Исатай ауданы. Шежіре. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2003. - 176 б.
Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің Хамит Ерғалиев атындағы бөлімшесі.
ХИСМЕТ ТАБЫЛДИЕВ - АТЫРАУ ӨҢІРІНІҢ КӨРНЕКТІ
ЗЕРТТЕУШІСІ
Г.Қ. Қайырғалиева -т.ғ.к., профессор, А. Құрметұлы -магистрант, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
Тарихшы-ғалымның қоғамдық, ғылыми-шығармашылық қызметіне талдау жасап, баға беру, құнды жақтарын көрсету мақсаты маңыздылығымен құнды. Себебі бұл тақырып қазіргі кезеңде күрделі болып отырған мәселенің бірі. Біріншіден, жеке адамның (бұл жағдайда тарихшының) өмірі мен қызметін бағалау, зерттеушінің алдына көптеген тарихи, философиялық, этикалық, моральдық тұрғыдағы шешуін іздейтін қиындықтарды көлденең тартатын іс. Әсіресе, бұл жерде үлкен өзгерістерге ұшырап, бағдарлары жаңартылып жатқан тарих ғылымының еңбеккерлері, тұлғалары туралы зерттеу жасап, еңбек жазудың жүгі басқа салаларға қарағанда ауырырақ екені сөзсіз. Екіншіден, Қазақстан тарих ғылымының ірге тасын қалаған тарихшылардың біразының аты-жөні жұртшылыққа белгісіз, көптеген тарихшылар мен олардың еңбектеріне “маркстік-лениндік” тұрғыдан жазылған деген үкімді оңай шығара салуға дайын, енжарлық пен дилетанттылықтың, салғырттықтың шекараларына жақын көңіл-күйдің бұл мәселеге мойын бұруға кедергі жасап отырғаны тағы бар. Қазақстан тарихшылары, олардың ғылыми-шығармашылық қызметіне талдау жасаған еңбектер қазірде баршылық. Қазақ мемлекетінің тәуелсіздік тұстағы рухани жаңғырудың бірнеше күре тамырлы негіздері туралы бар екені зерттеушілер ортасына әбден аян. Әлеуметтік-гуманитарлық саланы зерттеушілердің назары ел тарихының өзекті мәселелеріне түгел ауып отыр десек заман ақиқатынан алыс болмаспыз. Тәуелсіз тұстағы қолға алынып отырған қандай реформа болмасын, өткенді терең талдап, келешекті әлемдік тынысты ескеріп, объективті пайымдау арқылы ойдағыдай өрістей аладыСайып келгенде тарих методологиясы бізді тек өткен замандардың ғана жөнсіздіктерінен емес, осы бүгінгі күнгі келенсіздіктерден де, тынысымыздың қысымы мен қоршаған ортамыздың озбырлықтарынан да құтқара алатындай болуы тиісті деген тұжырымдама дамитынын барша еңбектерінде барынша көрсете білген. Ата-бабамыздың шежіресін, өлкеміздің тарихын тануға бет бұрсақ ең алдымен халықтың аңыз- жырларына, ғалымдардың тұжырымдарына, сарғайған архив сөрелеріне, көне шежіре беттеріне үңілеміз. Кәрі Атырау көне шежіренің куәсіндей. Талай ғасырдың сыры мен құпиясын бауырына басып жатқан Қасиетті кәрі Каспий, Ақ Жайық, Сарайшық сияқты қасиетті мекендердің тарихы, жерұйық іздеген желмаялы Асан Қайғы, Сырым би, ел үшін еңіреген Исатай-Махамбет көтерілісі Хисмет Табылдиев ұнатқан тақырыбына айналды. Өлке тарихын зерттеп зерделеуде тарихшы ғалымдармен, археологтармен бірлесіп жұмыстар атқарып, том-том кітаптар жазды. Болашақ ұрпаққа жер тарихын, ел тарихын таныту мақсатында. Атамекеніміздің толық шежіресін жазу үшін ежелгі кезеңдер тарихына тереңдеп барып , археологиялық деректерге жүгінді. «1960 жылы шыққан Қазақстанның археологиялық картасына көз жіберсек, қаламызға жақын бетіндегі Жайықтың сол жағасындағы Кондаур ауылының қарсы беткейіндегі кездескен ең ежелгі ескерткіш неолит мекені
екен. Нақты ғылыми-зерттеу мағұлматтар жоқ болғандықтан , бүгінгі күні мұны шежіре ғып сөйлете алмай, тарихын таратып айтып бере алмай отырмыз» дейді тарихшы ғалым ағамыз. Тарих түбі - тереңде. 1960-жылдары осы қоныстан қазып алынған археологиялық материалдың Алтын Орда дәуіріндегі Сарайшықтан табылған заттармен өте ұқсастығы байқалған. Бұл заттарды зерттеген академик Әлкей Марғұлан түгел неолит кезеңіне жатқызған еді. Атырау-Кулагин жолына таяу Жайық өзенін бойлай жатқан қорғандарды және Қызылқоға ауданындағы қорғандарды да Кеңес одағы кезінде КСРО Ғылым академиясы Археологиялық институтының профессоры Л. Галкин зерттеу жұмыстарын жүргізді. Бірақ бұл жұмыстардың зерттеу жұмыстары Қазақстанға әлі белгісіз болып отыр. Бұл құпияларды ашу болашақ тарихшы, археологтардың еншісінде. Өлке тарихын зерттеу тарихқа қызығушылықтан басталмай ма?!» дейді тағы. Өлке тарихының шежірешісі бізге қола дәуірін алмастырған темір дәуірінен бастап ( б.з.д.1мыңыншы жылдықтың жылдықтың басынан) бүгінгі заманымызға дейінгі аралықта тарихи оқиғалар мен тарихи кезеңдерді айтып бере алады. Ортамызда осындай шежіреші-көмбенің жүргені де мақтаныш емес пе?! 1640 ж. ағайынды саудагер Гурьевтер Жайық жағасынан алғаш қалашық орнатады. Кейін мұны қазақтар «Үйшік» деп атаған еді. Еліміз тәуелсіздік алған тұста өлкеміз байырғы «Атырау» атын алды. « Атырау» атын алуына да Хисмет Табылдиевтің тарихи тұрғыдан дәлелдеген еңбегі болды, ол кезде әрі облыстық Ономастикалық басқармасының мүшесі еді.
«Мықты тарихшы ғалымдарымыздан дәріс алған Хисмет Бозанұлы өзінің ғылымға деген қызығушылығын, өмірлік көзқарасын қалыптастырып алды да, талап пен сенім денгейінен көрінді. Тарихи деректерді пайдалана отырып, Гурьев қаласының революцияға дейінгі және одан кейінгі тарихын талдап берді, мұнай мен балық шаруашылығының қалыптасу, өсіп-өркендеу жолдарын, облыстағы халыққа білім беру, денсаулық сақтау істерінің қалай дамығанын ,жергілікті зиялы қауымның қалай қалыптасқанын зерттеу ғылымға оның ішінде еліміздің тарихына қосылған зор үлес болып табылады» -деп жазады тарих ғылымдарының докторы, профессор Мәмбет Қойгелдиев. Ғалымның ғалымға берген бағасы осындай. Әділ баға. Атақты Қаныш Сәтбаевтың назарына ілінген сирек жандардың бірі - кейін ел таныған белгіл академик Салық Зиманов болатын. Таңдаған мамандығының шыңына шығуға ұмтылған Салық Зиманов Достоевский қағидасына сай әрекетімен әріптестерінің арасында мықты тұлғалығымен ерекшеленеді. Салық Зимановтың ғылымдағы өсу, өрлеу жолы ұрпаққа үлгі. Терең білімімен, адал еңбегімен Қазақстанның ғылымынын дамуына өлшеусіз үлес қосқан тұлға, ойшыл ғалым Салық Зиманов Гурьев пединститутының жас оқытушысы Хисметті бір көргеннен ұнатады. Жас ғалымның зерделілігі мен еңбекқорлығына сүйсінеді. 1973 жылы Қазақстан Ғылым академиясы Ш. Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнография институтының аспиранты Хисмет Табылдиев белгілі академик Салық Зимановтың ғылыми
жетекшілігімен «Социалистік Гурьевтің тарихы» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Өзінің ақыл-ойының деңгейімен, рухани дүниесінің тереңдігімен биік әрі талапшыл көрінетін ұстаздың шәкірті болу да қиынның қиыны еді. Ол кезде қазіргідей емес, Атырау өңірінің тарихын зерттеу тақырыбы зерттеу жолға қойылмаған, «жабулы қазан» күйінде жатқан шақ еді. Бұл тың тақырыпты жарыққа шығарып, өлке тарихын зерттеп-зерделеу, тарихты таныту да бір мәртебе әрі шын еңбек болатын. Салық Зиманов өмірінде ешкімнің жолын кеспей, озам деушілерге де бөгет жасамай, өзі қалаған қалпында өмір сүрді. Өзі үшін де, өзгелер үшін де ештеңені дәлелдеуге тырыспайтын, еңбегі үшін ешкімге көлеңкесін түсіріп, салмақ та салмаған зиялы адам еді. Ұстазының осы мінезі де Хисмет Бозанұлының бойында бар. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген осы болар. 1997 жылы академик Манаш Қозыбаевтың кеңесшілігімен
«Қазақстанда сауатсыздықты жою: тарихи тәжірибе және тағылым» деген тақырыпта тарих ғылымдарының докторлық диссертациясын қорғады. Осылайша Хисмет Бозанұлы Қазақстандағы сауатсыздықты жою ісіндегі тарихи тәжірибе мен әдістерді танытып, зерттеуге өз үлесін қосты.
«Сауатсыздықтың жойылуы мен қорытындысы» («Ғылым» баспасы, 1996ж),
«Сауатсыздықтан білім жолына» («Өлке» баспасы, 1997ж) монографиялық еңбектерін шығарды. Тарихшы ғалым Мәмбет Қойгелдиев бұл еңбек туралы былай деп жазады: «Сауатсыздыққа қарсы күрес мәселесі тарих ғылымында әбден зерттелген тақырып, бұл іске Х.Табылдиев қандай жаңалықтар қосуы мүмкін деген сұрақтар тууы әбден мүмкін. Кеңестік тарихнама бұл мәселеге жете көңіл аударғаны шындық. Бірақ, ол сауатсыздықты жою процесін кеңес үкіметі мен большевиктер партиясының ұлы жеңісі есебінде қарап, соған байланысты зерттеушілер назары, негізінен, тек жағымды фактілер мен көріністерге аударылды да, соның нәтижесінде мәселенің көптеген күрделі, қайшылықты қырлары талдауға алынбай келді. Міне, осыған байланысты профессор Х. Табылдиев зерттеулерінің негізгі жаңалығы, оның Қазақстандағы 1917-1991 жылдар аралығындағы сауатсыздықпен күрес процесін тек позитивтік тұрғыдан емес, бүгінгі заман талабына сай проблемалық тұрғыдан қарауында деп тұжырымдауға толық негіз бар. Зерттеуші Қазақстандағы сауатсыздықпен күрес процесін кезеңдерге бөлуде өз тұжырымдарын ұсынып, сондай-ақ, таңдауларында Қазақстанның өз ерекшеліктерін негізге алған. Мәселен, осы уақытқа дейін оқулықтарда тәптіштеп айтылып келгендей сауатсыздықпен күрес 1917 жылдан емес, одан ертерек басталған еді. Бұл істің басында қазақ әліппесін жасап, жаңа мазмұндағы оқулықтар басып шығарған Ахмет Байтұрсынұлы бастаған Алаш зиялылары тұрды. Олар сауатсыздықпен күрес ісінде өз бағдарламаларын ұсынғаны мәлім. Профессор Х.Табылдиевтың зерттеулерінен Алаш қайраткерлерінің орта және жоғары оқу орындары үшін жазған оқулықтары жөнінде тың әрі маңызды деректер кездестіреміз». Еліміз егемендік алып, өз алдына дербес мемлекет болғанда, бұл өткен дәуірдегі сауатсыздық
тақырыбы та ғылымдағы өзекті тақырып, сең қозғалғанда қозғалуы тиіс күрделі тақырып болатын. «Сауатсыздықтан білім жолына» қадам басудың бір тарихы Хисмет Бозанұлының арқасында кітап болып қатталып, кітапхана сөрелерінен ,зерттеуші, ізденуші ғалымдардың оқу залдарынан, архивтерден орын алды. «Кітап - білім бұлағы, білім - өмір шырағы» деп халық мақалында айтылғандай, қазақ елінің тарихқа құштар болашақ ұрпағы жастар бұл кітаптармен достасып, сырласары сөзсіз. Өйткені «Біздің тарих бұл-дағы қалың тарих, оқулығы жұп-жұқа бірақ- тағы» деп Қадыр Мырза Әли бір кезде күйіне жырласа, бүгінде құмға көміліп қалған тарихымыз да, қайта тірілген Алаштың арыстары да Хисмет Бозанұлы сияқты ардақты тарихшы ғалымдарымыздың арқасында ортамызға оралып жатыр Атырау қаласының тарихына арналған анықтамалық жарық көрді. Ол осы еңбекті жазу барысында көптеген қазан төңкерісіне дейінгі орыс зерттеушілерінің еңбектерін зерттеп, қажетті мәліметтер жинақтаған. Оны біз Атырау облыстық мемлекеттік мұрағатында сақталған Карелин мен Фосстың кітаптарын көшірмесін орталық кітапханалардан түсіріп алып, кейіннен өзінің жеке құжаттарымен бірге мұрағатқа тапсырғандығынан көреміз. Оның қолжазбаларын зерттеу барысында біз В.Е.Фосстың жазбаларынан алған
«Очерки Гурьева городка» атты кітабынан мәліметтерді жинақтап жазып алғанын көреміз (өз қолжазбаларында орыс тілінде берілгендіктен сол күйіндеқойған белгілерімен, жазу стилімен беруді жөн көрдік): - Гурьев – городок, стоит на правом берегу Урала, в 17-верстах от впадения в Каспийское море. - в Каспиийское море в Урал впадает четырмя устьями: Перетаскнином, Яйцким, и двумя Болотными; - к западу от Гурьева в 7-ми верстах находиться пристань Ракушечья; Один куль – 7 пудов; Церковь в Гурьеве одна – единоверческая, собор св. Николая чудотворца, каменный, семиглавый, с колокольней и каменной оградой, вокруг этой стоят чугунные пушки; Есть и одна деревянная мечеть; До 1775 года река Урал называлось Яиком, а уральские казаки – яйцкими казаками; Гранные или маячные – охранники; Тайное рыболовство (браконьер); Чигиры – деревянные водокачальни; Растут – яблони, виноград, вишня, слива, смородина, арбузы, дыня и др. Рыболовство в течение года, бывает порою в реке Урал, и в море; Охань – сеть; Ячей – петель; Лицевая – левая линия; Бударка – легкая, длинная лодка; Ятова (яма) – жатак; Гребенщики – трава?;
Ширина – рыболовный участок от Гурьева с начала по главной трубе Урала до самого впадения ее; Бухарка – участок рыболовства (по бухарке), отсюда и бухарка; 1866 году был в Гурьеве 58 торговых заваленок, 33 мастерских и ремесленников); Был 1 извозщик ...» [1, 1,2 б.] - деп жазып алған және басқа да өз қолымен белгілер қойып қараған жазбалары кездеседі. Осы жазбалардан Гурьев (Атырау) облысына қатысты мынадай мәліметтер бар. Гурьев облысы Каспий теңізінің солтүстік және солтүстік- шығыс жағалауына орналсқан Қазақ КСР-нің облысы. 1938 жылдың 15 қаңтарында құрылған. Батыста – Астрахань, солтүстікте – Батыс-Қазақстан, шығыста –
Ақтөбе, Қарақалпақстанмен, оңтүстікте – Түркменстанмен шакаралас аймақ. 9 аудан және 2 қаладан – Гурьев орталығы, Форт-Шевченко қаласынан. 14 қалаптиптес мекндерден тұрады. 1939 жылғы санақ мәліметтері бойынша 68,4% қазақтардан, 24,7% орыстардан тұрса, қала халқы 34,8% құраған [2]. Бұдан басқа осы жазбалардағы «физикалық-географиялық очерк. Рельеф» деп аталатын бөлімінде Үстірттің табиғаты, ландшафты жайында жазады. Бұл кез Маңғыстау мен Гурьев облыстарының бір әкімшілік-территориялық құрамда болған кезі, сондықтан Гурьев облысы деп аталатын бұл жазбада негізінен Маңғыстау түбегінің сипаты берілген. Солтүстік-Батыстан Оңтүстік- Шығысқа қарай 3 биік қыраттар бар: орталық бөлігінде – Қаратау, биіктігі 500 метрдей, ал солтүстік пен оңтүстікке қарай – Ақтау орналасқан.
«Пайдалы қазбалар» атты жазбасында Маңғыстау түбегінің темір, мыс, марганец, мұнай мен газ сияқты табиғи байлықтары барын атап өтеді. Арал төбе, Таушық, Мақат елді мекендері бағытындағы кен орындарын айтады. Ал ас тұзының мол қоры ретінде 100 млрд. тонна көлемін құрайтын қоры бар деп Индер аймағына мән береді. Одан басқа осы өңірдегі гипс, известняк, құрылыс құм мен кірпіштік саз жайында белгілер бар. Осы жазбалардың
«гидография» деген бөлімінде облыстың су көздеріне сипаттама берілген. Атап айтқанда, Каспий теңізі, Жайық өзені,Ембі, Ойыл, Сағыз, Қайнар шағын өзендері айтылады. Облыстың ең басты су артериясы – Жайық өзені деп атап көрсетеді. Тұзды көлдер Индер, Жамансор және емдік балшығы бар Қарабатан деген де жолдар бар [2, 3 б.]. Бұдан басқа осы жазбалардан Атырау облысының топырақ, өсімдік, жануарлар әлемі жайында анықтамалық мәліметтер алуға әбден болады. аталған жазбаларындағы үлкен мән берілген салалар экономика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік, мәдени өмір мәселелері болатын. Атырау және Маңғыстау өңірінің табиғи қазба байлықтарын игеру үшін өңірде Қазақ КСР Ғылым Академиясының Орал-Ембі ғылыми-зерттеу базасы және балық шаруашылығы ғылыми- зерттеу мекемесі құрылады. Осыған орай жңадан ашылған өндіріс орындары саны өседі. Жаңадан 12 мұнай кәсіпшіліктері ашылып, іске қосылды. Атырау мұнайын Орал мен Сібірге тасымалдауға арналған Орск қаласына дейінгі мұнай құбыры салынды.Осы жазбалардан байқайтынымыз, облыстың әр жылдардағы даму динамикасын көрсететін мәліметтер қорын жинақтай алған.өзі кәсіподақ төралақсы болып жүрген жылдарында еліміздің барлық аймақтарында болып, ол жерлердің тарихи-мәдени ескерткіштеріне, тарихи орындарына мән берген. Мұрағаттағы жазбаларында Арал қаласына, Талдықорғанға, Жезқазған өңіріндегі тарихи ескерткіштерге қатысты жазбалары сақталған. Сондықтан біз жоғары қызмет атқару барысында да өзін қызықтырған тақырыптардан тыс қалмағанын көреміз. Оның Қызылорда облысындағы Қорқыт Ата мазарына баруы, Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесінде болуы, мәдени тарихи мұраларға деген оның ерекше құрметін білдіреді және зерттеушілік жұмыстарын жүргізгендігін дәлелдейді. Атырау облыстық мемлекеттік мұрағатында оның халықтың
рухани тарихына, мәдениетіне аса көңіл бөлгендігіне негіз болатын мәліметтер кездеседі. Жеке құжаттар арасында Арал қаласының, Талдықорған қаласының, Жезқазған жеріне, Бурабай аймағына байланысты жинақтаған құжаттары бар. Х.Табылдиевтің «Атырау қаласының тарихы» [3] кітаптарынан өлке тарихынан көптеген құнды деректерді табамыз. «Атырау қаласының тарихы» [4] кітабы 1917-1937 жылдардағы Атырау өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуының ерекшеліктерін сол кездің құжаттарымен, архив дерктерімен дәлдей отыра талдау жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: |