Қазақстан республикасы мәдениет және спорт


СЫРЫМ ДАТҰЛЫ, ИСАТАЙ ТАЙМАНҰЛЫ МЕН МАХАМБЕТ ӨТЕМІСҰЛЫНЫҢ КӨТЕРІЛІСТЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ ТАРИХИ ЖЕРЛЕРДІ АҢЫҚТАУ ЖӘНЕ ДӘЛЕЛДЕУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ



бет36/42
Дата06.09.2024
өлшемі2,5 Mb.
#203888
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   42

СЫРЫМ ДАТҰЛЫ, ИСАТАЙ ТАЙМАНҰЛЫ МЕН МАХАМБЕТ ӨТЕМІСҰЛЫНЫҢ КӨТЕРІЛІСТЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ ТАРИХИ ЖЕРЛЕРДІ АҢЫҚТАУ ЖӘНЕ ДӘЛЕЛДЕУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ


Тулепов Н.Ж. - өлкетанушы, Жәңгір хан атындағы тарихи-этнографиялық
музей меңгерушісі, Орал қ.
Жәңгір хан атындағы тарихи-этнографиялық музейінің меңгерушісі ретінде 2018 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұсынған «Хан бөгеті» атты халықаралық ғылыми-зерттеу экспедициясын ұйымдастыру жөніндегі жоба, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеттің қаржылық қолдауымен жүзеге асырылғаны белгілі. Нәтижесінде, Жәңгір ханның 1842 ж., күзінде тұрғызған бөгеті осы күнге дейін сақталғаны және «Ханская плотина» және «Ханское водохранилище» деген төл атауымен белгілі болып шықты. Жәңгір ханның Жазғы Ордасы негізінде 1924 жылы «Кумысолечебница» ұйымдастырылған. Жәңгір хан тұрғызған 9 ғимараттан бүгінде тек үшеу сақталған, оның екеуі қаз қалпында. Сол екі ғимаратты мемлекеттің қорғауына алып, болашақта музей жасауды бірігіп қолға алу жөнінде Батыс Қазақстан облысының әкімінің бірінші орынбасары атынан Волгоград облысына хат жолданды. Алайда, нақты жауап келмеді.
Әрине, хандардың, байлардың артында сарайлар мен зәулім ғимараттар қалатыны белгілі. Дегенмен де, батырлардың артында қалған төбелер де біз үшін қасиетті. Себебі, солардың ерлігінің арқасында кейбір халықтардың тағдырын қайталап, жойылып кетпедік. Мұның өзі қазақ даласында өткен көтерілістерге баға берген кезде біз ғалым, тарихшы және филолог Билял Аспандияровтың: «Қазақстан тарихын тәуелсіздік үшін күрес дәстүрлерін қалыптастыру тұрғысынан ғана қамту керек» деген тұжырымдамасын ұстануымыз керек деп есептеймін. Осы бағытты дамыту тәуелсіздікке қолы жеткен елдің, азаттық жолында жан пида болған тарихи тұлғалардың алдындағы парызы. Бостандық Туын көтергендер қатал жазаланып, басып-жаншылса да, қазақ батырларының тәні өлтірілсе де, қазақтың Рухы жеңілген жоқ. Қазақ амалсыздан шегінді, бірақ берілген жоқ! Болашақ ұрпаққа аманат етті! Сырым Датұлы бастаған көтерілістің Туын Исатай Тайманұлы, Жоламан Тіленшіұлы, Есет Көтібаров, Жанқожа Нұрмухамбетов сынды тұлғалар биік көтерді. Сайып келгенде қазақ ұлты өзіндік ерекшелігін, тілі мен ділін сақтап қалды. Сондықтан жер үшін, қара қазан, сары бала қамы үшін семсерін сермеген аяулы қаһарман батырларымыздың әр қадамын зерттеу,тарихын жазу бізге парыз.
Сондықтан, мен ұсынған, «WESTАРХИВ-2025» жобасының басты мақсаты - бұл облыстың, республиканың және шет ел архивтерінде, музей мен кітапхана қорларында ғылымға бұрын белгісіз тарихи оқиғаларға қатысты тың деректерді ғылыми айналымға енгізу мақсатындағы ғылыми ізденістер. Батыс Қазақстан облысының бірегей тарихы, сондай-ақ
«Қазақстанның сакральді географиясы» ұлттық тізіміне енген БҚО-ның қасиетті орындарының тарихымен байланысы бар Қазақстан Республикасы,
Ресей Федерациясы және Өзбекстан Республикасы территорияларында орналасқан қасиетті нысандарға экспедициялар ұйымдастыру арқылы, тарихи оқиғаларды түбегейлі зерттеуге, мәдени және ғылыми тәжірибе алмасуды терендете түсуге жол ашу белгілеген болатын. «WESTАРХИВ- 2025» жобасы БҚО мемлекеттік архивінде ғылыми-іздестіру жұмыстарынан басталды. Нәтижесінде, бұрын белгісіз болған тың деректер табылды. Атап айтсақ:

  1. «Сакральды география» аясында БҚО бойынша жалпыұлттық деңгейдегі нысандар тізімге енген Жұмағазы Хазірет кесенесі, 1950 жылғы картада осы мекеннің атауы орысша «Урочище Казреткауз», яғни төл атауы «Қазірет қауыз мекені» деп тайға таңба басқандай көрсетілген.

  2. Сырым ауданы Сырым Датұлы туған мекенінде «Дат мешіті» болғаны анықталды және 1928 жылы «Дат мешіті» жер қоғамдығы ретінде құрылып, құрамындағы 40 отбасында 168 адамның толық тізімі архивте сақталған. Осы ақпаратты нақты анықтау және алдын- ала тексеру мақсатында Сырым ауданы Жетікөл ауылдық округіне 2019 ж. 20 мамыр күні жолға шыққан экспедиция құрамында, қолдау көрсеткен «Дәдем Ата» қорының жетекшісі Ғариполла Жанпозов пен

«Сырым Елі» газетінің редактор-директоры, айтыскер-ақын Бауыржан Ширмеденұлы болды. Жергілікті жерде, «Жетікөл» ауылдық округінің тұрғыны, атақты аңшы Қайырғожин Киікбай мен қария Рамазанов Ерсайын (ел ішінде лақап аты «Сайын) сынды азаматтар қосылды. Нәтижесінде, Қызыл Әскерінің Бас штабының 1941 жылғы картада көрсетілген өзен иінінде «Дат мешіті» үйіндісі табылды. Кезінде, шамамен ені 10 м, ұзындығы 40 м ғимараттың биік мұнарасы болған. Азаншы басына шыққанда Жымпиты қаласы көрініп тұратын еді - деген естелікке қол жеткіздік. Байларды кәмпескілегеннен кейін өгіздердің күшімен мұнарасын құлатып, мешіт ғимаратын бұзып қасындағы ауылға зәулім мектеп салған кезде, қариялар «Елден иман кетеді!» деп жылаған екен. Сол мектепті 1970 жылдары тозығы жеткен соң бұзуға рұқсат беріліп, материалдарын жергілікті тұрғындар жеке құрылыстарына пайдаланған.
«Дат мешіті» ауылының қасындағы қорымда «Қырық ишан» жерленген орынды көрсеткен қария Ерсайын Рамазанов, осы «Қырық ишан» туралы нақты деректер сақталмағанын айтты. Сол жерде, сақталған бір құлпытас оқылып, Дат мешіті азаншысының ұрпақтары табылды. Ол туралы толық ақпаратты «Сырым Елі» газетінің редактор-директоры Бауыржан Ширмеденұлы жариялады.
Экспедицияның келгенін пайдаланып жергілікті тұрғындар сол ауылдық округте «Сары құм» атауымен белгілі жерде адамдардың сүйектері шығып қалатынын және жебе ұштары көптеп табылатынын айтқан соң,
басына барып қарағанда ауызша дерек расталды. Сонымен қатар, қыш құмыралар сынықтарыда табылды. Сондықтан осы жерде археологиялық зерттеу жүргізу қажет.
Сырымның ұлы Қазы би, немересі Омар би кесенелері мен «Қаржау ағаш» атпен белгілі қасиетті тал басына бардық. Кезінде 3 адамның құшағына сыймайтын қасиетті тал, қурап бір жағы құласа да, көктеп өсіп тұр. Кезінде, Сырым Датұлы осы жерге аялдап, қасиетті талға ат басын байлап, құдықтың салқын суын ішіп, тыныққан болар деген ой келді.
2019 ж. 21 мамыр күні, 1785 жылы Кіші жүз қазақтарының құрылтайы өткен орынды зерттеуге қолдау көрсеткен «Бұлдырты» ауылдық округінің әкімі Ерлан Мақашовпен бірге «Жымпиты» өзенінің екіге айырылып, «1-ші Жымпиты» және «2-ші Жымпиты» өзендері болып бөлінетін аралығын зерттедік. Сол жерге тоқталуымның себебі, он жылдан астам уақыт бойы әртүрлі карталар бойынша зерттеп, бірнеше мың адамның басын қосқан құрылтайға лайық орын қандай болу керек деген сауалға жауап беретін тек қана осы жер болды.
Ол қандай талаптар:

  • Біріншіден, делегаттардың қауіпсіздігі. Құрылтайға жиналған қалын бұқараны оңтүстік бетінен «Жымпиты» өзенінің екіге айырылған

«Аша» деп аталатын су арнасы қорғаса, құрылтайдың шығыс және батыс қанатын «1-ші Жымпиты» және «2-ші Жымпиты» өзендер арнасы қорғап тұр. Құрылтай өткен орынның шығыс бетінде «1-ші Жымпиты» өзенінің арнасының жанында «Күшоба сай» орналасқан. Болжам ретінде, қауіпсіздік үшін сол сайға жауынгер күшін жасырып қою мүмкін.

  • Екіншіден, бірнеше мың адамға, жылқы мен малға қажетті мол су, кең жазықтық пен өзен жайлымы бар. Мыңдаған киіз үй тігілсе де тарлықпайды.

  • Үшіншіден, съезде Үш Ру бас қосқанның дәлелдейтін Үш Рудың жалауы желбіреп тұруы заңдылық.

  • Төртіншіден, ол үшін Ақ Орда тігу аксиома.

  • Бесіншіден, атты әскердің алдына шығып сөз сөйлеу үшін сахна іспеттес төбе болуы шарт.

Бірінші-төртінші талап топтамасына сай келетін, солтүстік бетінде Үш төбе және Бір биік төбе сақталған. Ортасындағы дөң басқа үшеуіне қарағанда сәл биіктеу. Жымпиты өзені маңында өткен құрылтайда Кіші жүздің Үш Руы өздерінің Бас Билерін сайлады деген деректі ескерсек, Үш төбеге Үш Рудың Ақ Ордасы ал ортасында Халық Кеңесінің Ақ Ордасы тігіліп (төрағасы Сырым Датұлы), Жалаулары желбіреп тұрды деп болжауға болады.
Бесінші талап, аталған төрт талаптан туындайды, себебі алдында жалауы желбіреген Ақ Орда, құрылтай өтетін орынның ең биік нүктесі болуы шарт. Ең биік дөңге шыққанда көз алдындағы жазықтық кемінде 10-15 шақырымға
аңық көрініп тұр және бұқара алдына шығып сөйлеуге ыңғайлы сахна іспеттес.
Кезінде, тарихта тек қана «Сырым шыққан төбе» белгілі болса, сол төбенің солтүстүқ бағыттағы шатқал мен «Сырым шықан төбенің» көне атауы «Жауқашар төбе» болған деген болжамға негіздер табылды. Ақжайық ауданында Жайық өзенінің бұқар бетінде «Шатыр тіккен» атты орын болған, сол жерде келіссөз жүргізу үшін Ресейдің тұнғыш муфтиі Мұхамеджан Хұсайынов Сырым Датұлы үшін арнайы шатыр тіккен деген дерек табылды. Тарихта көп жазылмаса да, Сырым Датұлының көтерілісінің шешімді оқиғалары Атырау облысының территориясымен байланысты деген тұжырымға келіп отырмын. 2013 жылы «Сырым шыққан төбеден Сырым бөгетіне дейін» атты экспедиция ұйымдастырылып Атырау облысы Қызылқоға ауданы Қөздіғара ауылдық округінде Ойыл өзенінде тұрғызған
«Сырым бөгеті» осы күнге сақталғанына көз жеткізідік. Сондықтан, атыраулық ғалымдар мен өлкетанушылармен бірігіп, әсіресе Сырым Датұлы, Исатай Тайманұлы мен Мақамбет Өтемісұлының көтерілістеріне қатысты нысандар мен оқиғаларды зерттеуге қол жеткізсек, талай тарихи жаңалықтар ашылатыныңа сенімдімін. Солардың бірі, Исатай Тайманұлы мерт болған соңғы шайқасы. «Ақбұлақ шайқасы: жаңа жорамалдар мен болжамдар» атты мақаламды Сізге ұсынып отырмын.
Міне, өлкетанудың өзегі тарихи географиясы жаңа зерделеумен мен пайымдар жасауға орасан мүмкіндік береді. Дегенмен де, осы зерттеулердің нәтижесін ғылыми ортаға еңгізу мақсатында жазылған ғылыми мақалалар ғылыми-тәжірибелік конференциялар жинақтарында жарияланғанмен, тарихи география талаптарына сай шолу жасап, талдап, сыни пікір жазатын кәсіби мамандардың жетіспейтіні сезіліп тұр. Оның үстіне, музей саласында университеттегі тарихи кафедра сияқты орта жетіспейді. Музейдің университеттің тарихи факультетімен бірлесіп өлке тарихын зерттеу жөніндегі Меморандумға қол қою, өлке тарихына байланысты ғылыми тақырыптарды бекіту сияқты қадамы Мәдениет Министрлігі назарында болып, қажет болған жағдайда ықпал етсе, өлкетану саласы орасан табыстарға жетіп, жаңа қырынан танылатыңа сенемін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет