Қазақстан республикасы мәдениет және спорт



бет16/42
Дата06.09.2024
өлшемі2,5 Mb.
#203888
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   42

Әдебиеттер тізімі


  1. В.К. Афанасьевтің жеке қорынан

  2. «Жорық әңгімесі туралы». Коммунистік еңбек, 20 қыркүйек 1975 ж.

  3. «Жылдар шежіресіне үңіліп». Коммунистік еңбек, 9 сәуір, 1976 ж.

  4. «Тарих астарына үңіліп». Коммунистік еңбек, 26 мамыр, 1979 ж.

  5. «Алғашқы қазба жемісі». Коммунистік еңбек, 6 тамыз, 1977 ж.

  6. Вячеслав Константинович Афанасьев.https://ksors.kz/2018/04/25/vyacheslav- konstantinovich-afanasev/ Пайд. уақыты: 05.05.2020

  7. Ә.Марғұлан атындағы Археология институты. Қ. 11, Т.2, 1485 іс.



ЖАҢА ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРА ЗАҢЫ ЖӘНЕ САРАЙШЫҚ


М.Қ. Әбдіғалиев - археолог,
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы РМҚК

Әлемде тарихи мәні бар, әсемдігімен ерекшеленетін ескерткіштер, құрылысы және тарихымен айшықталған көне қалалар саны жетерлік. Көне қалалар әр мемлекеттің өзіндік тарихын көрсетіп қана қоймай, сондай-ақ дәстүрін, өмір салтын, мәдениетін ұрпақтарға жеткізеді. Аталған санатқа жататын Ортағасырлық Сарайшық қаласын айтуға болады.


Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев 2019 жылғы 26 желтоқсанда №288 -VI «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының жаңа заңын қабылдаған болатын [1]. Қабылданған заңның негізінде «Қазақстан Республикасының
1992 жылғы 2 шілдедегі N 1488-ХІІ «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» заңы күшін жойды [2]. Мақаламызда жаңадан қабылданған заңның талаптарының Сарайшық қаласына жүргізілетін археологиялық жұмыстар үшін маңызы қандай екеніне және орындалуына тоқталамыз.
Қазақстан Республикасының Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы заңнамасы 1-бапта көрсетілгендей Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғаудың және пайдаланудың мақсаты оларды қайта жаңғыртуды, сақтауды, кеңінен танытуды қамтамасыз ету болып табылады деп 2-бапта көрсетеді. Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғаудың және пайдаланудың міндеттері:

    1. тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау, есепке алу, зерттеу және олардың жай-күйін мониторингтеу;

    2. тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;

    3. тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа жәрдемдесу;

    4. археологиялық жұмыстар мен тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүргізген кезде тарихи-мәдени мұра объектілерінің тарихи, сәулет-көркемдік келбетінің сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.

Заңның 5-бабы бойынша «Тарих және мәдениет ескерткіштері» түрлері көрсетілген, Сарайшық қалашығы - археологиялық ескерткіштер қатарына жатады. «Тарих және мәдениет ескерткіштері» 6-бап бойынша мынадай санаттарға бөлінеді:

  1. дүниежүзілік тарих пен мәдениет үшін ерекше маңызды, халықаралық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері;

  2. Қазақстан Республикасының тарихы мен мәдениеті үшін ерекше маңызды, республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері;

  3. тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің тарихы мен мәдениеті үшін ерекше маңызды, жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері.

Ортағасырлық Сарайшық қаласы «Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері» санатына жататыны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 30 мамырдағы № 156 бұйрығы бойынша «Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі» бекітілген тізімі дәлел болып табылады [3].
Алтын Орданың хандарының кіші астанасы, Ноғай Ордасы және Қазақ хандығының орталығы, Ұлы Жібек жолының маңызды сауда нүктесі болған Сарайшық қаласын 2016 жылдың 14 мамырында Мәдениет және спорт министрі қызметін атқарған Арыстанбек Мұхамедиұлы өз сұхбатында Ұлы
Жібек жолының екінші тармағы аясында Қазақстанның төрт көне қаласының бірі ретінде ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұрасы тізіміне енгізу жоспарланып отыр деп айтқан болатын [4].
Тоқтала кетсек, Ұлы Жібек жолын ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұрасы тізіміне енгізуге тапсырысты Қытай, Қазақстан және Қырғызстан бірлесе отырып жасаған. Енгізілген объектіде Чанъань-Тянь-Шань дәлізіндегі (Қытай, Қазақстан, Қырғызстан) жеті бағыт бар. Бұл – «жібек жолы» желісінің Хань мен Тан династияларының дәуіріндегі Қытайдың астаналары Сиань (Чанъань) және Лоян қалаларынан бастау алатын, Орта Азияның Жетісу аймағына дейін созылған ауқымды бөлігі. Ұлы Жібек жолы бөлігінің ұзақтығы 5 мың шақырымды құрайды. Өтінімге Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан 33 тарихи ескерткіш енген, оның ішінде Қытай (22), Қазақстан (8) және Қырғызстан (3) бар [5]. Ортағасырлық Сарайшық қаласы Дүниежүзілік тарих мұрасы ретінде маңызды ескерткіштердің санатына енуіне әбден лайықты.
«Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау» туралы 12-бап іс жүзінде Сарайшық музей- қорығында орындалған. Музей-қорықта Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми рестоврациялық жұмыстардыжәне археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызмет лицензиялары алынған. Аталған лицензияларды іске асыру мақсатында 2019 жылы Сарайшық қаласына орнына Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейімен бірлесе қазба жұмыстары жүргізіліп, музей археологтары Айбек Тұрарұлы, Мир Қобланұлы өз алдына археологиялық жасақ алып, жетекшілік етті.
Археологиялық лизенциядан бөлек,2019 жылы 31 шілдеде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабына сәйкес, музей-қорық ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттелді.
Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылаудың мақсаты 13-бап бойынша жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету болып табылады [1]. Аталған бапты іске асыру мақсатында Атырау облысы аудандарына әріптестік бойынша хат жолданған. Музей мамандары Құрманғазы ауданы аумағында жергілікті компанияның қызметі үшін тарихи-мәдени мұра обьектілерін тексеріп, заңдылықтарды сақтау жөнінде жұмыстар жүргізді.
Музей-қорықта 20-бапта айтылғандай Сарайшық қаласы ғылыми, білім беру және ақпараттық мақсаттарда пайдаланылады және анықтау, есепке алу, зерттеу жөніндегі іс-шаралар уақытында орындалуда.
Сарайшық музей-қорығы 23-бапқа сәйкес Қазақстан халқының рухани және мәдени дәстүрлерін қайта жаңғырту және сақтау мақсаттарында,
сондай-ақ ғылыми, білім беру, туристік, ақпараттық және тәрбиелік мақсаттарына сәйкес көптеген жұмыстар атқарды. Мысалға келтірсек, ұжым 2019 жылдың өзінде Сарайшық қаласын насихаттау мақсатында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция, облыстық конференция, халықаралық көрме, экскурсиялық жұмыстар, дөңгелек үстелдер, онлайн- дәрістер, жылжымалы көрмелер т.б. ұйымдастырған болатын.
Заңның 31-бабы«Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми- реставрациялық жұмыстарды жоспарлау» және 32-бабы «Тарих және мәдениет ескерткішіндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстар» деп аталады. Осы талаптың орындалуының алғышарты ретінде «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында 2020 жылдың 21 ақпанында «Сарайшық» қаласының цидателін қалпына келтіру жұмыстары бойынша ғылыми-кеңес өтті. Ғылыми-кеңес хаттамасы толтырылып, «Қазқайтажаңғырту» мекемесіне жолданды.
Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстар уәкілетті орган бекіткен тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстар жоспарының негізінде жүзеге асырылады. 32-бап бойынша - Тарих және мәдениет ескерткіштерінде жоспардан тыс ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүргізуге жол берілмейді. Тарих және мәдениет ескерткішіндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарға мыналар жатады: ғылыми зерттеу; консервациялау;реставрациялау [1].
Консервациялау дегеніміз - тарих және мәдениет ескерткіштерін одан әрі бұзылудан сақтайтын және тарих және мәдениет ескерткішінің тарихи қалыптасқан келбетін өзгертпей, конструкциялық бөліктері мен сәндік элементтерін бекітуді және қорғауды қамтамасыз ететін іс-шаралар кешені. Тарих және мәдениет ескерткішінің физикалық тұрғыдан сақталуын қамтамасыз ететін іс-шаралардан тұратын аварияға қарсы жұмыстар да консервациялауға жатады.2019 жылғы қазба орнын Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейімен бірлесе консервациялау жұмыстарын жүргіздік.
Реставрациялау – құндылығы жоқ әрі тарих және мәдениет ескерткішінің келбетін бұзатын қабаттарынан тазарту арқылы тарих және мәдениет ескерткішінің тарихи, сәулеттік-көркемдік келбетінің сақталуы мен ашылуын, ғылыми негізделген деректер негізінде ғимараттың, ансамбльдің және кешеннің жоғалған элементтерінің орнын толтыруды қамтамасыз ететін іс-шаралар кешені. «Ұлық Ұлыс» – Алтын Орданың 750 жылдығына дайындық және оны мерекелеу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралыҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1059 қаулысы қабылданды [6]. «Ұлық Ұлыс» – Алтын Орданың 750 жылдығына дайындық және оны мерекелеу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес «Сарайшық қалашығында ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізу» жобасы қабылданды. Аталған жоба аясында Сарайшық қаласының цитаделінің қақпасын қалпына келтіру мақсатында жұмыстар жүргізілмек.
Сарайшық қаласына жүргізілетін археологиялық қазба жұмыстары заңның 33-бабының «Археологиялық жұмыстарды жоспарлаудың» 1 тармақшасы Археологиялық жұмыстар уәкілетті орган бекіткен археологиялық жұмыстар жоспары негізінде жүзеге асырылады. Археологиялық жұмыстарды жоспардан тыс жүргізуге жол берілмейді» атты талаптарын қатаң орындайды.
Қазіргі таңда Сарайшықты сақтау мәселесін отандық және шетелдік ғалымдар, қоғам қайраткерлері жиі көтеріп жүр. Осындай жұмыстардың нәтижесі болар, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Асқар Мамин 2019 жылдың қарашасында «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей- қорығы» РМҚК қызметі туралы депутаттық сауалға жауабында Сарайшық қалашығын консервациялау мен қалпына келтіруді қамтамасыз ету үшін 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасында 58,0 млн.теңге қарастырылғанын айтқан болатын. Сонымен қатар Асқар Мамин музей-қорықты дамыту туралы Меморандум аясында Сапар орталығын ашу жоспарлануда және бүгінгі күні жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде және жұмыстар аяқталған соң қолданыстағы заңнамаға сәйкес оның мемлекеттік сараптамасы жүргізілетінін келтірді [7].
Қорытындылай келгенде, «Біздің елімізде Мысыр пирамидалары және Римдік Колизейлер жоқ, бірақ Қазақстан аумағында көне дәуірде өмір сүрген көшпелілердің ролі Еуразия үшін ғана емес, сондай ақ әлемдік тарих үшін бағасыз. Біз дала өркениетінің ұлылығын әлемдік деңгейде көрсетуіміз керек»– деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ерекше атап өткендей [8], Сарайшық қалашығы орнына археологиялық, қайта қалпына келтіру жұмыстарын жандандыру арқылы Халықаралық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерініңтізіміне енгізуге нық қадамдар жасалу үстінде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет