Қазақстан республикасы мәдениет және спорт



бет5/42
Дата06.09.2024
өлшемі2,5 Mb.
#203888
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42

Әдебиеттер тізімі


    1. История Букеевского ханства. 1801-1852 гг.: Сборник документов и материалов/ Сост. Б.Т.Жанаев, В.А.Иночкин, С.Х.Сагнаева. – Алматы: Дайк- Пресс, 2002.

    2. Өркенді өңір. -2014. -№ 7. -9 қыркүйек

    3. Ахметжанұлы З. Беріш-Себек шежіресі / Құрастырушы Зәки Ахметжанұлы. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2017

    4. Башқортостан Республикасы Орталық мемлекеттік тарихи архиві (алда БР ОМТА. И-295 қ., 3 т., 7260 іс

    5. БР ОМТА И-295 қ., 3 т., 13653 іс

    6. БР ОМТА. И-295 қ., 2 т., 1 а іс

    7. Қаражанова Л. Ғылым мен дінді қатар ұстаған Әйіп қажы // azh.kz/index.php/kz/news/view/40424

    8. Шежіреші Қ.Мұқтарұлының жеке қорынан

АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЫҚШАМ АУДАНДАРДЫ ЗЕРТТЕУ


ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ: КӨКЕНТАУ КЕШЕНІ МЫСАЛЫНДА
А.С. Жүнісханов- магистр,
«Назарбаев Университеті» ДББҰ
Археологиялық ықшамаудандарды зерттеу заманауи археология ғылымының болашағы зор бағыттарының бірі. Археологиялық ықшамаудан деп табиғи-ландшафтысы бірдей шағын аудан территориясында түрлі тарихи кезеңдерде тұрғызылған археологиялық ескерткіштер тобын атайды.
Шағын ғана ауданда топтасқан түрлі тарихи кезеңдердің ескерткіштерін кешенді зерттеу мәдени-хронологиялық тұжырымдарды түзуге, сол арқылы
байырғы қоғамдарда жүрген әлеуметтік және экономикалық үдерістерді қайта жаңғыртуға зор мүмкіндіктер береді. Мақсатты түрде түрлі тарихи- географиялық аудандарда шоғырланған ықшамаудандарды зерттеу арқылы және алынған нәтижелерді өзгеде ескерткіштердің материалдарымен салыстырмалы тұрғыда зерттеу ісі ежелгі қоғамдарды зерттеу ісінде қордаланған мәселелерді шешуге септеседі (ежелгі тайпалардың миграциясы, кеңістікті игеру және т.б.).
2014 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімшілік территориясына қарасты Көкентау археологиялық ықшамауданында кешенді археологиялық зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Археологиялық зерттеу жұмыстарына Астана қаласындағы Назарбаев Университетінің, Семей қаласындағы Шәкерім университетінің, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының, АҚШ Вашингтон университетінің, Нью-йорк өнер колледжінің және Семей геодезия және топография колледжінің мамандары мен студенттері белсене қатысуда.
Зерттеу жұмыстары ұйымдастырылған Көкентау өңірі археологиялық тұрғыдан мүлдем зерттелмеген тың аймақтардың бірі.
Көкентау өңірінің археологиялық ескерткіштері туралы алғашқы жазбаша деректер Н.Я. Коншиннің «О памятниках старины Семипалатинской области» мақаласында кездеседі. Мақала авторы Семей өңірінің мәдени орталықтардан алшақ жатқандығы себепті өңір археологиялық тұрғыдан аз зерттелгендігін ескере отырып, облыстық статистикалық комитетпен бірлесе отырып 1900 жылы облыс аумағындағы барлық болыстарға, казак станицаларының атамандарына және ауылдың старшындары өздері басқарып отырған аумақта кездесетін тарихи ескерткіштердің тізімін беруді сұратып хат жібереді. Аталмыш мақалада Көкен болысындағы Көкентауда кездесетін жартас суреттері туралы мәлімет келтіреді [1. 4-5 бб.].
Осы 1903 жылы шыққан мақаладан соң археологтардың табандары Көкентауына 2014 жылы тиді. Сол жылы Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының Нұр-сұлтан қаласындағы филиалының ғылыми қызметкерлері тарапынан ҚР БҒМ ҒК тарапынан қаржыландырылған
«Шығыс Қазақстан мұралары: ғұн-сармат дәуіріндегі тарихи-мәдени үдірістер» атты жоба аясында басталды. Далалық маусымда жобаның міндеттеріне сай, негізгі ғылыми-зерттеушілік бағыттағы жұмыстар ғұн- сармат дәуірі ескерткіштерін тіркеу және зерттеу бойынша жүргізілді [2, 3].
Қаратөбе [3] қорымында зерттеу жұмыстары жүргізіліп, ерте темір дәуірінің бес обасында қазба жұмыстары жүргізілді. Қазылып зерттелінген обалардың барлығы дерлік тоналмағандығымен біздің қызығушылығымызды тудырды. Осылайша тұңғыш рет, осы аймақта хун дәуірімен мерзімделетін обадан бірегей материалдар алынды, әсіресе бағалы металдармен, асыл тастардан жасалған моншақтардың құндылығы жоғары. Жергілікті өлкетанушылар тарапынан Көкентауда ішнара жартас суреттері тіркелген [4].
Зерттелінген обалардың жерүсті құрылысының Жетісудағы үйсін обаларымен ұқсастығы анықталса, жерлеу ғұрпы толықтай жергілікті Қолажорға кезеңі ескерткіштерімен бірдей анықталды. Сүйектерге жасалған изатопты анализ нәтижелері Көкентау өңірін ерте темір дәуірінде мекендеген халықтардың тағамдық рациондарында тары болғандығын көрсетті. Бір обадан табылған дәндер бүгінгі таңда Астана қаласындағы Ұлттық биотехнология орталығында зерттелуде.
2017 жылдың далалық маусымынан бастап Көкентау өңіріндегі зерттеулердің басым бағыты қола ғасыры ескерткіштерін зерттеу бола бастады. 2017 жылы бес қола ғасырының ескерткіші зерттелінді. Қазба жұмыстары нәтижесінде жапырақ алтындармен қапталған қола сырғалар, қыш ыдыстардың сынықтары табылды [5]. Көкентау археологиялық кешенінде жүргізілген археологиялық зерттеулердің алғашқы нәтижелері ғылыми тұрғыдан өте қызықты мағлұматтар берді. Бұл өз кезегіңде қола ғасыры бойынша кешенді зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруға түрткі болды. 2018-2019 жылдары жүргізілген зерттеулердің негізгі бағыттары археологиялық ескерткіштерді тіркеу және кешенді зерттеу болды. Барлау жұмыстарының нәтижесінде Көкентау өңірінде елуден аса археологиялық ескерткіштер тіркелсе, зерттеу жұмыстары негізінен қола ғасырының қоныстары мен жерлеу кешендерін қазуға бағытталды. Зерттеу жұмыстарының алғашқы нәтижелері Көкентауды алғашқы адамдар радио көміртекті анализдер көрсеткендей ерте неолит дәуірінен бастап мекендей бастаған. Өңірде адамдардың тығыз қоныстана бастауы қола дәуірінен басталады. Антропологтардың зерттеулері бойынша қола дәуіріндегі
адамдардың сүйектерінен патологиялық ауытқушылықтар байқалады.
Көкентау өңірін зерттеу ісі әліде жалғастырылуда. Болашақта Неолит дәуірінен бастап этнографиялық кезеңге дейінгі аралықта түрлі этникалық топтардың аталмыш кеңістікті қалай игергендігі, экологиялық жағдайға бейімделуі, олардың күнделікті тұрмыс-тіршіліктері қалай болды деген сияқты сұрақтарға жауап іздеу жоспарланып отыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет