Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспекциясының 2016-2017 жылдардағы ғылыми есебі.
Атырау қазақтарының эпиграфикалық ескерткіштері: Ақмешіт, Алтын, Дәрі, Ұшқан ата қорымдары. Том І. – Атырау: «Ағатай» ЖК, 2017. -152 б. Эпиграфические памятники атырауских казахов: Некрополи Акмечеть, Алтын, Дари, Ушкан ата. Т.І. – Атырау: ИП «Ағатай», 2017. -152 с.
Отчет археологической экспедиции (рук. З.Самашев) Института истории, археологии и этнографии им. Ч.Валиханова. 1990.; Отчет Западно- Казахстанской археологический экспедиции (рук. З.Самашев) Института им. А.Маргулана. 1991. Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің қоры.
Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандары. – Астана: Фолиант. 2017. – 496 б.
Сакральные объекты Казахстана общенационального значения. - Астана: Фолиант, 2017. – 496 с.
The Kazakhstan sacred objects of whole national importance. – Astana: Foliant. 2017. – 496.
«Ескерткіштер паспорттары» Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі мемлеккеттік инспекциясының архиві
«АТА МЕКЕН» ӨЛКЕТАНУ БІРЛЕСТІГІ МҮШЕЛЕРІНІҢ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚАЗБА ЖҰМЫСТАРЫНА ҚАТЫСЫ
А.Шамғонов - профессор, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
Ежелгі Атырау-бүгінгі таңда қайта түлеп,қайта жаңғырған өлке.Оның қойны-мыңғырған малға,өзен боп аққан-қазыналы кенге толы. Оның қойны – халқымыздың ерлігін,өрлігін паш ететін тарихи оқиғаларға, деректерге, ескерткіштерге де толы. Біздің өлкеміз-кәрі тарих шежіресінің алтын көмбесі іспетті.Сол көмбенің тылсым қойнауына терең үңіліп зерттеу- өлкетанушылардың абыройлы борышы.
Жоғарғы оқу орындарының студенттері соның ішінде болашақ ұстаздар туған өлкенің табиғатын,тарихы мен мәдениетін білуге ерекше көңіл бөледі.Тәжірибе көрсеткендей,өлкетанумен айналысу студенттердің ғылыми- зерттеу жұмыстарымен шұғылдануға деген қызығушылығын арттырады.
Ғылыми зерттеу жұмыстары негізінен ғылыми үйірмелерде жүргізіледі. Студенттердің туған өлкеге, оның өткен тарихын зерттеуге деген құштарлығын арттыруда “Ата мекен” ғылыми-өлкетану бірлестігінің атқарған рөлі зор болды. Бұл бірлестік тарихшы студенттердің бастамасымен 1970 жылы КСРО тарихы кафедрасы жанынан үйірме болып құрылған болатын.Бұл үйірмені құрудағы басты мақсат-студенттерді зерттеу,іздену жұмыстарын жүргізуге,былайша айтқанда оларды ғылыми жұмыспен шұғылдануға үйрету;туған өлке тарихын,оның экономикасы мен мәдениетін зерттеу;болашақта олардың мектепте оқушылармен өлкетану жұмыстарын жүргізе білуіне үйрету. 1994 жылы педагогикалық институттың
университет болып қайта құрылуына байланысты бұл үйірме Х.Досмұхамедов атындағы жалпыуниверситеттік ғылыми-өлкетану бірлестігі болып қайта құрылды.Бұл бірлестік 2000 жылға дейін жемісті жұмыс жасады.
Биыл 70 жылдығын тойлағалы отырған Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің (бұрынғы Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтының) студенттері де өлке тарихын зерттеу,насихаттау ісіне белсене араласып келеді.Студенттер арасында тарихи-өлкетану жұмыстарын жүргізу,ұзақ жылдар бойы қалыптасқан,белгілі бір жүйе негізінде атқарылуда.
Университетіміздің 70 жылдық ғұмырында “Ата мекен” ғылыми- өлкетану бірлестігінде студенттер әртүрлі бағытта ғылыми ізденіс жұмыстарын жүргізді.Солардың ішінен бірлестік мүшелерінің Археология бағытында атқарған жұмыстарын ерекше айтуға болады.
“Ата мекен ” тарихи-өлкетану үйірмесінің мүшелері 1975 жылдан бастап археологиялық экпедицияларға қатынаса бастады.КСРО Ғылым Академиясы археология институтының ғылыми қызметкері Лев Галкиннің басқаруымен студенттер Атырау қаласына жақын жердегі “Ақтөбе” елді мекенінің орнына қазба жұмыстарын жүргізді.Бұл елді мекенді өз заманында итальяндықтар білген және оны “Лаэти” деп атаған.Археологтардың пікірінше бұл елді мекен Орта Азия мен Европаны жалғастыратын сауда жолының бойында орналасқандықтан ,мұнда сауда,айырбас жоғары дәрежеде дамыған.Бұл жерден Иранда,Қытайда, Орта Азияда жасалған ыдыстар табылған.Жергілікті қолөнершілер өздері жасаған дүниелерін осылармен алмастырған болса керек.Мұнда 19-ғасырға жататын мыстан,қоладан жасалған монеталардың табылуы да “Ақтөбенің” үлкен сауда жолының бойындағы маңызды елді мекен болғандығын көрсетеді.
“Ата мекен” тарихи-өлкетану бірлестігінің мүшелері Республикалық дәрежелегі тарихи ескерткіш Сарайшық қаласының орнына археологиялық қазба жұмыстарын жүргізуге белсене араласты.Атап айтқанда Ж.Қаламғалиев,Г.Шалапиева,Ж.Камалова,Ш.Оңғарбаева,Қ.Біләлова,Г.Ораза хова,М.Телеубаев, А.Иманғалиева 1990 жылғы жазғы каникулдарын түгелдей Сарайшық археологиялық кешенінде қазба жұмыстарын жүргізуге арнады. Кейін “Ақтөбеге” Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының Батыс Қазақстан археологиялық экспедициясы қазба жұмыстарын жүргізді.Қазба жұмыстары кезінде осы жерден қыштан жасалған тұрмыстық бұйымдар, тандырлар,адамдардың қаңқалары,қоладан жасалған монеталар табылды.В.К.Афанасьевтің басшылығымен студенттер,сонымен бірге Иманқара тауында,Байте (Маңғыстау облысы) қорымында жүргізілген қазба жұмыстарына белсене қатынасты.Соңғы жылдары студенттер ҚР Ғылым Академиясы Археология институтының аға ғылыми қызметкері З.Самашевтің басшылығымен ортағасырлық археологиялық есткерткіш Сарайшық қаласының орнына қазба жұмыстарын жүргізді.Соның
нәтижесінде Сарайшық Атырау өлкесіндегі республикалық дәрежедегі ірі ашық археологиялық кешенге айналды.
Үйірме мүшелерінің ішінен әр жылдарда археологиялық қазба жұмыстарында ерекше белсенділік танытқан М.Шайхашев, К.Қалиева, Ф.Аубекерова, В.Ломакин, А.Тұржанова, Ж.Шарипов, Б.Шмыров,М.Дорофеев,А.Пастухов және басқа да студенттерді атауға болады.Олардың ішінде М.Шайхашев институтта оқыған жылдары барлық археологиялық экспедицияларға,тіпті Отырарда жүргізілген қазба жұмыстарына да қатынасты.Ол ГПИ студенттерінің ғылыми конференциясында “Поселение “Актобе” – памятник эпохи бронзы ” деген тақырыпта қызғылықты баяндама жасады.Оның 1980 жылы институт бітірерде Археология бағытында жазған диплом жұмысын Мемлекеттік Емтихан Комиссиясы жоғары бағалады.
3 курс студенті Күләш Қалиева 1989 жылы Орал қаласында өткен археологиялық конференцияда ““Ақтөбе” мекеніндегі археологиялық қазба жұмыстары” деген тақырыпта баяндама жасады.Конференция қорытындысында Гурьев педагогика институты Құрмет Грамотасымен марапатталды.
Археологиялық қазба жұмысы кезінде табылған жәдігерлердің кейбіреулері ГПИ музейіндегі археология бұрышына қойылып,облыстық тарихи -өлкетану музейіне тапсырылды.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде 1995 жылы студенттердің “Ата мекен” атты тарихи-өлкетану бірлестігінің 25 жылдығына арналған өлкетанушылардың “Атырау-Ата мекенім” атты ғылыми-практикалық конференциясында І-курс студенті Э.Алыбаеваның (ғылыми жетекші-Г.Қаленова тарих ғылымдарының кандидаты,доцент) “Актөбе-Лаэти-древнейшая цивилизация на территории Атырауской области” атты баяндамасы Ақтөбе (Лаэти) археологиялық ескерткіші (ХIVғ).Бұл елді мекенді кезінде 150*50 м аумақты алып жатқан 40 тай үй болған. “Бізді жануарлар сүйегі мен ыдыс қалдықтарының көптігі таң қалдырды”-деп жазады студент Васильев.Археологтың пікірінше жергілікті тұрғындар мал өсірумен айналыспаған,олар көрші көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын адамдармен тығыз байланыста болған. Балық сүйектерінің көп табылуы, тұрғындар балық аулауды кәсіп еткен.Жергілікті қолөнершілер Еділ бойынан Хорезмге дейін баратын және қайтып оралатын керуендердегі тауарларды өз қамсеттеріне жаратқан. Мұнда қызыл түсті құмыралардың (ыдыстардың) көп табылуы-олардың айырбас тауары ретінде пайдаланған болуы мүмкін деген пікірге әкеледі.Ондағы үйлерінен нан пісіретін тандырлар табылған.Сонымен бірге,елді мекен орнынан ХIV-ға жасайтын мыс және қола монеталар да табылған. ХIV- ғасырдың соңына қарай Ақсақ Темір әскерлері Лаэтелді (Ақтөбені) қиратып өртеген.Осылайша,Жайық өзеніне жақын орналасқан елді мекен біржола жойылған.
Археологиялық қазба жұмысына қатынасқан студенттер облыстық дәрежеде өткізілген ғылыми-практикалық конференцияларда баяндамалар жасап тұрды.Мысалы 1998 жылы қараша айында Атырау қаласында өткен “Атырау-туған өлкем менің” атты облыстағы жоғарғы және арнаулы орта оқу орындары студенттердің ұлттық тарих жылына және Атырау облысының құрылғанына 60 жыл толуына арналған ғылыми конференцияда Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті тарих факультетінің IV – курс студенті Уапова Айнұрдың “Сарайшық-Қазақстанның көне қалаларының бірі” (Ғылыми жетекші Т.Төленбергени-тарих факультетінің деканы,тарих ғылымдарының кандидаты,доцент) атты баяндамасы тыңдаушылар тарапынан жоғары баға алды.
Бірлестік мүшерінің кейбіреулері соңғы курста археология тақырыбында диплом жұмыстарын жазып,сәтті қорғады.Тек 2000 жылға дейін 5 студенттің диплом жұмысы мемлекеттік емтихан комиссиясының шешімімен “Өте жақсы” деген бағаға ие болды.Ата мекеншілердің игі дәстүрін бүгінгі студенттер де жалғастыруда деп айтсақ артық айтқандық болмайды. Студенттер Атырау өлкесінде жүргізіліп жатқан археологияның экспедицияларға үнемі қатысуда.Олар қатынасқан археологиялық қазба жұмыстарының қорытындылары республикалық ғылыми журналдарда, университет “Хабаршыларында” және республикалық,облыстық газеттерде жарияланып,теледидар арқылы көрсетілуде.Біз Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті студенттерінің облысымыздағы әлі де белгісіз болып жатқан археологиялық ескерткіштерін ашу жолында белсенділік танытатындығына кәміл сенеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |