Демография бойынша SWOT-талдау: Мықты тұстары: өлім деңгейінің төмендеуі жағдайында туу деңгейінің өсуі негізінде облыстағы табиғи өсімнің тұрақты оң беталысы;
халық көші-қонының оң сальдосы, жақын және алыс шетелдерден байырғы тұрғындардың көптеп келуі.
Әлсіз тұстары: өмір сүруге экологиялық аса қолайсыз аумақтардың бар болуы, ауыз судың жетіспеушілігі, қатаң континенталды климат;
мигранттардың арасында жұмысқа орналастыру үшін біліктілігі төмен адамдардың, көп балалы және аз қамтылған отбасылардың оралмандар көптігі.
Мүмкіндіктер: оң көші-қон сальдосын бекіту үшін шағын қалалардың, даму әлеует жоғары және орташа тірек ауылдық елді мекендердің экономикалық, әлеуметтік және экологиялық тартымдылығын көтеру;
халықтың тығыздығын көтеру үшін облыс орталығы Ақтау қаласы мен автомобиль және темір жолдары бойындағы өсу дәліздерін дамыту;
шағын және орта кәсіпкерлікті өңірге өмірге белсенді көзқараспен қарайтын халықты тарту тәсілі ретінде қолдау.
Қатерлер: ТМД шеңберінде тұратын орынды ауыстыру және Ресейден азаматтық алудың жеңілдетілген тәртіптерінің қол жетімдігі өңірдің білікті, жас және бейімделгіш халқын тартудың тұрақты орталығының болуын анықтайды.