«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру». // Егемен Қазақстан. – 2017. – сәуір. –26 – №80 (29061). – 3 бет.
Сүйембаев Н. Киелі мекен – Кең Жылыой. – Атырау: «Ағатай», 2014. – 384 бет.
Ажигали С.Е. Архитетура кочевников феномен истории и культуры Еразии (памятники Арало-Каспийского региона). – Алматы: НИЦ
«Ғылым», 2002. – 654 с.
ҚОШАЛАҚТАТУҒАНҚОҢЫРҰЛ (АкадемикМақсотЖолжановхақында) Ә.Т.Өмірзақов - магистр, ҚР Журналистер Одағының мүшесі,
Атырау қаласы
Әр өлкенің түкпірінде көз майын тауысып, тарихтың тарау-тарау ақтаңдақтарының ақиқатын іздеген азамат саусақпен санарлық десем, әбестік болмас. Қазақтың қарапайымдылық дейтін қасиеті талай таланттың ауыл ішінен шығуына тосқауыл болды. Қызуы бет шарпыған ақшағыл – Қошалақта туған қоңыр ұлдың маңдайына тарих пәнінің мұғалімі, кейін аудандық музейді ұйымдастырушы болу бұйырды. Ел «ауылдан ұзаса академик атанар еді» деп таңдай қақты. Ол – Мақсот Құмарұлы Жолжанов еді.
Орта ғасырда Италияда жасалған қошқар тұмсық жез оттықты анау елдің түбіндегі Азғырдан тапқаны әлі күнге дейін ел жадында сақталған. Жігіттік дәурен шағында шахматтан Қазақстан құрамында болғанын мақтанышпен айтқымыз келеді. Германиядағы шахматтан әйгілі гроссмейстердің есебінен қателік тауып, мақаласы сол елдің «Шах» журналына шығады. Неміс тілінде шыққан М. Жолжановтың мақаласы мықты шахматшыны таңдай қақтырып, қателігін мойындады деседі.
М.Жолжанов әлеміне терең бойлау үшін бір адамның күш – жігері жетеді десек жаңсақ пікір болады. Әр дерегі статистикаға сүйеніп жазылған. Мысалы, «Еділ – Жайық – екі су» атты қолжазбасында: «1803 жылы 7500, 1825 жылы 10490, 1845 жылы 52129 қазақ Жайықтан батысқа өтіп қосөзен бойын қоныстанды» - деп жазады. Фриедеман Гебель және біздің өлке қазақтары қолжазбасында: «Ф.Гебель Яманка бекінісін (қазіргі Атырау облысы, Махамбет, Исатай аудандарының аумағы) барлап, Астраханьға бағыт алады. Кейін, Астраханьнан Құрманғазы ауданына қарасты Кордуан деп аталатын 17 тұзды көлге күрделі зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Көлдегі қышқылды тұздан сода өндіруге болатынын дәлелдеп, 1839-1960 жылдар аралығында Астрахань дәріханаларының қожасы К.И.Оссенің өндірістік әдіспен сода шығаруына жол ашады»,-деп жазады.Жоғарыда аталған Яманка бекінісі Жәмеңке сұлтанға байланысты қойылғанын Махамбет ауданы, Алға
селосында (17ауыл) тұратын Базар Әмірұлы ақсақал атап өтіп еді.2019 жылы жарық көрген «Тарихи тұлғалар жаңғырығы» атты еңбегінде деректер келтіреді [1].
Ғалымның еңбектерінде этнографиялық деректерді қалт жібермей, ерлердің киімі – «башылық» туралы атап өтеді. Башылық– үлкен сүйір бөрік, ол әдетт қызыл не жасыл шұғамен қапталып, астары түйе жүнімен не теріден жасалған.
Ерен ерліктің көрінісі іспетті күй атасы Құрманғазының өмір сүрген жылдары «1823-1896 жылдар»екенін еңбектерінде деректермен дәлелдеп жазды.Нақты деректерді Астрахань орталық мемлекеттік архивінің 203 қорындағы 629 – істің,21,31 – парақтарынан алады.Ұлттық ғылым академиясына қарасты М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында құрылған арнаулы сараптау комиссиясы:«Ұлттық ғылым академиясы М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты халық композиторы Құрманғазы Сағырбайұлының туған, өлген жылына қатысты сарапшылық комиссияның қорытындысын хабарлайды. Архив деректері мен зерттеушілер М.Жолжанов, И.Кенжалиев, Қ.Жұмалиев, Ұ.Рахметуллиннің пікірлерін мұ- қият сараптай отырып, халық композиторы Құрманғазы Сағырбайұлы 1823 жылы туып, 1896 жылы дүние салған», деген қорытынды шығарады. Бұл шешім облыстық «Атырау» газетінің 1996 жылғы 12 – қыркүйектегі санында жарық көреді. Жоғарыда аталған деректерді тарихшы – өлкетанушы, Махамбет сыйлығының иегері А.Шамғоновтың «Егемен Қазақстан» республикалық газетінде 25 қаңтар, 2018 жылы жарық көрген «Күйшінің туған жылынан қателеспейік» атты мақаласында анық көруге болады. Жолжановтың зерттеулері осы бір ақтаңдақтың ақиқаты ашылуына түрткі болды [2].
Күрескер ақын Махамбет Өтемісұлының «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңіндегі «тебінгі теріс тағыну», «темірқазық», «қу толағай», «бастану» терминдерінің жіктерін ашып, астрахандық ғалым В.Лепиловпен бірігіп, толық орыс тіліне аударды. Жер-су атауының соңында кездесетін «н» әріпінің шығу, қосылу заңдылығын зерттеу үшін біршама жолсапарға шығып, түркология ғылымына үлес қосты.Топонимикалық деректерді зерттеуде Әбдірахманов, Жанұзақов, Жұбанов, Керімбаев, Қойшыбаев, Қоңқашпаев, Нұрмағамбетов, Макшеев, Мосолов, т.б. ғалымдардың еңбектеріне сілтеме жасады. 1974 жылы Мақсот Жолжановтың іздестіруі нәтижесінде елімізде бұрын-соңды көзге түспеген неміс тілінде басылған туған өлкеміз туралы кітап және Бөкей Ордасының 1837 жылғы картасы табылды.
1981 жылы белгілі өлкетанушының «Түркі-моңғолдан шыққан Астрахань облысының топономикасы» деген тұңғыш ғылыми еңбегі астрахандық белгілі ғалымдардың рецензиясымен осы облыстың ғылыми- кітапханаларына, мұражай-қорығына қабылданады.Астрахань облысының
топонимикасын зерттегенде 42 автордың еңбектерімен салыстырып, тұжырым жасайды.
Ғалым, зерттеуші, әдебиетші, шахматшы сынды қырларына сақина, сырға соғу сияқты ісмерлігін, ақындар мен жазушылардың көлемді портреттерін салған суретшілігін атап өтуіміз қажет. Кезіндегі сал – серілер іспетті саятшылық құрып, тіл үйренуден жалықпаған азамат болғанын ел- жұрты аңыз секілді айтып отырады. 1949-51 жылдар аралығында Астраханның мұғалімдер даярлайтын институтында 112 бітіруші түлектердің арасында жалғыз қазақ – Мақсот Жолжанов болған. Бұл туралы Жазушылар Одағының мүшесі, қаламгер Таңатар Дәрелов «Ана тілі» газетінің 2017 жылғы 23 қарашадағы «Жолжановты неге ұмыттық?» атты мақаласында дерек ретінде атап өтеді [3].
М.Жолжанов көптеген ғалымдармен хат арқылы байланысып, ақтаңдақтардың ақиқат ашуға аянбай еңбек еткен. 1979 жылы Элиста қаласынан қалмақ ғалымы Очир Гаряев: «Туған өлкеңіздің топономикасын зерттеудегі сіздің күш-жігеріңіз бен табандылығыңызды еріксіз мойындаймыз. Сіз берген ақыл-кеңес маған бастаған ісімді аяқтауыма елеулі септігін тигізді»,-деп жазған хаты ғалымның шетелдегі азаматтардың жоғары бағалағанын білеміз. 1999 жылы ғылымның қара нары дүниеден озды.
2017 жылы ғалым, жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі Мақсот Жолжановтың 334-беттен тұратын «Қазақ тарихы, тіл - әдебиеті және топонимикасының өзекті мәселелері» атты көлемді еңбегі жарық көрді. Өлкетанушының «Түркі-моңғолдан шыққан Астрахань облысының топонимикасы» (1981), «Махаббат дастаны тарихшы көзімен»,
«Қазақ атауы қайдан шыққан?» (1993), «Құрманғазы Сағырбаев» (Х.Б.Табылдиев, М.Қ.Жолжанов. Алматы «Ғылым», 1999) атты еңбектері қазақ тарихына, әдебиетіне қосқан қомақты үлес деп бағалауымыз қажет.
Ұлтымыздың ұлы тұлғаларын ұлықтап жатырған сәтте, «ауыл академигі» атанған Мақсот Жолжановтың еңселі ескерткіші туған жері – Атырау облысы, Құрманғазы ауданының төріне қойылып, облысымыздың төрінен сәулетті көше атауы берілсе деген тілегіміз бар.