Қазақстан республикасы мәдениет және спорт



бет21/42
Дата06.09.2024
өлшемі2,5 Mb.
#203888
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   42

Әдебиеттер тізімі:


1 Жақанов И. Сырлы жүрек пернесі. Алматы : «Ұшпақ» баспасы, 2008. - 124 б.
2 Жақанов И. Зәуреш. Алматы: «Фолиант баспасы», 2012 ж.

ЖАЗЫҚСЫЗ ЖАЗАЛАНҒАН АЗАМАТ

(Отызыншы жылдары Қазақстан өлкесін басқарған азамат Х.Ақботин туралы)


А.Ж. Жұмабаев- магистр,«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы РМҚК археологы
А.Ж. Сакупова - тарих пәні мұғалімі, Ғ. Мәсәлімов атындағы орта мектеп, Исатай ауданы, Х.Ерғалиев ауылы
Өмірі халқымен тағдырлас болған Халит Ақботинді Алаш зиялыларынан бөліп қарастыруға болмайды. Оның ғұмыр-өнегесі мен халық алдындағы қызметін зерттеу енді ғана қолға алынып келеді. Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін тарихтың көптеген «ақтаңдақтары» ашыла бастады. Соның нәтижесінде XX ғасырдың 30-40 жылдары жүргізілген жаппай саяси қуғын-сүргіндердің құрбандарының есімдері енді ғана белгілі болып отыр. Солардың бірі, бірегейі жерлесіміз Халит Ақботин.
Мақалада Халит Ақботиннің 20-30 жылдардағы қоғамдық-саяси процестерімен тығыз байланыста болғандығы қарастырылады.
Халит Ақботин 1902 жылы Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Нұржау ауылында, кедей шаруа отбасында дүниеге келген. Ганюшкиндегі екі сыныптық орыс-қазақ мектебінде білім алғаннан кейін, 15-16 жасында Астрахандағы балық кәсіпшілігінің қожасы Виницкийдің қарауында жалға жұмыс істеген. 1921-1923 жылдары Краснояр уезінде облыстық әскери
комиссариаттың іс жүргізушісі болған. Өзінің табиғи дарыны,іскерлік қабілеті арқасында Халит тым жас кезінде жастар арасында саяси-қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, Бөкей ордасының уездік комсомол комитетінің хатшысы,уездік партия комитетінің бюро мүшесі болады. Халит Ақботиннің өмір жолына зер салып қарап отырсақ, жастайынан қоғамдық- саяси өмірге жасындай жарқырағанын білесің. Ол 24 жасында Орал облыстық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, губерниялық партия комитетінің бюро мүшесі болып қызмет атқарған [1, 78-80 б.].
Әрбір тарихи тұлға туралы сөз қозғағанда, жан-жақты саралап, сабырлы салмақтамайынша оны әділ бағалау қиын.
Халит Ақботин 1927-1930 жылдары Сырдария губерниялық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, округтік партия коллегиясының хатшысы, кейн төрағасы болды. Содан кейін 30 жасында-1932 жылы Қазақстан өлкелік партия комитетінің көлік жөніндегі хатшысы, бюро мүшесі болып сайланады. Осы кезде ол Үкімет мүшелері Құлымбетов, Құрамысов, Қабыловтармен жұмыс бабында танысып,пікірлес болған. Қазақ жеріндегі өткен ғасырдағы ең үлкен құрылыстардың бірі Түркістан-Сібір темір жолы болды. Халит қызмет бабы бойынша осы темір жол құрылысына жан-тәнін сала араласып,оның жұмыс қарқынын тездетуғе үлкен еңбек сіңірген. Құрылыс және басқа да кейбір мәселелер туралы сол кездегі 1925-1933 жылдар арасында билік басында болған Голощекинмен келіспей, талай пікір таластырған. Соның салдарынан оны көп ұзамай, 1933 жылы Гурьев (Атырау) округтік партия комитетінің бірінші хатшысы етіп жібереді. Бұл Гурьев әсіресе оның қарауындағы Маңғыстау елі жаппай ашаршылыққа ұшыраған өте қиын мезгіл болатын. Маңғыстауда еріксіз ұжымдастыру (Колхоздандыру) отырықшыландыру басталып және алым-салықтың жөнсіз көбеюінен зардап шеккен халық шыдамы таусылып, күн көру үшін Түркіменстан, Қарақалпақстан, Иран, Ауғанстанға көшіп кетуге мәжбүр болған жыл еді. Осындай ел басына күн туған, ауыр жағдай Халитты қатты мазасыздандырып,одан тез құтылу шарасын алуға кіріседі. Ол шұғыл түрде өлкелік партия комитетінің хатшысы Нұрпейісов пен Халық комиссариатының төрағасы Құлымбетовке жедел хат жолдап, жағдайды асқындырмау үшін көмек сұрайды. Жазған хаттарында Ақботин мен Айтмағамбетов: Азық-түлік қиыншылығы кезінде Қарабұғазға, Байрамалыға, Түркіменияға, Махачакалаға ауа көшушілер күшейе түскені байқалады. 14 тамызда Махачкала бағытындағы пароходпен 200-ден астам босқын кетті. Бозашы аймағының 18-19 ауылдары жеке-жеке топ құрып, далада босып жүрді. Мұқтаждарға көмек мәселесін мұнан әрі шешпеу босқындықты, одан туындайтын зардаптарды асқындыра түседі. Округте ешқандай ресурстар жоқ, көмек алған жоқпыз. Біздің 9 тамыздағы сұранысымызға сіздерден жауап келмеді, осы мәселені жеделдетуді өтінеміз-делінген [2, 19 б.].
Онымен де шектелмей Маңғыстау халқын азық-түлікпен қамту үшін Бақсай,Тайпақ аудандары шаруашылықтарынан Маңғыстау халқына
қой,сиыр малын тегін беруге рұқсат алып, оны іске асырады. Сөйтіп Маңғыстаулықтарды тығырықтан алып шығады.
Өздері де қарап жатпай қам жасап, Батыс Қазақстан облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Ізмұқаш Құрамысовпен келісе отырып, Тайпақ, Бақсай Махамбет аудандары шаруашылықтарынан қой, сиырды тегін алып, Маңғыстау ауданының ашыққан ауылдарына үлестіріп берген. Мұнан басқа Халит Ақботин ата-аналары аштықтан өлген, панасыз қалған жетім балалардың басын біріктіріп, зайыбы Нафиса Мұхамеджанқызымен балалар үйін ашып, оны орнымен, киім-кешекпен, асханамен қамтамасыз етеді, балалар үйіне апта сайын келіп, хал жағдайларын біліп тұрған [3].
Халит Ақботин округтің экономикасы мен мәдениетін дамытуға, әсіресе мұнай мен балық шаруашылығын өрге бастыру мақсатында жедел де тиімді шаралар белгілеп, іске асырады. Сонымен қатар, ата-аналары аштықтан,аурудан қаза тапқан балаларды жинастырып, оларды жәйлі орын, киім-кешекпен және азық-түлікпен қамтамасыз етуге өзі тікелей араласып, басшылық етеді.
Сол бір қиын мезгілдің өзінде ұлт мәдениетін дамыту туралы округ партия комитетінің бюро мәжілісінде арнаулы мәселе қаралып,оны іске асыру жайында тиісті шешім қабылданады. Осы жылдары ол халық ағарту ісінің үздігі белгісімен және Совет үкіметін нығайтуға, социалистік құрылысқа белсене қатысқаны үшін Қазақ республикасы атқару комитетінің
20 қазан 1935жылғы қаулысымен Қазақ республикасының 15жылдығы значогімен марапатталады.1937жылы Халит Ақботин Батыс Қазақстан облыстық партия комитетінің ауылшаруашылық бөлімінің меңгерушісі және бюро мүшесі болып, партияның Бүкілодақтық XVII сьезіне және өлкелік партия комитетінің конференциясына делегат болып сайланады.1937жылы Батыс Қазақстан облысының бірінші хатшысы У.Құрамысов кінәсіз тұтқындалғаннан кейін обылыста жаппай жазықсыз жазалау басталып,соның ішінде Халит Ақботинге де Құрамысовпен тығыз байланыста болған, контрреволюцияшыл ұлттық ұйымдардың мүшесі,
«ағылшынның тыңшысы» -деген жаламен Алматы қаласында тұтқындалып партия қатарынан шығарылып,тағдыры тез шешіліп, 8 наурыз 1938 жылы СССР жоғарғы сотының әскери коллегиясының шешімі бойынша Алматыда Құрамысовпен бірге атылады. Сөйтіп Голощекиншілер ел үшін адал еңбек еткен,көрнекті тәжірибелі халық қайраткерін нағыз кемелденген шағында, 36 жасында ешбір жазықсыз өмірден айырады.Ол жылдары бұндай зұлымдыққа қарсылық жасаудың еш мүмкіндігі болмағаны бәрімізге белгілі. Халиттің жұбайы Нафиса күйеуі жау дегенге сенбей,оны құтқарып қалу қамын ойлап, аласұрады. Ол Алматыға келіп, Халитпен кездесу жолын іздеп жүрген күндерінің бірінде, қазақ тергеуші оған сыбырлап: Жұбайыңызды енді күтпеңіз,өзіңіз де жазаға тартылып, балаларығыз жетімдік көрер,одан да бүгінгі түннен қалмай Қазақстаннан басқа жаққа кеткеніңіз дұрыс деп жанашырлық
білдіреді.Қолынан ештеңе келмей, қапаланған Нафиса Халит атылған түні жолға шығады, елдегі екі қызы Клара мен Люцияны ертіп, Астрахань жаққа кетіп, туысы Хабиболлаға барып бас сауғалайды. Көп кешікпей Нафиса құсадан дүниеден өтеді. Қыздары нағашы апасының көмегімен өсіп бой жетеді. Қыздары бүгінде Павладар қаласында балалармен, немерелерімен тұрады. Кларасы орта білімді, Люция жоғары білімді дәрігерлік мамандыққа ие болып, жемісті еңбек етуде. Халит қыздары алғыр, батыл болып өсті. Олар өздеріне жастайынан «Халық жауларының қыздары» деген ат тағылғанына және НКВД органдарынан оқу кезінде көрген әр түрлі орынсыз қорлығына қарамай, өздерінің есімдері мен фамилияларынан еш уақытта бас тартпаған, қашан да «әкеміз ақталады»-деген сенімдерін жоғалтпаған. Шыныменде солай болды да. Бұлар әкесінің ақ екендігі жөнінде бірінші хабарды 1957 жылы алса, 1977 жылы Одақтық бас прокурор Руденконың өзінен Халиттің еш кінәсі жоқ деген құжатты қолдарына алды. Сөйтіп әділдікке қол жеткізеді. Халит Ыстамғалидан жеті ағайынды, солардың екеуі Ғұмар мен Закидолладан ұрпақ жоқ, інісі Махмуд отан соғысынан оралмаған. Атырауда Мұғалім деген інісінің баласы Әділхан тұрады. Ол бес ағайынды туысы Салауаттан Болат есімді ұлы болса, Құспаннан үш ұл қалған.
Саламат Хайдарұлы Ақботиндер әулеті жайлы жазған еңбегінде Х.Ақботиннің атыраулықтар үшін жасаған тағы бір жақсылығынан хабар береді. Онда 1934 жылы Атырауда ұлттық театыр ашу туралы қаулы алып, оны өзі ұйымдастырып, «Балықшылар» клубын беріп, Б.Майлиннің
«Шұғаның белгісін» қойып, басты рольдерде Құрмаш пен Алма Доғалақовтар, Қабдол Утеулиевтер ойнаған.
Халит Ақботиннің халық алдында қалтықсыз қызмет еткенін ел бағалап оны екі рет КСРО Орталық партия комитетінің 16 және 17 съездерінде делегат етіп сайлайды. Қазақстанның Орталық, (ол кезде өлкелік), облыстық партия комитеттерінің бюро мүшесі болды.
Атырау қаласының құрметті азаматы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Табылдиев Хисмет Бозанұлы Ақботиндер әулеті туралы тың ғылыми зерттеулер жүргізіп, Павлодар қаласындағы Люция мен Кларамен кездесіп Республикалық Орталық және облыстық архивтерді ақтарып өлке тарихы жайлы материалдар жинастырып кітап жазуды жоспарлап жүрген шағында өкінішке қарай өмірден озған болатын.
Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен 2017 жылы 31 мамырда Алашорда үкіметінің 100 жылдығына және 31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Алаш тағылымы және Тәуелсіздік» тақырыбында көрме музейге келуші көрермендерге, көпшілікке ұсынылды. Көрме Алаш қайраткерлерінің және саяси қуғын-сүргін құрбандарының өмір жолдары мен атқарған қоғамдық-саяси қызметтерін тереңінен зерттей отырып, Алаш зиялыларының ұстанған идеясын, зұлмат заман зардабын түсіндіру мақсатында өткізілді [4]. Келешек ұрпаққа бүгінгі
тәуелсіздігіміздің іргетасы,бастауы-осы Алаш арыстары мен саяси қуғын- сүргін құрбандары Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, Ж.Досмұхамедов, Х.Досмұхамедов, М.Дулатов, М.Жұмабаевтар сынды Х.Ақботинде тарих беттерінде есімі алтын әріптермен жазылуға әбден лайықты азаматтың бірі де, бірегейі.
«Қазақта ұлыларды ұрпақ үшін ұмытпа»- деген ұлағатты сөз бар. Сол бір ауыр, зұлмат жылдары репрессия құрбаны болған асыл азаматтарды еске алып, олардың еңбек жолын кейінгі ұрпаққа-үлгі-өнеге ету игі дәстүрімізге айнала бергей. Бабаларымыз, осы ұлағатты іске бәріміз мұрындық болғанда ғана аталар аруағы бізге риза, жебеуші болмақ. Халит Ақботин өзінің ел алдындағы азаматтық парызын адал орындаған халық қайраткері екені ақиқат. Атырау қаласында, қала берді Маңғыстауда мектеп,колледжге осы азаматтың есімі берілсе еш артық болмас еді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет