Қазақстан республикасы мәдениет және спорт


№2 кесте. 1897-1915 жж. қазақтар, орыстар мен украиндар санының динамикасы (мың адам) [10]



бет28/42
Дата06.09.2024
өлшемі2,5 Mb.
#203888
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   42

№2 кесте. 1897-1915 жж. қазақтар, орыстар мен украиндар санының динамикасы (мың адам) [10]





Гурьев уезі

Орал губерниясы




қазақ

орыс

украин

қазақ

орыс

украин

1897

70,9

14,7

-

937,9

175,3

3,4

1915

125,0

37,1

-

1128,0

426,0

83,5

өсім

+ 54,1
+ 177

+ 21,4
+ 252

-

+ 190,1
+120

+250,7
2,5 есе

+80,1
24,6 есе

Алайда, Орал уезінен басқа Батыс Қазақстан уездерінің барлығында басым болды. Ал Орал уезінде қазақтардың көшіп кетуі салдарынан орыстар саны басым болды. 1897 ж. 124 000 орыс болса, 1915 ж. 237 000 құрап,
+113 000 адамға өскен.
Тарихшы М.Сыдықовтың зерттеуінде 1897 ж. Гурьев уезінде барлығы 155 400 халық болса, оның 70 921-і қазақтар құрап, 81,7%-ға, орыстар 14 769 болып, 17,0%-ға, украиндар 19,0%-ға теңеліп, татар, ұйғыр, өзбек сияқты ұлттардың үлес салмағы арта түсті. Айталық, орыстар 454 452 адам, украиндар 79 573 адам, татарлар 55 984 адамға өсіп, 17,3% құраса, ал
немістер (2613), өзбектер (29573), дүңгендер (4888) 1,2% құраған. Ал 1915 ж. халық саны 117 300-ге көбейіп, 272 700 адам құрады. Оның ішінде қазақтар
54 068-ге (77,1%) көбейіп, 124 989 теңелсе, орыстар 22 427-ге көбейіп,
37 196 (22,9%) халық құраған [10. 62 б.]. Ал, 1915 ж. казак-орыстардың саны
17 861 (11,4%), сырттан келгендер – 15 667, теңіз жағасындағы кент тұрғындар – 3 355 адам тұрған. Жалпы 1897 жылмен салыстырғанда Батыс аймағына қарайтын уездерінде орыстардың үлес салмағының ұлғайғанын, керісінше қазақтардың үлес салмағының төмендегенін байқаймыз. Кейбір облыс уездерінде орыс-украиндар тұрғындардың негізгі бөлігіне айналды. Әсіресе орыстардың көбі Сарайчинко, Кандауров, Редутта көп қоныстанғанын архив деректері растайды. Сондай-ақ, украин ұлтына қарағанда Гурьевте орыстар, татарлар басым болды. Бұл жерлерде 1922 ж. қазақтар – 4512 халық (ер - 2334 адам, әйел – 2178 адам), орыстар – 2213
халық (ер- 1058, әйел- 1155), татарлар – 56 (ер- 34, әйел-22) болып, барлығы
6781 халықты құраған [11].
Сонымен, ХІХ ғ. соңына қарай Гурьевте полиэтникалық жағдайдың негізі қаланып, көші-қон процестері белсендіріле бастады. Ал, көші-қон тек қана халықтың демографиялық құрылымына өзгеріс әкелумен бірге жергілікті халықтан шұрайлы жерлерді тартып алумен қатар жүрді. Халықтың әлеуметтік құрылымында күрт өзгерістер болды.Басқа да демографиялық көрсеткіштер бойынша 1897 жылы табиғи өсім үстем болды, ер адамдар саны әйелдерге қарағанда көп, жастық құрылымында еңбек жасындағылар көші-қоншылар құрады. 1897 ж. санақ бойынша Гурьевте 40 066 - ер адам, 37 370 – әйел адам тіркеліп, барлығы 77 436 адам болды. Ресей мен Украинадан келген қоныс аударушылардың келу есебінен халықтың ұлттық құрамы өзгерді. Гурьев уезінде қазақтардың үлес салмағы 81,7%-дан 77,1%-ға, орыстардың үлес салмағы 77,0%-дан 22,9%-ға азайды. Сонымен қоныстандыру саясатының қорытындылары өлкеде өзге ұлт өкілдерінің, оның ішінде орыс-украиндардың саны мен үлес салмағының ұлғаюына әкелді. Алайда, басқа уездермен салыстырғанда Гурьевте қазақтарға қарағанда орыстардың үлесі аз болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет