Қазақстан республикасы мәдениет және спорт



бет29/42
Дата06.09.2024
өлшемі2,5 Mb.
#203888
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   42

Әдебиеттер тізімі


  1. Картаева Т. Тарихи демография. Оқу құралы. – Алматы: Арыс, 2007. – 152 б7

  2. Қуатов Б. Отанымыздың тарихы туралы саяси әңгіме. Алматы: -

«Білім» - 1993. – 17б.

  1. Сарсекенова К. 1920-1930 жылдардағы Қазақстан халқы. – Алматы:

«Қазақстан халқы», 2011. – 220 б.

  1. Бекмаханова Н. Е. Формирование многонационального Казахстана и Северной Киргизии. Москва: - «Наука», 1980. -138б.

  2. Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы. Алматы: - «Қазақ университеті» - 2005. – 84б.

  3. Табылдиев Х.Б. Атырау қаласының тарихы. Алматы: «Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты» - 2018. – 89 б.

  4. Тәтімов М. Қазақ әлемі. Алматы: - «Атамұра-Қазақстан» - 1993. – 19- 21б.

  5. Атырау энциклопедиясы. «Атамұра» - 1992. – 98б.

  6. Исмағұлов Ұ. Қазақ жеріне келімсектердің орнығуы және оның нәтижелері // Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалы. Ақтөбе: – 2008. – 124б.

  7. Сдықов М., Аман Ә., Мәден А., Шарғалиева М. Батыс Қазақстан территориясындағы және жақын шетелдердегі этнодеморафиялық процестер. – Орал, 2008. – 62 б.

  8. Ат.ОМА., 300-қ., 1-т., 999-іс, 24-п.

  9. Ат.ОМА., 18-қ., 1-т., 35-іс, 257-п.

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ – ЫНТЫМАҚ ПЕН БІРЛІКТІҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҮЛГІСІ


С.К. Молдашева-магистр, оқытушы, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
Еліміздің бейбітшілік пен татулықтың берекелі бекетіне айналуына Қазақстан халқы Ассамблеясы үлкен үлес қосып келеді. Оны біз бүгінгі таңдағы еліміздің экономикасының қарыштап дамуы мен елдегі саяси тұрақтылықтан және Қазақстанда мекен ететін барлық ұлыстар мен ұлттардың бір кісідей жұмылып оны әлемнің дамыған зайырлы мемлекеттері қатарына қосуға деген ұмтылыстарынан байқаймыз [1,106 б.].
Қоғамдағы этностық және түрлі әлеуметтік топтпр арасындағы, сонымен бірге мемлекетаралық қатынастардағы келісімге қол жеткізу мәселесі - мемлекет өміріндегі басты мәселелердің бірі болған. Тарихқа көз жүгіртер болсақ, тағдыр тауқыметімен қаншама ұлыс өкілдері қасиетті қазақ жерін пана тұтқаны белгілі. Сындарлы кезеңдерді бастан өткерген қазақ халқы өз атамекенінде көпұлтты мемлекетке айналды. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халықты ұлтына бөлмей, біртұтас Қазақстан қоғамын қалыптастыруды мақсат тұтып, 1992 жылы алғаш рет Ассамблея құру туралы идеясын қалың көпшілікке жариялады. Идея ірі мақсатқа ұласып, 1995 жылдың 1-ші наурызда Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылды [2,104 б.]. Бүгінде Қазақстан халқы Ассамблеясы этносаралық және қоғамдық келісімнің алтын діңгегінеайналғанына 25 жыл болды. Осы жылға дейін Ассамблея Қазақстан Республикасы халықаралық беделінің өсуіне ықпал етіп, этносаралық қатынастар мәселелелерін тиімді шешіп келеді. Бүгінгі таңда Ассамблея барлық этностардың мүддесін ортақ қазақстандық мүддеге айналдыруды, ұлттық ерекшеліктеріне қарамастан барлық азаматтардың құқығы мен еркіндігін сақтауды қамтамасыз ететін қоғамдық институт ретінде толығымен қалыптасты.
Ассамблеяның мақсаты – қазақ халқының топтастырушылық рөлін арқау ете отырып, қазақстандық патриотизм, Қазақстан халқының азаматтық және рухани-мәдени ортақтығы негізінде қазақстандық біркелкілікті және бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыру процесінде республикадағы этносаралық келісімді қамтамасыз ету.
Ассамблеяның негізгі міндеті – этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, қоғамда этносаралық келісімді және толеранттылықты одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдай жасау, ел бірлігін
нығайту, қазақстандық қоғамының негіз қалаушы құндылықтары бойынша қоғамдық келісімді қолдау және дамыту [3, 70 б.].
Ассамблея қызметі этносаралық қатынастар мәселелерін тиімді шешіп келе жатқан ел ретінде Қазақстан Республикасының халықаралық беделінің өсуіне ықпал етуде. Бүгінде Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісім үлгісіне әлем назары аударып отыр.Қазақстандық тәжірибе Біріккен ұлттар ұйымында, Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына қатысушы елдерде, Копенгагенде, Венада, Женевада, Нью-Йоркте өткен халықаралық форумдарда таныстырылып оң бағаға ие болды. Ассамблея Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастар проблемасын тиімді шешуге зор ықпал жасап, еліміздің халықаралық беделін көтеруге үлес қосуда [4,11б.].
Өзінің жиырма бес жыл қызметі барысында Ассамблея 27 сессиясынөткізіп, онда қоғам өмірінің маңызды әлеуметтік-саяси мәселелерін талқылады. Соның бірі 2019 жылы 29 сәуірде Бейбітшілік пен келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Бейбітшілік пен келісімнің формуласы: әлеуметтік бірлік және жаңғырту» тақырыбымен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVІІ сессиясы болып өтті. Елбасы: «Жаһандық әлем күшті трансформацияны бастан өткеріп отыр. Біз бәріміз мүлде жаңа тарихи дәуірде өмір сүріп жатқанымызды түсінеміз. Экономика, қоғам өмірі және технология түбегейлі өзгерді. Бұл жаңалықтарды қабылдап, көп нәрсені үйренеміз, біраз нәрсені істей аламыз. Бірақ, бұл құбылмалы әлемде бір ғана мәңгі әрі кешенді құндылық бар. Ол қоғамның бірлігі мен ұлтаралық келісім» [5], - деп Елбасы елдің тұрақты дамуын, ұлттардың татулығы мен достығын әрдайым басты назарда ұстап келеді.
Бүгінде Қазақстанда 820 этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Әр облыста құрылған этномәдени бірлестіктер көпұлтты халқымыздың саяси сана- сезімін байыту, ұлттар мен ұлыстардың өзара бірлігін күшейту, ұлттық салт- дәстүрлерді дамыту жолында халықтар сеніміне ие болды [6, 94б.].
Қазақстан халқы Ассамблеясының Атырау облыстық филиалы құрамына
19 этномәдени бірлестіктер құрылып, Әділет басқармасына тіркелген [7]. Олар

  • “Видергебурт” неміс ЭМБ (1989ж.) төрағасы -Александр Филиппович Думлер;

  • “Тхоньил” кәріс ЭМБ (1991ж.) төрайымы – Ли Людмила Валентиновна;

  • “Возрождение” болгар ЭМБ (1992ж.) төрағасы – Кустадинчев Юрий Юрьевич;

  • “Татулық” татар-башқұр ЭМБ (1995ж.) төрағасы – Байкенова Гульсина Гарифжановна;

  • “Алия” еврей ЭМБ (2001ж.) төрағасы – Ткач Павел Петрович;

  • “Вайнах” шешен-ингуш ЭМБ (2001ж.) төрағасы – Зубариев Зелимхан Асабалиевич;

  • “Новруз” әзербайжан ЭМБ (2001ж.) төрағасы – Ахмедов Эльдар Мамедович;

  • “Салам” дағыстан ЭМБ (2002ж.) төрағасы - Алишаев Муса Абакарович;

  • “Довира” украин ЭМБ (2002ж.) төрағасы – Ольга Павленко Дмитриевна;

  • “Былина” орыс ЭМБ (2003 ж.) төрағасы – Солодовников Александр Германович;

  • “Иверия” грузин ЭМБ (2003ж.) төрағасы – Бобохидзе Зураб Гедеванович;

  • “Таврос” армян ЭМБ (2004 ж.) төрағасы – Плузян Гагик Сережаевич;

  • Ұйғырлар қоғамы Атырау облыстық филиалы (2004 ж) төрағасы - Нодяров Анарбек Нодярұлы;

  • Қазақстан түріктері қоғамы Атырау облыстық филиалы (2007ж.) төрағасының орынбасары - Мурадов Абубакир Мущгамбарович;

  • Орыс, славян және қазақтар республикалық қауымдастығының облыстық филиалы (2005ж.) төрағасы - Заверткин Владимир Николаевич;

  • Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Атырау облыстық филиалы (2007ж.) төрағасы – Әлімгереев Өтепберген Әлімгерейұлы;

  • «Еділ-Жайық» қарақалпақ этномәдени бірлестік (2009ж.) төрағасы – Бекмұратов Қазақбай Ережепұлы;

  • «Светоч» славян ЭМБ (2017ж.) төрайымы - Раиса Афанасьевна

  • «Барбарг» курдтар ЭМБ (2017 ж.) төрағасы – Али Сеидов

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз етіп, мемлекеттік саясатты іске асыруға үнемі өз үлестерін қосып келеді. Биылғы жылдың өзінде Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен 600–ге жуық шаралар ұйымдастырылды.Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және «Ұлы Даланың жеті қыры» стратегиялық мақаласында алға қойған міндеттерді жүзеге асыру жолында этномәдени бірлестіктердің қатысуымен Наурыз мейрамы, «Қазақстан халықтары достығы фестивалі», Тілдер мерекесі, «Этнофест» ұлттық мәдениеттер фестивалі және тағы да басқа мәдени, тәрбиелік шараларды өткізіліп отырады. Сондай-ақ, ұлттардың ұлттық мерекелері «Рождество»,
«Сольналь», «Терендез», «Пасха», «Масленица», «Пурим», «Навруз байрам»,
«Сабантуй», «Чусок», «День чеченской матери», «Червона Калина»,
«Нинооба», «Рош-а-Шана», «Вардавар», «Октоберфест», «День узбекской культуры», «Яблочный спас» жыл сайын дәстүрлі түрде аталып өтуде [7].
Қазіргі таңда этностар өмірінің алуан қырларын көрсету жолында 15 тілде 30-ға жуық газет шығады, 11 тілде хабар тарататын 44 телестудия және
6 радиостудия жұмыс істейді. Эфирде «Менің Қазақстаным», «Шаңырақ», радиода «Достық», «Тіл – татулық тірегі» сынды бағдарламалар жұмыс істейді. Республикалық газеттер «Біз - қазақстандықтармыз», «Бір халық – бір ел – бір тағдыр» және т.б. айдарлармен ақпараттар таратуда.
«Единство.kz» бағдарламасы халықтар арасындағы бейбітшілікті, келісім мен достықты нығайтуға бағытталған мемлекеттің бейбітсүйгіш саясатын насихаттауға арналған. Сонымен бірге бағдарлама шеңберінде Қазақстан халқы Ассамблеясы мен республикадағы этномәдени бірлестіктердің қызметі белсенді насихатталады [8.238б.].
Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайтуға және дамытуға Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сарапшылық кеңесі мен өңірлердегі ғылыми-сарапшылық топтар, Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңестері, Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесі, Қазақстан халқы Ассамблеясының Медиация орталығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Журналистер клубы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының этносаралық және конфессияаралық қатынастар орталығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының кафедралары айтарлықтай үлес қосып отыр. Ассамблея қызметін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Президенті жанынан «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі құрылды. Осындай мекемелер өңірлік деңгейде де әкім аппараттары жанынан құрылып, жұмыстарын бастап кетті. Ассамблеяның әлеуметтік инфрақұрылымы дами түсті. Бірлік пен келісімнің «Бірлік – әралуандылықта», «Бір ел – бір тағдыр» сияқты тұғырлық қағидаттары қалыптасты.
Қазақстан халқы Ассамблеясы базасындағы Ғылыми-сарапшылар кеңесі әртүрлі гуманитарлық білім салалары өкілдерінен: тарихшылар, саясаткерлер, әлеуметтанушылар, заңгерлер, филологтар, этнолингвистер, психологтар және т.б. тұрады. Ассамблея Орталық Азия аймағындағы этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығымен тығыз байланыста жұмыс істеп келеді. Орталық Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының құрылымдық бөлімшесі, этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеумен, этносаясат, ұлттар мен конфессиялар мәселелерін оқытумен айналысады [9.77б.]. Бүгінде еліміз бойынша ірі университет базаларында, айталық, әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Н.Гумелев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті базаларында Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедралары құрылған. Атырау облысында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, Атырау мұнай және газ университеті, Атыру инженерлік гуманитарлық институтында Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедралары жұмыс істейді.
Бүгінде Атырау облысы бойынша Ғылыми-сарапшылық кеңесінің
құрамында 15 адам мүше. Оның ішінде 3 ғылым докторы, 7 ғылым кандидаты мен ғылыми сарапшы мамандар бар.
Сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясы бүгінде Қазақстандағы қоғамдық және этносаралық қатынастар саласында басты медиатор қызметін атқарып келеді. 2011 жылдың 28 қаңтарында Қазақстан Республиксының
«Медиация» туралы заңы қабылданды. Аталған Заңға сәйкес Қазақстанда дауларды баламалы шешудің жаңа түрі – медиация енгізілді. Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы медиация орталығының мақсаты – қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылап, дау-жанжалдың алдын-алу, даулы мәселелерді өркениетті тетіктер арқылы шешуге жәрдемдесетін қосымша біріктіруші факторларды іздестіру. Елбасының мәлімдеуі бойынша бүгінгі таңда Қазақстанда 800-ден аса медиаторлар жұмыс істейді.
Бүгінгі күні Атырау облысында кәсіби және кәсіби емес медиаторлардың базасы жинақталып, 61 кәсіби емес медиатор тіркелген. Жергілікті әкімдіктер жанынан 40 медиация кабинеті ашылған. Жыл басынан бері 72 дау, оның ішінде 9 қылмыстық, 63 азаматтық іс қаралған. Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Медиация кабинеті» жұмыс жасауда. Кабинетті ашудың мақсаты әлеуметтік қарым-қатынастар саласындағы мәселелерді шешу тәжірибесінде медиация әдістерін қолдану болып табылады [7].
Қорытындылай келе, бүгінде Қазақстан халқы Ассамблеясының мүмкіндігін толығымен пайдалануда, яғни оны тек елдегі этностардың арасындағы қарым-қатынастарды, олардың тілдері мен мәдениетін дамытумен бірге, елдің дамуына жұмылдыру, жастарды патриоттыққа тәрбиелеу, ел экономикасын дамытуға және т.б. ел өміріндегі маңызды істерге кеңінен араласу мүмкіндіктері бар. Ассамблея өкілдері, шағын және орта бизнесті, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын, білім мен ғылымды және инновациялық технологияларды дамытуда айтарлықтай үлес қосып, үлкен беделге ие болатыныны осы тәуелсіздіктің өткен 28 жылында көрсеткен нәтижелерінен байқауға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет