Қазақстан республикасы мәдениет және спорт



бет19/42
Дата06.09.2024
өлшемі2,5 Mb.
#203888
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   42

Әдебиеттер тізімі


    1. Мұқтар Ә. Әлкей Марғұланның Сарайшықты зерттеуі // EGEMEN QAZAQSTAN. -2019. -№44(29523). -6 наурыз.

    2. Атырау облыстық мемлекеттік мұрағаты(алда –АОМА). 376 қ., 2 т.ж., 242 іс, 403-404, 412-413 п.

    3. Шахатов Қ. «Сарайшық» кешенінің іргетасы қаланды // Атырау. -1999.

- 25 мамыр. - №59 (17440).

    1. Сарайшық. Saraichik. Сарайчик. И.Тасмағамбетов, З.Самашев. – Алматы: ОФ «Берел», 2001. – 320 с.

    2. Х.Табылдиев тарих ғылымдарының докторы, профессор //Атырау газеті. -1999. -9 қараша.

    3. Сарайшық музей-қорығы архивінен.

    4. Ноғаев жеті ханның сүйегі жатқан Сарайшықты қалпына келтіріп жатыр https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/nogaev-jet-hannyin- suyeg-jatkan-sarayshyiktyi-kalpyina-277843/

    5. Сарайшық енді суға кетпейді https://egemen.kz/article/171863-sarayshyq- endi-sugha-ketpeydi



ИНДЕР АУДАНЫ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫНДА




М. Жалғасбаева Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің Индер аудандық бөлімшесінің меңгерушісі

Индер ауданы алғашында Есбол атауымен 1928 жылы құрылған. 1962-64 жылдары Махамбет ауданының құрамында болып, 1965 жылдан бастап Индер атауымен қайта құрылды. Құрамында 1 кенттік, 6 ауылдық әкімшілік округі және олардың құрамында 18 ауыл бар.


Индер аудандық музейі Қазақстан Коммунистік Партиясының Индер аудандық комитеті бюросының 1977 жылғы 30 қыркүйектегі қаулысына сәйкес, сол жылдың 5 қарашасында қоғамдық негізде жұмысын бастаған. Музейдің алғашқы қызметкері Ұлы Отан соғысының ардагері, отыз жыл ұстаздық қызметті абыроймен атқарған, Индер ауданының «Құрметті азаматы» Сейілхан Ғабдуллин.
Қазіргі уақытта музейде «Аудан тарихы», «Тарихи тұлғалар», «Аудан ардақтылары», «Этнография», «Археология және Өлке табиғаты» 5 - экспозициялық зал жұмыс жасайды. Мұнда өңір тарихынан бастау алатын жәдігерлерден жасақталған. «Қиядан қолды көрсеткен Төбеңе шығар күн бар ма, Жотасы биік Дендерім» деп, ХVІІ ғасырда –ақ өлкемізді жырға қосқан Жиембет Бартоғашұлы жыраудың толғаулары, Махамбет Өтемісұлы мен Мұрат Мөңкеұлы ақындардың, діни ғұлама, ағартушы Әйіп қажы Бекенұлының, ауданнан шыққан 16 Социалистік Еңбек Ерінің, Ұлы Отан соғысы батырларының, ауданның ардақты тұлғаларының тұрақты экспозициялық көрмелері қойылған.
Өлкеміздің ерте кездегі жануарлар әлеміндегі мамонттың және басқа да ірі жануарлардың сүйектері, құстар мен аңдардың тұлып-бейнелері, қолөнер бұйымдары, тағы басқа да көптеген құнды заттар мен құжаттар орналасқан.
Биыл 2020 жылы 9- мамырда Жеңіске 75 жыл толады. Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев: «Біз - жеңімпаз әкелердің бақытты ұрпағымыз. Егер олар жеңіске жетпегенде, қазір біздің жағдайымыз қандай боларын
елестетудің өзі қиын. Сондықтан ардагерлеріміз мерекеде ғана емес, күнделікті өмірде де барлық құрметке лайық», дегендей Отан үшін от кешкен ардагерлеріміз әрқашан құрметке лайық. Екінші дүниежүзілік соғыста ауданымыздан 3654 адам аттанған, (мың тоғыз жүз сексен жеті) адам соғыста қаза тапқан, 454 адам хабарсыз кеткен, (мың екі жүз он үш) адам соғыстан аман оралған.
Ауданымыздан 3 бірдей Кеңес Одағының Батыры және бір Даңқ ордендерінің толық иегері шықты. Даңқты жерлесіміз Боран Нысанбаев - 1943 жылы Ресейдің Орел облысы, Лески деревнясы жанындағы ұрыс кезінде жау дзотын кеудесімен жауып, өзі ерлікпен қаза тапты. Осы ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Төрағасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Бүгінде батыр есімі Көктоғай ауылындағы орта мектеп, Индерборда көше Б.Нысанбаев есімімен аталады.
Жерлестеріміз Иван Федорович Махорин мен Иван Николаевич Березин ерлігі үшін Кеңес Одағының батыры атанса, Гавриил Петрович Шамин «Даңқ» орденінің үш дәрежесіне бірдей ие болды.
«Аудан ардақтылары» залында экспозициядан Хамит Нұрманов, Қосжан Есқалиев, Төлеу Кененов, Қалу Қалбағалиев, Құспан Дүйсенбиев, Сейілхан Ғабдуллин, Рахымғали Қуандықов, Сұлтанғали Пшатаев, Ғабдуали Әбуов, Орынбасар Мұстафин, Жолдас Аймұратов, Сағидолла Нұрбаев, Дүйсенғали Төлешов, Жолдас Аймұратовтың соғыс ардагерлері тұтынған құнды жәдігерлері және «Покровский край», «Батыр Боран Нысанбаев»,
«Боздақтар» екінші том, «Мәңгілік мінәжат» кітаптары музейде орын алған.
Екінші Дүниежүзілік соғыста Индер ауданынан хабарсыз кеткен жауынгер жерлесіміз бірі Өмірбаев Өмірғали. Жауынгердің әскери өмір жолы туралы ұрпақтарынан мәлімет жинап, жылдық жоспарға сәйкес ғылыми жұмыс аясында шығарған фотоальбом шығарылды [1].
Өмірбайұлы Өмірғали- 1943 жылы 7 наурыз күні соғыста ерлікпен қаза тауып, Ресей Федерациясындағы Орёл облысы, Комаричи ауданы, Лукинки деревнясында 900-ден астам жауынгерлердің мүрдесімен бірге
«Бауырластар» зиратында жерленген.
Қаза тапқан Өмірбаев Өмірғалидың әскери-жауынгерлік өмір жолы туралы ұлы Өмірбаев Жолдасқали естелігінде былай дейді:
«1942 жылы қаңтар айында әкеміз, атамыз Өмірғали інісі Темірғалимен бір күнде, жерлесі Боран Нысанбаевпен (кейін Кеңес Одағының Батыры атанған) бұрынғы Гурьев облысы, Есбол ауданы, Қанбақты ауылына қарайлас майданға алынған.
1943 жылы хабарсыз кетті деген «қарақағаз» келген, бірақ қолға тимеген. Әлденеше рет облыстық, аудандық әскери бөлім арқылы Ресейдегі Подольск қаласындағы Бүкіл Одақтық архивке сұрау салғанмен ешбір хабар болмады. Арада 62 жыл өткен соң 2005 жылдың басында әкеміздің Ресей Федерациясы Орел облысы, Комаричи ауданы, Лукинки деревнясында 1943 жылы 7
наурызда ерлікпен қаза тауып, сонда жерленгені жөнінде әбден сарғайған, жыртылған «қарақағаз» көшірмесі табылды».
2005 жылдың Жеңістің 60 жылдығына орай, атаның немересі Талғат әкесі Жолдасқалимен бірге «Бауырластар» зиратына барып, әке-ата рухына дұға бағыштап, туған жердің бір уыс топырағы себіліп, гүл шоғы қойылды. Орел облысының губернаторы Е.С.Строевтың, қала мэрі В.И.Уваровтың қабылдауларында болып, мерекелік шеру-шараларға қатынасты.
Өмірбаев Өмірғалидың жұбайы Өмірбаева Ақмаш, 1913 жылы Гурьев облысы, Есбол ауданы, Кулагино селолық кеңесінде дүниеге келген. 1932 жыл тұрмыс құрып, 4 перзент сүйген, екеуі шетінеген. Жұбайы Өмірғали, інілері-Темірғали, Сұлтанғали үшеуі Ұлы Отан соғысына аттанып, бәрі де оралмаған. Жұбайы Ақмаш балалары Үміт пен Жолдасқалиді тәрбиелеп өсіріп, әкелерін жоқтатпай ел қатарына қосқан.
Ақмаш Өмірбаева көзі тірісінде жұбайының мәңгілік жатқан жерін естіп, ризаланып, 95 жасқа қараған шағында дүние салды. Өмірге әкелген ұлы Жолдасқалидан 4 перзент, олардан 15 немере-шөбере көріп, олардың сәбилік қуаныш қызығына бөленген әже. Соғыс жылдарында колхоздың әртүрлі қара жұмыстарында еңбек еткен, майданға кеткендер үшін қолғап, шұлық т.б. жылы киімдер тоқып жіберген.
Майдан даласында ажал оғын сепкен бомболаушы үшақтардың гүрілі, танктердің дүбірі, зеңбіректердің күркірі, винтовка, автоматтардың құлақ тескен үні өшіп, әлемге тыныштық сыйлаған Жеңіс туының салтанатпен желбірегеніне биыл 75 жыл толып отыр. Неміс-фашистерін өз ордасында талқандауға бүкіл әлем бойынша 20 млн-нан астам (соңғы есептерде 27 млн.дай) адам шаһит болған болса, Ұлы Жеңіс қазақ халқы үшін де оңайлықпен келген жоқ. Сұрапыл соғыста еліне ие, жеріне қожа болу үшін бойындағы барын, асыл арманын, тәтті үмітін, қыршын жасын құрбандыққа шалып жеңісті жеделдеткенмен, соның қызығын көруге жазбаған, елінен жырақ, туған топырағы бұйырмай майдан даласында опат болып, мүрделері белгісіз солдат қорымдарында қалған ел боздақтары, хабарсыз кеткендері жетерлік. Өмір бойы хабарсыз кеткен боздақтарын сағынған ақ шашты аналар, әке мейірімі бұйырмаған ұл-қыздар қанша ма?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет