша үлгілік құжаттамалар әзірлеу және бекіту жұмыстары одан әрі жүргізілетін болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет