Қазақстан республикасы мәдениет және спорт



бет35/42
Дата06.09.2024
өлшемі2,5 Mb.
#203888
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   42

Әдебиеттер тізімі


    1. Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ж.

    2. Айбын. Энциклопедия. / Бас редакторы Б.Ө.Жақып. - Алматы:

«Қазақ энциклопедиясы», 2011 ж.


ЕРЛІГІ ЕЛГЕ ӨНЕГЕ БОЛҒАН МАЙДАНГЕР АТАМ


А. Тұрарбекова - тарих пәні мұғалімі, С. Мұқанов атындағы №10 орта мектеп,
Атырау қаласы

Соғыс,тартыс ешқашан басылмаған, Қантөгістен қаншама ашынды адам. Жазықсыз жер қаншама жараланып, Жетімдіктен қаншама бала налып,


Қара тұман жамылды жасыл ғалам
(Ф.Оңғарсынова) 1941 жыл... Азаттықтың туын аңсаған, сол кезеңдегі Кеңес
құрамындағы қаншама елдің, халықтың арманы фашистік Германияны тоқтатып, еркіндіктің, елдіктің, тыныштықтың туын желбірету еді. Ия, әрине ол кездегі қиын- қыстау заман ешкімнің де басына оңай тимегені анық. Алайда бейбіт күннің келуі елі үшін төсін оққа тосқан,соғыс майданындағы аталарымыз мен тыл еңбектегі аналарымыздың еңбегі зор еді. Ол заман ауыртпалығы көп кез-тұғын. Алайда сол ғасырда өмір сүрген ата- бабаларымыздың бірлігі мен тірлігі арқасында келген ұлы жеңіс еді.
Бүгінде Ұлы Жеңіске 75 жыл толып отыр. Бүгінде қазақтардың қанды қырғында қаймықпай қарсы тұрғандығының арқасында көк туымыз көгімізде желбіреп, бейбіт өмір сүріп жатырмыз. Жеңіске қанша уақыт өтсе де, қилы өзгеріс болып жатса да, ұрпақ есінде мәңгі қалатын тарихи күн.
Жатқанда отан жері отқа жанып, Тұрғанда туысқандар жауда қалып, Жеңбесек , жойқын қайрат шығармасақ,
Жігіттің неге жүрміз атын алып?- деп Жұбан Молдағалиев атамыз жырлағандай, ерлігі бізге үлгі бабалар арасынан өз атамның ерлігін естігенде мақтан тұтамын.
Менің атам Садиров Меңдеш Садырұлы 1918 жылы қазіргі Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Батырбек ауылында қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген.Атам кішкентай кезінен-ақ зерек, тік мінезді болған. Жастайынан заманның қиыншылығын көріп өскен. Шамамен әскер қатарына 1938 жылы алынып, 1940 жылы өз ордасына оралған. Сол жылы болса керек, ауылдық совхоздағы милиция қызметіне орналасады. Осы қызметте жүргенде 1942 жылы 244 атқыштар дивизиясы қатарына алынып, майданға аттанады. Майданда атам аға сержант болды. Атам майданда ерлігімен көзге түсіп, ерен еңбегі үшін көптеген марапаттармен, атап айтсақ І дәрежелі Отан соғысы орденімен, 1943 жылы 16 қазандағы №19 бұйрығы бойынша КСРО ерлігі үшін медалімен, 1944 жылы 27 шілде айында жасаған ерлігі үшін ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған болатын. Майданда жүргенде атам екі рет жарақаттанған.
Жеңіс сәті туып, атам елге аман-есен оралды. Келгеннен кейін көптеген қызметте жұмыс жасаған. Маслопромда қызметте болған, пошташы, дүкенші қызметтерін атқарған. Отбасында екі ұл, екі қыз тәрбиелеген.
Атамның ерлігі, жеңісі ол менің жеңісім. Мен атамның осындай мықты нар тұлға болғанымен мақтанамын. Атамның ерлігін келешек ұрпаққа жеткізу менің парызым деп білемін. Әр ерлігі үлгі майдангер ата ол халықтың атасы. Елім еш жауыздың қолында кетпесін деп, еркіндікте, бейбіт елде өмір сүрсін деген армандарын бүгін де біз ұрпағы жетіп, көріп отырмыз. Күнтізбеде оқшауланған ерекше күн, жыл сайын аталып өтетін мейрам Жеңіс күнінде біз бір нәрсені терең ұғынуымыз керек. Ел үшін, жер үшін құрбан болған боздақтардың ізін жалғайтын, қара жер үшін төккен қанының құрметіне қызмет қылып, Отан, елін, жерін сүюге міндеттелген ұрпағы
екенімізді естен шығармауымыз керек.
Біз, қазіргі ұрпақ Жеңістің айтулы күні келгенде өшкенімізді жаңғыртып, өткенімізді қайта жандандырып болашақ ұрпаққа мұра етіп қалдыруымыз керек. Сонда ғана ерлеріміздің есімі ешқашан өшпек те, өлмек те емес.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет